Бір кісі былай дейді: «Әйелдердегі бедеулік тақырыбын оқып жүргенімізде, дәрігер бізге «әл-а’қм» мен «әл-а’қр» сөздерінің арасында айырмашылық бар екенін айтты. «әл-А’қм» – бала сүюге кедергі болатын жағдай. Алайда емделу арқылы Алланың қалауымен жүкті болу мүмкіндігі бар. Ал «әл-а’қр» – мүлде бала сүю мүмкін болмайтын жағдай. «Мәриям» сүресінде Алланың пайғамбары Зәкәрия: وَكَانَتِ ٱمۡرَأَتِي عَاقِرٗا «Әйелім болса, бедеу (әл-а’қр)», – дейді. («Мәриям» сүресі, 5-аят). Яғни, бала сүю мүмкін емес еді. Соған қарамастан, сырттай мүмкін емес болып көрінген істің өзінде ол дұғасының қабыл боларына кәміл сеніп, дұға етуін тоқтатпады. Ұлылықтың сыры да осында: мүмкін емес болып көрінген нәрсені де кәміл сеніммен Алладан сұрау. Сондықтан дұға жайында: «Аллаға кәміл сеніммен жалбарын, Ол сені мұғжизаларымен таңғалдырады», – делінген.
Open in Telegram
Ахмедов Ербол
Каналда жарияланған барлық ақпарат — аманат. Егер қандай да бір жазбаны алғыңыз келсе, ұрлық жасамай, міндетті түрде каналға сілтеме жасап алыңыз. Шейх Абдулфаттах Әбу Ғудда (Алла оны рақымына бөлесін) былай деген: “Білім саласындағы адалдық — оны айтқан
Subscribers, 30 days
Nov 28 – Nov 29−3 (−0.1%)
Show as table
| Date | Subscribers |
|---|---|
| Nov 28, 2026 | 4,175 |
| Nov 29, 2026 | 4,172 |
Average views per post by day
By publication day
Show as table
| Date | Avg views per post |
|---|---|
| Nov 2, 2026 | 2,380 |
| Nov 17, 2026 | 1,460 |
| Nov 24, 2026 | 806 |
Most viewed this month
- 01Views2.38KForwards—Reactions142Comments—
- 02Views1.46KForwards—Reactions159Comments—
- 03Views806Forwards—Reactions130Comments—
Latest posts
Философ Сократқа әйелі айқайлап, қатты ашуланғанынан қолындағы суын үстіне шашып жіберіпті. Сонда Сократ оған: «Қандай кереметсің! Әуелі күндей күркіреп, найзағайдай жарқылдайсың, содан кейін жаңбыр болып жауасың!» депті.
Open in TelegramАлла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Расында, Рухул-Қудус (Жәбірейіл періште) менің жүрегіме мына ақиқатты салды: Ешбір жан өзіне белгіленген ғұмырын толық сүріп, жазылған ризық-несібесін түгел алмайынша дүниеден өтпейді. Ендеше, Алладан қорқыңдар әрі ризық іздеуде көркем жолды ұстаныңдар. Ризықтың кешігіп келуі ешқайсыңды оны Аллаға күнә жасау арқылы табуға итермелемесін. Өйткені Алланың құзырындағы игілікке Оған бойсұну арқылы ғана қол жеткізіледі». Әбу Нуғайм «Хилиятул-әулия»
Open in TelegramForwarded from Абылай Кенжалы
Нағыз еркектігің кофейняда қою қара қантсыз эспрессо ішумен өлшенбейді. Нағыз еркектік – сол кофейняда ешбір қызға көз тікпей, нәпсіңе ие боп отыруың.
Open in TelegramМүшріктер Аллаға иман келтіру үшін пайғамбарлардан мұғжиза көрсетуді талап ететін. Ал өздері табынатын пұттарынан бірде-бір мұғжиза талап етпейтін. Соған қарамастан, сол пұттарға құлшылық ететін!
Open in TelegramТүнгі құлшылыққа тұрмайды. Бірақ фильм көріп, сағаттап ұйықтамай отырады. Құран оқымайды, күнделікті зікірлерін айтпайды. Тілдері Алланы еске алудан құрғаған. Ғайбатқа, өсекке, өзгелерді мазақ етуге берілген. Мәнсіз дүниелерді тамашалап, уақыттарын әртістер мен әншілерге арнайды. Ал көңілдері құлазып, жандары қысылған кезде: «Бізге психологиялық ем қажет!» дейді. Саған психологиялық ем қажет емес. Саған керегі тек тәубе!
Open in TelegramЕлестетші, бір ай бойы жұмыс істедің. Ал айлығың өзіңнің емес, басқа біреудің есепшотына түсті. Ішің күйеді ғой, солай емес пе? Міне, ғайбат та дәл осындай. Намаз оқисың, ораза ұстайсың, садақа бересің, басқа да ізгі амалдар жасайсың. Ал Қиямет күні бір адам келіп, сенің жинаған сауаптарыңнан өз ақысын алып кетеді.
Open in TelegramХатим әл-Асамның (Алла оны рақымына алсын) сөзі: «Үш жағдайда өзіңді қадағала: Бір іс істегенде, Алланың сені көріп тұрғанын есіңе ал. Сөйлегенде, Алланың сөзіңді естіп тұрғанын есіңе ал. Үндемегенде, Алланың ішкі сырыңды да білетінін есіңе ал». («Сифат әс-сафуа»)
Open in TelegramБілім ізденушіге насихат Уа, білім ізденуші! Сабыр ет, білімнің жемісін көруге асықпа. Білім тәнді рақатқа бөлеп, бір кітаптан екіншісіне жиі ауыса берумен келмейді. Оған сабырмен, үздіксіз ізденіспен және білгеніңді амалға асырумен жетесің. Ниетіңді тек Аллаға арна. Білімді өз иелерінен ал. Үйренгеніңді жадыңда сақтап, соған сай амал ет. Өйткені білімің саған пайда бермесе, сенің пайдаңа дәлел де болмайды. Жалығып, тастап кетуден сақтан! Сабыр етіп, ізденісін жалғастырған адам мұратына жетеді. Аллаға шынайы ықылас танытқанға Алла жәрдем береді. Алладан үнемі пайдалы білім, бойсұнған жүрек және ізгі амал сұра.
Open in TelegramӘйел ер адамды үндемей отырса да түсінеді. Ал ер адам әйелді сөйлеп тұрса да түсінбейді!
Open in TelegramConnections
Similar channels
yasina@yasssinaReligion4.33K
Mihrab.kz@mihrab_kzReligion4.47K
Мирас Ерланұлы@meraserlanReligion3.88K
Құранмен саяхат@quranmensayahatReligion3.69K
Azan.kz@azankz_1Religion3.01K
Quranga qyzmet@qurangaqyzmetttReligion2.77K
Бауыржан Әлиұлы (ресми)@bauirjanaliuliReligion6.81K
Zukhridin Al-Hanafi@zukhridin_alhanafiReligion2.33K
Mentions
Абылай Кенжалы@abylaikenjali1 repost