Views growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 16 h | 80 |
| 35 h | 96 |
- After 24 hours80
- Total to date96

✑ Жансанов Медеттің жеке парақшасы
By publication day
| Date | Avg views per post |
|---|---|
| Nov 7, 2026 | 225 |
| Nov 8, 2026 | 229 |
| Nov 14, 2026 | 195 |
| Nov 15, 2026 | 246 |
| Nov 19, 2026 | 201 |
| Nov 20, 2026 | 177 |
| Nov 24, 2026 | 159 |
| Nov 26, 2026 | 116 |
| Nov 27, 2026 | 80 |
Hours after publication
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 16 h | 80 |
| 35 h | 96 |
Күн салқында жаяу жүргіншіге жол бермейтін көліктердің пеші бұзылып қалсын! Ол пешті қалпына келтіру шығынға батырсын! Істеп тұрған күннің өзінде қыс мезгілінде қайта-қайта бұзылып, істен шығып, көліктің іші қара мұз болсын!
Open in TelegramКөпшілік қағаз кітапқа құмар ғой. Менің электронды кітаптарым сол қағаз кітаптардың мазмұнынан, мәнмәтінінен кем емес. Қазір қағаз кітаптың көбі жеке брендті кеңейтіп, табысты арттыру үшін шығарылады. Кітап баспаға жіберілмей тұрып, авторы предзаказбен сатып әлек болады. Сол предзаказдан түскен тиын-тебенді баспаға бере бастайды. Редактор мәселесі тіптен мүшкіл. Автор үшін редактордың жұмысы аса маңызды емес. Аты шыққан редакторға жүгіреді. Оның сұрайтыны көп болған соң 150 мың теңгеге келісетін бір келімсекті тауып алады. Біздің менталитетте электронды кітапты сол қағаз кітаптың көшірмесі деп қабылдайды. Уақытында э-кітаптар аудиторияны қыздыру үшін, тексеру үшін сатылды. Қазір мұндай форматтағы өнім аз табыс табатын болғасын іске аспай қалды. Одан гөрі жұп-жұқа қағаз кітап шығарып, әрқайсысын 7000 теңгеден сатқан тиімді. Мен э-кітаптарды әртүрлі тақырыпта құрастырамын. Белгілі бір мәселеге қатысты қағаз кітап жылына бір рет қана жарық көруі мүмкін. Ал мен бір мәселені бір кітаппен ғана бітіре салмаймын. Ең қызығы, мен бұл контентті іске асыруда өзге еңбектерді, ескі дүниелерді ақтарамын. Қазіргі шығып жатқан қағаз кітаптар да өзіне дейінгі кітаптарға сүйенеді. Ешкім жаңа мәселе ойлап таба алмайды. Бар болғаны әр автор өзінше түсіндіреді.
Open in Telegram«Мықты маман», «мықты...» деген сияқты атауды ұнатпаймын. Қолданбауға тырысамын. Әрине, мықтылардың барын жоққа шығара алмаймыз. Бірақ олар қашан да аз болған ғой. Ал әлеуметтік желіде жарнамасы жүріп тұрған «кіл мықтылардың» мәселесі басқа. Мен өзім Құдай сәтін салды деген пікірді ұстанамын. Қазір қайсысы кітап жазса да, подкастан көрінсе де, киноға түссе де, ән айтса да бәрінен қате-кемшілікті табуға болады. Соның өзі «мықты», «кәсіби» деген сипаттарды жоюға жеткілікті. Мен де соңғы уақытта электронды кітаптарды құрастырып, сатып жүрмін. Нәтижесі жаман емес. Бір кітаптың өзін бір адам сатып алса да мәзбін. Қаржылай қолдайтын аудитория жоқ. Екі мың теңгенің кітабымен бәрібір байып кете алмайсың. Демек, менің көздегенім табыс емес, басқа дүниеде жатыр. Кітаптарды ChatGPT арқылы құрастырамын. Арнайы скил, нұсқаулықтар бар. Ақыл қоспай, ой жүгіртпей, ChatGPT-дің өзі сапалы дүние дайындап бермейді. Электронды кітаптарды контент ретінде қабылдаймын. Мәселен, фото-видео, музыка деген контент түрі бар ғой. Тарақандар жүретін әзіл видео мен шынайы кино секілді видеоларды салыстырып көріңіз. Сапалы видео контенттің артында Seedance 2.5 тұр. Орташа деңгейдегі видеолардың артында Google Flow тұр. Менің де кітаптарды дайындауым видео генерациясына Seedance 2.5 моделін қолданғанмен бірдей. Лимитті сіміреді. Электронды кітаптарды ойдан-қырдан құрастыра салмаймын. Бұл өнім – менің шығармашылығымның бір бөлшегі. Жанымды, барымды саламын. Ішімде қайнап жатқан дүниенің бір сырын, көкейде жүрген мәселенің бір қырын қосамын. Айтқым келгеннің бәрі құр жазбаға сыймайды. Ортасы жоқ адаммын. Орта болғанның өзінде де екінің біріне айта бермейтін, түсіндіре алмайтын мәселелер болады. Тіпті, ол айналама қызық болмауы да мүмкін.
Open in TelegramБІР ДОРАМАНЫ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА КӨРЕМІЗ? Үйдегі бір адам бұрын көрген дорамасының бір көрінісін қайта қосады делік. Сырттай қарасаңыз, сол көрініс өзіне қатты ұнайтын шығар деп ойлайсыз. Сұрап көрсеңіз, кейіпкердің сөзін субтитрсіз түсінуге тырысып жүргенін білуіңіз мүмкін. Бір адам таныс дорамасына тіл үйрену үшін оралады. Екінші адам оны жақынымен бірге көріп, бір кешті бірге өткізгісі келеді. Сондықтан біреудің көру әдеті туралы пікір айтпас бұрын, «Осы дораманы не үшін қайта көргіңіз келеді?» деп сұрап көріңіз. Әсіресе, үйде біреудің дораманы жиі көруі әңгіме болса, осы сұрақ оның сол уақытты неге бағалайтынын түсінуге көмектеседі. «K-DRAMA МӘДЕНИЕТІ» кітабында көру әдетіне өз өміріміз тұрғысынан да қараймын. Мысалы, «тағы бір бөлім көрейін» деген шешім маңызды істерді жиі кейінге ысыра бастаса, демалысқа бөлген уақытымызды қалай бағалауға болатынын талдаймын. Кітапты сатып алу үшін Kaspi арқылы +7 706 416 1091 нөміріне (Медет Ж.) 1991 теңге аударыңыз. Төлем чегін WhatsApp арқылы немесе Telegram-ға жіберіңіз: t.me/zhansanov
Open in TelegramДОРАМА КӨРГЕН СОҢ ӨЗІҢІЗГЕ ҚОЯТЫН 3 СҰРАҚ Кешке демалу үшін дорама қостыңыз делік. Кейіпкер көптен бері айта алмай жүрген сөзін жақын адамына ақыры айтады. Бөлім аяқталғанда, өзіңіз де кейінге қалдырып жүрген әңгімені еске аласыз. Дораманы не үшін қосқаныңызды, көріп отырғанда не сезінгеніңізді және соңында қандай күйде қалғаныңызды жеке қарастырсаңыз, сол көріністің сізге қалай әсер еткенін түсіну оңайырақ болады. «K-DRAMA МӘДЕНИЕТІ» кітабындағы үш сұрақты осы мысалға қолданып көрейік. Не үшін көре бастадым? Жұмыстан кейін біраз тыныққым келді. Көріп отырғанда нені сезіндім? Кейіпкер сөзін неден бастарын білмей тұрғанда, оның қобалжуы маған таныс көрінді. Көруді тоқтатқан соң қандай күйде қалдым? Өзім кейінге қалдырған әңгімені қалай бастасам екен деп ойландым. Келесі жолы бөлім біткенде осы сұрақтардың әрқайсысына бір сөйлеммен жауап беріп көріңіз. Белгілі бір көрініс ойыңызда қалып қойса, оның өз өміріңіздегі қандай жағдайды еске салғанына назар аударыңыз. Кітаптың «Кейіпкерден өзіңді тану» атты келесі тақырыбында осы ойды жалғастырамын. Кейіпкердің бойынан өзімізге таныс қорқынышты байқау оның таңдауын түсінуге қалай көмектесетінін қарастырамын. Кітапты сатып алу үшін Kaspi арқылы +7 706 416 1091 нөміріне (Медет Ж.) 1991 теңге аударыңыз. Төлем чегін WhatsApp арқылы немесе Telegram-ға жіберіңіз: t.me/zhansanov
Open in TelegramТиктокта осы жазбамды сақтап алған екен. Қуаныштымын! Мүмкін кітап жазғанда редактор керек боп қалар деген болар. Әйел кісілер қызметіңе жүгінсе, ақысын төлейтіні жақсы. Ал ер кісілер кітабын дайындап берсең де, ақшасын төлеуге келгенде сараң. Ақшасы жоқ болса да, қарызданып кітап шығарта береді олар. Әйел кісілермен жұмыс істеген жақсы.
Open in TelegramМЕН РЕДАКТОР БОЛСАМ... №6 Джей Хайнрихстің «Дәлелді сөйле» кітабынан үш үзіндіні талдадым. Сөз байланысын, сөйлем құрылымын және ойдың берілуін қарастырдым. Автордың әзілін, кейіпкердің эмоциясын сақтауға да назар аудардым. Құжатта түпнұсқа мәтіндер, өңделген нұсқалар, 31 өзгерістің түсіндірмесі, құрылымдық талдау және дереккөздер бар. Сіз де қазір оқып жатқан қазақ тіліндегі кітабыңыздың бір бетін суретке түсіріп, жеке хабарламаға жіберіңіз. Сол мәтінді де редакциялап, өзгерістердің себебін түсіндіріп беремін.
Open in TelegramМЕН РЕДАКТОР БОЛСАМ... №5 @mazmundama баспасында шыққан Рэйчел Игнатовскидің «Ғылымдағы әйелдер. Әлемді өзгерткен 50 ғалым-әйел» кітабындағы Рейчел Карсон туралы мәтінді талдадым. Бұл жолы сөйлем құрылымымен бірге өмірбаян деректеріне, оқиғалардың ретіне және себептік байланыстарға назар аудардым. Құжатта түпнұсқа, өңделген мәтін, 34 өзгерістің түсіндірмесі, құрылымдық талдау және қолданылған дереккөздер бар. Сіз де қазір оқып жатқан қазақ тіліндегі кітабыңыздың бір бетін суретке түсіріп, жеке хабарламаға жіберіңіз. Сол мәтінді де редакциялап, өзгерістердің себебін түсіндіріп беремін.
Open in TelegramАбсорбент. Мұны балаларға суық тигенде, вирус жұқтырғанда т.б. әлсіздіктер болғанда береміз. Шүкір, көп пайдасы тиді. Мұны @tek_organica @togzhan_madali танысқан күннен бастап қолданамыз. Қанша жыл болғаны да есте жоқ екен. Ол кісінің парақшасынан бәрін біле аласыз. Осы ALOE FOREVER компаниясының өнімін тұтынамыз. Әзірге тіс пастасын, осы абсорбент пен омеганы ғана алып жүрміз. Бұдан да басқа өнімдері көп. Табыстың реті келмей жүрген соң 30%-ға жете алмай жүрміз. Келесіде басқа да өнімдердің видеосын ұсынатын боламын.
Open in Telegram