Account
ZTB - QAZAQSTAN

ZTB - QAZAQSTAN

Қазақ тіліндегі өзекті жаңалықтар

Username
@ztb_qazaq
Category
News and media
Country
KazakhstanKazakhstan
Subscribers13,521
Avg views per post, 7d1,036last 7 days
ERR7.66%last 7 days

Average views per post by day

By publication day

Show as table
DateAvg views per post
Nov 23, 20261,236
Nov 24, 20261,079
Nov 25, 2026873

Most viewed this month

  1. 01

    😁«Біз - орыс емес, қазақпыз»: Новосібірдегі қыздар Қазақстан туралы сұрақтарға мүдірмей жауап берді Әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде ер адам Новосібірде жүрген қазақстандық қыздармен сөйлесіп, олардың Қазақстаннан екенін білген соң ел, Президент және мемлекеттік тіл туралы сұрақтар қойған. Ал қыздар сұрақтардан сүрінбеді. Кейін ер адам қыздардың Қазақстан туралы қаншалықты білетінін әрі қарай тексерген. Ол Президенттің аты-жөні мен әкесінің атын толық атауды, сондай-ақ Астана атауының орыс тіліндегі мағынасын сұраған. Ал қыздар жүрек тұстарына қолдарын қойып, мемлекеттік әнұранды да орындап берді. Сондай-ақ, олар Новосібір қаласында білім алып жүргендерін, бірақ жақын арада Қазақстанға қайтуды жоспарлап отырғандарын айтты. «Біз жақында үйімізге, Қазақстанға қайтамыз. Бізге бұл жер ұнамады, өз Отанымызға ораламыз», - деді қыздардың бірі. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

    Video
    Views1.42K
    Forwards—
    Reactions84
    Comments—
  2. 02
    Views1.36K
    Forwards—
    Reactions23
    Comments—
  3. 03

    😳«Путинді тұтқындауға тиіс еді»: Еуроодақ Тәжікстанды сынға алды Еуропа одағы Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындау туралы Халықаралық қылмыстық соттың ордерін орындамағаны үшін Тәжікстан билігіне наразылық білдірді. Брюссель Душанбе халықаралық міндеттемелерін сақтамағанын айтып, елді сотпен толық ынтымақтастық орнатуға шақырды. Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі 22 қарашада мәлімдеме жасап, Путиннің 19-20 қараша күндері Тәжікстанға жасаған ресми сапарына қатысты ұстанымын білдірді. Еуроодақ өкілдерінің пікірінше, Душанбе Халықаралық қылмыстық соттың Рим статуты бойынша алған міндеттемелерін орындамаған. Себебі Ресей президентін тұтқындауға берілген халықаралық ордер әлі де күшінде. Брюссель Рим статутына қатысушы мемлекеттерді халықаралық сотпен толық ынтымақтасуға, соның ішінде тұтқындау туралы ордерлерді орындауға шақырды. Сондай-ақ Еуроодақ Ресейдің Украинаға қарсы соғысы кезінде жасалған халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету және зардап шеккендердің әділ сотқа жүгіну құқығын қорғау қажеттігін атап өтті. Тәжікстан бұған дейін де осындай сынға ұшыраған. 2025 жылдың қазанында Путиннің Душанбе қаласына сапарына байланысты Еуроодақ осыған ұқсас мәлімдеме жасаған. Ал Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Тәжікстан билігін Ресей президентін елге кіргізбеуге немесе келген жағдайда тұтқындауға шақырған еді. 📌Путинді тұтқындау туралы ордер Халықаралық қылмыстық сот 2023 жылғы 17 наурызда Владимир Путин мен Ресейдің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Мария Львова-Беловаға қатысты тұтқындау туралы ордер шығарды. Олар Украина аумағынан балаларды заңсыз депортациялап, Ресейге көшіруге қатысы бар деген күдікке ілінген. Мәскеу бұл айыптауларды жоққа шығарып, Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясын мойындамайтынын мәлімдеген. Рим статутына қатысушы елдер Халықаралық қылмыстық сотпен ынтымақтасып, оның ордерлерін орындауға міндетті. Дегенмен мемлекет басшыларын тұтқындау мәселесі халықаралық құқық аясында әлі де пікірталас тудырып келеді. Бұған дейін осындай жағдай 2024 жылдың қыркүйегінде Моңғолияда болған. Владимир Путин Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясын мойындайтын елге барғанымен, билік оны тұтқындаған жоқ. Кейін Халықаралық қылмыстық сот Моңғолияның өз міндеттемесін орындамағанын анықтады. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

    Photo
    Views1.31K
    Forwards—
    Reactions20
    Comments—
  4. 04

    😍«11 жыл бұрынғы жақсылық»: Ағабек өзін өмірге әкелуге көмектескен полицеймен кездесті Қарағанды облысының Ахмет ауылында 11 жылдан кейін ерекше кездесу өтті. Ағабек есімді бала өзінің өмірін аман алып қалуға көмектескен полиция қызметкерімен қайта жүздесті. Оқиға 2015 жылы болған. Сол кезде жол-патрульдік полиция взводының командирі Бақыт Әлімқұлов жол үстінде толғағы басталған әйелге көмекке келіп, сәбидің аман-есен дүниеге келуіне жәрдемдескен. Айта кетейік, полиция майоры қызмет атқарған жылдары осындай бірнеше оқиғаға куә болып, шұғыл жағдайда әйелдерге көмек көрсеткен. Қазір Бақыт Әлімқұлов еңбек демалысында. Дегенмен, полиция қызметінде болған ерекше сәттер мен адам өміріне араша түскен оқиғалар оның жадында әлі күнге дейін сақталған. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

    Video
    Views1.27K
    Forwards—
    Reactions17
    Comments—

Latest posts

#9847Photo

😁Қазақстанда Ресейге сын айтпауға кеңес берген елші енді министрлігімен соттасып жатыр Эстонияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Яап Ора қызметінен кетуіне байланысты елдің Сыртқы істер министрлігін сотқа берді. Ол министрліктегі жұмысына қайта оралуды талап етіп отыр. Яап Ора өткен жылдың 9 желтоқсанында Сыртқы істер министрлігінің қысымынан кейін отставкаға кеткен. Бұған оның Қазақстанға сапары кезінде Эстония президенті Алар Кариске айтқан ұсынысы себеп болған. Бұрынғы елшінің айтуынша, ол президентке Қазақстандағы сөзінде Ресейге қатысты сын-пікірлерді алып тастап, Украинаға қолдау көрсетуге шақырған үндеулер жасамауға кеңес берген. Ора мұндай мәлімдемелер Қазақстанмен қарым-қатынасқа кері әсер етуі мүмкін деп есептеген. Алайда Эстония Сыртқы істер министрлігі елшінің бұл сөздерін «қолайсыз» деп бағалаған. Осыдан кейін дипломат қызметінен кеткен. Яап Ора жұмыстан босатылуын «арқадан пышақ сұқты» деп бағалады. Қазір бұрынғы елші сот арқылы министрліктегі қызметіне қайта орналасуға тырысып жатыр. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views820−21%vs avg
Forwards—
Reactions13
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
1 h340
3 h570
4 h696
6 h820
  1. After 1 hour340
  2. After 6 hours820
  3. Total to date820
#9846Text

😳«Қазатомөнеркәсіп» акциялары басшыларының ұсталуынан кейін күрт арзандады «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының акциялары соңғы 52 аптадағы ең төменгі деңгейге түсті. Бұған компанияның топ-менеджері Қуаныш Омарбековтің ұсталуынан кейінгі жағдай әсер еткен болуы мүмкін. Қазақстан қор биржасында (KASE) компания акциялары 2,6 пайызға арзандап, 25 190 теңгеге дейін төмендеді. Бұл – соңғы бір жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Салыстырмалы түрде айтсақ, бір жыл бұрын «Қазатомөнеркәсіп» акцияларының құны 45 493 теңгеге дейін жеткен. Осы уақыт ішінде бағалы қағаздар шамамен 45 пайызға арзандаған. Компанияның Лондон қор биржасындағы депозитарлық қолхаттары да құлдырады. Олардың бағасы 1,99 пайызға төмендеп, 54,2 долларға түсті. Еске салайық, бұған дейін Ұлттық атом компаниясы Қуаныш Омарбековтің ұсталғанын растаған еді. Ол өндіріс жөніндегі бас директор – басқарма мүшесі қызметін атқарған. Компания құқық қорғау органдарымен ынтымақтасып, тергеуге қажетті көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views894−14%vs avg
Forwards—
Reactions8
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h144
2 h551
4 h707
7 h894
  1. After 6 hours894
  2. Total to date894
#9845Photo

😳1,2 млрд теңге жымқырды деген Алмасбек Садырбай 10 жылға сотталуы мүмкін Алматы облысының Қонаев қалалық сотында қоғам белсендісі, агросарапшы Алмасбек Садырбайға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Мемлекеттік айыптаушы соттан оны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылған. Сот отырыстарының бірінде ол журналистерге іс материалдарының көлемі өте үлкен екенін айтып, өзіне тағылған айыппен келіспейтінін білдірген. «Айыптау актісінің өзі 90 беттен тұрады. 500 томдық іс! «Алмасбек Садырбай ақшаны алды, алдады» деген бірде-бір сөз естідіңіздер ме? Жазу да жоқ, сөз де жоқ, түк те жоқ», - деген еді ол. 📌Алмасбек Садырбай кім? 2025 жылдың қаңтарында «Гиперборей» YouTube-арнасында Алмасбек Садырбайдың уақытша ұстау изоляторынан түсірілген видеосы жарияланды. Онда ол не себепті қамауда отырғанын түсінбейтінін айтып, тергеумен ынтымақтасуға дайын екенін жеткізген. Алмасбек Садырбай 2024 жылдың қарашасында ұсталған. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылған. 2026 жылдың мамыр айының соңында Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Садырбайдың ісін прокурорлардың өзі тергеп жатқанын мәлімдеген. 🔺Садырбай – агросаладағы белгілі қоғам белсенділерінің бірі. Ол «Шопан-ата» агроқозғалысының төрағасы әрі агросарапшы ретінде ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерді жиі көтеріп жүрген. Ашық дереккөздердегі мәліметке сәйкес, Алмасбек Садырбай Орталық Азия университетінде экономика мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолында Алматы қаласының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Сондай-ақ Agroholding QAZYNA басқарма төрағасы болған. 2017 жылдан бастап етті бағыттағы қой тұқымдарының республикалық палатасын басқарған. 2018 жылы Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері қауымдастығының басқарма төрағасы болып тағайындалса, 2019 жылдан бері «Шопан-ата» Қазақстан қой өсірушілер ұлттық қауымдастығын басқарған. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views815−21%vs avg
Forwards—
Reactions17
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
1 h434
3 h667
5 h762
6 h815
  1. After 1 hour434
  2. After 6 hours815
  3. Total to date815
#9844Text
Views867−16%vs avg
Forwards—
Reactions25
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
2 h599
4 h743
7 h867
  1. After 6 hours867
  2. Total to date867
#9843Video
Views870−16%vs avg
Forwards—
Reactions18
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
1 h401
3 h708
7 h870
  1. After 1 hour401
  2. After 6 hours870
  3. Total to date870
#9842Text
Views851−18%vs avg
Forwards—
Reactions8
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
2 h485
4 h705
7 h851
  1. After 1 hour485
  2. After 6 hours851
  3. Total to date851
#9841Text
Views803−22%vs avg
Forwards—
Reactions10
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
1 h247
4 h727
6 h803
  1. After 1 hour247
  2. After 6 hours803
  3. Total to date803
#9840Photo
Views813−22%vs avg
Forwards—
Reactions16
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
1 h416
5 h741
7 h813
  1. After 1 hour416
  2. After 6 hours813
  3. Total to date813
#9839Video

👀«Билетті несиеге алдым, әуежайдан ешкім күтпеді» - Латвиядан алтын әкелген спортшы Батыс Қазақстан облысынан барған спортшылар Латвияда өткен гір тасын көтеруден әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болды. Виталий Бырко алтын медаль жеңіп алса, оның шәкірті Милана Махновская екі күміс медаль иеленді. Алайда әлем чемпиондары Қазақстанға оралғанда оларды әуежайдан ешкім күтіп алмаған. Спортшылардың бірі Виталий Бырко болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Umarovnews мәліметінше, спортшылар виза рәсімдеу үшін Астанаға өз қаражатымен барған. Бұл да біршама шығынға түскен. Кейбір шығындарына көмек көрсетілгенімен, жарысқа баратын әуе билеттерін сатып алу үшін Виталий несие алуға мәжбүр болған. Бұдан бөлек, спортшылардың жаттығатын жағдайы да мәз емес. Виталийдің айтуынша, ол шәкірттерін небәрі екі шағын бөлмеден тұратын залда жаттықтырады. 🔺Ал Виталий Бырко соңғы жарияланған бейнежазбасында Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасымен бірге гір спортын дамытатынын айтқан. Сондай-ақ, еш шағымы жоқ екенін атап өтті. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views850−18%vs avg
Forwards—
Reactions24
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
1 h472
7 h850
  1. After 1 hour472
  2. After 6 hours850
  3. Total to date850
#9838Video

😁«Сенбеймін»: Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы ісін ҰҚК-ге беруді сұрады «ҚазТемірТранс» компаниясы вице-президентінің бұрынғы орынбасары Азамат Қапенов бейнеүндеу жариялап, өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын тағы мәлімдеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік аудит жүргізуді талап етті. Қапеновтің айтуынша, оның ісіне қатысты тергеуді Қаржы мониторингі агенттігінен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) беру керек. Ол комитет қызметкерлерін «сыбайлас жемқорлыққа азырақ бейім» деп санайтынын жеткізген. Бұдан бөлек, Қапенов «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының жуырдағы ұсталуын өзінің қылмыстық ісіндегі жағдайлармен байланысты болуы мүмкін екенін меңзеген. Сондай-ақ ол рейдерлік дерегі бойынша қылмыстық іс қозғауға шақырды. Еске салайық, Қаржы мониторингі агенттігі Азамат Қапеновті лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды және қаражат жымқырды деген күдікке ілген. Тергеу нұсқасы бойынша, ол үлестес компанияларға жүк вагондарымен жұмыс істеу кезінде заңсыз артықшылықтар беріп, соның салдарынан «ҚазТемірТрансқа» 5,2 млрд теңгеден астам залал келтірген. Кінәсі сотта дәлелденбейінше, күдікті кінәсіз деп есептеледі. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views907−12%vs avg
Forwards—
Reactions12
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
1 h385
6 h907
  1. After 1 hour385
  2. After 6 hours907
  3. Total to date907

All posts

Connections