Account

Posts of Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar

newest first

#6435Text

Бойжеткен қыз: – Әке, әке, киім, – дейді, Әке айтады: – Қаражат қиын, – дейді. Белі иіліп барады кәрі әкенің, бірақ ағаш-аяғы иілмейді. Ұлы да хат жазады астанадан, астанадан қартқа әлгі қасқа, надан,– жыласа ол да ақша деп көл – сиясы, көл секілді әкенің пенсиясы былай да ағып, жатады былай да ағып, қызыл, қоңыр ақша боп ылайланып. Модыға еру – қызға да қиын еді, қиын болса қайтеді – киінеді. Ақша келсе – қуаныш сұрапыл, ә? – ұл қуанып ішеді сыра-пыра. Қартайды әке – халі әлгі, күйін мейлің, қартайғаны: «қаражат қиын» дейді. Кемпір де ырза болсын деп салады ақша, өзі ішпейді, жемейді, киінбейді, белі иіліп барады, сағанақша, тек аяғы – баяғы, иілмейді. . . . Қыз шықты бір сауықшыл жас балаға, ұл үйленді – қалды о да астанада. Түсіп кетсе кім-кім де, шүкір, оқыр, оқығанға іс те көп бітіретін. Әке – ауылда, күрсініп тереңірек, ұлым, қызым қонаққа келеді деп, пенсиясын жинақтап күтіп отыр. // Жұмекен Нәжімеденов - Әке мен бала (1983)

Open in Telegram
Views136−75%vs avg
Forwards—
Reactions3
Comments—
#6434Text
Views232−57%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
11 h104
28 h232
  1. After 24 hours232
  2. Total to date232
#6432Text

Мен сені қызғанамын. Жалт етіп қарағанына емес қыз баланың (мен ешқашан қызғанбан қызға, жаным, олар менің қашан да ақ тілеушім ғой – байбалам сап несіне сызданамын. Көкірегіңде мен тұрып, шамаң жетсе, басқа жұртқа мейлің сен жүз қарағын!). Мен сені қызғанамын бәз біреулер өктемсіп басынғанда (өктемсушілер көбейді – ғасырдан ба...), доспын дейтін жігіттер бірге отырып, сенен сырын қулықпен жасырғанда. Осылардың бәрі оқ боп қадалады сені нәзік сүйетін ғашық жанға. Сен далаға тартқансың. маңғаз мінез, кеңдікпен көзіме сен менің дархан далам боп көрінесің, өзекті өртеп, аңқаңды кептіретін отты сезімді алдың ба шөлінен сен?! Бір-біріңнен айнымай қалғасын ба – мен даламды да қызғанып, өліп-өшем. (Мен оны да қызғанам отаны жат біреулер менсінбегенде, ей, ағайын, мені тым “жершіл” демеңдер. Мен төзбеймін жат біреу қожасып жүрсе, бабаларымның қаны мен тері сіңген жерге! Тұмау құртқан солардың танауларына даланың жұпар ауасы келсін бе мүлде!) Мен сені қызғанамын, қадіріңді біреулер білмегенде, сені сырттай көре алмай күндегенде. Өзің жайлы орынсыз мысқыл айтса, қаным қайнап кетеді бұл денемде. ...Осыған да шүкірлік. Пақырлық қой қызғанышсыз, жалынсыз күн көрем деу. // Фариза Оңғарсынова 1970

Open in Telegram
Views289−46%vs avg
Forwards—
Reactions2
Comments—
#6427Text

Әкесі – Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Ескіше оқыған, өз дәулеті өзіне жетерліктей дөңгелек қана шаруасы бар, қолы шебер адам болған. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Дулат балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша, сонсоң орысша оқытып, заң қызметіне бейімдеп, заман талабын ерте түсінген әке осы ізбен кіші ұлы Міржақыпты да оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Міржақып Дулатұлы өзі жазған өмірбаянында «1897 жылы мен екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне түстім, оны бітіргеннен кейін оқытушылар курсында оқып, ауыл мұғалімі деген мамандық алдым. Осымен менің оқу орындарынан білім алуым аяқталды. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік қызметімді атқара жүріп, бос уақытымды білімді жетілдіруге жұмсадым», - деп жазады. Міржақып анасынан 2 жасында, әкесінен 12 жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, "ауыл мұғалімі" атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты халін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды. Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды.

Open in Telegram
Views306−43%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#6426Photo
Views319−40%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#6425Photo
Views5340%vs avg
Forwards—
Reactions3
Comments—
#6423Photo
Views635+19%vs avg
Forwards—
Reactions6
Comments—
#6421Photo
Views584+9%vs avg
Forwards—
Reactions3
Comments—
#6419Photo
Views740+38%vs avg
Forwards—
Reactions5
Comments—
#6418Photo
Views737+38%vs avg
Forwards—
Reactions3
Comments—
#6417Text

Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи. Арың сатпа, терің сат, адалды ізде, Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи. Ерінбесең еңбекке, дәулет дайын, Жаратқан жоқ жатсын деп бір құдайың. Ойласын деп ой берді, көруге көз, Аяқ берді, тапсын деп басқан сайын. Үйде отырып салғанмен сарыуайым, Тілегенің тұра ма саған дайын. Жүріп-тұрып, ойланып істеп көрсең, Харекеттің білесің сонда жайын. Жатып ішкен жан - тыныш, салғырт-салақ, Оған арам - харекет, ой ойламақ. Іздемеген кісіге қайдан келсін Таза киім, жылы орын, тәтті тамақ. Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ, Білім білмек – әр іске бапкер болмақ. Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап, – Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ. Қол өнер - өзің өлсең - бірге өледі, Сонда-дағы қалғандар үйренеді. Сен кетсең де өнерің елде қалып, Талай жанға азық пен мал береді. Әрі ермек, әрі пайда, әрі дұрыс, Демейді қол өнерді ешкім бұрыс. Көрінгенге көз сатып жалынғанша, Күндік өмір қалса да соған тырыс. Деп ойлама бұйрықсыз дәулет қайда, Жалықпай талап етсең - дайын қайда. Адал қол аштан өлмес, құры қалмас, «Жүрген алар» деген ғой осындайда. Талаппен адал істі істемекпіз, Тапсырдық бір аллаға біз демекпіз. Ындының таза болса, именбеңіз, Дәулетті осылайша іздемекпіз. Баста таза жаратты, сен таза бол, Ұқсаң, анық айттым ғой бұл – тура жол. Мақтан күйлеп, арамнан мал жинасаң, Орның – дозақ, сорлы – сен, айтқаным сол! // Шәкәрім Құдайбердіұлы - Мал жимақ

Open in Telegram
Views819+53%vs avg
Forwards—
Reactions7
Comments—
#6415Photo
Views697+30%vs avg
Forwards—
Reactions3
Comments—
#6414Photo
Views1,520+184%vs avg
Forwards—
Reactions4
Comments—