Бір кісі былай дейді: «Әйелдердегі бедеулік тақырыбын оқып жүргенімізде, дәрігер бізге «әл-а’қм» мен «әл-а’қр» сөздерінің арасында айырмашылық бар екенін айтты. «әл-А’қм» – бала сүюге кедергі болатын жағдай. Алайда емделу арқылы Алланың қалауымен жүкті болу мүмкіндігі бар. Ал «әл-а’қр» – мүлде бала сүю мүмкін болмайтын жағдай. «Мәриям» сүресінде Алланың пайғамбары Зәкәрия: وَكَانَتِ ٱمۡرَأَتِي عَاقِرٗا «Әйелім болса, бедеу (әл-а’қр)», – дейді. («Мәриям» сүресі, 5-аят). Яғни, бала сүю мүмкін емес еді. Соған қарамастан, сырттай мүмкін емес болып көрінген істің өзінде ол дұғасының қабыл боларына кәміл сеніп, дұға етуін тоқтатпады. Ұлылықтың сыры да осында: мүмкін емес болып көрінген нәрсені де кәміл сеніммен Алладан сұрау. Сондықтан дұға жайында: «Аллаға кәміл сеніммен жалбарын, Ол сені мұғжизаларымен таңғалдырады», – делінген.
Открыть в Telegram
Ахмедов Ербол
Каналда жарияланған барлық ақпарат — аманат. Егер қандай да бір жазбаны алғыңыз келсе, ұрлық жасамай, міндетті түрде каналға сілтеме жасап алыңыз. Шейх Абдулфаттах Әбу Ғудда (Алла оны рақымына бөлесін) былай деген: “Білім саласындағы адалдық — оны айтқан
Подписчики, 30 дней
28 нояб. – 29 нояб.−3 (−0,1%)
Показать таблицей
| Дата | Подписчики |
|---|---|
| 28 нояб. 2026 г. | 4 175 |
| 29 нояб. 2026 г. | 4 172 |
Средние просмотры поста по дням
По дню публикации
Показать таблицей
| Дата | Просмотров на пост |
|---|---|
| 2 нояб. 2026 г. | 2 380 |
| 17 нояб. 2026 г. | 1 460 |
| 24 нояб. 2026 г. | 806 |
Самые просматриваемые за месяц
- 01Просмотры2,38 тыс.Пересылки—Реакции142Комментарии—
- 02Просмотры1,46 тыс.Пересылки—Реакции159Комментарии—
- 03Просмотры806Пересылки—Реакции130Комментарии—
Новые посты
Философ Сократқа әйелі айқайлап, қатты ашуланғанынан қолындағы суын үстіне шашып жіберіпті. Сонда Сократ оған: «Қандай кереметсің! Әуелі күндей күркіреп, найзағайдай жарқылдайсың, содан кейін жаңбыр болып жауасың!» депті.
Открыть в TelegramАлла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Расында, Рухул-Қудус (Жәбірейіл періште) менің жүрегіме мына ақиқатты салды: Ешбір жан өзіне белгіленген ғұмырын толық сүріп, жазылған ризық-несібесін түгел алмайынша дүниеден өтпейді. Ендеше, Алладан қорқыңдар әрі ризық іздеуде көркем жолды ұстаныңдар. Ризықтың кешігіп келуі ешқайсыңды оны Аллаға күнә жасау арқылы табуға итермелемесін. Өйткені Алланың құзырындағы игілікке Оған бойсұну арқылы ғана қол жеткізіледі». Әбу Нуғайм «Хилиятул-әулия»
Открыть в TelegramПереслано из Абылай Кенжалы
Нағыз еркектігің кофейняда қою қара қантсыз эспрессо ішумен өлшенбейді. Нағыз еркектік – сол кофейняда ешбір қызға көз тікпей, нәпсіңе ие боп отыруың.
Открыть в TelegramМүшріктер Аллаға иман келтіру үшін пайғамбарлардан мұғжиза көрсетуді талап ететін. Ал өздері табынатын пұттарынан бірде-бір мұғжиза талап етпейтін. Соған қарамастан, сол пұттарға құлшылық ететін!
Открыть в TelegramТүнгі құлшылыққа тұрмайды. Бірақ фильм көріп, сағаттап ұйықтамай отырады. Құран оқымайды, күнделікті зікірлерін айтпайды. Тілдері Алланы еске алудан құрғаған. Ғайбатқа, өсекке, өзгелерді мазақ етуге берілген. Мәнсіз дүниелерді тамашалап, уақыттарын әртістер мен әншілерге арнайды. Ал көңілдері құлазып, жандары қысылған кезде: «Бізге психологиялық ем қажет!» дейді. Саған психологиялық ем қажет емес. Саған керегі тек тәубе!
Открыть в TelegramЕлестетші, бір ай бойы жұмыс істедің. Ал айлығың өзіңнің емес, басқа біреудің есепшотына түсті. Ішің күйеді ғой, солай емес пе? Міне, ғайбат та дәл осындай. Намаз оқисың, ораза ұстайсың, садақа бересің, басқа да ізгі амалдар жасайсың. Ал Қиямет күні бір адам келіп, сенің жинаған сауаптарыңнан өз ақысын алып кетеді.
Открыть в TelegramХатим әл-Асамның (Алла оны рақымына алсын) сөзі: «Үш жағдайда өзіңді қадағала: Бір іс істегенде, Алланың сені көріп тұрғанын есіңе ал. Сөйлегенде, Алланың сөзіңді естіп тұрғанын есіңе ал. Үндемегенде, Алланың ішкі сырыңды да білетінін есіңе ал». («Сифат әс-сафуа»)
Открыть в TelegramБілім ізденушіге насихат Уа, білім ізденуші! Сабыр ет, білімнің жемісін көруге асықпа. Білім тәнді рақатқа бөлеп, бір кітаптан екіншісіне жиі ауыса берумен келмейді. Оған сабырмен, үздіксіз ізденіспен және білгеніңді амалға асырумен жетесің. Ниетіңді тек Аллаға арна. Білімді өз иелерінен ал. Үйренгеніңді жадыңда сақтап, соған сай амал ет. Өйткені білімің саған пайда бермесе, сенің пайдаңа дәлел де болмайды. Жалығып, тастап кетуден сақтан! Сабыр етіп, ізденісін жалғастырған адам мұратына жетеді. Аллаға шынайы ықылас танытқанға Алла жәрдем береді. Алладан үнемі пайдалы білім, бойсұнған жүрек және ізгі амал сұра.
Открыть в TelegramӘйел ер адамды үндемей отырса да түсінеді. Ал ер адам әйелді сөйлеп тұрса да түсінбейді!
Открыть в TelegramСвязи
Похожие каналы
yasina@yasssinaРелигия4,33 тыс.
Mihrab.kz@mihrab_kzРелигия4,47 тыс.
Мирас Ерланұлы@meraserlanРелигия3,88 тыс.
Құранмен саяхат@quranmensayahatРелигия3,69 тыс.
Azan.kz@azankz_1Религия3,01 тыс.
Quranga qyzmet@qurangaqyzmetttРелигия2,77 тыс.
Бауыржан Әлиұлы (ресми)@bauirjanaliuliРелигия6,81 тыс.
Zukhridin Al-Hanafi@zukhridin_alhanafiРелигия2,33 тыс.
Кого упоминает
Абылай Кенжалы@abylaikenjali1 репост