Кабинет
✑ Қара сөзбен

✑ Қара сөзбен

✑ Жансанов Медеттің жеке парақшасы

Юзернейм
@mzhansanov
Категория
Блоги
Страна
КазахстанКазахстан
Подписчики1 010
Просмотров на пост, 7 дн.133−42,2% к пред. 7 дн.
ERR13,12 %за 7 дней

Средние просмотры поста по дням

По дню публикации

Показать таблицей
ДатаПросмотров на пост
7 нояб. 2026 г.225
8 нояб. 2026 г.229
14 нояб. 2026 г.195
15 нояб. 2026 г.246
19 нояб. 2026 г.201
20 нояб. 2026 г.177
24 нояб. 2026 г.159
26 нояб. 2026 г.116
27 нояб. 2026 г.96

Самые просматриваемые за месяц

  1. 01
    Просмотры379
    Пересылки—
    Реакции—
    Комментарии—
  2. 02

    «СУИЦИД» – қиналып жүрген адамды түсінуге, онымен әңгіме бастауға және қажетті көмекке жетуіне қолдау көрсетуге арналған ғылыми-танымдық кітап. ӘР БӨЛІМНЕН ҚАНДАЙ ПАЙДА АЛАСЫЗ? 1. Психологиялық дағдарысты түсіну Суицид туралы қате түсініктерді ажыратасыз. Адамның ауыр күйін бір оқиғамен түсіндіріп қоюдың және қауіпсіздігін сырттай болжаудың шегін түсінесіз. 2. Адам және оның айналасындағы орта Жалғыздық, ұят, буллинг, отбасылық және қаржылық қысымның адам тәжірибесіндегі орнын түсінесіз. Жақыныңызға қандай қолдау жетіспейтінін нақтырақ сұрай аласыз. 3. Цифрлық орта және жауапты сөз Желідегі уақыт пен зиянды тәжірибенің айырмасын танисыз. Қайғылы хабарды немесе үміт оқиғасын адамның қадірі мен жеке шекарасын сақтап жеткізу қағидаларын білесіз. 4. Көмекке жүгіну және жақыныңа қолдау көрсету Қиын әңгімені қалай бастауға, қалай тыңдауға және маманға жүгінуді қалай жеңілдетуге болатынын түсінесіз. Жақын адамның қолдауы мен кәсіби көмектің міндеттерін ажыратасыз. 5. Дағдарыстан кейінгі қолдау және қалпына келу Қауіпсіздік жоспарының мақсатын, кейінгі байланыс пен күнделікті қолдаудың орнын түсінесіз. Қалпына келуді асықтырмай, орындалатын шағын қадамдарға сүйенудің мәнін ұғынасыз. 6. Мектеп пен қоғамның жауапкершілігі Бір реттік дәріс пен тұрақты көмек жүйесінің айырмасын көресіз. Қызылорда тәжірибесі арқылы мектеп, отбасы және мамандар байланысында нені нақтылау керегін түсінесіз. 7. Жақынын жоғалтқан адамға сүйеніш Қайғы мен кінә сезімінің күрделілігін түсінесіз. Адамды тыңдау, күнделікті шаруасына көмектесу және жеке шекарасын сыйлау жолдарын білесіз. Кітап кәсіби бағалау мен емді алмастырмайды. 💥 Дүйсенбіге дейін «Баспалдақ», «Суицид», «K-Drama мәдениеті» электронды кітаптарын 3000 теңгеге сатып ала аласыз. Одан кейін әр кітаптың бағасы 2000 теңгені құрайтын болады. ‼️ Жеңілдік бойынша сатып алу үшін +7 706 416 1091 (Kaspi, Медет Ж.) нөміріне төлем жасап, сол нөмірдегі WhatsApp-қа немесе Телеграмға (t.me/zhansanov) чекті жіберіңіз!

    Текст
    Просмотры365
    Пересылки—
    Реакции—
    Комментарии—
  3. 03

    Адамдардың арасында жалғыз қалсаң да, өзіңе өзгеріс болатынын айта білуің керек. Менің де қазір жағдайым мәз емес. Бойдақ болсам, үнсіздіктің өзі жетістік болар еді. Бірақ жұбайым, бала-шағам бар болғасын дауыс шығаруға тура келеді. Иә, соңғы уақыттағы жазбаларға, стористерге қарап, мені «жынды» деп ойлауы мүмкін. @abdrashitt аудиосын қолданып, бір көрініске салғандай болдым. Жылауық, «жертва» деп те үкім шығарғандар бар шығар. Шығармашылықтың адамы болған соң бәрібір ішіңдегі дүниені сыртқа шығарасың. Қазіргі жоқшылықтың алдағы уақытта жойылатынына шүбәм жоқ. Бұрын да мұндай жағдайда болған пендемін. 2022 жылы карантиннен кейін ес жия бастағанда Асылбек бауырымыз хабарласып, @mihrab.kz жобасына шақырған болатын. Онда екі жыл еңбек етіп, одан кейін Қызылорда қаласындағы орталық мешітте тағы да екі жыл жұмыс істедім. Нақты бір істің, саланың маманы болмаған соң жобаның бәрі уақытша. Өткен жылдан редактор ісіне ниеттеніп, Санат бауырымның қолдауымен бірнеше кітаптың мәтінімен жұмыс істедім. Биылға тек жақында бір кітаптың редакторы болдым. Бірақ әлі ақшасы қолға тимеді. Алматы-Астанадағы редакторлардың қолынан өткен жаңадан жарық көрген кітаптарды шолып шықтым ғой. Қате бар. Көп қате. Мен де сол жақтың редакторлары секілді табыс тапқым келеді. Тек ол үшін сол жақта өмір сүруің керек. Мен өзі жасқаншақ болған соң өзімді қадірлей бермеймін. Ұятсыз болсам, табыс табудың жолы көп. Оның бәрі қолымнан келеді: AI видео, сурет, графика дизайны, мәтін т.б. Көп жағдайда жұрттың өтінішін қабыл етіп, анау-мынау жұмысты тегін-ақ істеп беремін. Үйдің жалғыз баласы болған соң жол сілтеуші, бағыт-бағдар беруші ешкім жоқ. Кезінде лауазымды тұлғалар таланттарды тартып-тартып, сүйрелеп, адам қылған ғой. Мені де қайнап тұрған шығармашылық ортаға тастап жіберсе, одан сайын ашыла түсер едім. Қазір мен жай ғана бала-шағаның тамағын тауып берудің жолында жүрмін. Қор болып жүрмін деп те айтуға келеді. Себебі ішкі дүниемдегі потенциал, жастығым, сауаттылығым т.б. босқа өтіп бара жатыр. Талант болу бір басқа. Таланттың жалғыз өзі ұзаққа бармайды. Мен қазіргі қасиет-қабілетіммен белгілі бір жобаға, одан қалды қоғамға пайдалы болар едім. Оның орнына мен молда боп құдайы астарда жүрмін. Молда деуге де келмейді. Бір-ақ адам ғана сатып алатын электронды кітаптар сатып жүрмін. Діни қызмет жолында жүз күнім бір күндей күйде жүрмін. Негізінде, бір күнім бір күніме ұқсамауы керек еді.

    Текст
    Просмотры253
    Пересылки—
    Реакции12
    Комментарии—
  4. 04
    Просмотры251
    Пересылки—
    Реакции9
    Комментарии—

Новые посты

#1520Фото
Просмотры96−53%к среднему
Пересылки—
Реакции1
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
16 ч80
35 ч96
  1. Через 24 часа80
  2. Всего сейчас96
#1519Текст
Просмотры116−43%к среднему
Пересылки—
Реакции5
Комментарии—
#1518Текст

Көпшілік қағаз кітапқа құмар ғой. Менің электронды кітаптарым сол қағаз кітаптардың мазмұнынан, мәнмәтінінен кем емес. Қазір қағаз кітаптың көбі жеке брендті кеңейтіп, табысты арттыру үшін шығарылады. Кітап баспаға жіберілмей тұрып, авторы предзаказбен сатып әлек болады. Сол предзаказдан түскен тиын-тебенді баспаға бере бастайды. Редактор мәселесі тіптен мүшкіл. Автор үшін редактордың жұмысы аса маңызды емес. Аты шыққан редакторға жүгіреді. Оның сұрайтыны көп болған соң 150 мың теңгеге келісетін бір келімсекті тауып алады. Біздің менталитетте электронды кітапты сол қағаз кітаптың көшірмесі деп қабылдайды. Уақытында э-кітаптар аудиторияны қыздыру үшін, тексеру үшін сатылды. Қазір мұндай форматтағы өнім аз табыс табатын болғасын іске аспай қалды. Одан гөрі жұп-жұқа қағаз кітап шығарып, әрқайсысын 7000 теңгеден сатқан тиімді. Мен э-кітаптарды әртүрлі тақырыпта құрастырамын. Белгілі бір мәселеге қатысты қағаз кітап жылына бір рет қана жарық көруі мүмкін. Ал мен бір мәселені бір кітаппен ғана бітіре салмаймын. Ең қызығы, мен бұл контентті іске асыруда өзге еңбектерді, ескі дүниелерді ақтарамын. Қазіргі шығып жатқан қағаз кітаптар да өзіне дейінгі кітаптарға сүйенеді. Ешкім жаңа мәселе ойлап таба алмайды. Бар болғаны әр автор өзінше түсіндіреді.

Открыть в Telegram
Просмотры172−16%к среднему
Пересылки—
Реакции6
Комментарии—
#1517Текст

«Мықты маман», «мықты...» деген сияқты атауды ұнатпаймын. Қолданбауға тырысамын. Әрине, мықтылардың барын жоққа шығара алмаймыз. Бірақ олар қашан да аз болған ғой. Ал әлеуметтік желіде жарнамасы жүріп тұрған «кіл мықтылардың» мәселесі басқа. Мен өзім Құдай сәтін салды деген пікірді ұстанамын. Қазір қайсысы кітап жазса да, подкастан көрінсе де, киноға түссе де, ән айтса да бәрінен қате-кемшілікті табуға болады. Соның өзі «мықты», «кәсіби» деген сипаттарды жоюға жеткілікті. Мен де соңғы уақытта электронды кітаптарды құрастырып, сатып жүрмін. Нәтижесі жаман емес. Бір кітаптың өзін бір адам сатып алса да мәзбін. Қаржылай қолдайтын аудитория жоқ. Екі мың теңгенің кітабымен бәрібір байып кете алмайсың. Демек, менің көздегенім табыс емес, басқа дүниеде жатыр. Кітаптарды ChatGPT арқылы құрастырамын. Арнайы скил, нұсқаулықтар бар. Ақыл қоспай, ой жүгіртпей, ChatGPT-дің өзі сапалы дүние дайындап бермейді. Электронды кітаптарды контент ретінде қабылдаймын. Мәселен, фото-видео, музыка деген контент түрі бар ғой. Тарақандар жүретін әзіл видео мен шынайы кино секілді видеоларды салыстырып көріңіз. Сапалы видео контенттің артында Seedance 2.5 тұр. Орташа деңгейдегі видеолардың артында Google Flow тұр. Менің де кітаптарды дайындауым видео генерациясына Seedance 2.5 моделін қолданғанмен бірдей. Лимитті сіміреді. Электронды кітаптарды ойдан-қырдан құрастыра салмаймын. Бұл өнім – менің шығармашылығымның бір бөлшегі. Жанымды, барымды саламын. Ішімде қайнап жатқан дүниенің бір сырын, көкейде жүрген мәселенің бір қырын қосамын. Айтқым келгеннің бәрі құр жазбаға сыймайды. Ортасы жоқ адаммын. Орта болғанның өзінде де екінің біріне айта бермейтін, түсіндіре алмайтын мәселелер болады. Тіпті, ол айналама қызық болмауы да мүмкін.

Открыть в Telegram
Просмотры146−28%к среднему
Пересылки—
Реакции4
Комментарии—
#1516Текст

БІР ДОРАМАНЫ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА КӨРЕМІЗ?   Үйдегі бір адам бұрын көрген дорамасының бір көрінісін қайта қосады делік. Сырттай қарасаңыз, сол көрініс өзіне қатты ұнайтын шығар деп ойлайсыз. Сұрап көрсеңіз, кейіпкердің сөзін субтитрсіз түсінуге тырысып жүргенін білуіңіз мүмкін.   Бір адам таныс дорамасына тіл үйрену үшін оралады. Екінші адам оны жақынымен бірге көріп, бір кешті бірге өткізгісі келеді. Сондықтан біреудің көру әдеті туралы пікір айтпас бұрын, «Осы дораманы не үшін қайта көргіңіз келеді?» деп сұрап көріңіз. Әсіресе, үйде біреудің дораманы жиі көруі әңгіме болса, осы сұрақ оның сол уақытты неге бағалайтынын түсінуге көмектеседі.   «K-DRAMA МӘДЕНИЕТІ» кітабында көру әдетіне өз өміріміз тұрғысынан да қараймын. Мысалы, «тағы бір бөлім көрейін» деген шешім маңызды істерді жиі кейінге ысыра бастаса, демалысқа бөлген уақытымызды қалай бағалауға болатынын талдаймын.   Кітапты сатып алу үшін Kaspi арқылы +7 706 416 1091 нөміріне (Медет Ж.) 1991 теңге аударыңыз. Төлем чегін WhatsApp арқылы немесе Telegram-ға жіберіңіз: t.me/zhansanov

Открыть в Telegram
Просмотры177−13%к среднему
Пересылки—
Реакции5
Комментарии—
#1515Текст

ДОРАМА КӨРГЕН СОҢ ӨЗІҢІЗГЕ ҚОЯТЫН 3 СҰРАҚ   Кешке демалу үшін дорама қостыңыз делік. Кейіпкер көптен бері айта алмай жүрген сөзін жақын адамына ақыры айтады. Бөлім аяқталғанда, өзіңіз де кейінге қалдырып жүрген әңгімені еске аласыз.   Дораманы не үшін қосқаныңызды, көріп отырғанда не сезінгеніңізді және соңында қандай күйде қалғаныңызды жеке қарастырсаңыз, сол көріністің сізге қалай әсер еткенін түсіну оңайырақ болады. «K-DRAMA МӘДЕНИЕТІ» кітабындағы үш сұрақты осы мысалға қолданып көрейік.   Не үшін көре бастадым? Жұмыстан кейін біраз тыныққым келді.   Көріп отырғанда нені сезіндім? Кейіпкер сөзін неден бастарын білмей тұрғанда, оның қобалжуы маған таныс көрінді.   Көруді тоқтатқан соң қандай күйде қалдым? Өзім кейінге қалдырған әңгімені қалай бастасам екен деп ойландым.   Келесі жолы бөлім біткенде осы сұрақтардың әрқайсысына бір сөйлеммен жауап беріп көріңіз. Белгілі бір көрініс ойыңызда қалып қойса, оның өз өміріңіздегі қандай жағдайды еске салғанына назар аударыңыз.   Кітаптың «Кейіпкерден өзіңді тану» атты келесі тақырыбында осы ойды жалғастырамын. Кейіпкердің бойынан өзімізге таныс қорқынышты байқау оның таңдауын түсінуге қалай көмектесетінін қарастырамын.   Кітапты сатып алу үшін Kaspi арқылы +7 706 416 1091 нөміріне (Медет Ж.) 1991 теңге аударыңыз. Төлем чегін WhatsApp арқылы немесе Telegram-ға жіберіңіз: t.me/zhansanov

Открыть в Telegram
Просмотры201−1%к среднему
Пересылки—
Реакции1
Комментарии—
#1511Фото
Просмотры251+23%к среднему
Пересылки—
Реакции9
Комментарии—
#1510Файл
Просмотры234+15%к среднему
Пересылки—
Реакции—
Комментарии—
#1509Файл
Просмотры379+86%к среднему
Пересылки—
Реакции—
Комментарии—
#1508Видео
Просмотры196−4%к среднему
Пересылки—
Реакции—
Комментарии—

Все посты

Связи