Бойжеткен қыз: – Әке, әке, киім, – дейді, Әке айтады: – Қаражат қиын, – дейді. Белі иіліп барады кәрі әкенің, бірақ ағаш-аяғы иілмейді. Ұлы да хат жазады астанадан, астанадан қартқа әлгі қасқа, надан,– жыласа ол да ақша деп көл – сиясы, көл секілді әкенің пенсиясы былай да ағып, жатады былай да ағып, қызыл, қоңыр ақша боп ылайланып. Модыға еру – қызға да қиын еді, қиын болса қайтеді – киінеді. Ақша келсе – қуаныш сұрапыл, ә? – ұл қуанып ішеді сыра-пыра. Қартайды әке – халі әлгі, күйін мейлің, қартайғаны: «қаражат қиын» дейді. Кемпір де ырза болсын деп салады ақша, өзі ішпейді, жемейді, киінбейді, белі иіліп барады, сағанақша, тек аяғы – баяғы, иілмейді. . . . Қыз шықты бір сауықшыл жас балаға, ұл үйленді – қалды о да астанада. Түсіп кетсе кім-кім де, шүкір, оқыр, оқығанға іс те көп бітіретін. Әке – ауылда, күрсініп тереңірек, ұлым, қызым қонаққа келеді деп, пенсиясын жинақтап күтіп отыр. // Жұмекен Нәжімеденов - Әке мен бала (1983)
Открыть в TelegramПосты канала Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
Переслано из Поэзия😍 | Қазақша🇰🇿
Инстаграмға Қарындасым Поэзия салып еді қолдап лайк комент жасап кетсеңіздер Алла разыболсын 🥹❤🫂 👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇 https://www.instagram.com/reel/DgPz7troVFj/?avpt=MXE0cWQyNWRuMXNp
Открыть в TelegramДинамика просмотровСкрыть динамику
Рост просмотров
Часов после публикации
Показать таблицей
| Часов после публикации | Просмотры |
|---|---|
| 0 ч | 0 |
| 11 ч | 104 |
| 28 ч | 232 |
- Через 24 часа232
- Всего сейчас232
Мен сені қызғанамын. Жалт етіп қарағанына емес қыз баланың (мен ешқашан қызғанбан қызға, жаным, олар менің қашан да ақ тілеушім ғой – байбалам сап несіне сызданамын. Көкірегіңде мен тұрып, шамаң жетсе, басқа жұртқа мейлің сен жүз қарағын!). Мен сені қызғанамын бәз біреулер өктемсіп басынғанда (өктемсушілер көбейді – ғасырдан ба...), доспын дейтін жігіттер бірге отырып, сенен сырын қулықпен жасырғанда. Осылардың бәрі оқ боп қадалады сені нәзік сүйетін ғашық жанға. Сен далаға тартқансың. маңғаз мінез, кеңдікпен көзіме сен менің дархан далам боп көрінесің, өзекті өртеп, аңқаңды кептіретін отты сезімді алдың ба шөлінен сен?! Бір-біріңнен айнымай қалғасын ба – мен даламды да қызғанып, өліп-өшем. (Мен оны да қызғанам отаны жат біреулер менсінбегенде, ей, ағайын, мені тым “жершіл” демеңдер. Мен төзбеймін жат біреу қожасып жүрсе, бабаларымның қаны мен тері сіңген жерге! Тұмау құртқан солардың танауларына даланың жұпар ауасы келсін бе мүлде!) Мен сені қызғанамын, қадіріңді біреулер білмегенде, сені сырттай көре алмай күндегенде. Өзің жайлы орынсыз мысқыл айтса, қаным қайнап кетеді бұл денемде. ...Осыған да шүкірлік. Пақырлық қой қызғанышсыз, жалынсыз күн көрем деу. // Фариза Оңғарсынова 1970
Открыть в TelegramПереслано из қабырғам қайдасың🕊
www.tiktok.com/@uska.agay Осы тикток аккунтым😊👍 Тікелей эфирде боламын әндіде орындаймын өлеңдіде оқимын😊👍
Открыть в TelegramПереслано из Поэзия😍 | Қазақша🇰🇿
Жаным, сен жасымағын... Оқыған: @gashykzhan 🥹❤️ Поэзия шегініс @poeziya_muzika
Открыть в TelegramӘкесі – Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Ескіше оқыған, өз дәулеті өзіне жетерліктей дөңгелек қана шаруасы бар, қолы шебер адам болған. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Дулат балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша, сонсоң орысша оқытып, заң қызметіне бейімдеп, заман талабын ерте түсінген әке осы ізбен кіші ұлы Міржақыпты да оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Міржақып Дулатұлы өзі жазған өмірбаянында «1897 жылы мен екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне түстім, оны бітіргеннен кейін оқытушылар курсында оқып, ауыл мұғалімі деген мамандық алдым. Осымен менің оқу орындарынан білім алуым аяқталды. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік қызметімді атқара жүріп, бос уақытымды білімді жетілдіруге жұмсадым», - деп жазады. Міржақып анасынан 2 жасында, әкесінен 12 жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, "ауыл мұғалімі" атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты халін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды. Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды.
Открыть в TelegramБүгін Алаш орда үкіметінің белді басшыларының бірі, қоғам қайраткері, ағартушы-педагог, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының дүниеге келген күні. Міржақып Дулатұлы – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ұлт мүддесі, тәуелсіздік жолындағы жалынды күрескер, жалынды көсемсөз шебері, «Алаш-Орда» партиясы және Қазақстандағы ұлт азаттық қозғалысы көшбасшыларының бірі. Әдебиеттің дамуына үлес қосқан, қаламгер және қоғамдық-әлеуметтік іске белсене араласқан қайраткер Міржақып Дулатұлы бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданындағы Қызбел атырабында 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген.
Открыть в TelegramСатылады, бәрi де сатылады Бағасы бар бұл күнде барлығының Бағасыздан белгiлi не шығары... Жасыратын, Құдай-ау, несi қалды?! Сатылады жандың да, жансызың да, Сатылады малдың да, малсызың да, Сатылады арлың да, арсызың да – Шамаң жетсе болғаны нарқымызға... Сатылады елiмiз, жерiмiз де Сатылады терiмiз, төрiмiз де... Сатылады сенiмiң, сезiмiң де Сатылмайтын нәрсе жоқ тегi бiзде! Адамына лайық қоғамы да Қарашы бұл өмірдің ғажабына!.. Сатылады орысы, қазағы да Қол жеткен соң нарықтың заманына!.. ... Жасыратын, жаным-ау, несi қалды? Бағасы бар бұл күнде барлығының – Бағасыздан белгiлi не шығары! ... Сатылады барлығы, сатылады!.. // Тұрмағанбет Кенжебаев
Открыть в TelegramБәрінен шаршап кеттім: Жанымды мұздатқан көктемнен, Жүректі сыздатқан өткеннен. Ап-ауыр азапты шегуден, Үн-түнсіз жасымды төгуден. Мәні жоқ ғұмырды кезуден, Қажет еместігімді сезуден. Көліктер сабылған көшеден, Айыптай беретін кешеден. Үмітім тоналып қалғаннан, Алдамшы бес күндік жалғаннан. Шаршадым таусылмас мұңымнан ...Ештеңе шықпады бұнымнан... // Құралай Омар
Открыть в TelegramКаналға жарнама (реклама) Қаылдаймыз. Кітаптар арнамызға және Поэзия арнамызға жариялап береміз арзан бағада 😊👍 Сізге жарнама керек болса. Админге осында жазыңыз: @ozanchikk @kzkitaptar2023 @poeziya_muzika
Открыть в TelegramТелегейге тел жаңғырық, Ұшқан құсқа жел жаңғырық. Тәңір ием сендерге қанат беріп, Бізді бөлек жаратқан енжар қылып. Әлқиса, сендер жұмбақ айтасыңдар: “Қос қанаты болмаса, Жан не керек екен-ау. Ұша алмайды ұшпайды – Бұлар кімдер, көкем-ау?”. Бұл деген біз, ұшпаймыз, ұшпағанбыз, Қысы-жазы бір жерде қыстағанбыз. Қызығып-ақ қараймыз ту төменнен, Қиқу салып қайтқанда құстар әр күз. Қимай-қимай қош айтып көл мен құрақ, Зулайсыңдар тау асып, өрден құлап, Сол керуенде мен де ұшып бара жатам, Ілмейсіңдер көзге әттең сендер, бірақ. Шықпаймын деп неге мен самғап алға, Айқай салғым келеді бар ғаламға. ...Қар жауады. Қайтадан ораламын, Қала. Тірлік. Шымшық пен қарғаларға. // Есенғали Раушанов - Құстар қайтқанда
Открыть в TelegramПереслано из қабырғам қайдасың🕊
мерекелерің құтты болсын тәлімгерлер (студенттер)😊💜👏
Открыть в TelegramТұрады ұят тұрған жерде иман, Әдебі пайғамбардың бұған илан. Әртүрлі бұзықтықтан адамзатты Тек жалғыз бұ дүниеде ұят тиған. Ұятсыз маған десе патша болсын, Адамдық еш заты жоқ бойға жиған. Анасы – бар бұзықтың ұятсыздық Жоқ мұндай бұ жиhанда құдай ұрған. Ұрлық кісі өлтіру, мәтке басу – Ұятсыз деп біліңіз бәрін қылған. Дүниеде не жаман зат түгелімен Келеді бәрі бірдей ұятсыздан. Әртүрлі бұзықтықтың бар кесірі Ұятсыз кесіріне жетпейді сан. «Түзелдім» десе жауыз нансаңыз нан, Нанбаңыз ұятсызға берсе де жан. Құдайым өзі сақтап тап болмағай Отына ұятсыздың еш мұсылман. Дүниеден ұятсыздық көтерілсе, Тазарар еді сонда бүтін жиhан. // Ғұмар Қараш – Ұят
Открыть в TelegramОянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз, Сыр ұрлаймыз күндерден, жыр ұрлаймыз. Барлығына уақыт жоқ жететұғын, Күн көзіне отырып жылынбаймыз. Қаппаса да қармақты күміс балық, Ауасымен арманның тыныстадық. Міндет тауып аламыз өзімізге, Күні бойы бітпейтін жұмыс тауып. Арқамызға жүктерін күн артады, Бақыт тауып аламыз бұдан тағы. Қуантуға біреуді асығамыз, Біздерді де біреулер қуантады. Жеткізсек деп ойлаймыз жас баланы, Аялайды тіршіліктің асқақ әні. Көңіл гүлін сыйлаумен тұрғыласқа, Өмір күнім менің де басталады... // Тұманбай Молдағалиев
Открыть в TelegramМақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи. Арың сатпа, терің сат, адалды ізде, Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи. Ерінбесең еңбекке, дәулет дайын, Жаратқан жоқ жатсын деп бір құдайың. Ойласын деп ой берді, көруге көз, Аяқ берді, тапсын деп басқан сайын. Үйде отырып салғанмен сарыуайым, Тілегенің тұра ма саған дайын. Жүріп-тұрып, ойланып істеп көрсең, Харекеттің білесің сонда жайын. Жатып ішкен жан - тыныш, салғырт-салақ, Оған арам - харекет, ой ойламақ. Іздемеген кісіге қайдан келсін Таза киім, жылы орын, тәтті тамақ. Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ, Білім білмек – әр іске бапкер болмақ. Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап, – Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ. Қол өнер - өзің өлсең - бірге өледі, Сонда-дағы қалғандар үйренеді. Сен кетсең де өнерің елде қалып, Талай жанға азық пен мал береді. Әрі ермек, әрі пайда, әрі дұрыс, Демейді қол өнерді ешкім бұрыс. Көрінгенге көз сатып жалынғанша, Күндік өмір қалса да соған тырыс. Деп ойлама бұйрықсыз дәулет қайда, Жалықпай талап етсең - дайын қайда. Адал қол аштан өлмес, құры қалмас, «Жүрген алар» деген ғой осындайда. Талаппен адал істі істемекпіз, Тапсырдық бір аллаға біз демекпіз. Ындының таза болса, именбеңіз, Дәулетті осылайша іздемекпіз. Баста таза жаратты, сен таза бол, Ұқсаң, анық айттым ғой бұл – тура жол. Мақтан күйлеп, арамнан мал жинасаң, Орның – дозақ, сорлы – сен, айтқаным сол! // Шәкәрім Құдайбердіұлы - Мал жимақ
Открыть в TelegramПереслано из Поэзия😍 | Қазақша🇰🇿
Мен сені ұнатамын. Дегенменен, Басқадан көрмегенді сенен көрем. Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр, Бір күні ғайып болсам егерде мен. Басқадан көрмегенді сенен көрем, Сен биікте жүрсін деп төмендегем. Кім екен мені өзіңе дуалаған, О, тоба! Мен неғылған өлермен ем?! Кім екен мені өзіңе дуалаған, Сенсіз де көңілденем, қуана алам. Кім екен, Мені сенен айналдырып, Цирктің аттарындай қуалаған. Дегеніңнің бәрін де жасап жүріп, Көрсетпеймін зәредей асау қылық. Сенің ғана ырқыңа бас алдырып, Бұға берем.. Неғылған жасандылық?! Мен сені ұнатамын. Бірақ, бірақ... Мейіріміңді қайтейін жылап сұрап. Ұнатамын дегенім – жасандылық, Саған деген жүрегім құрақ-құрақ. // Мұқағали Мақатаев - Мен сені ұнатамын
Открыть в TelegramДостар Жүректен жүрекке барша қазақ қызының оқитын ең керекті,қазіргі таңда ең танымал кітаптардың бірі. Электронды нұсқасын Премиум арнамызға салдым. Қосылу 2000т мен ең керекті танымал 300 кітаптың электрон нұсқасын оқуыңыз мүмкін😊👍 @ozanchikk жекеме жазыңыздар @kzkitaptar2023
Открыть в Telegram