🔵«Хабар» телеарнасында «Даму формуласы» атты жаңа қоғамдық-саяси ток-шоу басталады 📌Бүгіннен бастап «Хабар» телеарнасында «Даму формуласы» атты жаңа қоғамдық-саяси ток-шоу эфирге шығады. Жоба аясында Мемлекет басшысының бастамалары, ел дамуының стратегиялық бағыттары және Президент Жолдауында айқындалған негізгі басымдықтар кеңінен талқыланады. Бағдарламаның мақсаты – қоғам үшін маңызды мәселелерді ашық талқылап, сарапшылардың талдауы мен қоғам өкілдерінің пікіріне сүйене отырып, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру. Бағдарламада мемлекеттік бастамалар таныстырылып қана қоймай, олардың мән-мазмұны, іске асыру тетіктері мен нақты нәтижелері жан-жақты сараланады. Елді дамытуға қатысты қоғам өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстарына ерекше назар аударылады. Алғашқы шығарылым кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, тұрғындарды қажетті әлеуметтік инфрақұрылыммен қамту мәселелеріне арналды. Сондай-ақ «Халықтық құрылыс» жобасының маңызы мен оны жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. Бағдарламаға Құрылтай депутаттары Ерлан Саир, Айдос Сарым және қоғам қайраткері Самат Нұртаза қатысты. Олар елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың маңызын, экономикалық өсімге ықпал ететін бастамаларды және олардың халықтың өмір сапасына әсерін саралады. «Даму формуласы» жобасының жүргізушісі – журналист Мейрамгүл Мәдәлі. Бағдарлама «Хабар» телеарнасынан дүйсенбі күндері сағат 23:00-де, сәрсенбі күндері сағат 14:00-де эфирге шығады. 🎬https://youtu.be/2WV_DDRBy3w 🔵На телеканале «Хабар» стартует новое общественно-политическое ток-шоу «Даму формуласы» 📌С сегодняшнего дня на телеканале «Хабар» стартует новое общественно-политическое ток-шоу «Даму формуласы». Проект посвящен широкому обсуждению инициатив Главы государства, стратегических направлений развития страны и ключевых приоритетов, обозначенных в Послании Президента. Главная цель программы – открыто обсуждать важные для общества вопросы и разъяснять основные направления государственной политики через экспертные оценки и мнения представителей общественности. В программе государственные инициативы будут не просто освещаться, но и всесторонне анализироваться с подробным рассмотрением их содержания, механизмов реализации и конкретных результатов. При этом особое внимание будет уделено мнениям и предложениям представителей общественности по вопросам развития страны. Первый выпуск был посвящён вопросам поддержки предпринимательства, развития малого и среднего бизнеса, обеспечения населения необходимой социальной инфраструктурой, а также значению проекта «Народная стройка» и перспективам его реализации. В программе приняли участие депутаты Курултая Ерлан Саир, Айдос Сарым и общественный деятель Самат Нуртаза. Спикеры рассмотрели значение проводимых в стране реформ, инициативы, способствующие экономическому росту, и их влияние на качество жизни населения. Ведущая проекта «Даму формуласы» – журналист Мейрамгуль Мадали. Программа выходит на телеканале «Хабар» по понедельникам в 23:00, по средам в 14:00. 🎬https://youtu.be/2WV_DDRBy3w
Open in Telegram
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
🇰🇿 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 🇰🇿 Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan
Average views per post by day
By publication day
Show as table
| Date | Avg views per post |
|---|---|
| Nov 13, 2026 | 288 |
| Nov 14, 2026 | 246 |
| Nov 15, 2026 | 292 |
| Nov 16, 2026 | 194 |
Most viewed this month
- 01Views390Forwards1Reactions2Comments—
- 02Views301Forwards2Reactions7Comments—
- 03Views288Forwards2Reactions—Comments—
- 04Views261Forwards2Reactions2Comments—
- 05Views253Forwards2Reactions20Comments—
Latest posts
🔹Қазақстандық мамандар деректі мұраны сақтау жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты 📍Мәскеуде тарихи-деректі мұраны сақтау мен цифрландыру мәселелеріне арналған «Цифрлық дәуірдегі нақты виртуалды деректі мұра» атты ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға архивтердің, кітапханалардың, музейлердің, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты. Қазақстан атынан Ұлттық кітапхананың, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының, «Ғылым ордасы» кәсіпорнының және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің мамандары қатысты. Конференция барысында архивтер мен кітапханалардың қорларын цифрландыру, электрондық құжаттарды сақтау, виртуалды коллекциялар қалыптастыру және мәдениет мекемелерінің қызметіне жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері талқыланды. Практикалық бағдарлама аясында Қазақстанның Ұлттық кітапханасының мамандары құжаттарды қалпына келтіруге арналған шеберлік сабағын өткізді. Олар зақымдалған құжаттардың жоғалған бөліктерін қағаз массасымен қолмен толықтыру әдісін көрсетіп, кәсіби тәжірибелерін бөлісті. Конференция қатысушыларға тәжірибе алмасуға, деректі мұраны сақтаудың заманауи әдістерін талқылауға және архив пен кітапхана ісі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді. 🔹Казахстанские специалисты приняли участие в международной конференции по сохранению документального наследия 📍В Москве состоялась II Международная научно-практическая конференция «Реальное виртуальное: документальное наследие в цифровую эпоху», посвященная вопросам сохранения и цифровизации историко-документального наследия. В мероприятии приняли участие представители архивов, библиотек, музеев, научных и образовательных организаций, а также международные эксперты. Казахстан представили специалисты Национальной библиотеки РК, Национального центра рукописей и редких книг, «Ғылым ордасы» и Центрального государственного архива научно-технической документации. В ходе конференции участники обсудили вопросы цифровизации архивных и библиотечных фондов, сохранения электронных документов, создания виртуальных коллекций и внедрения искусственного интеллекта в работу учреждений культуры. В рамках практической программы специалисты Национальной библиотеки Казахстана провели мастер-класс по реставрации документов. Они продемонстрировали технологию ручного восстановления поврежденных документов с использованием бумажной массы и поделились профессиональным опытом. Конференция стала площадкой для обмена опытом, обсуждения современных методов сохранения документального наследия и развития международного сотрудничества в сфере архивного и библиотечного дела.
Open in Telegram🎵Алматыда Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған опера фестивалі өтті 🎼Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында көрнекті опера әншісі, халық әртісі Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған фестиваль өтті. Өнер иесінің жарты ғасырдан астам шығармашылық жолы Абай атындағы театрмен тығыз байланысты болды. Ол әйгілі опералық партияларын осы сахнада орындады. Фестиваль Джоаккино Россинидің «Севильдік шаштараз» операсымен ашылды. Осы қойылымдағы Фигаро партиясын шебер орындаған Ермек Серкебаев «КСРО-ның үздік Фигаросы» атанған болатын. Фестивальде Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы да сахналанды. Ермек Серкебаев осы туындыда өзінің ең танымал сахналық бейнелерінің бірін сомдаған. Фестиваль театрдың жетекші солистері мен халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысқан гала-концертпен аяқталды. Концертте Татарстан Республикасының халық әртісі, Ресей мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ренат Салаватов және театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Байбосынов дирижерлік етті. Құрметті қонақтар қатарында Ермек Серкебаевтың жары Әлфия Байжанова, бауыры, дирижер Мұрат Серкебаев, Жәмила Серкебаева және өзге де жақындары, сондай-ақ әріптестері мен әншінің өнерін қадір тұтатын жандар болды. Сонымен қатар театр фойесінде әншінің қызы Ирина Серкебаева жазған «И жизнь, и молодость, и счастье…» кітабының екінші басылымы таныстырылды. Кітап Ермек Серкебаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Фестиваль Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың жалғасы болды. Бұған дейін Абай атындағы театр ұжымы 18 қыркүйекте Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Дәуір үні» атты гала-концерт ұсынған болатын. Мерейтойлық іс-шаралар отандық опера өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан Ермек Серкебаевтың шығармашылық мұрасын сақтауға және кеңінен насихаттауға бағытталған. 🎵В Алматы прошел оперный фестиваль, посвященный 100-летию Ермека Серкебаева 🎼В Казахском национальном театре оперы и балета имени Абая состоялся фестиваль, посвященный 100-летию со дня рождения выдающегося оперного певца, народного артиста Ермека Серкебаева. Творческая деятельность артиста на протяжении более полувека была связана с театром имени Абая, на сцене которого он исполнил свои знаменитые оперные партии. Фестиваль открылся оперой Джоаккино Россини «Севильский цирюльник». За исполнение партии Фигаро Ермек Серкебаев получил признание как «Лучший Фигаро СССР». В рамках программы также была представлена опера Ахмета Жубанова и Латифа Хамиди «Абай», в которой певец создал один из своих наиболее известных сценических образов. Завершился фестиваль гала-концертом с участием ведущих солистов театра и лауреатов международных конкурсов. За дирижерским пультом выступили народный артист Республики Татарстан, заслуженный артист России и Казахстана Ренат Салаватов и главный дирижер театра, заслуженный деятель Казахстана Нуржан Байбусинов. Среди почетных гостей присутствовали родные и близкие Ермека Серкебаева, в том числе его супруга Альфия Байжанова, брат, дирижер Мурат Серкебаев, Джамиля Серкебаева, а также коллеги и почитатели творчества певца. Кроме того, в фойе театра было представлено второе издание книги «И жизнь, и молодость, и счастье…», написанной дочерью артиста Ириной Серкебаевой и посвященной его жизни и творчеству. Фестиваль продолжил серию юбилейных мероприятий, посвященных 100-летию Ермека Серкебаева. Ранее, 18 сентября, коллектив театра имени Абая представил в штаб-квартире ЮНЕСКО в Париже гала-концерт «Голос эпохи». Проведение юбилейных мероприятий направлено на сохранение и популяризацию творческого наследия Ермека Серкебаева, внесшего значительный вклад в развитие казахстанского оперного искусства.
Open in Telegram✅ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жұмыс аптасына шолу ••• ✅Обзор рабочей недели Министерства культуры и информации РК 🚀Aitu | Instagram | TikTok
Open in TelegramConnections
Similar channels
Келин услышала@kzkelinNews and media5.67K
АХМЕТОВ@akhmetovkzNews and media4.72K
Первый канал Евразия@eurasia1tvkzNews and media4.67K
"Уральская Неделя"@uralskweek_officialNews and media4.39K
SHYNDYK.KZ - Новости Казахстана и мира@gazizaraimbeknewsNews and media7.4K
УРАЛЬСК 404 | ЗКО Новости@uralsk404News and media8.91K
Русский дом в Астане@rsgov_qazaqstanNews and media3.51K
Свидетель.kz@witness_kzNews and media9.96K
