
Zukhridin Al-Hanafi
1 - грамматика https://t.me/attaudih 2 - хуббурросул https://t.me/hubburrasul
Subscribers, 30 days
Nov 28 – Nov 29−3 (−0.1%)
Show as table
| Date | Subscribers |
|---|---|
| Nov 28, 2026 | 2,334 |
| Nov 29, 2026 | 2,331 |
Average views per post by day
By publication day
Show as table
| Date | Avg views per post |
|---|---|
| Oct 31, 2026 | 1,370 |
| Nov 1, 2026 | 1,380 |
| Nov 3, 2026 | 1,400 |
| Nov 7, 2026 | 1,170 |
| Nov 8, 2026 | 1,020 |
| Nov 11, 2026 | 1,079 |
| Nov 16, 2026 | 1,140 |
| Nov 19, 2026 | 3,650 |
| Nov 20, 2026 | 898 |
| Nov 22, 2026 | 724 |
| Nov 26, 2026 | 302 |
Most viewed this month
- 01Views3.65KForwards—Reactions164Comments—
- 02Views1.47KForwards—Reactions21Comments—
- 03Views1.38KForwards—Reactions53Comments—
- 04Views1.37KForwards—Reactions55Comments—
Latest posts
Қайда бара жатқаныңды білмей, адасып қалсаң… Қайдан бастарыңды, қалай дұрыс бағыт табарыңды білмей, өмір көшелерінде жолыңды жоғалтсаң… Алла Тағала бұйырған істерге қарай ұмтыла бер. Өйткені өмірдің мәні де, негізгі мақсаты да – Алланың разылығына жету. Алланы разы ете алсаң, ең маңызды мақсатқа жеткенің. Ал қалған дүниелік істердің бәрін бірдей реттеп, бәріне үлгеруің шарт емес. Кейбір нәрселердің шешімін уақытқа, кейбірін тағдырға қалдырсаң да болады. Ең бастысы – бағытың Аллаға қарай болсын.
Open in TelegramАдамдарға білім үйретуден артық құлшылық жоқ деп есептеймін Суфян Әс-Сәури رحمه الله
Open in TelegramАРАБ ТІЛІНДЕГІ СӨЗДІК ҚОРЫҢЫЗДЫ БАЙЫТЫП, СӨЙЛЕУ ДАҒДЫҢЫЗДЫ ЖЕТІЛДІРІП ЖҮРСЕҢІЗ Сіздерді араб тіліндегі 100 тұрақты тіркес пен 10 араб идиомасын үйренуге арналған шағын арнаға(каналға) шақырамын! Бұл арна араб тілін үйреніп жүрген, мәтіндерді оқып, аударып, арабша сөйлесуге машықтанып жүрген жандарға арналған. Арнада: • 100 пайдалы тұрақты тіркеспен танысасыз; • 10 араб идиомасын үйренесіз; • Әр тіркестің мағынасы мен қолданылу ерекшелігін түсінесіз; • Мысалдар арқылы сөйлем құрауды үйренесіз; • Ауызша және жазбаша тапсырмалар арқылы алған біліміңізді бекітесіз. Арнадағы тіркестер мен идиоманың форматы: • Жазбаша, аудио түсіндірмелер; • Мысалдар мен аудармалар; • Практикалық тапсырмалар. Қазіргі уақытта арнада: 20 тұрақты тіркес және 2 идиома жарияланды. Арнада 100 тіркес пен 10 идиома болғанша күн сайын 10 тұрақты тіркес пен 1 идиома ұсынылып отырады. Арнаға тіркелу құны — 3500 теңге. Қосылу жолы: Kaspi нөмірі: 87022486655 Төлем жасағаннан кейін түбіртекті (чекті) осы аккаунтқа @arabtilidarister жіберіңіз. Сізді арнаға қосамыз.
Open in TelegramСтудент қыздардың ұстазбен қарым-қатынасындағы он қағида Негізінде, қыз балаларға білім беретін ұстаз әйел адам, ал ер балаларға білім беретін ұстаз ер адам болғаны дұрыс. Алайда кейбір жағдайларда ер мұғалімнің қыз студенттерге сабақ беруіне қажеттілік туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда бірқатар әдеп пен шариғи талаптарды қатаң сақтау қажет. Солардың ең маңыздылары мыналар: 1. Сөйлегенде нәзіктік танытып, еркінсіп кетпеу. Ұстаздың алдында дауысты жұмсартып, еркін сөйлесуге, арадағы ресмилікті жоюға болмайды. Сондай-ақ ұстаздың жанында құрбыларымен бірге отырғанда да оның бар екенін естен шығарып, еркінсіп кетпеу қажет. Тіпті өзара әзілдескен сөздер ұстаздың құлағына естілетін болса, мұның өзі де тыйым салынған. Сол сияқты қатты күліп, дауысты көтеруден де сақтану керек. 2. Оңаша қалудан сақтану. Ұстазға сұрақ қою қажет болса, оны аудиторияда қойған жөн. Ал жеке сұрақ қою қажеттілігі туындаса, өзімен бірге бір құрбысын ертіп келуі керек. 3. Қайта-қайта қараудан сақтану. Екеуінің арасында көзді еркін жіберіп, қайта-қайта қарауға жол берілмейді. 4. Әңгіме тақырыбын сабақ пен ғылыми сұрақтар шеңберінен шығармау. Сабақ тақырыбы мен білімге қатысты нақты сұрақтардан асып, сезім, көңіл күй, ішкі сырлар мен жеке эмоциялар туралы әңгімеге ауыспау қажет. 5. Әшекейлерін көрсетуден және хош иіс себуден сақтану. Ұстаздың алдында сән-салтанатын көрсетпеуі, әшекейлерін білдірмеуі, әтір немесе соған ұқсас хош иістерді қолданбауы керек. 6. Бір-біріне деген ықылас немесе қызығушылық сезілсе, қарым-қатынасты тоқтату. Егер екі тараптың бірінде екіншісіне деген тартылыс немесе ұнату сезімі пайда болғанын байқаса, сұрақ қоюды да, жауап беруді де тоқтатып, өзара әсерлену мен сезімге берілуге жол бермейтіндей жағдайда сұрақ қоюға тырысуы қажет. 7. Егер сабақ беретін ұстаз жас жігіт болса, сақтықты одан әрі күшейту керек. 8. Ұстазға жеке атынан сыйлық бермеу. Сыйлық берілетін болса, ол студенттердің барлығының атынан ортақ болуы немесе қыздардың ата-аналары тарапынан берілуі керек. 9. Жеке хат алмасу мен телефон арқылы сөйлесуден аулақ болу. Тек аса қажетті жағдайларда ғана, барынша шектеулі түрде байланысуға болады. Бұл ретте Алланың екеуін де көріп тұрғанын ұмытпау қажет. Сондай-ақ жазған хабарламаларыңды кейбір құрбыларың көріп қалса да, ұялатындай болмауы керек. Егер студенттердің ортақ тобында сөйлесіп жатсаңдар да, эмодзи немесе мемдер жіберуден аулақ болған жөн. 10. Ұстаз көретін кітапқа, дәптерге немесе емтихан парағына жеке мағынасы бар жазбалар жазбау. Сондай-ақ жүрек тәрізді суреттер мен соған ұқсас бейнелерді салудан сақтану қажет. Осындай қағидалар: “Міне, бұл - сендер үшін анағұрлым қайырлы һәм қателіктен, күнәдан ада іс” деген Алланың талабын жүзеге асыруға бағытталған. Бұл талаптар жаратылыстың ең абзалы болған Пайғамбарымыздың ﷺ жұбайларына, яғни мүміндердің аналарына сахабалармен қарым-қатынас жасауда айтылған еді. Ендеше, бүгінгі ұстаздардың (мен де солардың алғашқысымын) және бүгінгі студент қыздардың жағдайы қандай болмақ?! Доктор Мухаммад Айман Жамал حفظه الله
Open in TelegramІлім талаб етуші бауырыма: Мейлі, қасыңдағы сен секілді ілім талап етушілер спортта жетістіктер көрсетсін, мейлі жұмыс істеп, көп дүниеге ие болсын, мейлі енді бірі жақсы жар тауып, үйленсін. Бұлардың бәрі сен іштей ізгі қызғанышпен қарап, әртүрлі ризығына қызығатын дүниелер емес. Өйткені ілім жолындағы ең үлкен ризық – басқа нәрселермен әуре болмай, тек іліммен шұғылдану. Саған ең бастысы – іліммен шұғылданудан, әдепті болудан, сабақ жаттап, сабақ қайталаудан қалып қоймау.
Open in TelegramБұған дейін, 2022 жылы, ҚазҰУ университеті ұйымдастыруымен, Қазақстанның белгілі араб тілі мамандары саналатын ұстаздарыммен бірге Сауд Арабиясындағы Король Салман атындағы Араб тілі академиясы өткізген «Ана тілі араб тілі емес адамдарға араб тілін оқытатын мұғалімдерді даярлау» атты арнайы біліктілікті арттыру курсынан өткен болатынмын. Аталған курстың ұзақтығы да 16 академиялық сағат болып еді.
Open in Telegram«Араб тілін ана тілі араб тілі емес адамдарға оқыту әдістері мен тәсілдері» атты арнайы оқыту бағдарламасын сәтті аяқтап, 4 апта көлемінде (16 академиялық сағат) кәсіби даярлықтан өткенімді растайтын сертификатқа ие болдым.
Open in TelegramConnections
Similar channels
yasina@yasssinaReligion4.33K
Православие в Астане@pravoslavie_v_astaneReligion2.21K
Имани гүл🌸@imaniguliReligion2.18K
Quranga qyzmet@qurangaqyzmetttReligion2.77K
Абдусамат ҚАСЫМНЫҢ каналы@abdusamatkasimReligion1.85K
Azan.kz@azankz_1Religion3.01K
Ali Saǵatuly@alisagatulyReligion1.62K
Семиреченский пилигрим@piligrijReligion1.54K
Mentioned by
yasina@yasssina1 repostLatest post