Бойжеткен қыз: – Әке, әке, киім, – дейді, Әке айтады: – Қаражат қиын, – дейді. Белі иіліп барады кәрі әкенің, бірақ ағаш-аяғы иілмейді. Ұлы да хат жазады астанадан, астанадан қартқа әлгі қасқа, надан,– жыласа ол да ақша деп көл – сиясы, көл секілді әкенің пенсиясы былай да ағып, жатады былай да ағып, қызыл, қоңыр ақша боп ылайланып. Модыға еру – қызға да қиын еді, қиын болса қайтеді – киінеді. Ақша келсе – қуаныш сұрапыл, ә? – ұл қуанып ішеді сыра-пыра. Қартайды әке – халі әлгі, күйін мейлің, қартайғаны: «қаражат қиын» дейді. Кемпір де ырза болсын деп салады ақша, өзі ішпейді, жемейді, киінбейді, белі иіліп барады, сағанақша, тек аяғы – баяғы, иілмейді. . . . Қыз шықты бір сауықшыл жас балаға, ұл үйленді – қалды о да астанада. Түсіп кетсе кім-кім де, шүкір, оқыр, оқығанға іс те көп бітіретін. Әке – ауылда, күрсініп тереңірек, ұлым, қызым қонаққа келеді деп, пенсиясын жинақтап күтіп отыр. // Жұмекен Нәжімеденов - Әке мен бала (1983)
Open in Telegram
Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
📚 Қазақша кітаптар мен әдебиет әлемі Бұл канал – қазақ тіліндегі кітаптарды таныстыру, бөлісу және әдеби шығармаларды оқу үшін арналған. 📝 Барлық контент танымдық және білім беру мақсатында жарияланады. Жарнама бойынша жазсаңыз, Админ: @ozanchikk
Average views per post by day
By publication day
Show as table
| Date | Avg views per post |
|---|---|
| Nov 10, 2026 | 1,520 |
| Nov 11, 2026 | 697 |
| Nov 12, 2026 | 621 |
| Nov 13, 2026 | 819 |
| Nov 15, 2026 | 737 |
| Nov 16, 2026 | 740 |
| Nov 17, 2026 | 556 |
| Nov 20, 2026 | 793 |
| Nov 22, 2026 | 534 |
| Nov 25, 2026 | 315 |
| Nov 26, 2026 | 263 |
| Nov 27, 2026 | 230 |
| Nov 28, 2026 | 136 |
Most viewed this month
- 01Views1.52KForwards—Reactions4Comments—
- 02Views1.16KForwards—Reactions—Comments—
- 03Views819Forwards—Reactions7Comments—
- 04Views740Forwards—Reactions5Comments—
Latest posts
Forwarded from Поэзия😍 | Қазақша🇰🇿
Инстаграмға Қарындасым Поэзия салып еді қолдап лайк комент жасап кетсеңіздер Алла разыболсын 🥹❤🫂 👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇 https://www.instagram.com/reel/DgPz7troVFj/?avpt=MXE0cWQyNWRuMXNp
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 11 h | 104 |
| 28 h | 232 |
- After 24 hours232
- Total to date232
Мен сені қызғанамын. Жалт етіп қарағанына емес қыз баланың (мен ешқашан қызғанбан қызға, жаным, олар менің қашан да ақ тілеушім ғой – байбалам сап несіне сызданамын. Көкірегіңде мен тұрып, шамаң жетсе, басқа жұртқа мейлің сен жүз қарағын!). Мен сені қызғанамын бәз біреулер өктемсіп басынғанда (өктемсушілер көбейді – ғасырдан ба...), доспын дейтін жігіттер бірге отырып, сенен сырын қулықпен жасырғанда. Осылардың бәрі оқ боп қадалады сені нәзік сүйетін ғашық жанға. Сен далаға тартқансың. маңғаз мінез, кеңдікпен көзіме сен менің дархан далам боп көрінесің, өзекті өртеп, аңқаңды кептіретін отты сезімді алдың ба шөлінен сен?! Бір-біріңнен айнымай қалғасын ба – мен даламды да қызғанып, өліп-өшем. (Мен оны да қызғанам отаны жат біреулер менсінбегенде, ей, ағайын, мені тым “жершіл” демеңдер. Мен төзбеймін жат біреу қожасып жүрсе, бабаларымның қаны мен тері сіңген жерге! Тұмау құртқан солардың танауларына даланың жұпар ауасы келсін бе мүлде!) Мен сені қызғанамын, қадіріңді біреулер білмегенде, сені сырттай көре алмай күндегенде. Өзің жайлы орынсыз мысқыл айтса, қаным қайнап кетеді бұл денемде. ...Осыған да шүкірлік. Пақырлық қой қызғанышсыз, жалынсыз күн көрем деу. // Фариза Оңғарсынова 1970
Open in TelegramForwarded from қабырғам қайдасың🕊
www.tiktok.com/@uska.agay Осы тикток аккунтым😊👍 Тікелей эфирде боламын әндіде орындаймын өлеңдіде оқимын😊👍
Open in TelegramForwarded from Поэзия😍 | Қазақша🇰🇿
Жаным, сен жасымағын... Оқыған: @gashykzhan 🥹❤️ Поэзия шегініс @poeziya_muzika
Open in TelegramӘкесі – Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Ескіше оқыған, өз дәулеті өзіне жетерліктей дөңгелек қана шаруасы бар, қолы шебер адам болған. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Дулат балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша, сонсоң орысша оқытып, заң қызметіне бейімдеп, заман талабын ерте түсінген әке осы ізбен кіші ұлы Міржақыпты да оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Міржақып Дулатұлы өзі жазған өмірбаянында «1897 жылы мен екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне түстім, оны бітіргеннен кейін оқытушылар курсында оқып, ауыл мұғалімі деген мамандық алдым. Осымен менің оқу орындарынан білім алуым аяқталды. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік қызметімді атқара жүріп, бос уақытымды білімді жетілдіруге жұмсадым», - деп жазады. Міржақып анасынан 2 жасында, әкесінен 12 жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, "ауыл мұғалімі" атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты халін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды. Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды.
Open in TelegramБүгін Алаш орда үкіметінің белді басшыларының бірі, қоғам қайраткері, ағартушы-педагог, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының дүниеге келген күні. Міржақып Дулатұлы – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ұлт мүддесі, тәуелсіздік жолындағы жалынды күрескер, жалынды көсемсөз шебері, «Алаш-Орда» партиясы және Қазақстандағы ұлт азаттық қозғалысы көшбасшыларының бірі. Әдебиеттің дамуына үлес қосқан, қаламгер және қоғамдық-әлеуметтік іске белсене араласқан қайраткер Міржақып Дулатұлы бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданындағы Қызбел атырабында 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген.
Open in TelegramConnections
Similar channels
ОҚЫ!@oqy_readBooks2.82K
PARAQTA@paraqta_oqyBooks2.47K
Кітап үзіндісі@kitapuzindisiBooks14.6K
Boys and Books@boysbookscomicsBooks42.4K
انتشارات نیلوفر@niloofarpublicationBooks3.47K
Марксизм и критическая теория (Marxism and critical theory)@marxismctBooks3.46K
Des paluches et des bouquins@des_paluches_et_des_bouquinsBooks3.46K
معهد المخطوطات العربية@malecsoBooks3.48K