Account

Posts of ✑ Қара сөзбен

newest first

#1519Text
Views116−43%vs avg
Forwards—
Reactions5
Comments—
#1518Text

Көпшілік қағаз кітапқа құмар ғой. Менің электронды кітаптарым сол қағаз кітаптардың мазмұнынан, мәнмәтінінен кем емес. Қазір қағаз кітаптың көбі жеке брендті кеңейтіп, табысты арттыру үшін шығарылады. Кітап баспаға жіберілмей тұрып, авторы предзаказбен сатып әлек болады. Сол предзаказдан түскен тиын-тебенді баспаға бере бастайды. Редактор мәселесі тіптен мүшкіл. Автор үшін редактордың жұмысы аса маңызды емес. Аты шыққан редакторға жүгіреді. Оның сұрайтыны көп болған соң 150 мың теңгеге келісетін бір келімсекті тауып алады. Біздің менталитетте электронды кітапты сол қағаз кітаптың көшірмесі деп қабылдайды. Уақытында э-кітаптар аудиторияны қыздыру үшін, тексеру үшін сатылды. Қазір мұндай форматтағы өнім аз табыс табатын болғасын іске аспай қалды. Одан гөрі жұп-жұқа қағаз кітап шығарып, әрқайсысын 7000 теңгеден сатқан тиімді. Мен э-кітаптарды әртүрлі тақырыпта құрастырамын. Белгілі бір мәселеге қатысты қағаз кітап жылына бір рет қана жарық көруі мүмкін. Ал мен бір мәселені бір кітаппен ғана бітіре салмаймын. Ең қызығы, мен бұл контентті іске асыруда өзге еңбектерді, ескі дүниелерді ақтарамын. Қазіргі шығып жатқан қағаз кітаптар да өзіне дейінгі кітаптарға сүйенеді. Ешкім жаңа мәселе ойлап таба алмайды. Бар болғаны әр автор өзінше түсіндіреді.

Open in Telegram
Views172−15%vs avg
Forwards—
Reactions6
Comments—
#1517Text

«Мықты маман», «мықты...» деген сияқты атауды ұнатпаймын. Қолданбауға тырысамын. Әрине, мықтылардың барын жоққа шығара алмаймыз. Бірақ олар қашан да аз болған ғой. Ал әлеуметтік желіде жарнамасы жүріп тұрған «кіл мықтылардың» мәселесі басқа. Мен өзім Құдай сәтін салды деген пікірді ұстанамын. Қазір қайсысы кітап жазса да, подкастан көрінсе де, киноға түссе де, ән айтса да бәрінен қате-кемшілікті табуға болады. Соның өзі «мықты», «кәсіби» деген сипаттарды жоюға жеткілікті. Мен де соңғы уақытта электронды кітаптарды құрастырып, сатып жүрмін. Нәтижесі жаман емес. Бір кітаптың өзін бір адам сатып алса да мәзбін. Қаржылай қолдайтын аудитория жоқ. Екі мың теңгенің кітабымен бәрібір байып кете алмайсың. Демек, менің көздегенім табыс емес, басқа дүниеде жатыр. Кітаптарды ChatGPT арқылы құрастырамын. Арнайы скил, нұсқаулықтар бар. Ақыл қоспай, ой жүгіртпей, ChatGPT-дің өзі сапалы дүние дайындап бермейді. Электронды кітаптарды контент ретінде қабылдаймын. Мәселен, фото-видео, музыка деген контент түрі бар ғой. Тарақандар жүретін әзіл видео мен шынайы кино секілді видеоларды салыстырып көріңіз. Сапалы видео контенттің артында Seedance 2.5 тұр. Орташа деңгейдегі видеолардың артында Google Flow тұр. Менің де кітаптарды дайындауым видео генерациясына Seedance 2.5 моделін қолданғанмен бірдей. Лимитті сіміреді. Электронды кітаптарды ойдан-қырдан құрастыра салмаймын. Бұл өнім – менің шығармашылығымның бір бөлшегі. Жанымды, барымды саламын. Ішімде қайнап жатқан дүниенің бір сырын, көкейде жүрген мәселенің бір қырын қосамын. Айтқым келгеннің бәрі құр жазбаға сыймайды. Ортасы жоқ адаммын. Орта болғанның өзінде де екінің біріне айта бермейтін, түсіндіре алмайтын мәселелер болады. Тіпті, ол айналама қызық болмауы да мүмкін.

Open in Telegram
Views146−28%vs avg
Forwards—
Reactions4
Comments—
#1516Text

БІР ДОРАМАНЫ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА КӨРЕМІЗ?   Үйдегі бір адам бұрын көрген дорамасының бір көрінісін қайта қосады делік. Сырттай қарасаңыз, сол көрініс өзіне қатты ұнайтын шығар деп ойлайсыз. Сұрап көрсеңіз, кейіпкердің сөзін субтитрсіз түсінуге тырысып жүргенін білуіңіз мүмкін.   Бір адам таныс дорамасына тіл үйрену үшін оралады. Екінші адам оны жақынымен бірге көріп, бір кешті бірге өткізгісі келеді. Сондықтан біреудің көру әдеті туралы пікір айтпас бұрын, «Осы дораманы не үшін қайта көргіңіз келеді?» деп сұрап көріңіз. Әсіресе, үйде біреудің дораманы жиі көруі әңгіме болса, осы сұрақ оның сол уақытты неге бағалайтынын түсінуге көмектеседі.   «K-DRAMA МӘДЕНИЕТІ» кітабында көру әдетіне өз өміріміз тұрғысынан да қараймын. Мысалы, «тағы бір бөлім көрейін» деген шешім маңызды істерді жиі кейінге ысыра бастаса, демалысқа бөлген уақытымызды қалай бағалауға болатынын талдаймын.   Кітапты сатып алу үшін Kaspi арқылы +7 706 416 1091 нөміріне (Медет Ж.) 1991 теңге аударыңыз. Төлем чегін WhatsApp арқылы немесе Telegram-ға жіберіңіз: t.me/zhansanov

Open in Telegram
Views177−13%vs avg
Forwards—
Reactions5
Comments—
#1515Text

ДОРАМА КӨРГЕН СОҢ ӨЗІҢІЗГЕ ҚОЯТЫН 3 СҰРАҚ   Кешке демалу үшін дорама қостыңыз делік. Кейіпкер көптен бері айта алмай жүрген сөзін жақын адамына ақыры айтады. Бөлім аяқталғанда, өзіңіз де кейінге қалдырып жүрген әңгімені еске аласыз.   Дораманы не үшін қосқаныңызды, көріп отырғанда не сезінгеніңізді және соңында қандай күйде қалғаныңызды жеке қарастырсаңыз, сол көріністің сізге қалай әсер еткенін түсіну оңайырақ болады. «K-DRAMA МӘДЕНИЕТІ» кітабындағы үш сұрақты осы мысалға қолданып көрейік.   Не үшін көре бастадым? Жұмыстан кейін біраз тыныққым келді.   Көріп отырғанда нені сезіндім? Кейіпкер сөзін неден бастарын білмей тұрғанда, оның қобалжуы маған таныс көрінді.   Көруді тоқтатқан соң қандай күйде қалдым? Өзім кейінге қалдырған әңгімені қалай бастасам екен деп ойландым.   Келесі жолы бөлім біткенде осы сұрақтардың әрқайсысына бір сөйлеммен жауап беріп көріңіз. Белгілі бір көрініс ойыңызда қалып қойса, оның өз өміріңіздегі қандай жағдайды еске салғанына назар аударыңыз.   Кітаптың «Кейіпкерден өзіңді тану» атты келесі тақырыбында осы ойды жалғастырамын. Кейіпкердің бойынан өзімізге таныс қорқынышты байқау оның таңдауын түсінуге қалай көмектесетінін қарастырамын.   Кітапты сатып алу үшін Kaspi арқылы +7 706 416 1091 нөміріне (Медет Ж.) 1991 теңге аударыңыз. Төлем чегін WhatsApp арқылы немесе Telegram-ға жіберіңіз: t.me/zhansanov

Open in Telegram
Views201−1%vs avg
Forwards—
Reactions1
Comments—
#1511Photo
Views251+24%vs avg
Forwards—
Reactions9
Comments—
#1510File
Views234+15%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#1509File
Views379+87%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#1508Video
Views196−3%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#1506File
Views196−3%vs avg
Forwards—
Reactions4
Comments—
#1505File
Views191−6%vs avg
Forwards—
Reactions1
Comments—
#1504Text

Отыз күн бойы еліміздегі белгілі бір мешіттен онлайн жұмыс іздеп көремін деп шештім. 1️⃣-күн Құрметті халайық! Өзіңізге таныс қандай мешіттердің парақшаларын білесіздер? Облыстық, қалалық бірнеше мешіттерге жазып көрдім. Ешбірінен жауап болмады. Жалпы, мұндай мешіттерде мамандар жетерлік деп ойлаймын. Маған сол қалалық, аудандық мешіттердің парақшасы қажет боп тұр. Мен өзім сонау 2016 жылдан бері мешіт саласында жүрмін.  Мешіттің медиа жұмысын жүргіземін. Іс-шараларға баннер істеймін. Мешіттердің жұмысын көрсететін жалғыз құрал — осы әлеуметтік желілер. Қай мешіт желіде белсенді болса, соның жұмысы озады. Онлайн жұмысыма миллиондап ақша сұрайын деп жатқан жоқпын. 150 мың теңге айлық жетеді сол. Егер тағы бір мешіт табылса, бір мешіттің онлайн жұмысын 100 мың теңге айлыққа істей беремін. Үш мешіттен артық жұмысты ала алмаймын.

Open in Telegram
Views198−2%vs avg
Forwards—
Reactions1
Comments—
#1502Text

Адамдардың арасында жалғыз қалсаң да, өзіңе өзгеріс болатынын айта білуің керек. Менің де қазір жағдайым мәз емес. Бойдақ болсам, үнсіздіктің өзі жетістік болар еді. Бірақ жұбайым, бала-шағам бар болғасын дауыс шығаруға тура келеді. Иә, соңғы уақыттағы жазбаларға, стористерге қарап, мені «жынды» деп ойлауы мүмкін. @abdrashitt аудиосын қолданып, бір көрініске салғандай болдым. Жылауық, «жертва» деп те үкім шығарғандар бар шығар. Шығармашылықтың адамы болған соң бәрібір ішіңдегі дүниені сыртқа шығарасың. Қазіргі жоқшылықтың алдағы уақытта жойылатынына шүбәм жоқ. Бұрын да мұндай жағдайда болған пендемін. 2022 жылы карантиннен кейін ес жия бастағанда Асылбек бауырымыз хабарласып, @mihrab.kz жобасына шақырған болатын. Онда екі жыл еңбек етіп, одан кейін Қызылорда қаласындағы орталық мешітте тағы да екі жыл жұмыс істедім. Нақты бір істің, саланың маманы болмаған соң жобаның бәрі уақытша. Өткен жылдан редактор ісіне ниеттеніп, Санат бауырымның қолдауымен бірнеше кітаптың мәтінімен жұмыс істедім. Биылға тек жақында бір кітаптың редакторы болдым. Бірақ әлі ақшасы қолға тимеді. Алматы-Астанадағы редакторлардың қолынан өткен жаңадан жарық көрген кітаптарды шолып шықтым ғой. Қате бар. Көп қате. Мен де сол жақтың редакторлары секілді табыс тапқым келеді. Тек ол үшін сол жақта өмір сүруің керек. Мен өзі жасқаншақ болған соң өзімді қадірлей бермеймін. Ұятсыз болсам, табыс табудың жолы көп. Оның бәрі қолымнан келеді: AI видео, сурет, графика дизайны, мәтін т.б. Көп жағдайда жұрттың өтінішін қабыл етіп, анау-мынау жұмысты тегін-ақ істеп беремін. Үйдің жалғыз баласы болған соң жол сілтеуші, бағыт-бағдар беруші ешкім жоқ. Кезінде лауазымды тұлғалар таланттарды тартып-тартып, сүйрелеп, адам қылған ғой. Мені де қайнап тұрған шығармашылық ортаға тастап жіберсе, одан сайын ашыла түсер едім. Қазір мен жай ғана бала-шағаның тамағын тауып берудің жолында жүрмін. Қор болып жүрмін деп те айтуға келеді. Себебі ішкі дүниемдегі потенциал, жастығым, сауаттылығым т.б. босқа өтіп бара жатыр. Талант болу бір басқа. Таланттың жалғыз өзі ұзаққа бармайды. Мен қазіргі қасиет-қабілетіммен белгілі бір жобаға, одан қалды қоғамға пайдалы болар едім. Оның орнына мен молда боп құдайы астарда жүрмін. Молда деуге де келмейді. Бір-ақ адам ғана сатып алатын электронды кітаптар сатып жүрмін. Діни қызмет жолында жүз күнім бір күндей күйде жүрмін. Негізінде, бір күнім бір күніме ұқсамауы керек еді.

Open in Telegram
Views253+25%vs avg
Forwards—
Reactions12
Comments—
#1500Text
Views190−6%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#1499Text

«СУИЦИД» – қиналып жүрген адамды түсінуге, онымен әңгіме бастауға және қажетті көмекке жетуіне қолдау көрсетуге арналған ғылыми-танымдық кітап. ӘР БӨЛІМНЕН ҚАНДАЙ ПАЙДА АЛАСЫЗ? 1. Психологиялық дағдарысты түсіну Суицид туралы қате түсініктерді ажыратасыз. Адамның ауыр күйін бір оқиғамен түсіндіріп қоюдың және қауіпсіздігін сырттай болжаудың шегін түсінесіз. 2. Адам және оның айналасындағы орта Жалғыздық, ұят, буллинг, отбасылық және қаржылық қысымның адам тәжірибесіндегі орнын түсінесіз. Жақыныңызға қандай қолдау жетіспейтінін нақтырақ сұрай аласыз. 3. Цифрлық орта және жауапты сөз Желідегі уақыт пен зиянды тәжірибенің айырмасын танисыз. Қайғылы хабарды немесе үміт оқиғасын адамның қадірі мен жеке шекарасын сақтап жеткізу қағидаларын білесіз. 4. Көмекке жүгіну және жақыныңа қолдау көрсету Қиын әңгімені қалай бастауға, қалай тыңдауға және маманға жүгінуді қалай жеңілдетуге болатынын түсінесіз. Жақын адамның қолдауы мен кәсіби көмектің міндеттерін ажыратасыз. 5. Дағдарыстан кейінгі қолдау және қалпына келу Қауіпсіздік жоспарының мақсатын, кейінгі байланыс пен күнделікті қолдаудың орнын түсінесіз. Қалпына келуді асықтырмай, орындалатын шағын қадамдарға сүйенудің мәнін ұғынасыз. 6. Мектеп пен қоғамның жауапкершілігі Бір реттік дәріс пен тұрақты көмек жүйесінің айырмасын көресіз. Қызылорда тәжірибесі арқылы мектеп, отбасы және мамандар байланысында нені нақтылау керегін түсінесіз. 7. Жақынын жоғалтқан адамға сүйеніш Қайғы мен кінә сезімінің күрделілігін түсінесіз. Адамды тыңдау, күнделікті шаруасына көмектесу және жеке шекарасын сыйлау жолдарын білесіз. Кітап кәсіби бағалау мен емді алмастырмайды. 💥 Дүйсенбіге дейін «Баспалдақ», «Суицид», «K-Drama мәдениеті» электронды кітаптарын 3000 теңгеге сатып ала аласыз. Одан кейін әр кітаптың бағасы 2000 теңгені құрайтын болады. ‼️ Жеңілдік бойынша сатып алу үшін +7 706 416 1091 (Kaspi, Медет Ж.) нөміріне төлем жасап, сол нөмірдегі WhatsApp-қа немесе Телеграмға (t.me/zhansanov) чекті жіберіңіз!

Open in Telegram
Views365+80%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#1498Text

«K-DRAMA МӘДЕНИЕТІ» – Корей дорамалары арқылы өз сезіміңізді, адамдар арасындағы қатынасты және мәдени ықпалды түсінуге арналған кітап. Аталған дорамалардың бәрін көрген болу міндетті емес. ӘР БӨЛІМНЕН ҚАНДАЙ ПАЙДА АЛАСЫЗ? 1. Көрермен мен экран арасындағы байланыс Дорамаға не үшін қайта оралатыныңызды, кейіпкердің қай сезімі сізге жақын екенін түсінесіз. Көру тәжірибесінің күнделікті өміріңізге әсерін бағалай аласыз. 2. Экрандағы оқиға қалай әсер етеді? Сюжет, музыка, үзіліс пен әсірелеудің назарыңызды қалай ұстайтынын байқайсыз. Экраннан алған күшті әсеріңізді оқиғаның дәлелі мен қисынынан ажыратуға үйренесіз. 3. Жақындық пен жетістіктің бағасы Балаға қамқорлық жасау мен оның өмірін басқарудың шекарасын танисыз. Өз құныңызды бағаға, дипломға немесе қызметке байлап қоюды қайта қарастырасыз. 4. Күш тең болмаған кезде Буллингті күшейтетін әрекеттерді, билік пен бағынудың жауапкершілігін түсінесіз. Зорлықтың себебін түсіндіруді оны ақтаудан, кекті әділеттен ажыратасыз. 5. Өткен шақ экранға оралғанда Тарихи дорамадағы көркем қиял мен тексерілетін деректі ажыратуға үйренесіз. Оқиға кімнің көзімен көрсетілгенін және кімнің тәжірибесі көрінбей қалғанын байқайсыз. 6. Адамды жетістігінен бөлек көру Адамның жеке қажеттілігі мен таңдауын ескерудің маңызын түсінесіз. Қолдау мен бақылаудың, экраннан жұбаныш табу мен өмірдегі мәселені шешудің айырмасын танисыз. 7. Жаһандық дорама және қазақ көрермені Дорамадағы жарнама мен ел бейнесінің таңдауыңызға ықпалын байқайсыз. Өзге мәдениеттен ұнаған нәрсені өз қажетіңіз бен құндылықтарыңызға сай бағалай аласыз. 💥 Дүйсенбіге дейін «Баспалдақ», «Суицид», «K-Drama мәдениеті» электронды кітаптарын 3000 теңгеге сатып ала аласыз. Одан кейін әр кітаптың бағасы 2000 теңгені құрайтын болады. ‼️ Жеңілдік бойынша сатып алу үшін +7 706 416 1091 (Kaspi, Медет Ж.) нөміріне төлем жасап, сол нөмірдегі WhatsApp-қа немесе Телеграмға (t.me/zhansanov) чекті жіберіңіз!

Open in Telegram
Views144−29%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—