Кабинет
Azattyq - Азаттық

Azattyq - Азаттық

Подтверждён

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Юзернейм
@azattyq
Категория
Новости и СМИ
Страна
КазахстанКазахстан
Подписчики10 647
Просмотров на пост, 7 дн.871за 7 дней
ERR8,18 %за 7 дней

Средние просмотры поста по дням

По дню публикации

Показать таблицей
ДатаПросмотров на пост
25 нояб. 2026 г.1 103
26 нояб. 2026 г.439

Самые просматриваемые за месяц

  1. 01

    🤩 Құрылтай депутаты елде энергетикалық сусындарға тыйым салуды қарастыруды ұсынды Сәрсенбі күні Құрылтай отырысында үкімет жетекшісіне жолдаған депутаттық сауалында ЖСДП фракциясының мүшесі Мақсұт Нәсібулов.елде энергетикалық сусындарға қатаң шектеу енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. "Энергетикалық сусындар айналымын мемлекеттік заңнамалық реттеудің халықаралық тәжірибесін зерделеп, соның негізінде Қазақстанда бұл мәселені реттеудің жаңа заңнамалық шараларын, тіпті ел аумағында энергетиктерді өндіруге, әкелуге және сатуға толық тыйым салуға дейінгі шараларды ұсыну қажет", – деді депутат. Ол тұтынушының жас ерекшелігіне байланысты шектеу енгізілгеніне қарамастан елде сатылатын энергетикалық сусындар көлемі артып отырғанын айтты. Депутат келтірген деректер бойынша, 2023 жылы елде 215 миллион литр энергетик сатылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 355 миллион литрге жетіп, екі жыл ішіндегі өсім 65 пайыз болған. "Ал Statista халықаралық компаниясы сарапшылары 2025 жылы Қазақстандағы энергетиктер нарығының қаржылай көлемі 93 миллион долларға жеткенін айтады", – деді ол. Қазақстанда 2025 жылдан бастап 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынған. Ал биылғы жыл басынан бұл өнімдерге акциз енгізілген.

    Текст
    Просмотры3,51 тыс.
    Пересылки—
    Реакции34
    Комментарии—
  2. 02

    🇺🇸 АҚШ конгрессмендері Трампты Путинді саммитке шақырудан бас тартуға үндеді АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының екі партиядан сайланған 20 мүшесі президент Дональд Трампқа Ресей президенті Владимир Путинді желтоқсанда Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырудан бас тартуға үндеп хат жолдады. Олар Путинді саммитке шақырмауға себеп ретінде Украинадағы соғысты, сондай-ақ Иран 12 америкалық сарбазды жаралаған шабуылына Ресей берген барлау деректерін пайдаланған болуы мүмкін деген хабарларды алға тартқан. "Қазір әділетсіз соғысты тоқтату мәселесін талқылауды қоспағанда, мейлі G20 саммиті аясында болсын, мейлі кез келген басқа алаңда болсын, Ресеймен экономикалық ынтымақтастық орнататын немесе пікірталас өткізетін уақыт емес. Біз Ресейдің америкалық әскери қызметшілер де, Украина халқы да зардабын тартып отырған сұмдық әрекеттері үшін жауап беруіне қол жеткізуге әрекет жасауды одан әрі жалғастыруымыз керек", – деп жазған конгрессмендер Трампқа хатында. Биыл қыркүйекте АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио президент Трамп Путинге биыл желтоқсанда Майамиде өтетін G20 қатысуға шақырту жібергенін хабарлаған.

    Фото
    Просмотры994
    Пересылки—
    Реакции45
    Комментарии—
  3. 03

    🏔️ BBC Travel Алматыны 2027 жылы саяхаттауға тұрарлық 20 үздік жердің тізіміне қосты Британдық BBC Travel басылымы Қазақстанның ең ірі қаласы Алматыны "2027 жылы саяхаттауға тұрарлық ең үздік 20 орын" (The 20 best places to travel in 2027) тізіміне енгізді. Алматыны қар басқан таңғажайып табиғат аясындағы өркендеген өнер сахнасы бар қала деп сипаттаған басылым Тянь-Шань тауларының бөктерінде орналасқан Алматы бұған дейін Ұлы Жібек жолы бойындағы Бұхара мен Самарқанның тасасында, саяхатшылар назарынан тыс қалып келгенін айтады. Әйткенмен Еуропа мен Азияның тоғысындағы бұл қала алуан түрлі ас-дәмімен, өнерімен және дизайнымен кейінгі кезде туристердің назарын тартып, халықаралық деңгейде танылып отыр деп жазады. Басылым Алматыдағы Орталық Азиядағы ірі заманауи өнер музейлерінің бірі Almaty Museum of Arts, сәулетші Асиф Ханның жобасы бойынша жаңартылған "Целинный" мәдениет орталығы мен қазақтың дәстүрлі қолөнерін жаңғыртқан жергілікті шеберлердің қолынан шыққан туындылар, The Spirit of Tengri сынды халықаралық заманауи этностық музыка фестивалі туралы да жазған. BBC Travel биыл жариялаған тізімге Орталық Азиядан жалғыз Алматы ғана кірген.

    Фото
    Просмотры931
    Пересылки—
    Реакции32
    Комментарии—
  4. 04

    💪 Полиция Тараздағы совет ескерткішін бұзу ісі бойынша оқушы балаларды ұстаған Жамбыл облысының полиция департаменті мемориалдық ескерткішті қиратып, Ресейдің наразылығын тудырған оқиғаға күдіктілер ұсталғанын хабарлады. Күштік құрылымдар совет жауынгерлері зиратындағы мемориалды Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 7-сыныпта оқитын үш бала қиратқан болуы мүмкін дейді. Департамент ақпаратында кәмелетке толмағандар профилактикалық есепке алынып, олардың ата-аналары бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін жауапқа тартылғаны жазылған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майданда алған жарақаттан госпитальде қайтыс болған Қызыл армия жауынгерлерінің зиратындағы ескерткіш Ресейдің қаражатына қалпына келтіріліп, 15 қазанда Таразда салтанатты түрде ашылған. Алайда бір айдан кейін, 18 қарашада монумент түгел дерлік қиратылғаны белгілі болды. Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы Қазақстан сыртқы істер министрлігіне жолдаған дипломатиялық нотада кінәлілерді анықтап, жазалауды талап еткен. Жергілікті билік мемориал қалпына келтіріліп, күзетке алынғанын хабарлады.

    Фото
    Просмотры944
    Пересылки—
    Реакции36
    Комментарии—

Новые посты

#36223Превью ссылки
Просмотры252−71%к среднему
Пересылки—
Реакции4
Комментарии—
#36222Фото

🇰🇿🇷🇺 Тоқаев Путинді Шэньчжэньдегі саммитке қатысуымен құттықтады Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қарашада Кремльдегі кездесу кезінде Ресей президенті Владимир Путинді жақында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында сол елдің басшысы Си Цзиньпинмен және АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуімен құттықтады. Ақорданың баспасөз қызметі Тоқаев Ресейдің қазіргі күрделі кезеңде "ұлы держава" ретінде алдыңғы қатарға шыққанын айтты деп хабарлады. "Сізді жуырда Қытайға жасаған сапарыңыздың табысты болуымен, сондай-ақ Шэньчжэнь қаласында өткен саммитке қатысуыңызбен құттықтаймын. Әрине, "үштіктің" отырысын қарап отырып, тарихтың осы бір күрделі кезеңінде, геосаяси ахуал шиеленісіп, тұрақсыздық белең алған сәтте Ресейдің ұлы держава ретінде алдыңғы қатарға шыққанына қуандым. Бұл, әрине, Владимир Владимирович, Ресей Президенті ретінде Сіздің зор еңбегіңіздің арқасы. Осы жайтқа шынайы қуандым. Ресей – ұлы ел. Мазмұны мен мәні тұрғысынан өте оңтайлы декларация қабылданды. Қазіргі әлемде бұдан зорын күту орынсыз болар еді", – деген Тоқаев. 19 қарашада Трамп, Си Цзиньпин мен Путин Шэньчжэньдегі Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында кездескен. Оның қорытындысы бойынша қандай да бір маңызды келісім я өзге құжатқа қол қойылған жоқ. Тоқаев Мәскеуге екі күндік жұмыс сапарымен сәрсенбіде барған. Ақорданың хабарлауынша, Путин екеуі бейсенбіде AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.

Открыть в Telegram
Просмотры309−65%к среднему
Пересылки—
Реакции14
Комментарии—
#36221Превью ссылки
Просмотры469−46%к среднему
Пересылки—
Реакции9
Комментарии—
#36220Фото
Просмотры519−40%к среднему
Пересылки—
Реакции23
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч54
3 ч519
  1. Всего сейчас519
#36219Фото
Просмотры649−25%к среднему
Пересылки—
Реакции18
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
2 ч408
5 ч649
  1. Через 6 часов649
  2. Всего сейчас649
#36218Фото

🔝 АҚШ миллиардері Тодд Боэли "Лукойлдың" шетелдік активтерін сатып алмақ Америкалық миллиардер Тодд Боэли ресейлік "Лукойл" мұнай компаниясының шетелдік активтерін сатып алу жөнінде келісімге қол қойғанын мәлімдеді. Reuters активтерді Боэлимен бірге АҚШ-тың Халықаралық дамуды қаржыландыру корпорациясы (DFC) кіретін консорциум сатып алады деп жазды. Дональд Трамптың алғашқы президенттік мерзімі (2016-2020) кезінде құрылған бұл корпорация АҚШ үкіметінің бақылауында. Онымен бірге консорциум құрамына америкалық Xtellus Partners банкі мен Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан Catena Investment Holding компаниясы енген. Боэли мен DFC өкілдері келісім аясында "Лукойлдың" құны 10 миллиард доллар болатын бағалы қағаздары компанияның шетелдік активтеріне айырбасталатынын айтқан. Қазақстан, Өзбекстан, Ирак, Мексика, Гана, Мысыр және Нигериядағы мұнай кен орындарында үлесі бар "Лукойл" компаниясы Еуропадағы үш мұнай өңдеу зауытына, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша, соның ішінде АҚШ-тағы жүздеген жанармай құю станцияларына иелік етеді.

Открыть в Telegram
Просмотры659−24%к среднему
Пересылки—
Реакции14
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
2 ч445
5 ч659
  1. Через 6 часов659
  2. Всего сейчас659
#36217Фото
Просмотры644−26%к среднему
Пересылки—
Реакции19
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
3 ч471
6 ч644
  1. Через 6 часов644
  2. Всего сейчас644
#36216Фото

🛃 АҚШ Қытай мен өзге де сауда серіктестерінің тауарларына жаңа баж енгізбек АҚШ әкімшілігі Қытай мен Еуропа Одағын қоса алғанда, бірқатар ірі сауда серіктестерінің тауарларына жаңа импорт бажын енгізуді жоспарлап отыр. Бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты Трамп енгізген тарифтердің басым бөлігін заңсыз деп таныған еді. Ең жоғары баж – 20 пайыздық алым Қытайдан әкелінетін тауарларға салынбақ. Егер Пекин Вашингтонмен жасалған сауда бітімінің шарттарын орындамаса, АҚШ баж мөлшерін 40 пайызға дейін көтеруі мүмкін екенін аңғартқан деп жазды The New York Times. Еуропа Одағы үшін 15 пайыздық баж салу қарастырылған. Алайда қол қойылған сауда келісімдері сақталмаса, бұл көрсеткіш 20 пайызға дейін өсуі ықтимал. Дәл сондай бажды АҚШ-тың өзге де сауда серіктестеріне, соның ішінде Камбоджа, Үндістан, Оңтүстік Корея, Тайвань және Вьетнамға енгізу ұсынылды. Жаңа тарифтер АҚШ Сауда өкілі басқармасы жүргізген тергеу қорытындысы бойынша енгізілмек. Тергеу шетел үкіметтері субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер арқылы артық өндірісті ынталандыра ма, жоқ па – соны анықтау мақсатымен жүргізілген. АҚШ әкімшілігі ондай демеп-қолдау шетелдік компанияларға өнімді көбірек өндіріп, оны жасанды түрде арзандатылған бағамен сатуға мүмкіндік береді, сөйтіп америкалық бәсекелестерінің нарықтағы жағдайын әлсіретеді деп санайды.

Открыть в Telegram
Просмотры674−23%к среднему
Пересылки—
Реакции10
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
3 ч521
6 ч674
  1. Через 6 часов674
  2. Всего сейчас674
#36215Фото

☄️ Украинада ресейлік реактивті дронды алғаш рет лазермен атып жойған Украина президентінің кеңесшісі Сергей "Флеш" Бескрестнов Carmine Sky компаниясының Blysk атты әуе шабуылынан қорғануға арналған лазерлік қондырғысы алғаш рет соғыс жағдайында сәтті қолданылғанын хабарлады. "Жақында маңызды инфрақұрылым нысанын қорғауға қойылған жауынгерлік лазер әлемде алғаш рет "Герань" реактивті дронын атып түсірді... Лазерді жаппай өндіру туралы айтуға әлі ерте. Сынақтар жалғасып жатыр, оның барысында лазерлер маңызды инфрақұрылым нысандарын қорғайды", – деп жазған Бескрестнов атып түсірілген дронның видеосын жариялады. Ресей Украинаның қалалары мен инфрақұрылымына шабуылдау үшін қолданатын арзан әрі жаппай өндірілетін қару – реактивті дрондарға төтеп беру қыс қарсаңында Украина әскерінің басты міндеттерінің біріне айналды. Қазір реактивті дрондардың жолына тосқауыл болатын дрондар да жасалып жатыр. Украина президенті кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов мұндай дрондар дайын екенін және "прототиптерден алғашқы сериялық үлгілерін өндіру кезеңінде" екенін айтты.

Открыть в Telegram
Просмотры704−19%к среднему
Пересылки—
Реакции35
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
4 ч571
7 ч704
  1. Через 6 часов704
  2. Всего сейчас704
#36214Текст
Просмотры730−16%к среднему
Пересылки—
Реакции12
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
5 ч605
8 ч730
  1. Через 6 часов605
  2. Всего сейчас730

Все посты

Связи