Account

Posts of AIMAGAMBETOV

newest first

#1900Text

Бүгін Мемлекет басшысы Президент жанындағы Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптамалық топтың құрамын бекітті. Топ Қазақстанның жаңа ұзақмерзімді стратегиясының тәсілдері мен басымдықтарын пысықтайды. Стратегия елдің алдағы онжылдықтарда қай бағытта жүретінін айқындайды. Бюджет те, бағдарламалар да, заңдар да осы бағытқа бағынуы керек. Елімізде ұзақмерзімді жоспарлау тәжірибесі бар. Бірақ соңғы жылдары әлем түбегейлі өзгерді. Білім мен технология, су мен энергия үшін бәсеке күшейді. Демография да өзгеріп жатыр: халқымыз өсіп, жасарып келеді. Бұл - үлкен мүмкіндік, әрі зор жауапкершілік. Мұндай сын-қатерлерге ескі тәсілмен жауап беру мүмкін емес. Президентіміз үнемі айтып жүргендей, ең бастысы - адам: оның білімі, біліктілігі, денсаулығы мен құндылықтары. Жаңа Конституцияда адами капиталды, білім мен ғылымды дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде алғаш рет бекітілді. Болашақта табиғи байлығы көп ел емес, азаматтары білімді әрі білікті ел озады. Жаңа стратегияның негізі де осы болады деп сенемін. Топ құрамы жан-жақты жасақталған. Оны Вице-президент Ерлан Карин басқарады. Құрамында мемлекеттік органдар мен Құрылтайдың өкілдері, бизнес, технологиялық кәсіпкерлер, сарапшылар мен талдаушылар бар. Жұмыс нақты зерттеулер мен болжамдарға сүйенеді, талқылауға ғылым мен азаматтық қоғам өкілдері тартылады. Демек, стратегия қоғаммен бірлесіп әзірленеді. Әріптестерге сәтті жұмыс тілеймін!

Open in Telegram
Views746−36%vs avg
Forwards—
Reactions4
Comments—
#1899Photo

Мемлекет басшысы Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады 🔹Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрылтай жұмысының қазіргі нәтижелері және «Әділет» партиясының қызметі туралы баяндалды. Айбек Дәдебай: 🔹депутаттар 18 заң қабылдағанын және 38 заң жобасы қаралып жатқанын мәлімдеді. 🔹Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында және Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған міндеттерді заңнамалық тұрғыдан іске асыруға басымдық беріліп отыр. 🔹Жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр. Сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау, педагогтер мен медицина қызметкерлерін қолдау және өзге де әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша заңнамалық бастамалар пысықталуда. 🔹2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет қабылданды. 🔹Депутаттардың бастамасымен өңірлердегі 52 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру үшін қосымша 47 миллиард теңге қарастырылды. Қаражат жылу, электр, газ және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталады. 🔹қабылданған заңдардың орындалуына парламенттік бақылауды күшейту шараларын да таныстырды. 🔹Атап айтқанда, заңдардың іс жүзінде қолданылу тиімділігі мен қабылданған шешімдердің нәтижесін бағалауға арналған заңнамалық мониторинг жүргізу қағидалары бекітілді. 🔹Сонымен қатар заң жобаларын талдау, құқықтық қайшылықтар мен ықтимал тәуекелдерді анықтау үшін e-Quryltai жүйесі және жасанды интеллект технологияларын енгізу жалғасып жатыр. 🔹Құрылтайдың қоғамдық қабылдауы мен e-Otinish жүйесі арқылы халықпен кері байланысты нығайту перспективасы талқыланды. 🔹Азаматтар көтерген мәселелер заңнамалық бастамаларды әзірлеу кезінде ескеріледі. Сессия басталғалы өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша 111 депутаттық сауал жолданған. 🔹сарапшылармен, қоғамдық ұйымдармен, өңірлердегі және халықаралық серіктестермен байланыс нығайып келе жатқанын жеткізді. 🔹Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылып, ЮНИСЕФ-пен балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша ынтымақтастық орнатылды. 🔹Женевада өткен Парламентаралық одақ алаңында жасанды интеллектіге негізделген AI-Quryltai парламенттік платформасы таныстырылды. t.me/aqorda_resmi

Open in Telegram
Views597−48%vs avg
Forwards—
Reactions2
Comments—
#1898Photo

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамын бекітті ✍️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы» туралы өкімге қол қойды. 🔹Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Ол Қазақстан Республикасының ұзақмерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан пысықтау мақсатында құрылған. 🔹Сараптама тобының негізгі міндеттері – концептуалды тәсілдерді анықтау және сараптамалық жағынан әзірлеу, талдамалық, әлеуметтік, сондай-ақ форсайт зерттеулердің нәтижесін талқылау. 🔹Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Сараптама тобының жұмыс органы саналады. 🔹Сараптама тобының отырысы қажет кезде, алайда кем дегенде айына бір рет өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, сарапшылық қауымдастықтар, іскерлік орта, азаматтық қоғам өкілдері және Сараптама тобының құрамына енбеген басқа да мамандар қатыса алады. t.me/aqorda_resmi

Open in Telegram
Views535−54%vs avg
Forwards—
Reactions1
Comments—
#1897Text

В августе Глава государства поручил разобраться с агрессивной рекламой фастфуда, особенно той, что ориентирована на детей. Проблема действительно серьезная. По имеющимся данным, в Казахстане почти каждый четвертый ребенок в возрасте от 5 до 9 лет имеет избыточный вес. В 2025 году среди детей и подростков зарегистрировано более тысячи случаев сахарного диабета второго типа. Сейчас вместе с коллегами из нашего комитета и депутатами фракции «Әділет», при участии экспертов, мы подготовили пакет поправок, так как здоровое питание и защита прав детей - важные направления программы партии. Предлагаем действовать поэтапно: начать с адресных мер, без тотальных запретов и с оценкой затрат на их исполнение. Речь не о запрете фастфуда, а об ограничении его агрессивного продвижения среди детей. Первое. Защитить детей от агрессивной рекламы. Предлагаем ограничить рекламу продуктов с избыточным содержанием сахара, соли и вредных жиров на детских телеканалах, в детских передачах, а также во всех организациях для детей. Нужно уделить внимание и ее агрессивному продвижению через социальные сети. Второе. Ограничить доступность такой продукции там, где находятся дети. В школах определенные ограничения уже существуют. Теперь дополнительно предлагается закрыть существующие пробелы и распространить такие требования на колледжи, кружки, лагеря, реабилитационные и детские центры, и другие детские организации, закрепив их уже на уровне закона. Третье. Сделать информацию о составе продуктов понятной. Покупатель должен сразу видеть предупреждение об избыточном содержании сахара, соли и вредных жиров, а не пытаться найти его мелким шрифтом на обратной стороне упаковки. Начать можно с ценников, а предупреждения на упаковке продвигать на уровне ЕАЭС. Опыт других стран как раз показывает, что производители способны менять рецептуру, сохраняя привычный для потребителя продукт. Отдельно об энергетических напитках. Они уже запрещены к продаже лицам младше 21 года, а с 2026 года действует акциз, который ежегодно будет расти. Но проблема остается, так как по данным исследований, примерно каждый шестой подросток пьет энергетики каждую неделю. Поэтому предлагаем усилить контроль за соблюдением действующих ограничений, проверять возраст при доставке, убрать энергетики из прикассовых зон и ограничить рекламу и спонсорство, рассчитанные именно на детей. Представители Минздрава во время обсуждений этих мер в стенах Курултая активно поддержали их. Остальные меры второго этапа обсуждаем с экспертами. Будем работать с Минздравом, бизнесом, родителями и общественными организациями. Важно понять, что запретами все проблемы не решить. Мы не собираемся запрещать детям все вкусное и создавать лишние препятствия для бизнеса. Но нельзя требовать от родителей правильного выбора, когда реклама и продажи постоянно подталкивают детей к обратному. Наша задача - помочь семье, а не оставить ее один на один с этой проблемой. Эти условия и нужно менять - поэтапно, с опорой на данные, через умное регулирование.

Open in Telegram
Views853−26%vs avg
Forwards—
Reactions7
Comments—
#1896Photo

Құрылтайда Конституциялық Соттың баяндамасын тыңдадық. Мемлекет басшысының бастамасымен қайта құрылған бұл институт нақты нәтиже беріп жатыр. 2023 жылдан бері оларға 18 мыңнан астам өтініш түсіп, 91 қаулы қабылданған. Оның 70 пайызы қазірдің өзінде іске асты. Ең бастысы - бұл шешімдердің адамдардың өміріне тигізген нақты әсері. Мысалы, енді азаматтың зейнетақы алу құқығын оның қай жерде тіркеуде тұрғанына қарап шектеуге болмайды. Жалақысын ала алмаған жұмыскерлердің де өз ақшасын өндіріп алуына жалпы үш жылдық мерзім берілуі мүмкін екені нақтыланды. Тағы бір мысал -баланың ата-анасымен араласу құқығы ақшаға тәуелді болмауы тиіс. Депутаттар ретінде біз де осы шешімдерді іске асырып, заңдарға тиісті түзетулер енгіздік. Баяндамада менің назарымды ерекше аударғаны - жасанды интеллект пен адам құқығы мәселесі. Сот өте дұрыс ұстаным айтты: егер алгоритмнің шешімі адамның құқығына әсер етсе, оған шағымдануға және оны тірі адамның қайта қарауына толық мүмкіндік болуы шарт. Технология қанша дамыса да, адам тағдырына қатысты жауапкершілікті машинаға іле салуға болмайды. Жасанды интеллект өмірді жеңілдетуі керек, бірақ құқықты шектейтін құралға айналмауы тиіс. Президент реформасының басты жемісі де осы - қазір қарапайым азаматтың бір ғана өтініші тұтас заңды қайта қарап, әділетсіз норманы өзгертуге негіз бола алады.

Open in Telegram
Views1,360+17%vs avg
Forwards—
Reactions8
Comments—
#1894Photo

Мықты мектептерімізді қолдау өте маңызды Комитеттегі әріптестермен бірге NIS мектебіне бардық. Мұғалімдермен әңгімелесіп, оқушылардың ғылыми жобаларын көрдік. Мектептің ақпараттық жүйелерімен, ұстаздардың жұмысын жеңілдететін цифрлық шешімдермен таныстық. Қазір елімізде білім саласына үлкен көңіл бөлініп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытқа ерекше қолдау көрсетіп келеді. Басты міндет - осы ауқымды инвестицияның нақты нәтижесін балаларымыздың білімі мен тәрбиесінен көру. Осы тұрғыдан алғанда, NIS - еліміздегі ең табысты білім беру жобаларының бірі. PISA-2025 халықаралық зерттеуінде оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. Халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері де көп. Мектепте тәрбиеге, баланың тұлға болып қалыптасуына, жауапкершілік пен адалдыққа ерекше мән беріледі. «Адал азамат» құндылықтарын оқу процесімен ұштастыру бағытында да жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Жалпы, қоғамда NIS туралы түрлі мифтер бар. Мысалы, «түлектерінің басым көпшілігі шетелге кетіп қалады» деген түсінік жиі айтылады. Алайда кездесуде түлектер қауымдастығының басшысы нақты деректер келтірді: 2025-2026 оқу жылындағы түлектердің 70,7%-ы Қазақстанның, ал 28,2%-ы шетелдің жоғары оқу орындарына түскен. Оның үстіне, шетелде білім алғандардың көбі елге оралып, осында еңбек етіп жүр. Қаржыландыруға қатысты да түрлі әңгімелер көп. Басшылықтың мәліметінше, мемлекеттік білім беру гранты бір оқушыны оқыту шығынының шамамен 70%-ын ғана өтейді. Қалған 30%-ы ақылы қызметтер, демеушілік және басқа да көздер есебінен жабылады. Оның үстіне, NIS - толық күндік мектеп. Тағы бір маңызды мәселе - мектеп түлектері. Бүгінге дейін бұл қабырғадан 26 мыңнан астам жас түлеп ұшқан. Олардың орташа жасы қазір небәрі 24-те екен. Демек, бұл мектептердің елімізге беретін негізгі нәтижесін біз алдағы жылдары көбірек сезінетін боламыз. Олар ғылымда, бизнесте, медицина мен инженерияда ел дамуына өз үлесін қосатыны анық. Ең бастысы, NIS тәжірибесі тек өз қабырғасымен шектелмейді. Педагогтердің біліктілігін арттыру, ауыл мектептеріне әдістемелік қолдау көрсету, заманауи оқыту тәсілдерін жалпы білім беру жүйесіне енгізу бағытында да едәуір жұмыс атқарылып жатыр. Елімізде NIS, БИЛ, РФМШ сияқты мықты білім ордаларының болғаны - біз үшін үлкен жетістік. Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мектептердің бар екенін мақтан тұтуымыз керек. Біз оларды барынша қолдап, озық тәжірибесін бүкіл білім беру жүйесінің игілігіне жаратуымыз қажет. Өйткені басты мақсатымыз - бірнеше мектептің ғана үздік болуы емес, еліміздегі әрбір баланың сапалы білім алуына тең жағдай жасау. Ал мықты мектептердің жетістігі ертең ауылдағы қарапайым мектептердің де дамуына тікелей ықпал етеді.

Open in Telegram
Views1,1600%vs avg
Forwards—
Reactions21
Comments—
#1892Photo

⚡️Мемлекет басшысы Үкімет пен бақылаушы органдарға сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды барынша азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды «Жоғары лауазымға ие болу – әрқашан және әрдайым жүктелетін жоғары жауапкершілікті дұрыс түсіну деген сөз. Қоғамымызда атқаратын лауазымына, сіңірген еңбегіне не болмаса тамыр-таныстарына, соның ішінде туыстық байланыстарына қарамастан, ешкім де заңнан аттап кете алмайды. Бұл – мен үшін мызғымайтын, яғни өзгермейтін ұстаным. Соңғы кезде біз кейбір келісімдер мен шарттарды қайта қарадық. Меніңше, оларға қол қою қате шешім болған. Бірақ биліктің кәсіпкерлерге кедергілер, тосқауылдар жасайтын ойы да, ниеті де жоқ. Керісінше, біз оларға әрдайым жан-жақты қолдау көрсетіп жатырмыз және алдағы уақытта да солай болады. Бәріңіз де білесіздер, мен келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын кәсіпкерлікті тексеруге арналған тағы бір үш жылдық мораторий жариялау туралы тапсырмамды бердім. Елімізде біртіндеп орнығып жатқан «Заң мен Тәртіп» құқықтық стратегиясының түпкі мәні де – осы: әділеттілік қағидатына және заң талаптарына сай көмекке мұқтаж адамдарға, сондай-ақ кәсіпорындарға қолдау көрсету. Жағдай қаншалықты күрделі болса да «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының аппараты мен мемлекеттік компаниялардың, соның ішінде «Қазақстан темір жолының» жұмысы тоқтап қалмайды, үздіксіз жүре береді. Мемлекеттік компанияларға қарасты барлық мекемелер қалыпты тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Жалпы, бұған ешқандай себеп те жоқ. Керісінше, жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан күрес инвесторлар мен несие берушілердің аталған институтқа деген сенімін арттырып, олардың мейлінше тиімді, ашық және жемісті жұмыс істеуіне мүмкіндік береді деп санаймын. Бас прокуратура жалпы сомасы 1,3 триллион теңгеден асатын заңсыз иемденген активтерді қайтарғанын еске саламын. Бұл қаражат 466 әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанның құрылысына жұмсалды. Қазіргі таңда 383 нысан, соның ішінде медициналық мекемелер, сумен жабдықтау желілері, мектептер, спорт кешендері салынып бітті. Жұмыс жалғаса береді. Қалыптасқан жағдайға қарағанда, нысандар қаншалықты сапалы салынғанын тексеруге себеп бар сияқты. Өйткені нысандардың, соның ішінде жолдардың сапасы талапқа сай болмайтын жағдай жиі кездеседі. Дегенмен осы оқиғаның өзі жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік компаниялардың ең осал тұсы, яғни, басты дерті екенін айқын көрсетіп отыр. Осы орайда, Үкімет пен бақылаушы органдар биыл 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды барынша азайту, квазимемлекеттік сектордағы компаниялар мен олардың қызметкерлерінің жұмыс сапасын айтарлықтай жақсарту жөнінде маған ұсыныс берсін». t.me/aqorda_resmi

Open in Telegram
Views1,460+26%vs avg
Forwards—
Reactions4
Comments—
#1891Photo

Жақында ғана репетиторлық орталықтар мен дайындық курстары туралы жазған едім. Бізде көпшілік бұл нарықтың қызуын көбіне ішкі себептермен байланыстырады - бәріне ҰБТ немесе іріктеуі қиын мықты мектептер мен университеттер кінәлі деп жатады. Бірақ бұл тек бізге ғана тән жағдай емес екен. The Economist журналының жаңа санында «Tiger mothers of the world, unite» деген қызық мақала шықты. Соған қарасақ, бітпейтін қосымша сабақтар мен баланың оқуына бастан-аяқ кірісіп кету әдеті тек Азияға тән құбылыс болудан қалған. Қазір бұл бүкіл әлемді, оның ішінде Батыс елдерін де жайлап алды. Бұрын репетитор іздеп шапқылау тек Оңтүстік Корея немесе Қытайға тән сияқты көрінетін. Кореяда шынымен де төрт оқушының үшеуі ақылы қосымшаға барады (тіпті жағдайы ең төмен отбасылардың өзінде мұндай балалар 57%, ал бес жасар бүлдіршіндердің арасында бестен төрті қатысады). Үндістан қалаларында отбасылардың үштен бірі репетитор жалдаса, Қытайда қосымша білімге кететін шығын дәл осы ең кедей аймақтарда қатты өсіп жатыр. Енді дәл осы жағдай Батыс елдерінде де қайталанып жатыр. Францияда әрбір үшінші жоғары сынып оқушысы жеке мұғаліммен дайындалады. Ұлыбританияда ақылы сабақ алатын қарапайым мемлекеттік мектеп оқушыларының үлесі 2005 жылғы 18%-дан қазір 30%-ға өскен, ал Лондонда тіпті 45%-ға жетіпті. АҚШ-та ата-аналар балаларын түрлі секциялар мен үйірмелерге тасу үшін ғана аптасына 15 сағат уақытын жұмсайды екен, ал отбасылардың бұған кететін шығыны инфляциядан екі есе жылдам өсіп барады. Яғни репетиторлар мен курстарға деген сұраныс - тек бізде ғана болып жатқан дүние емес. Бұған өзіміздің мықты мектептер немесе университеттер де «кінәлі» емес. Бұл - үлкен әлемдік процесс. Оның артында жаһандық бәсеке мен кез келген ата-ананың баласының болашағына деген заңды алаңдаушылығы тұр.

Open in Telegram
Views1,340+16%vs avg
Forwards—
Reactions14
Comments—
#1890Photo

Недавно писал про репетиторские центры и подготовительные курсы. У нас многие связывают рост этого рынка с внутренними причинами - мол, все дело в ЕНТ или в появлении сильных школ и вузов со сложным отбором. Но мы здесь совсем не уникальны. В свежем номере The Economist вышла интересная статья «Tiger mothers of the world, unite». Судя по статье бесконечные дополнительные занятия и «интенсивное родительство» давно перестали быть чисто азиатской историей и охватили весь мир, включая страны Запада.  Раньше казалось, что погоня за репетиторами - это что-то про Южную Корею или Китай. В Корее действительно трое из четырех школьников занимаются дополнительно за деньги (причем даже в самых бедных семьях таких детей 57%, а среди пятилетних малышей - вообще четверо из пяти). В городах Индии репетиторов нанимает уже почти треть семей, а в Китае расходы на дополнительное обучение быстрее всего растут именно в самых бедных регионах.  И вот теперь ровно то же самое происходит на Западе. Во Франции с частными преподавателями занимается каждый третий старшеклассник. В Великобритании доля учеников обычных государственных школ, которые берут платные уроки, выросла с 18% в 2005 году до 30 % сегодня, а в Лондоне дошла уже до 45 %. В Штатах родители тратят по 15 часов в неделю только на то, чтобы возить детей по секциям и кружкам, а расходы семей на эти вещи растут вдвое быстрее инфляции.  То есть спрос на репетиторов и курсы для детей- это не какая-то наша местная особенность и уж точно не «вина» сильных школ или вузов. Это общий мировой процесс, за которым стоят глобальная конкуренция и понятная тревога родителей за будущее своих детей. 

Open in Telegram
Views1,150−1%vs avg
Forwards—
Reactions10
Comments—
#1888Photo

Бүгін Мемлекет басшысы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында өте маңызды мәселелерді қозғады. Әсіресе, ғылым мен білім, терминология, жасанды интеллект және қазақ тілінің ұлттық цифрлық деректер қорын жасау туралы айтылған ойларға ерекше тоқталғым келеді. Өйткені бұлар - бір-бірімен тікелей байланысты дүниелер. Білім саласындағы бағыт айқын. Президент атап өткендей, биыл бірінші сыныпқа барған балалардың 71 пайызы қазақ мектебін таңдады. Яғни қазақ тілінде білім алуға деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Ендігі басты мәселе - осы сұранысты сапалы мазмұнмен толтыру. Қазақ тіліндегі пәндерді оқыту әдістемесі, ғылыми терминдердің бірізділігі, мұғалімдердің кәсіби деңгейі мен заманауи білім ресурстарының қолжетімді болуы қазір бірінші кезекке шығып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, Президенттің терминология мен орфографияны ретке келтіру туралы тапсырмасы өте орынды. Бұл тек тіл тазалығы емес, білім сапасына тікелей әсер ететін фактор. Ал жасанды интеллектінің қарқынды дамуы бұл жұмыстың маңызын тіпті арттырып жіберді. Бұрын сапасыз аударма немесе қате термин бір кітаптың ішінде ғана қалып қоятын еді. Қазір ондай қателер цифрлық жүйелер арқылы лезде таралып кетеді. Жасанды интеллектінің қазақ тілінде қаншалықты сауатты әрі сапалы жауап беретіні де оған жүктелген деректердің сапасына тікелей байланысты. Бұл мәселені көтеріп, 2024 жылы әріптесім Айдос Сарым екеуміз «Мәдениет туралы» заңға арнайы түзетулер енгізуге бастамашы болдық. Соның нәтижесінде Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры мен Ұлттық корпусын құрудың, сондай-ақ қазақ тілінің үлкен тілдік моделін (LLM) әзірлеудің заңнамалық негізі жасалды. Яғни заң бар. Ендігі міндет - соны сапалы әрі созбалаңға салмай жүзеге асыру. Оның үстіне жинақталған деректерді тек адам ғана емес, компьютерлік жүйелер де оңай оқып, өңдей алатын форматта жасау маңызды. Әйтпесе цифрланған мол мұрамыз жаңа технологиялардың кәдесіне жарамай, сөреде шаң басып қала береді. Сондай-ақ терминдердің ғылыми анықтамасы, халықаралық баламасы мен қолданылу мысалдары көрсетілген, үнемі жаңарып отыратын бірыңғай цифрлық жүйе ауадай қажет. Әлемде мұндай тәжірибе бар. Тағы бір маңызды жайт. Біз балаларымыздың бірнеше тіл білгенін қалаймыз. Бұл - сөзсіз үлкен артықшылық. Бірақ тек қазақ тілінде оқитын баланың сапалы ғылыми ақпарат алу мүмкіндігі басқа тілде оқитын құрдасынан кем болмауы керек. Ана тілінде оқып-ақ әлемдік ғылымды меңгеруге, күрделі технологияларды игеруге және жаңа білім қалыптастыруға толық мүмкіндік болуы қажет. Сондықтан қазақ тілінің дамуын тек сөйлейтін адам санымен немесе қазақша жазылған іс-қағаздардың үлесімен өлшеу жеткіліксіз. Қазақ тілінде қандай сапалы білім беріліп жатыр? Қандай ғылыми еңбектер мен заманауи оқулықтар жазылып жатыр? Қандай технологиялар мен жаңа өнімдер шығып жатыр? Жасанды интеллект қазақша қаншалықты еркін сөйлейді? Университеттердегі заманауи курстар мен цифрлық ресурстардың деңгейі қандай? Міне, нағыз көрсеткіш - осылар. Қысқасы, тілді дамытудың ең тиімді жолы - оны тек талап ету ғана емес, сол тілде сапалы білім алуға, табысты еңбек етуге және жаңалық ашуға мүмкіндік беретін орта қалыптастыру. Өйткені тілдің болашағы сол тілде адамның не жасай алатынына тікелей байланысты. Президенттің бүгінгі сөзінен түйген басты ойларымның бірі осы болды.

Open in Telegram
Views1,240+7%vs avg
Forwards—
Reactions23
Comments—
#1887Link preview

Жақсы жаңалық! Ұлттық статистика бюросы ресми деректермен жұмыс істеуге арналған AI TALDAU жасанды интеллект көмекшісін іске қосты. Біз мемлекеттік деректердің ашықтығы туралы жиі айтамыз. Бірақ ақпараттың ашық болуы оның бәріне бірдей қолжетімді екенін білдірмейді ғой. Маңызды мәліметтер сайттардағы мыңдаған күрделі кестенің ішінде жылдар бойы жатуы мүмкін. Оны іздеп тауып, талдау үшін арнайы білім мен бірнеше сағат/күн керек болса, көпшілік ондай ақпаратты қолдана да алмайды. Енді көкейіңіздегі сұрақты қарапайым тілмен қойсаңыз жеткілікті. Мысалы, соңғы бес жылда өңірлердегі жалақы қалай өзгерді? Жұмыспен қамту қай облыста өсіп жатыр? Денсаулық сақтау немесе демография бойынша өңірлердің айырмашылығы қандай? Жүйе қажетті сандарды өзі тауып, салыстырып, дайын график түрінде шығарып береді. Меніңше, бұл құрал әсіресе журналистерге үлкен көмек болады. Министрлердің айтқан мәліметтерін өздері тексеріп, өңірлердің көрсеткіштерін салыстырып, бірнеше жылғы динамиканы көре алады. Яғни, мемлекеттік органдардың ресми релиздеріндегі дайын цифрларға ғана қарап отырмайды. Ал бұл - қоғамдық бақылау мәселесі. Кез келген адам ресми статистиканы өзі ашып көріп, деректерді салыстыра алса, проблемаларды әдемі есептердің тасасына жасыру қиындай түседі. Студенттер мен зерттеушілерге де деректермен жұмыс істеу жеңілдейді. Кәсіпкерлер нарықты бағалау үшін қолдана алады. Тіпті қарапайым тұрғынға да өз қаласында, ауылында немесе облысында жағдай қалай өзгеріп жатқанын, көрші өңірлерден қандай айырмашылығы барын біліп отыру қызық қой. Енді әкімдіктер мен министрліктерге де релиз дайындағанда немесе сұхбат бергенде мұқият болуға тура келетін сияқты. Өйткені сұрақтар әлдеқайда нақты бола түседі. Неге көрші облыстың көрсеткіштері жақсы? Неге бізде соңғы бес жылда жағдай өзгермеген? Бөлінген қаржы қайда кетті, нәтижесі қайда? Әрине, жасанды интеллектінің өзіне қатысты да маңызды сұрақтар бар. Цифрларды қаншалықты дәл есептейді? Көрсеткіштерді дұрыс салыстыра ма? Бастапқы дереккөздерді көрсете ме? Мұның бәрін іс жүзінде көреміз. Әзірлеушілер пайдаланушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескереді деп сенемін. Қалай десек те, идеяның өзі өте жақсы. Бұрын арнайы білім мен ұзақ ізденісті талап ететін деректер енді бәріне түсінікті әрі қолжетімді болып жатыр. Демек, жағдайды өз бетінше талдап, орынды сұрақ қоюға мүмкіндік көбейеді. Өздеріңіз де пайдаланып көріңіздер: https://new-taldau.stat.gov.kz/iastaldaufront-2-1/home

Open in Telegram
Views1,190+3%vs avg
Forwards—
Reactions7
Comments—
#1886Link preview

Хорошая новость: Бюро нацстатистики запустило AI TALDAU- ИИ-помощника для работы с официальной статистикой. Мы много говорим об открытости государственных данных. Но ведь сама по себе открытость еще не означает их доступности. Важная информация может годами лежать на сайте в тысячах различных сложных таблиц. А когда для ее поиска и анализа нужны специальные навыки и часы работы, большинство людей ею просто не могут воспользоваться. Теперь же достаточно будет задать вопрос обычным языком. Например, как менялись зарплаты по регионам за последние пять лет, где растет занятость, как отличаются показатели здравоохранения или демографии. Система поможет найти цифры, сравнить их и построить графики. Думаю, особенно полезным этот инструмент будет для журналистов. Можно самостоятельно проверять заявления министров, сравнивать показатели разных областей, смотреть динамику за несколько лет. И уже не полагаться только на те цифры, которые госорганы предоставляют в своих пресс-релизах. А это уже вопрос общественного контроля. Когда любой человек может самостоятельно посмотреть статистику и сопоставить данные, скрывать проблемы за красивыми отчетами становится сложнее. Студентам и исследователям тоже будет проще работать с данными. Предприниматели смогут использовать их при оценке рынков. Да и обычному человеку интересно узнать, как меняется ситуация в его городе, ауле или области и чем она отличается от других регионов. Похоже, теперь и акиматам, и министерствам придется тщательнее готовить релизы или интервью. Ведь вопросы могут стать гораздо конкретнее. Почему в соседней области показатели лучше? Куда направлялись ресурсы и какой результат получили? Правда, есть и важный вопрос к самому ИИ. Насколько точно он работает с цифрами, правильно ли сравнивает показатели, показывает ли первоисточники? Надеюсь, все это можно будет проверить, а разработчики будут учитывать замечания пользователей. В любом случае сама идея очень крутая. Данные, которые раньше требовали специальных знаний и долгих поисков, становятся доступнее для всех. А значит, появляется больше возможностей самостоятельно анализировать происходящее и задавать обоснованные вопросы. Попробуйте сами: https://new-taldau.stat.gov.kz/iastaldaufront-2-1/home

Open in Telegram
Views1,110−4%vs avg
Forwards—
Reactions8
Comments—
#1885Text

Принять закон - еще не значит решить проблему. Довелось увидеть эту кухню с обеих сторон. Сначала в качестве министра, который подписывает приказы для реализации законов, а теперь как депутату, который инициирует законопроекты и видит, как эти нормы работают в жизни. Поэтому знаю, как порой по дороге от парламентского зала до конкретного исполнителя теряется изначальный смысл нормы. Пока законопроект обсуждается в парламенте, министерства приносят нам проекты подзаконных актов - те самые правила и приказы, по которым закон будет жить. Но вот закон принят, и начинается реальная практика. Приказы нередко выходят с опозданием. Их финальные тексты начинают существенно отличаться от тех проектов, что показывали депутатам. А иногда хорошая норма на местах выворачивается так, что дает совсем другой эффект. Поэтому решение Бюро Курултая, где мы рассмотрели правила депутатского мониторинга принятых законов, является важным шагом. Работа над законом не должна заканчиваться в момент голосования. Разумеется, здесь речь не идет о каких-то проверках. Мониторинг системный и постоянный, в том числе с помощью автоматизации и того же искусственного интеллекта. Мы здесь не изобретаем велосипед. В Великобритании министерства через несколько лет обязательно несут в парламентские комитеты отчет о том, как сработал закон. В Австралии отдельный комитет Сената изучает все приказы министерств и, если они расходятся с законом, может просто рекомендовать их изменить. В конечном счете, мерило нашей работы очень простое: важно не то, сколько законов мы приняли или взяли на карандаш, а сколько реальных проблем людей в итоге удалось решить.

Open in Telegram
Views1,290+11%vs avg
Forwards—
Reactions20
Comments—
#1882Text

В последнее время стараюсь включать на телефоне режим фокусировки и проверять сообщения раз в три часа. Уведомления от соцсетей и телеграм-каналов на часах и экране телефона тоже отключены. Заметил, насколько сильно постоянные сигналы из мессенджеров мешают сосредоточиться. А наша привычка создавать по каждому поводу отдельные рабочие чаты только усугубляет проблему. Через три часа открываешь телефон- сотни сообщений. Кажется, мы незаметно привыкли считать постоянную доступность признаком ответственности. Хотя быть все время на связи и эффективно работать - не одно и то же ведь. Стараюсь сейчас сам решать, когда заглядывать в телефон, а не реагировать на каждый сигнал. Но дело ведь не только в личных привычках. Мы и сами нередко ждем от других мгновенного ответа. Думаю, можно договориться о том, что если вопрос действительно срочный надо звонить. Если не срочный - вполне можно подождать и несколько часов. Мы научились уважать право человека на отдых. А вот его право спокойно и сосредоточенно работать пока не очень.

Open in Telegram
Views1,290+11%vs avg
Forwards—
Reactions48
Comments—
#1881Text

Соңғы кезде телефонымды «Зейін қою» режиміне қойып, хабарламаларды үш сағатта бір рет қана ашып көруге тырысып жүрмін. Сағат пен телефон экранына әлеуметтік желілер мен телеграм-арналардан шығатын ескертулер де өшірулі. Мессенджердің бітпейтін дыбысы адамның ойын бөліп, жұмысқа ден қоюға кәдімгідей кедергі екен. Оның үстіне бізде сәл бір шаруа шықса болды, жеке чат аша салатын әдет бар ғой. Ол да жағдайды қиындата түседі. Үш сағаттан соң телефонды ашып қалсаң - жүздеген хабарлама толып тұрады. Ішінде міндетті түрде реніш те, сұрақ та бар: неге бірден жауап бермейсіз? Байқасақ, үнемі байланыста болуды жауапкершіліктің белгісі деп санауға үйреніп кетіппіз. Бірақ күні бойы телефонға телміріп отыру мен тындырымды жұмыс істеу - екеуі екі бөлек нәрсе ғой. Әр дыбысқа елеңдей бермей, телефонға қашан қарайтыныңды өзің реттеуге көшу маңызды. Бірақ гәп тек өзімізде ғана емес сияқты. Шыны керек, кейде өзіміз де өзгелерден сол мезетте жауап күтеміз. Меніңше, өзара былай келісіп алуға болады: шаруа шынымен тығыз болса - қоңырау шалайық. Ал асығыс болмаса - бірнеше сағат күте тұруға әбден болады. Адамның демалу құқығын құрметтеуді үйрендік қой. Ал оның ешкімге алаңдамай, тыныш отырып жұмыс істеу құқығына келгенде әлі де аздау түсіп жатамыз. Ал сіздер толассыз келетін хабарламалармен қалай күресіп жүрсіздер?

Open in Telegram
Views1,290+11%vs avg
Forwards—
Reactions30
Comments—
#1876Photo

Депутат Курултая Асхат Аймагамбетов встретился со студентами и работниками образования О приоритетных направлениях развития страны, обозначенных в Послании Главы государства Касым-Жомарта Токаева «Актуальные задачи Казахстана в новом историческом цикле», говорили во время встречи, состоявшейся сегодня, 4 ноября, в стенах Карагандинского университета Казпотребсоюза. В мероприятии приняли участие председатель Комитета Курултая по социально-культурному развитию Асхат Аймагамбетов, вице-министр труда и социальной защиты населения РК Бахтияр Жазыкпаев, члены Қазақстан Халық Кеңесі Бекзат Алтынбеков и Айгерим Исбекова, председатель Ассоциации национальных видов спорта Карагандинской области Нуркен Кобжанов, государственный и общественный деятель Кудайберген Бексултанов. Кроме того, на встрече присутствовали представители сферы образования региона и студенческой молодежи. В своем выступлении Асхат Аймагамбетов выразил уверенность в том, что услышит от молодого поколения не только вопросы, но и предложения, касающиеся их личного видения будущего страны. Он отметил, что Послание Президента Касым-Жомарта Токаева определяет стратегические ориентиры нового исторического этапа развития Казахстана. И одной из самых сложных задач в этом плане является перестройка системы государственного управления. - Масштабные политические реформы последних лет, принятие новой Конституции и обновление системы государственного управления создали прочную институциональную основу для дальнейшего развития. Следующая ключевая задача - наполнить эти преобразования конкретными результатами, ощутимыми для каждого гражданина, - подчеркнул он. В свою очередь, вице-министр труда и социальной защиты населения РК Бахтияр Жазыкпаев указал на значимость концепции «народной цифровой экономики», которая должна обеспечить широкое внедрение цифровых решений и искусственного интеллекта, а также открыть новые возможности для занятости, предпринимательства и повышения доходов казахстанцев. Участники встречи акцентировали внимание на важности программы «Народная стройка», направленной на масштабное развитие и обновление инфраструктуры - строительство и ремонт дорог, модернизацию инженерных сетей, социальных и других объектов. При этом принципиальное значение имеет не только своевременная реализация этих проектов, но и обеспечение прозрачности расходования бюджетных средств, в том числе посредством общественного контроля. Спикеры констатировали, что эффективная реализация приоритетов Послания требует консолидации усилий государственных органов, экспертного сообщества и граждан. А в завершение встречи они ответили на заданные студентами вопросы. Помимо этого, в рамках рабочей поездки запланирована встреча с коллективом TOO «Maker» KLMZ

Open in Telegram
Views1,910+65%vs avg
Forwards—
Reactions12
Comments—