😁Қазақстанда Ресейге сын айтпауға кеңес берген елші енді министрлігімен соттасып жатыр Эстонияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Яап Ора қызметінен кетуіне байланысты елдің Сыртқы істер министрлігін сотқа берді. Ол министрліктегі жұмысына қайта оралуды талап етіп отыр. Яап Ора өткен жылдың 9 желтоқсанында Сыртқы істер министрлігінің қысымынан кейін отставкаға кеткен. Бұған оның Қазақстанға сапары кезінде Эстония президенті Алар Кариске айтқан ұсынысы себеп болған. Бұрынғы елшінің айтуынша, ол президентке Қазақстандағы сөзінде Ресейге қатысты сын-пікірлерді алып тастап, Украинаға қолдау көрсетуге шақырған үндеулер жасамауға кеңес берген. Ора мұндай мәлімдемелер Қазақстанмен қарым-қатынасқа кері әсер етуі мүмкін деп есептеген. Алайда Эстония Сыртқы істер министрлігі елшінің бұл сөздерін «қолайсыз» деп бағалаған. Осыдан кейін дипломат қызметінен кеткен. Яап Ора жұмыстан босатылуын «арқадан пышақ сұқты» деп бағалады. Қазір бұрынғы елші сот арқылы министрліктегі қызметіне қайта орналасуға тырысып жатыр. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz
Открыть в TelegramДинамика просмотровСкрыть динамику
Рост просмотров
Часов после публикации
Показать таблицей
| Часов после публикации | Просмотры |
|---|---|
| 0 ч | 0 |
| 1 ч | 340 |
| 3 ч | 570 |
| 4 ч | 696 |
| 6 ч | 820 |
- Через 1 час340
- Через 6 часов820
- Всего сейчас820








