Бүгін Мемлекет басшысы Президент жанындағы Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптамалық топтың құрамын бекітті. Топ Қазақстанның жаңа ұзақмерзімді стратегиясының тәсілдері мен басымдықтарын пысықтайды. Стратегия елдің алдағы онжылдықтарда қай бағытта жүретінін айқындайды. Бюджет те, бағдарламалар да, заңдар да осы бағытқа бағынуы керек. Елімізде ұзақмерзімді жоспарлау тәжірибесі бар. Бірақ соңғы жылдары әлем түбегейлі өзгерді. Білім мен технология, су мен энергия үшін бәсеке күшейді. Демография да өзгеріп жатыр: халқымыз өсіп, жасарып келеді. Бұл - үлкен мүмкіндік, әрі зор жауапкершілік. Мұндай сын-қатерлерге ескі тәсілмен жауап беру мүмкін емес. Президентіміз үнемі айтып жүргендей, ең бастысы - адам: оның білімі, біліктілігі, денсаулығы мен құндылықтары. Жаңа Конституцияда адами капиталды, білім мен ғылымды дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде алғаш рет бекітілді. Болашақта табиғи байлығы көп ел емес, азаматтары білімді әрі білікті ел озады. Жаңа стратегияның негізі де осы болады деп сенемін. Топ құрамы жан-жақты жасақталған. Оны Вице-президент Ерлан Карин басқарады. Құрамында мемлекеттік органдар мен Құрылтайдың өкілдері, бизнес, технологиялық кәсіпкерлер, сарапшылар мен талдаушылар бар. Жұмыс нақты зерттеулер мен болжамдарға сүйенеді, талқылауға ғылым мен азаматтық қоғам өкілдері тартылады. Демек, стратегия қоғаммен бірлесіп әзірленеді. Әріптестерге сәтті жұмыс тілеймін!
Open in Telegram
AIMAGAMBETOV
Average views per post by day
By publication day
Show as table
| Date | Avg views per post |
|---|---|
| Nov 4, 2026 | 1,910 |
| Nov 9, 2026 | 1,290 |
| Nov 10, 2026 | 1,208 |
| Nov 12, 2026 | 1,245 |
| Nov 13, 2026 | 1,460 |
| Nov 16, 2026 | 1,160 |
| Nov 18, 2026 | 1,160 |
| Nov 19, 2026 | 1,360 |
| Nov 23, 2026 | 683 |
Most viewed this month
- 01Views1.91KForwards—Reactions12Comments—
- 02Views1.46KForwards—Reactions4Comments—
- 03Views1.36KForwards—Reactions8Comments—
- 04Views1.34KForwards—Reactions14Comments—
Latest posts
Мемлекет басшысы Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады 🔹Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрылтай жұмысының қазіргі нәтижелері және «Әділет» партиясының қызметі туралы баяндалды. Айбек Дәдебай: 🔹депутаттар 18 заң қабылдағанын және 38 заң жобасы қаралып жатқанын мәлімдеді. 🔹Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында және Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған міндеттерді заңнамалық тұрғыдан іске асыруға басымдық беріліп отыр. 🔹Жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр. Сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау, педагогтер мен медицина қызметкерлерін қолдау және өзге де әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша заңнамалық бастамалар пысықталуда. 🔹2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет қабылданды. 🔹Депутаттардың бастамасымен өңірлердегі 52 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру үшін қосымша 47 миллиард теңге қарастырылды. Қаражат жылу, электр, газ және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталады. 🔹қабылданған заңдардың орындалуына парламенттік бақылауды күшейту шараларын да таныстырды. 🔹Атап айтқанда, заңдардың іс жүзінде қолданылу тиімділігі мен қабылданған шешімдердің нәтижесін бағалауға арналған заңнамалық мониторинг жүргізу қағидалары бекітілді. 🔹Сонымен қатар заң жобаларын талдау, құқықтық қайшылықтар мен ықтимал тәуекелдерді анықтау үшін e-Quryltai жүйесі және жасанды интеллект технологияларын енгізу жалғасып жатыр. 🔹Құрылтайдың қоғамдық қабылдауы мен e-Otinish жүйесі арқылы халықпен кері байланысты нығайту перспективасы талқыланды. 🔹Азаматтар көтерген мәселелер заңнамалық бастамаларды әзірлеу кезінде ескеріледі. Сессия басталғалы өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша 111 депутаттық сауал жолданған. 🔹сарапшылармен, қоғамдық ұйымдармен, өңірлердегі және халықаралық серіктестермен байланыс нығайып келе жатқанын жеткізді. 🔹Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылып, ЮНИСЕФ-пен балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша ынтымақтастық орнатылды. 🔹Женевада өткен Парламентаралық одақ алаңында жасанды интеллектіге негізделген AI-Quryltai парламенттік платформасы таныстырылды. t.me/aqorda_resmi
Open in TelegramМемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамын бекітті ✍️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы» туралы өкімге қол қойды. 🔹Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Ол Қазақстан Республикасының ұзақмерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан пысықтау мақсатында құрылған. 🔹Сараптама тобының негізгі міндеттері – концептуалды тәсілдерді анықтау және сараптамалық жағынан әзірлеу, талдамалық, әлеуметтік, сондай-ақ форсайт зерттеулердің нәтижесін талқылау. 🔹Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Сараптама тобының жұмыс органы саналады. 🔹Сараптама тобының отырысы қажет кезде, алайда кем дегенде айына бір рет өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, сарапшылық қауымдастықтар, іскерлік орта, азаматтық қоғам өкілдері және Сараптама тобының құрамына енбеген басқа да мамандар қатыса алады. t.me/aqorda_resmi
Open in TelegramВ августе Глава государства поручил разобраться с агрессивной рекламой фастфуда, особенно той, что ориентирована на детей. Проблема действительно серьезная. По имеющимся данным, в Казахстане почти каждый четвертый ребенок в возрасте от 5 до 9 лет имеет избыточный вес. В 2025 году среди детей и подростков зарегистрировано более тысячи случаев сахарного диабета второго типа. Сейчас вместе с коллегами из нашего комитета и депутатами фракции «Әділет», при участии экспертов, мы подготовили пакет поправок, так как здоровое питание и защита прав детей - важные направления программы партии. Предлагаем действовать поэтапно: начать с адресных мер, без тотальных запретов и с оценкой затрат на их исполнение. Речь не о запрете фастфуда, а об ограничении его агрессивного продвижения среди детей. Первое. Защитить детей от агрессивной рекламы. Предлагаем ограничить рекламу продуктов с избыточным содержанием сахара, соли и вредных жиров на детских телеканалах, в детских передачах, а также во всех организациях для детей. Нужно уделить внимание и ее агрессивному продвижению через социальные сети. Второе. Ограничить доступность такой продукции там, где находятся дети. В школах определенные ограничения уже существуют. Теперь дополнительно предлагается закрыть существующие пробелы и распространить такие требования на колледжи, кружки, лагеря, реабилитационные и детские центры, и другие детские организации, закрепив их уже на уровне закона. Третье. Сделать информацию о составе продуктов понятной. Покупатель должен сразу видеть предупреждение об избыточном содержании сахара, соли и вредных жиров, а не пытаться найти его мелким шрифтом на обратной стороне упаковки. Начать можно с ценников, а предупреждения на упаковке продвигать на уровне ЕАЭС. Опыт других стран как раз показывает, что производители способны менять рецептуру, сохраняя привычный для потребителя продукт. Отдельно об энергетических напитках. Они уже запрещены к продаже лицам младше 21 года, а с 2026 года действует акциз, который ежегодно будет расти. Но проблема остается, так как по данным исследований, примерно каждый шестой подросток пьет энергетики каждую неделю. Поэтому предлагаем усилить контроль за соблюдением действующих ограничений, проверять возраст при доставке, убрать энергетики из прикассовых зон и ограничить рекламу и спонсорство, рассчитанные именно на детей. Представители Минздрава во время обсуждений этих мер в стенах Курултая активно поддержали их. Остальные меры второго этапа обсуждаем с экспертами. Будем работать с Минздравом, бизнесом, родителями и общественными организациями. Важно понять, что запретами все проблемы не решить. Мы не собираемся запрещать детям все вкусное и создавать лишние препятствия для бизнеса. Но нельзя требовать от родителей правильного выбора, когда реклама и продажи постоянно подталкивают детей к обратному. Наша задача - помочь семье, а не оставить ее один на один с этой проблемой. Эти условия и нужно менять - поэтапно, с опорой на данные, через умное регулирование.
Open in TelegramҚұрылтайда Конституциялық Соттың баяндамасын тыңдадық. Мемлекет басшысының бастамасымен қайта құрылған бұл институт нақты нәтиже беріп жатыр. 2023 жылдан бері оларға 18 мыңнан астам өтініш түсіп, 91 қаулы қабылданған. Оның 70 пайызы қазірдің өзінде іске асты. Ең бастысы - бұл шешімдердің адамдардың өміріне тигізген нақты әсері. Мысалы, енді азаматтың зейнетақы алу құқығын оның қай жерде тіркеуде тұрғанына қарап шектеуге болмайды. Жалақысын ала алмаған жұмыскерлердің де өз ақшасын өндіріп алуына жалпы үш жылдық мерзім берілуі мүмкін екені нақтыланды. Тағы бір мысал -баланың ата-анасымен араласу құқығы ақшаға тәуелді болмауы тиіс. Депутаттар ретінде біз де осы шешімдерді іске асырып, заңдарға тиісті түзетулер енгіздік. Баяндамада менің назарымды ерекше аударғаны - жасанды интеллект пен адам құқығы мәселесі. Сот өте дұрыс ұстаным айтты: егер алгоритмнің шешімі адамның құқығына әсер етсе, оған шағымдануға және оны тірі адамның қайта қарауына толық мүмкіндік болуы шарт. Технология қанша дамыса да, адам тағдырына қатысты жауапкершілікті машинаға іле салуға болмайды. Жасанды интеллект өмірді жеңілдетуі керек, бірақ құқықты шектейтін құралға айналмауы тиіс. Президент реформасының басты жемісі де осы - қазір қарапайым азаматтың бір ғана өтініші тұтас заңды қайта қарап, әділетсіз норманы өзгертуге негіз бола алады.
Open in TelegramМықты мектептерімізді қолдау өте маңызды Комитеттегі әріптестермен бірге NIS мектебіне бардық. Мұғалімдермен әңгімелесіп, оқушылардың ғылыми жобаларын көрдік. Мектептің ақпараттық жүйелерімен, ұстаздардың жұмысын жеңілдететін цифрлық шешімдермен таныстық. Қазір елімізде білім саласына үлкен көңіл бөлініп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытқа ерекше қолдау көрсетіп келеді. Басты міндет - осы ауқымды инвестицияның нақты нәтижесін балаларымыздың білімі мен тәрбиесінен көру. Осы тұрғыдан алғанда, NIS - еліміздегі ең табысты білім беру жобаларының бірі. PISA-2025 халықаралық зерттеуінде оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. Халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері де көп. Мектепте тәрбиеге, баланың тұлға болып қалыптасуына, жауапкершілік пен адалдыққа ерекше мән беріледі. «Адал азамат» құндылықтарын оқу процесімен ұштастыру бағытында да жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Жалпы, қоғамда NIS туралы түрлі мифтер бар. Мысалы, «түлектерінің басым көпшілігі шетелге кетіп қалады» деген түсінік жиі айтылады. Алайда кездесуде түлектер қауымдастығының басшысы нақты деректер келтірді: 2025-2026 оқу жылындағы түлектердің 70,7%-ы Қазақстанның, ал 28,2%-ы шетелдің жоғары оқу орындарына түскен. Оның үстіне, шетелде білім алғандардың көбі елге оралып, осында еңбек етіп жүр. Қаржыландыруға қатысты да түрлі әңгімелер көп. Басшылықтың мәліметінше, мемлекеттік білім беру гранты бір оқушыны оқыту шығынының шамамен 70%-ын ғана өтейді. Қалған 30%-ы ақылы қызметтер, демеушілік және басқа да көздер есебінен жабылады. Оның үстіне, NIS - толық күндік мектеп. Тағы бір маңызды мәселе - мектеп түлектері. Бүгінге дейін бұл қабырғадан 26 мыңнан астам жас түлеп ұшқан. Олардың орташа жасы қазір небәрі 24-те екен. Демек, бұл мектептердің елімізге беретін негізгі нәтижесін біз алдағы жылдары көбірек сезінетін боламыз. Олар ғылымда, бизнесте, медицина мен инженерияда ел дамуына өз үлесін қосатыны анық. Ең бастысы, NIS тәжірибесі тек өз қабырғасымен шектелмейді. Педагогтердің біліктілігін арттыру, ауыл мектептеріне әдістемелік қолдау көрсету, заманауи оқыту тәсілдерін жалпы білім беру жүйесіне енгізу бағытында да едәуір жұмыс атқарылып жатыр. Елімізде NIS, БИЛ, РФМШ сияқты мықты білім ордаларының болғаны - біз үшін үлкен жетістік. Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мектептердің бар екенін мақтан тұтуымыз керек. Біз оларды барынша қолдап, озық тәжірибесін бүкіл білім беру жүйесінің игілігіне жаратуымыз қажет. Өйткені басты мақсатымыз - бірнеше мектептің ғана үздік болуы емес, еліміздегі әрбір баланың сапалы білім алуына тең жағдай жасау. Ал мықты мектептердің жетістігі ертең ауылдағы қарапайым мектептердің де дамуына тікелей ықпал етеді.
Open in Telegram«Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы Үкімет сағатында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің жасаған қосымша баяндамасы. t.me/quryltairesmi
Open in Telegram⚡️Мемлекет басшысы Үкімет пен бақылаушы органдарға сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды барынша азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды «Жоғары лауазымға ие болу – әрқашан және әрдайым жүктелетін жоғары жауапкершілікті дұрыс түсіну деген сөз. Қоғамымызда атқаратын лауазымына, сіңірген еңбегіне не болмаса тамыр-таныстарына, соның ішінде туыстық байланыстарына қарамастан, ешкім де заңнан аттап кете алмайды. Бұл – мен үшін мызғымайтын, яғни өзгермейтін ұстаным. Соңғы кезде біз кейбір келісімдер мен шарттарды қайта қарадық. Меніңше, оларға қол қою қате шешім болған. Бірақ биліктің кәсіпкерлерге кедергілер, тосқауылдар жасайтын ойы да, ниеті де жоқ. Керісінше, біз оларға әрдайым жан-жақты қолдау көрсетіп жатырмыз және алдағы уақытта да солай болады. Бәріңіз де білесіздер, мен келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын кәсіпкерлікті тексеруге арналған тағы бір үш жылдық мораторий жариялау туралы тапсырмамды бердім. Елімізде біртіндеп орнығып жатқан «Заң мен Тәртіп» құқықтық стратегиясының түпкі мәні де – осы: әділеттілік қағидатына және заң талаптарына сай көмекке мұқтаж адамдарға, сондай-ақ кәсіпорындарға қолдау көрсету. Жағдай қаншалықты күрделі болса да «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының аппараты мен мемлекеттік компаниялардың, соның ішінде «Қазақстан темір жолының» жұмысы тоқтап қалмайды, үздіксіз жүре береді. Мемлекеттік компанияларға қарасты барлық мекемелер қалыпты тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Жалпы, бұған ешқандай себеп те жоқ. Керісінше, жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан күрес инвесторлар мен несие берушілердің аталған институтқа деген сенімін арттырып, олардың мейлінше тиімді, ашық және жемісті жұмыс істеуіне мүмкіндік береді деп санаймын. Бас прокуратура жалпы сомасы 1,3 триллион теңгеден асатын заңсыз иемденген активтерді қайтарғанын еске саламын. Бұл қаражат 466 әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанның құрылысына жұмсалды. Қазіргі таңда 383 нысан, соның ішінде медициналық мекемелер, сумен жабдықтау желілері, мектептер, спорт кешендері салынып бітті. Жұмыс жалғаса береді. Қалыптасқан жағдайға қарағанда, нысандар қаншалықты сапалы салынғанын тексеруге себеп бар сияқты. Өйткені нысандардың, соның ішінде жолдардың сапасы талапқа сай болмайтын жағдай жиі кездеседі. Дегенмен осы оқиғаның өзі жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік компаниялардың ең осал тұсы, яғни, басты дерті екенін айқын көрсетіп отыр. Осы орайда, Үкімет пен бақылаушы органдар биыл 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды барынша азайту, квазимемлекеттік сектордағы компаниялар мен олардың қызметкерлерінің жұмыс сапасын айтарлықтай жақсарту жөнінде маған ұсыныс берсін». t.me/aqorda_resmi
Open in TelegramЖақында ғана репетиторлық орталықтар мен дайындық курстары туралы жазған едім. Бізде көпшілік бұл нарықтың қызуын көбіне ішкі себептермен байланыстырады - бәріне ҰБТ немесе іріктеуі қиын мықты мектептер мен университеттер кінәлі деп жатады. Бірақ бұл тек бізге ғана тән жағдай емес екен. The Economist журналының жаңа санында «Tiger mothers of the world, unite» деген қызық мақала шықты. Соған қарасақ, бітпейтін қосымша сабақтар мен баланың оқуына бастан-аяқ кірісіп кету әдеті тек Азияға тән құбылыс болудан қалған. Қазір бұл бүкіл әлемді, оның ішінде Батыс елдерін де жайлап алды. Бұрын репетитор іздеп шапқылау тек Оңтүстік Корея немесе Қытайға тән сияқты көрінетін. Кореяда шынымен де төрт оқушының үшеуі ақылы қосымшаға барады (тіпті жағдайы ең төмен отбасылардың өзінде мұндай балалар 57%, ал бес жасар бүлдіршіндердің арасында бестен төрті қатысады). Үндістан қалаларында отбасылардың үштен бірі репетитор жалдаса, Қытайда қосымша білімге кететін шығын дәл осы ең кедей аймақтарда қатты өсіп жатыр. Енді дәл осы жағдай Батыс елдерінде де қайталанып жатыр. Францияда әрбір үшінші жоғары сынып оқушысы жеке мұғаліммен дайындалады. Ұлыбританияда ақылы сабақ алатын қарапайым мемлекеттік мектеп оқушыларының үлесі 2005 жылғы 18%-дан қазір 30%-ға өскен, ал Лондонда тіпті 45%-ға жетіпті. АҚШ-та ата-аналар балаларын түрлі секциялар мен үйірмелерге тасу үшін ғана аптасына 15 сағат уақытын жұмсайды екен, ал отбасылардың бұған кететін шығыны инфляциядан екі есе жылдам өсіп барады. Яғни репетиторлар мен курстарға деген сұраныс - тек бізде ғана болып жатқан дүние емес. Бұған өзіміздің мықты мектептер немесе университеттер де «кінәлі» емес. Бұл - үлкен әлемдік процесс. Оның артында жаһандық бәсеке мен кез келген ата-ананың баласының болашағына деген заңды алаңдаушылығы тұр.
Open in TelegramНедавно писал про репетиторские центры и подготовительные курсы. У нас многие связывают рост этого рынка с внутренними причинами - мол, все дело в ЕНТ или в появлении сильных школ и вузов со сложным отбором. Но мы здесь совсем не уникальны. В свежем номере The Economist вышла интересная статья «Tiger mothers of the world, unite». Судя по статье бесконечные дополнительные занятия и «интенсивное родительство» давно перестали быть чисто азиатской историей и охватили весь мир, включая страны Запада. Раньше казалось, что погоня за репетиторами - это что-то про Южную Корею или Китай. В Корее действительно трое из четырех школьников занимаются дополнительно за деньги (причем даже в самых бедных семьях таких детей 57%, а среди пятилетних малышей - вообще четверо из пяти). В городах Индии репетиторов нанимает уже почти треть семей, а в Китае расходы на дополнительное обучение быстрее всего растут именно в самых бедных регионах. И вот теперь ровно то же самое происходит на Западе. Во Франции с частными преподавателями занимается каждый третий старшеклассник. В Великобритании доля учеников обычных государственных школ, которые берут платные уроки, выросла с 18% в 2005 году до 30 % сегодня, а в Лондоне дошла уже до 45 %. В Штатах родители тратят по 15 часов в неделю только на то, чтобы возить детей по секциям и кружкам, а расходы семей на эти вещи растут вдвое быстрее инфляции. То есть спрос на репетиторов и курсы для детей- это не какая-то наша местная особенность и уж точно не «вина» сильных школ или вузов. Это общий мировой процесс, за которым стоят глобальная конкуренция и понятная тревога родителей за будущее своих детей.
Open in TelegramConnections
Similar channels
Aqorda 🇰🇿@aqorda_resmiPolitics84.7K
QURYLTAI@quryltairesmiPolitics9.21K
Казахстан и все-все-все@geo_2019Politics12K
Данияр Ашимбаев@dashimbayevPolitics11.6K
ABISHEV ANALYTICS@gaziz1984Politics9.96K
Всемирное шежіре@shezirePolitics17.7K
MFA Qazaqstan 🇰🇿@pressmfakzPolitics8.13K
Жастар Рухы@jastarruhyPolitics19.2K
Mentioned by
Ayel@ayel_kz1 mentionLatest post
АХМЕТОВ@akhmetovkz1 mentionLatest post
Mentions
Aqorda 🇰🇿@aqorda_resmi3 mentions
QURYLTAI@quryltairesmi1 mention