Астанада желтоқсанның ортасынан бастап автобустардағы жолақыны 110 теңгеден 150 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Tengrinews.kz елордада тариф өсуіне байланысты Алматыда да қоғамдық көліктегі жолақы өзгеріп-өзгермейтінін анықтап көрді. Қала әкімдігінің мәліметінше, тарифті көтеру мәселесі қазір қарастырылып жатқан жоқ. Қолданыстағы жеңілдіктер де сақталады.
Открыть в Telegram
Tengri.kz
Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы. Өзекті ақпарат - өз уақытында. 📲 Жарнама: +77003888188 (WhatsApp)
Средние просмотры поста по дням
По дню публикации
Показать таблицей
| Дата | Просмотров на пост |
|---|---|
| 23 нояб. 2026 г. | 940 |
| 24 нояб. 2026 г. | 869 |
| 25 нояб. 2026 г. | 770 |
| 26 нояб. 2026 г. | 350 |
Самые просматриваемые за месяц
- 01Просмотры959Пересылки—Реакции2Комментарии—
- 02Просмотры932Пересылки—Реакции4Комментарии—
- 03Просмотры928Пересылки—Реакции5Комментарии—
- 04Просмотры928Пересылки—Реакции3Комментарии—
Новые посты
Шымкенттегі дәмханада ер адам қызға шабуыл жасап, оған шыны стақан лақтырған. Зардап шеккен қыздың құрбысының айтуынша, көрші үстелде отырған ер адамдар қыздармен танысқысы келген. Олар бас тартқан соң, жігіттер қыздарды балағаттап, кейін біреуі әйелге стақан лақтырған. Салдарынан оның ерніне тігіс салуға тура келген. Полиция мәліметінше, оқиға 25 қарашада болған. Әйелдің беті мен қолы жарақаттанған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.
Открыть в TelegramБасты жаңалықтар қысқаша: - Қазақстанда ҰҚК мен ІІМ-нің жалған куәліктері сатылған. Атырау облысында тінту кезінде күдіктіден 800-ден аса жалған құжат табылды - Алты жыл, алты күн және бір кеш. Тоқаев пен Путиннің кездесуі қалай өтті? - Алматының Бостандық ауданындағы жеке үйде өрт шығып, бес адам қаза тапты, олардың бірі – кәмелетке толмаған бала. ⠀Өрт түнгі сағат 03:44-те басталып, 04:42-де толық сөндірілді. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. - Чемодан жиналды, бірақ ұша алмай қалдыңыз: қандай қарыз үшін елден шығармауы мүмкін? Анықтап көрдік
Открыть в Telegram25-26 қарашада Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге барады. Сапар барысында екі ел басшысы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ Тоқаев жасанды интеллектке арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.
Открыть в TelegramҚазақстанда энергетикалық сусынды өндіруге, әкелуге және сатуға толық тыйым салу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Мұндай бастаманы Құрылтай депутаты Мақсұт Насибулов көтерді. Құрылтай мүшесі кейінгі жылдары энергетикалық сусын тұтыну нарығының тұрақты бөлігіне айналғанын, жұмысқа қабілеттілік пен физикалық белсенділікті арттыруға көмектесетін өнім ретінде белсенді жарнамаланып жатқанын атап өтті.
Открыть в Telegram"Қазатомөнеркәсіптің" топ-менеджері жемқорлыққа күдікпен ұсталды ҰҚК 23 қарашада "Қазатомөнеркәсіптің" өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков пен өзге де адамдарды ұстағанын растады. Олар "Самұрық-Қазынаның" бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінген. Қазір аса ірі көлемде пара беруге қатысты тергеу жүріп жатыр. Осы оқиғадан кейін компанияның екі топ-менеджері - Қуаныш Омарбеков пен коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байғожиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Компания жұмысы штаттық режимде жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Открыть в TelegramАтыраудағы мұнай компаниясына экологиялық заңбұзушылық үшін 3 миллиард теңгеден аса айыппұл салынды. Сот орындаушылары жергілікті бюджетке 490 миллион теңгеден аса қаражатты өндіріп алып, аударды. “ЖАН и КС” компаниясы ұңғымаларды бұрғылау кезінде бұрғылау шламы мен пайдаланылған бұрғылау ерітіндісін заңсыз жинақтаған. Осы үшін кәсіпорын ӘҚБтК-нің 328-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компания айыппұлға сот тәртібімен шағымданбақ болды, алайда оның шағымдары қанағаттандырылмады. Қаулы заңды күшіне енді.
Открыть в TelegramТоқаев “Халықтық құрылыс” бағдарламасы бойынша қаражат жұмсалуына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссия құрамын бекітті. Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлердің және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді. Толығырақ біздің материалда
Открыть в TelegramАстана әуежайында "қаруым бар" деп әзілдеген 19 жастағы жолаушы 86 500 теңге айыппұл арқалады. Петропавл тұрғыны Астана–Дубай рейсіне тіркелу кезінде әуекомпания қызметкерінің қаруы бар-жоғын сұрағанына әзілдеп, "қаруым бар" деп жауап берген. Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Открыть в TelegramҚазақстанда үш микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды. Қаржы нарығын реттеу агенттігі мұндай шешімді заң талаптарын жүйелі түрде бұзғаны үшін 23 қарашада қабылдады. Лицензиядан айырылған компаниялар: - "ECKZ МҚҰ" ЖШС - "Taj Finance МҚҰ" ЖШС - "М Булак МҚҰ" ЖШС Енді бұл компаниялар жаңа микрокредиттер бере алмайды немесе өзге де микроқаржылық қызметпен айналыса алмайды. Енді бұл компаниялар жаңа микрокредиттер бере алмайды. Бірақ лицензиядан айыру қарыз алушыларды міндеттемелерінен босатпайды. Осы ұйымдарда қолданыстағы микрокредиттері бар азаматтар шарт талаптарын заңға сәйкес орындауды жалғастыруы тиіс.
Открыть в TelegramСвязи
Похожие каналы
JexeNews@jexenewsНовости и СМИ9,49 тыс.
FactCheck.kz@factcheckkzНовости и СМИ9,37 тыс.
Свидетель.kz@witness_kzНовости и СМИ10,1 тыс.
УРАЛЬСК 404 | ЗКО Новости@uralsk404Новости и СМИ8,91 тыс.
eKaraganda.kz@ekarkzНовости и СМИ10,6 тыс.
Azattyq - Азаттық@azattyqНовости и СМИ10,6 тыс.
Общественная безопасность Казахстан🇰🇿@nordkazakh89Новости и СМИ10,7 тыс.
Новости КТК@ktknewsНовости и СМИ11,7 тыс.