Account

Posts of ZTB - QAZAQSTAN

newest first

#9847Photo

😁Қазақстанда Ресейге сын айтпауға кеңес берген елші енді министрлігімен соттасып жатыр Эстонияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Яап Ора қызметінен кетуіне байланысты елдің Сыртқы істер министрлігін сотқа берді. Ол министрліктегі жұмысына қайта оралуды талап етіп отыр. Яап Ора өткен жылдың 9 желтоқсанында Сыртқы істер министрлігінің қысымынан кейін отставкаға кеткен. Бұған оның Қазақстанға сапары кезінде Эстония президенті Алар Кариске айтқан ұсынысы себеп болған. Бұрынғы елшінің айтуынша, ол президентке Қазақстандағы сөзінде Ресейге қатысты сын-пікірлерді алып тастап, Украинаға қолдау көрсетуге шақырған үндеулер жасамауға кеңес берген. Ора мұндай мәлімдемелер Қазақстанмен қарым-қатынасқа кері әсер етуі мүмкін деп есептеген. Алайда Эстония Сыртқы істер министрлігі елшінің бұл сөздерін «қолайсыз» деп бағалаған. Осыдан кейін дипломат қызметінен кеткен. Яап Ора жұмыстан босатылуын «арқадан пышақ сұқты» деп бағалады. Қазір бұрынғы елші сот арқылы министрліктегі қызметіне қайта орналасуға тырысып жатыр. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views820−21%vs avg
Forwards—
Reactions13
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
1 h340
3 h570
4 h696
6 h820
  1. After 1 hour340
  2. After 6 hours820
  3. Total to date820
#9846Text

😳«Қазатомөнеркәсіп» акциялары басшыларының ұсталуынан кейін күрт арзандады «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының акциялары соңғы 52 аптадағы ең төменгі деңгейге түсті. Бұған компанияның топ-менеджері Қуаныш Омарбековтің ұсталуынан кейінгі жағдай әсер еткен болуы мүмкін. Қазақстан қор биржасында (KASE) компания акциялары 2,6 пайызға арзандап, 25 190 теңгеге дейін төмендеді. Бұл – соңғы бір жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Салыстырмалы түрде айтсақ, бір жыл бұрын «Қазатомөнеркәсіп» акцияларының құны 45 493 теңгеге дейін жеткен. Осы уақыт ішінде бағалы қағаздар шамамен 45 пайызға арзандаған. Компанияның Лондон қор биржасындағы депозитарлық қолхаттары да құлдырады. Олардың бағасы 1,99 пайызға төмендеп, 54,2 долларға түсті. Еске салайық, бұған дейін Ұлттық атом компаниясы Қуаныш Омарбековтің ұсталғанын растаған еді. Ол өндіріс жөніндегі бас директор – басқарма мүшесі қызметін атқарған. Компания құқық қорғау органдарымен ынтымақтасып, тергеуге қажетті көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views894−14%vs avg
Forwards—
Reactions8
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h144
2 h551
4 h707
7 h894
  1. After 6 hours894
  2. Total to date894
#9845Photo

😳1,2 млрд теңге жымқырды деген Алмасбек Садырбай 10 жылға сотталуы мүмкін Алматы облысының Қонаев қалалық сотында қоғам белсендісі, агросарапшы Алмасбек Садырбайға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Мемлекеттік айыптаушы соттан оны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылған. Сот отырыстарының бірінде ол журналистерге іс материалдарының көлемі өте үлкен екенін айтып, өзіне тағылған айыппен келіспейтінін білдірген. «Айыптау актісінің өзі 90 беттен тұрады. 500 томдық іс! «Алмасбек Садырбай ақшаны алды, алдады» деген бірде-бір сөз естідіңіздер ме? Жазу да жоқ, сөз де жоқ, түк те жоқ», - деген еді ол. 📌Алмасбек Садырбай кім? 2025 жылдың қаңтарында «Гиперборей» YouTube-арнасында Алмасбек Садырбайдың уақытша ұстау изоляторынан түсірілген видеосы жарияланды. Онда ол не себепті қамауда отырғанын түсінбейтінін айтып, тергеумен ынтымақтасуға дайын екенін жеткізген. Алмасбек Садырбай 2024 жылдың қарашасында ұсталған. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылған. 2026 жылдың мамыр айының соңында Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Садырбайдың ісін прокурорлардың өзі тергеп жатқанын мәлімдеген. 🔺Садырбай – агросаладағы белгілі қоғам белсенділерінің бірі. Ол «Шопан-ата» агроқозғалысының төрағасы әрі агросарапшы ретінде ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерді жиі көтеріп жүрген. Ашық дереккөздердегі мәліметке сәйкес, Алмасбек Садырбай Орталық Азия университетінде экономика мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолында Алматы қаласының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Сондай-ақ Agroholding QAZYNA басқарма төрағасы болған. 2017 жылдан бастап етті бағыттағы қой тұқымдарының республикалық палатасын басқарған. 2018 жылы Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері қауымдастығының басқарма төрағасы болып тағайындалса, 2019 жылдан бері «Шопан-ата» Қазақстан қой өсірушілер ұлттық қауымдастығын басқарған. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views815−21%vs avg
Forwards—
Reactions17
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
1 h434
3 h667
5 h762
6 h815
  1. After 1 hour434
  2. After 6 hours815
  3. Total to date815
#9844Text
Views867−16%vs avg
Forwards—
Reactions25
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
2 h599
4 h743
7 h867
  1. After 6 hours867
  2. Total to date867
#9843Video
Views870−16%vs avg
Forwards—
Reactions18
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
1 h401
3 h708
7 h870
  1. After 1 hour401
  2. After 6 hours870
  3. Total to date870
#9842Text
Views851−18%vs avg
Forwards—
Reactions8
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
2 h485
4 h705
7 h851
  1. After 1 hour485
  2. After 6 hours851
  3. Total to date851
#9841Text
Views803−22%vs avg
Forwards—
Reactions10
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
1 h247
4 h727
6 h803
  1. After 1 hour247
  2. After 6 hours803
  3. Total to date803
#9840Photo
Views813−22%vs avg
Forwards—
Reactions16
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
1 h416
5 h741
7 h813
  1. After 1 hour416
  2. After 6 hours813
  3. Total to date813
#9839Video

👀«Билетті несиеге алдым, әуежайдан ешкім күтпеді» - Латвиядан алтын әкелген спортшы Батыс Қазақстан облысынан барған спортшылар Латвияда өткен гір тасын көтеруден әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болды. Виталий Бырко алтын медаль жеңіп алса, оның шәкірті Милана Махновская екі күміс медаль иеленді. Алайда әлем чемпиондары Қазақстанға оралғанда оларды әуежайдан ешкім күтіп алмаған. Спортшылардың бірі Виталий Бырко болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Umarovnews мәліметінше, спортшылар виза рәсімдеу үшін Астанаға өз қаражатымен барған. Бұл да біршама шығынға түскен. Кейбір шығындарына көмек көрсетілгенімен, жарысқа баратын әуе билеттерін сатып алу үшін Виталий несие алуға мәжбүр болған. Бұдан бөлек, спортшылардың жаттығатын жағдайы да мәз емес. Виталийдің айтуынша, ол шәкірттерін небәрі екі шағын бөлмеден тұратын залда жаттықтырады. 🔺Ал Виталий Бырко соңғы жарияланған бейнежазбасында Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасымен бірге гір спортын дамытатынын айтқан. Сондай-ақ, еш шағымы жоқ екенін атап өтті. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views850−18%vs avg
Forwards—
Reactions24
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
1 h472
7 h850
  1. After 1 hour472
  2. After 6 hours850
  3. Total to date850
#9838Video

😁«Сенбеймін»: Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы ісін ҰҚК-ге беруді сұрады «ҚазТемірТранс» компаниясы вице-президентінің бұрынғы орынбасары Азамат Қапенов бейнеүндеу жариялап, өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын тағы мәлімдеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік аудит жүргізуді талап етті. Қапеновтің айтуынша, оның ісіне қатысты тергеуді Қаржы мониторингі агенттігінен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) беру керек. Ол комитет қызметкерлерін «сыбайлас жемқорлыққа азырақ бейім» деп санайтынын жеткізген. Бұдан бөлек, Қапенов «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының жуырдағы ұсталуын өзінің қылмыстық ісіндегі жағдайлармен байланысты болуы мүмкін екенін меңзеген. Сондай-ақ ол рейдерлік дерегі бойынша қылмыстық іс қозғауға шақырды. Еске салайық, Қаржы мониторингі агенттігі Азамат Қапеновті лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды және қаражат жымқырды деген күдікке ілген. Тергеу нұсқасы бойынша, ол үлестес компанияларға жүк вагондарымен жұмыс істеу кезінде заңсыз артықшылықтар беріп, соның салдарынан «ҚазТемірТрансқа» 5,2 млрд теңгеден астам залал келтірген. Кінәсі сотта дәлелденбейінше, күдікті кінәсіз деп есептеледі. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views907−12%vs avg
Forwards—
Reactions12
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
1 h385
6 h907
  1. After 1 hour385
  2. After 6 hours907
  3. Total to date907
#9837Photo

😍Аян Тұрсын Қазақстанда күрең берет алған алғашқы әйел атанды Қазақстандық әскери қызметші Аян Тұрсын елімізде Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің күрең беретін иеленген алғашқы әйел атанды. Күрең берет – әскери қызметшілердің жоғары деңгейдегі даярлығын, физикалық және психологиялық төзімділігін, кәсіби шеберлігі мен жауынгерлік дайындығын айқындайтын ерекше белгі. Аян Тұрсын бұл ерекшелікке ие болу өзі үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік екенін атап өтті. Оның айтуынша, күрең берет – Отанға адалдықтың, тәртіп пен әскери абыройдың символы. Әскери қызметші алдағы уақытта да Қазақстанға абыроймен қызмет етіп, кәсіби жолында жаңа жетістіктерге жетуге ниетті екенін жеткізді. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views1,020−2%vs avg
Forwards—
Reactions22
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
1 h263
2 h608
4 h821
7 h1,020
  1. After 1 hour263
  2. After 6 hours1,020
  3. Total to date1,020
#9836Video

😳«Үндемей келдім»: Қызметкерін жыныстық әрекетке мәжбүрлеген полковник Тоқаевқа үндеу жасады Қазақстан ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің бұрынғы төрағасы Данияр Мейірхан президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады. Ол 19 қарашада бағынышты қызметкерін сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу ісі бойынша кінәлі деп танылған еді. Полиция полковнигі өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Оның сөзінше, қылмыстық қудалауға ІІМ-дегі жоғары лауазымды басшылықпен келіспеушілік себеп болған. Мейірханның айтуынша, ол осы уақытқа дейін қызметтік әдепті сақтап, жағдайға қатысты пікір білдірмеген. Алайда сот процесінен кейін үнсіз қалмауға шешім қабылдаған. Бұрынғы комитет басшысы әуелі өзін есірткі қылмысына қатысы бар деп айыптауға тырысқанын, бұл әрекеттен нәтиже шықпаған соң, сексуалдық сипаттағы айып тағылғанын мәлімдеді. Ол қызметкеріне қатысты мұндай әрекетке бармағанын айтып, кінәсіз екенін алға тартты. Сондай-ақ ол ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтің әрекеттеріне қатысты да мәлімдеме жасады. Мейірханның сөзінше, шетелдік іссапарлардың шығынын, соның ішінде генерал Әленовтің жолақысын да өз қалтасынан төлеуге мәжбүр болған. Ол президенттен өзі ұсынған қаржылық құжаттарды тексеріп, министрдің бірінші орынбасарының әрекеттеріне қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану тұрғысынан баға беруді сұрады. «Менің ойымша, ісім бойынша шешім алдын ала қабылданып қойған. Судьяға белгілі бір нұсқау берілген, ол соны орындады деп ойлаймын», - деді ол. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views967−7%vs avg
Forwards—
Reactions24
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
1 h458
4 h967
  1. After 1 hour458
  2. After 6 hours967
  3. Total to date967
#9834Text
Views1,360+31%vs avg
Forwards—
Reactions23
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
12 h855
24 h1,360
  1. After 24 hours1,360
  2. Total to date1,360
#9833Video

😍«11 жыл бұрынғы жақсылық»: Ағабек өзін өмірге әкелуге көмектескен полицеймен кездесті Қарағанды облысының Ахмет ауылында 11 жылдан кейін ерекше кездесу өтті. Ағабек есімді бала өзінің өмірін аман алып қалуға көмектескен полиция қызметкерімен қайта жүздесті. Оқиға 2015 жылы болған. Сол кезде жол-патрульдік полиция взводының командирі Бақыт Әлімқұлов жол үстінде толғағы басталған әйелге көмекке келіп, сәбидің аман-есен дүниеге келуіне жәрдемдескен. Айта кетейік, полиция майоры қызмет атқарған жылдары осындай бірнеше оқиғаға куә болып, шұғыл жағдайда әйелдерге көмек көрсеткен. Қазір Бақыт Әлімқұлов еңбек демалысында. Дегенмен, полиция қызметінде болған ерекше сәттер мен адам өміріне араша түскен оқиғалар оның жадында әлі күнге дейін сақталған. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views1,270+23%vs avg
Forwards—
Reactions17
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
12 h914
25 h1,270
  1. After 24 hours1,270
  2. Total to date1,270
#9832Photo

Қазақстанда 23 мың iPhone бұғатталуы мүмкін Қазақстанда верификациядан өтпеген 23 мыңға жуық жаңа iPhone «қара тізімге» еніп, бұғатталуы мүмкін. Бұл туралы Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков мәлімдеді. Оның айтуынша, қыркүйектің соңынан қазан айына дейін, iPhone 18 таныстырылғаннан кейін, Қазақстанда 279 мың жаңа смартфон желіге тіркелген. Оның 85%-ы ел ішінде сатып алынып, верификациядан сәтті өткен. Алайда тексеру барысында күдік тудырған өтінімдер анықталған. Атап айтқанда, бір IP-мекенжай арқылы мыңдаған телефонды тіркеуге өтінім берілген. Қазір бұл жағдайларды құзырлы органдар тексеріп жатыр. Сейсембековтің сөзінше, аталған құрылғылар Қазақстанға «сұр» дилерлер арқылы немесе шетелден әкелінуі мүмкін. Смартфон иелеріне верификациядан өту үшін 30 күн беріледі. Осы мерзім аяқталғаннан кейін тексеруден өтпеген құрылғылар «қара тізімге» енгізіліп, байланыс желісінен бұғатталады. Сондай-ақ Сейсембеков қолданысқа енген заңнамалық түзетулерге сәйкес, қазақстандықтар верификациядан өтпеген телефонды кез келген уақытта сатушыға қайтара алатынын еске салды. Ал сатушылар тек верификациядан өткен смартфондарды сатуға міндетті. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views1,150+11%vs avg
Forwards—
Reactions18
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
13 h872
26 h1,150
  1. After 24 hours1,150
  2. Total to date1,150
#9831Video
Views1,110+7%vs avg
Forwards—
Reactions31
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
15 h927
26 h1,110
  1. After 24 hours1,110
  2. Total to date1,110
#9830Photo

😁Қазақстан 2027 жылы 3G желісінен толық бас тартады Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін 3G мобильді байланыс желісінен толық бас тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, соңғы екі жылда елдегі мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 73,6 Мбит/секундтан 93,4 Мбит/секундқа дейін өскен. Ал биыл телекоммуникация саласына кемінде 500 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында биыл 3704 ауылға, ал 2027 жылы тағы 1863 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылады. Қалған елді мекендер спутниктік интернетке қосылмақ. Сонымен қатар 2027 жылдың соңына дейін 4G желісі 5291 ауылды, ал 5G желісі 70 қала мен 300 ауылды қамтуы тиіс. Бұдан бөлек, республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды мобильді байланыспен қамту үшін 500-ден астам антенналық діңгек орнату көзделген. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views914−12%vs avg
Forwards—
Reactions21
Comments—
#9829Photo
Views999−4%vs avg
Forwards—
Reactions23
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
17 h912
24 h999
  1. After 24 hours999
  2. Total to date999
#9828Text
Views969−6%vs avg
Forwards—
Reactions15
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
17 h871
24 h969
  1. After 24 hours969
  2. Total to date969
#9827Photo

👀Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қызметінен босатылды Тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Еске салайық, Нағаспаев әр жылдары Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде, Ақтау теңіз сауда портында және Көлік және коммуникация министрлігінде қызмет атқарған. 2011-2013 жылдары Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының әкімі, 2013-2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары болған. Кейін «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарған. 2021 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында басшылық қызметтер атқарған. 2025 жылғы 28 ақпанда президент жарлығымен Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды. 2026 жылғы 3 қыркүйекте бұл қызметке қайта тағайындалған. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views966−7%vs avg
Forwards—
Reactions9
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
18 h890
25 h966
  1. After 24 hours966
  2. Total to date966
#9826Text
Views941−9%vs avg
Forwards—
Reactions21
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
18 h867
25 h941
  1. After 24 hours941
  2. Total to date941
#9825Photo

👀Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекеті жабылады Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Чалдыбар» өткізу бекеті уақытша жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі мәлімдеді. 25 қараша сағат 01:00-ден бастап бекет арқылы көліктің барлық түрінің қозғалысы тоқтатылады. Бұған Қазақстан аумағындағы «Сыпатай батыр» өткізу бекетінде жүргізілетін құрылыс жұмыстары себеп болған. 23 қарашадан бастап Қазақстаннан Қырғызстанға жүк көліктерінің өтуіне шектеу қойылған. Ал 25 қарашадан бастап жеңіл көліктер, жүк машиналары мен автобустардың қозғалысы толық тоқтайды. Жаяу жүргіншілер шекарадан бұрынғыдай өте алады. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік қозғалысын 2027 жылдың соңына қарай қайта ашу жоспарланып отыр. Осы кезеңде жүргізушілерге «Ақ-Жол», «Ақ-Тілек», «Кең-Бұлын» және «Тоқмақ» өткізу бекеттерін пайдалану ұсынылды. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views974−6%vs avg
Forwards—
Reactions8
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
19 h913
24 h974
  1. After 24 hours974
  2. Total to date974
#9824Video

👀Шымкентте кафе қонақтары мен күзетшілері жол ортасында төбелесті: арасында әйелдер де бар Шымкентте дәмханаға келген қонақтар мен күзетшілер арасында жанжал шығып, соңы көшедегі төбелеске ұласқан. Оқиға кезінде қатысушылар көлік жүретін жолдың дәл ортасында жұдырықтасқан. Алдымен жанжал дәмхананың ішінде басталған. Кейін екі тарап мәселені сыртқа шығып шешуге келіскендей, көшеге шығып, төбелесті жалғастырған. Оқиға куәгерлері түсірген видео әлеуметтік желіде тарады. Оқиға 18 қарашада болған. Алайда полиция қызметкерлері жанжалға қатысушылардың барлығының жеке басын анықтауға көп уақыт жұмсаған. Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views1,100+6%vs avg
Forwards—
Reactions17
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
20 h1,040
25 h1,100
  1. After 24 hours1,100
  2. Total to date1,100
#9823Photo

🧐Басшылары қамауда отырған «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ-ның рейтингі өзгеріссіз қалды Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясының кредиттік рейтингтерін бұрынғы деңгейде қалдырды. Екі ұйым бойынша да болжам – тұрақты. Бұл туралы агенттіктің хабарламасында айтылған. Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» қорының рейтингі BBB деңгейінде, «Қазақстан темір жолының» рейтингі де BBB- деңгейінде сақталды. Fitch Ratings «Самұрық-Қазына» қорының рейтингін Қазақстанның егемен кредиттік рейтингімен теңестірген. Агенттік қажет болған жағдайда мемлекет қорға шұғыл қаржылық қолдау көрсетеді деп есептейді. Мұндай баға қордың ел экономикасындағы стратегиялық маңызымен байланысты. «Самұрық-Қазына» мемлекетке толықтай тиесілі. Үкімет қордың басшылығын тағайындайды және оны ірі ұлттық жобаларды жүзеге асыруға пайдаланады. Айта кетейік, рейтингтердің өзгеріссіз қалуы ұйымдардың қаржылық жағдайына қатысты Fitch бағасының қайта қаралмағанын білдіреді. Сонымен қатар бұл шешім компаниялардың басшыларына қатысты құқықтық жағдайға берілген баға емес. Еске салайық, бұған дейін ҰҚК «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «ҚТЖ» басшысы Елжас Отыншиевті және өзге де тұлғаларды ұстағанын хабарлаған еді. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views1,080+4%vs avg
Forwards—
Reactions14
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
20 h1,040
24 h1,080
  1. After 24 hours1,080
  2. Total to date1,080
#9822Photo

😁Иран АҚШ-тан 290 миллиард доллар өтемақы талап етті Иран соттары АҚШ-тан бірнеше онжылдық бойы Вашингтонның әрекеттерінен елге келтірілген залал үшін 290 миллиард доллар көлемінде өтемақы өндіріп алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасаған сот орталығының басшысы Хасан Абдолианпур мәлімдеді. Оның айтуынша, Тегеран Парсы шығанағындағы бірқатар араб еліне де қарсы бірнеше талап-арыз түсірген. Иран тарапы оларды өз аумағын АҚШ-тың Иранға жасаған соққылары үшін пайдалануға берді деп айыптап отыр. Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, өтемақы сомасы 2026 жылғы 28 ақпанда басталған әскери операциямен ғана шектелмейді. Оған АҚШ-тың бірнеше онжылдық бойы жасаған әрекеттері үшін келтірілген залал енгізілген. Айта кетейік, АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс тек әскери қақтығыстармен шектелмейді. Вашингтон Тегеранға ядролық бағдарламасына байланысты ұзақ жылдар бойы санкция салып келеді. Ал Иран тарапы бұл шектеулер мен АҚШ-тың өзге де әрекеттері ел экономикасына және азаматтарына зиян келтірді деп есептейді. Алайда Иран соттарының шығарған шешімдері АҚШ-тың өтемақыны төлеуге келіскенін білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл талаптардың орындалу тәртібі туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views1,190+15%vs avg
Forwards—
Reactions20
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
21 h1,150
25 h1,190
  1. After 24 hours1,190
  2. Total to date1,190
#9821Video

😁«Біз - орыс емес, қазақпыз»: Новосібірдегі қыздар Қазақстан туралы сұрақтарға мүдірмей жауап берді Әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде ер адам Новосібірде жүрген қазақстандық қыздармен сөйлесіп, олардың Қазақстаннан екенін білген соң ел, Президент және мемлекеттік тіл туралы сұрақтар қойған. Ал қыздар сұрақтардан сүрінбеді. Кейін ер адам қыздардың Қазақстан туралы қаншалықты білетінін әрі қарай тексерген. Ол Президенттің аты-жөні мен әкесінің атын толық атауды, сондай-ақ Астана атауының орыс тіліндегі мағынасын сұраған. Ал қыздар жүрек тұстарына қолдарын қойып, мемлекеттік әнұранды да орындап берді. Сондай-ақ, олар Новосібір қаласында білім алып жүргендерін, бірақ жақын арада Қазақстанға қайтуды жоспарлап отырғандарын айтты. «Біз жақында үйімізге, Қазақстанға қайтамыз. Бізге бұл жер ұнамады, өз Отанымызға ораламыз», - деді қыздардың бірі. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views1,420+37%vs avg
Forwards—
Reactions84
Comments—
#9820Photo

😳«Путинді тұтқындауға тиіс еді»: Еуроодақ Тәжікстанды сынға алды Еуропа одағы Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындау туралы Халықаралық қылмыстық соттың ордерін орындамағаны үшін Тәжікстан билігіне наразылық білдірді. Брюссель Душанбе халықаралық міндеттемелерін сақтамағанын айтып, елді сотпен толық ынтымақтастық орнатуға шақырды. Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі 22 қарашада мәлімдеме жасап, Путиннің 19-20 қараша күндері Тәжікстанға жасаған ресми сапарына қатысты ұстанымын білдірді. Еуроодақ өкілдерінің пікірінше, Душанбе Халықаралық қылмыстық соттың Рим статуты бойынша алған міндеттемелерін орындамаған. Себебі Ресей президентін тұтқындауға берілген халықаралық ордер әлі де күшінде. Брюссель Рим статутына қатысушы мемлекеттерді халықаралық сотпен толық ынтымақтасуға, соның ішінде тұтқындау туралы ордерлерді орындауға шақырды. Сондай-ақ Еуроодақ Ресейдің Украинаға қарсы соғысы кезінде жасалған халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету және зардап шеккендердің әділ сотқа жүгіну құқығын қорғау қажеттігін атап өтті. Тәжікстан бұған дейін де осындай сынға ұшыраған. 2025 жылдың қазанында Путиннің Душанбе қаласына сапарына байланысты Еуроодақ осыған ұқсас мәлімдеме жасаған. Ал Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Тәжікстан билігін Ресей президентін елге кіргізбеуге немесе келген жағдайда тұтқындауға шақырған еді. 📌Путинді тұтқындау туралы ордер Халықаралық қылмыстық сот 2023 жылғы 17 наурызда Владимир Путин мен Ресейдің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Мария Львова-Беловаға қатысты тұтқындау туралы ордер шығарды. Олар Украина аумағынан балаларды заңсыз депортациялап, Ресейге көшіруге қатысы бар деген күдікке ілінген. Мәскеу бұл айыптауларды жоққа шығарып, Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясын мойындамайтынын мәлімдеген. Рим статутына қатысушы елдер Халықаралық қылмыстық сотпен ынтымақтасып, оның ордерлерін орындауға міндетті. Дегенмен мемлекет басшыларын тұтқындау мәселесі халықаралық құқық аясында әлі де пікірталас тудырып келеді. Бұған дейін осындай жағдай 2024 жылдың қыркүйегінде Моңғолияда болған. Владимир Путин Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясын мойындайтын елге барғанымен, билік оны тұтқындаған жоқ. Кейін Халықаралық қылмыстық сот Моңғолияның өз міндеттемесін орындамағанын анықтады. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views1,310+26%vs avg
Forwards—
Reactions20
Comments—
#9818Photo

😳Болат Назарбаевтың отбасына қатысты сот ісі неге тоқтап қалды? Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі Болат Назарбаевтың отбасы мүшелерінен жер телімін мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен. Алайда сот әкімдік өкілдерінің үш отырысқа қатарынан келмеуіне байланысты талап арызды қараусыз қалдырды. Әкімдік даулы жер телімі мен оның аумағында орналасқан жылжымайтын мүлік заң талаптарын бұза отырып рәсімделген деп есептейді. Осыған байланысты жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы талап қойылған. Жауапкерлер қатарында Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол, оның бұрынғы жұбайлары, балалары және тағы бірнеше адам бар. Айта кетейік, талап арыздың қараусыз қалуы жауапкерлердің кінәсіз екенін немесе жер теліміне меншік құқығы заңды түрде рәсімделгенін білдірмейді. Сот даудың мән-жайын қарамаған, яғни жердің кімге тиесілі болуы керегі жөнінде шешім шығарған жоқ. Әкімдік сотқа келмеуіне себеп болған кедергілерді жойған жағдайда, талап арызбен қайта жүгіне алады. ❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼 @infoztb немесе https://wa.me/77779419900 @ztb_qaz

Open in Telegram
Views1,250+21%vs avg
Forwards—
Reactions26
Comments—
#9817Text
Views1,120+8%vs avg
Forwards—
Reactions21
Comments—