Кабинет

Посты канала Azattyq - Азаттық

сначала новые

#36223Превью ссылки
Просмотры252−71%к среднему
Пересылки—
Реакции4
Комментарии—
#36222Фото

🇰🇿🇷🇺 Тоқаев Путинді Шэньчжэньдегі саммитке қатысуымен құттықтады Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қарашада Кремльдегі кездесу кезінде Ресей президенті Владимир Путинді жақында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында сол елдің басшысы Си Цзиньпинмен және АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуімен құттықтады. Ақорданың баспасөз қызметі Тоқаев Ресейдің қазіргі күрделі кезеңде "ұлы держава" ретінде алдыңғы қатарға шыққанын айтты деп хабарлады. "Сізді жуырда Қытайға жасаған сапарыңыздың табысты болуымен, сондай-ақ Шэньчжэнь қаласында өткен саммитке қатысуыңызбен құттықтаймын. Әрине, "үштіктің" отырысын қарап отырып, тарихтың осы бір күрделі кезеңінде, геосаяси ахуал шиеленісіп, тұрақсыздық белең алған сәтте Ресейдің ұлы держава ретінде алдыңғы қатарға шыққанына қуандым. Бұл, әрине, Владимир Владимирович, Ресей Президенті ретінде Сіздің зор еңбегіңіздің арқасы. Осы жайтқа шынайы қуандым. Ресей – ұлы ел. Мазмұны мен мәні тұрғысынан өте оңтайлы декларация қабылданды. Қазіргі әлемде бұдан зорын күту орынсыз болар еді", – деген Тоқаев. 19 қарашада Трамп, Си Цзиньпин мен Путин Шэньчжэньдегі Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында кездескен. Оның қорытындысы бойынша қандай да бір маңызды келісім я өзге құжатқа қол қойылған жоқ. Тоқаев Мәскеуге екі күндік жұмыс сапарымен сәрсенбіде барған. Ақорданың хабарлауынша, Путин екеуі бейсенбіде AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.

Открыть в Telegram
Просмотры309−65%к среднему
Пересылки—
Реакции14
Комментарии—
#36221Превью ссылки
Просмотры469−46%к среднему
Пересылки—
Реакции9
Комментарии—
#36220Фото
Просмотры519−40%к среднему
Пересылки—
Реакции23
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч54
3 ч519
  1. Всего сейчас519
#36219Фото
Просмотры649−25%к среднему
Пересылки—
Реакции18
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
2 ч408
5 ч649
  1. Через 6 часов649
  2. Всего сейчас649
#36218Фото

🔝 АҚШ миллиардері Тодд Боэли "Лукойлдың" шетелдік активтерін сатып алмақ Америкалық миллиардер Тодд Боэли ресейлік "Лукойл" мұнай компаниясының шетелдік активтерін сатып алу жөнінде келісімге қол қойғанын мәлімдеді. Reuters активтерді Боэлимен бірге АҚШ-тың Халықаралық дамуды қаржыландыру корпорациясы (DFC) кіретін консорциум сатып алады деп жазды. Дональд Трамптың алғашқы президенттік мерзімі (2016-2020) кезінде құрылған бұл корпорация АҚШ үкіметінің бақылауында. Онымен бірге консорциум құрамына америкалық Xtellus Partners банкі мен Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан Catena Investment Holding компаниясы енген. Боэли мен DFC өкілдері келісім аясында "Лукойлдың" құны 10 миллиард доллар болатын бағалы қағаздары компанияның шетелдік активтеріне айырбасталатынын айтқан. Қазақстан, Өзбекстан, Ирак, Мексика, Гана, Мысыр және Нигериядағы мұнай кен орындарында үлесі бар "Лукойл" компаниясы Еуропадағы үш мұнай өңдеу зауытына, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша, соның ішінде АҚШ-тағы жүздеген жанармай құю станцияларына иелік етеді.

Открыть в Telegram
Просмотры659−24%к среднему
Пересылки—
Реакции14
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
2 ч445
5 ч659
  1. Через 6 часов659
  2. Всего сейчас659
#36217Фото
Просмотры644−26%к среднему
Пересылки—
Реакции19
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
3 ч471
6 ч644
  1. Через 6 часов644
  2. Всего сейчас644
#36216Фото

🛃 АҚШ Қытай мен өзге де сауда серіктестерінің тауарларына жаңа баж енгізбек АҚШ әкімшілігі Қытай мен Еуропа Одағын қоса алғанда, бірқатар ірі сауда серіктестерінің тауарларына жаңа импорт бажын енгізуді жоспарлап отыр. Бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты Трамп енгізген тарифтердің басым бөлігін заңсыз деп таныған еді. Ең жоғары баж – 20 пайыздық алым Қытайдан әкелінетін тауарларға салынбақ. Егер Пекин Вашингтонмен жасалған сауда бітімінің шарттарын орындамаса, АҚШ баж мөлшерін 40 пайызға дейін көтеруі мүмкін екенін аңғартқан деп жазды The New York Times. Еуропа Одағы үшін 15 пайыздық баж салу қарастырылған. Алайда қол қойылған сауда келісімдері сақталмаса, бұл көрсеткіш 20 пайызға дейін өсуі ықтимал. Дәл сондай бажды АҚШ-тың өзге де сауда серіктестеріне, соның ішінде Камбоджа, Үндістан, Оңтүстік Корея, Тайвань және Вьетнамға енгізу ұсынылды. Жаңа тарифтер АҚШ Сауда өкілі басқармасы жүргізген тергеу қорытындысы бойынша енгізілмек. Тергеу шетел үкіметтері субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер арқылы артық өндірісті ынталандыра ма, жоқ па – соны анықтау мақсатымен жүргізілген. АҚШ әкімшілігі ондай демеп-қолдау шетелдік компанияларға өнімді көбірек өндіріп, оны жасанды түрде арзандатылған бағамен сатуға мүмкіндік береді, сөйтіп америкалық бәсекелестерінің нарықтағы жағдайын әлсіретеді деп санайды.

Открыть в Telegram
Просмотры674−23%к среднему
Пересылки—
Реакции10
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
3 ч521
6 ч674
  1. Через 6 часов674
  2. Всего сейчас674
#36215Фото

☄️ Украинада ресейлік реактивті дронды алғаш рет лазермен атып жойған Украина президентінің кеңесшісі Сергей "Флеш" Бескрестнов Carmine Sky компаниясының Blysk атты әуе шабуылынан қорғануға арналған лазерлік қондырғысы алғаш рет соғыс жағдайында сәтті қолданылғанын хабарлады. "Жақында маңызды инфрақұрылым нысанын қорғауға қойылған жауынгерлік лазер әлемде алғаш рет "Герань" реактивті дронын атып түсірді... Лазерді жаппай өндіру туралы айтуға әлі ерте. Сынақтар жалғасып жатыр, оның барысында лазерлер маңызды инфрақұрылым нысандарын қорғайды", – деп жазған Бескрестнов атып түсірілген дронның видеосын жариялады. Ресей Украинаның қалалары мен инфрақұрылымына шабуылдау үшін қолданатын арзан әрі жаппай өндірілетін қару – реактивті дрондарға төтеп беру қыс қарсаңында Украина әскерінің басты міндеттерінің біріне айналды. Қазір реактивті дрондардың жолына тосқауыл болатын дрондар да жасалып жатыр. Украина президенті кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов мұндай дрондар дайын екенін және "прототиптерден алғашқы сериялық үлгілерін өндіру кезеңінде" екенін айтты.

Открыть в Telegram
Просмотры704−19%к среднему
Пересылки—
Реакции35
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
4 ч571
7 ч704
  1. Через 6 часов704
  2. Всего сейчас704
#36214Текст
Просмотры730−16%к среднему
Пересылки—
Реакции12
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
5 ч605
8 ч730
  1. Через 6 часов605
  2. Всего сейчас730
#36213Фото

Тоқаев Мәскеуге барды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды. Ақорданың хабарлауынша, оны әуежайда Ресей үкіметінің ресми өкілдері қарсы алған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін кеште Кремльде жеке кездеседі. Президенттер бірге ас ішеді. Екі президент бейсенбіде AI Journey 2026 халықаралық конференциясында тағы бас қосады деді Песков. Ақорданың баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, екі ел басшылары Мәскеуде "Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту"мәселесін талқылайды. Тоқаев жасанды интеллектіге арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады. Оны жыл сайын Ресейдің "Сбербанкі"ұйымдастырады. Украинадағы соғыс басталғаннан кейін АҚШ қаржы министрлігі бұл банкке санкция салған. Путин Ресейдің ЖИ саласындағы "егемендігі"туралы көп айтады. Ал Қазақстан АҚШ-тың Pax Silica бастамасына және Қытай бастаған WAICO ұйымдарына қосылған.

Открыть в Telegram
Просмотры854−2%к среднему
Пересылки—
Реакции65
Комментарии—
#36212Фото

🏔️ BBC Travel Алматыны 2027 жылы саяхаттауға тұрарлық 20 үздік жердің тізіміне қосты Британдық BBC Travel басылымы Қазақстанның ең ірі қаласы Алматыны "2027 жылы саяхаттауға тұрарлық ең үздік 20 орын" (The 20 best places to travel in 2027) тізіміне енгізді. Алматыны қар басқан таңғажайып табиғат аясындағы өркендеген өнер сахнасы бар қала деп сипаттаған басылым Тянь-Шань тауларының бөктерінде орналасқан Алматы бұған дейін Ұлы Жібек жолы бойындағы Бұхара мен Самарқанның тасасында, саяхатшылар назарынан тыс қалып келгенін айтады. Әйткенмен Еуропа мен Азияның тоғысындағы бұл қала алуан түрлі ас-дәмімен, өнерімен және дизайнымен кейінгі кезде туристердің назарын тартып, халықаралық деңгейде танылып отыр деп жазады. Басылым Алматыдағы Орталық Азиядағы ірі заманауи өнер музейлерінің бірі Almaty Museum of Arts, сәулетші Асиф Ханның жобасы бойынша жаңартылған "Целинный" мәдениет орталығы мен қазақтың дәстүрлі қолөнерін жаңғыртқан жергілікті шеберлердің қолынан шыққан туындылар, The Spirit of Tengri сынды халықаралық заманауи этностық музыка фестивалі туралы да жазған. BBC Travel биыл жариялаған тізімге Орталық Азиядан жалғыз Алматы ғана кірген.

Открыть в Telegram
Просмотры931+7%к среднему
Пересылки—
Реакции32
Комментарии—
#36211Текст

🤩 Құрылтай депутаты елде энергетикалық сусындарға тыйым салуды қарастыруды ұсынды Сәрсенбі күні Құрылтай отырысында үкімет жетекшісіне жолдаған депутаттық сауалында ЖСДП фракциясының мүшесі Мақсұт Нәсібулов.елде энергетикалық сусындарға қатаң шектеу енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. "Энергетикалық сусындар айналымын мемлекеттік заңнамалық реттеудің халықаралық тәжірибесін зерделеп, соның негізінде Қазақстанда бұл мәселені реттеудің жаңа заңнамалық шараларын, тіпті ел аумағында энергетиктерді өндіруге, әкелуге және сатуға толық тыйым салуға дейінгі шараларды ұсыну қажет", – деді депутат. Ол тұтынушының жас ерекшелігіне байланысты шектеу енгізілгеніне қарамастан елде сатылатын энергетикалық сусындар көлемі артып отырғанын айтты. Депутат келтірген деректер бойынша, 2023 жылы елде 215 миллион литр энергетик сатылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 355 миллион литрге жетіп, екі жыл ішіндегі өсім 65 пайыз болған. "Ал Statista халықаралық компаниясы сарапшылары 2025 жылы Қазақстандағы энергетиктер нарығының қаржылай көлемі 93 миллион долларға жеткенін айтады", – деді ол. Қазақстанда 2025 жылдан бастап 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынған. Ал биылғы жыл басынан бұл өнімдерге акциз енгізілген.

Открыть в Telegram
Просмотры3 510+303%к среднему
Пересылки—
Реакции34
Комментарии—
#36210Фото

💪 Полиция Тараздағы совет ескерткішін бұзу ісі бойынша оқушы балаларды ұстаған Жамбыл облысының полиция департаменті мемориалдық ескерткішті қиратып, Ресейдің наразылығын тудырған оқиғаға күдіктілер ұсталғанын хабарлады. Күштік құрылымдар совет жауынгерлері зиратындағы мемориалды Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 7-сыныпта оқитын үш бала қиратқан болуы мүмкін дейді. Департамент ақпаратында кәмелетке толмағандар профилактикалық есепке алынып, олардың ата-аналары бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін жауапқа тартылғаны жазылған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майданда алған жарақаттан госпитальде қайтыс болған Қызыл армия жауынгерлерінің зиратындағы ескерткіш Ресейдің қаражатына қалпына келтіріліп, 15 қазанда Таразда салтанатты түрде ашылған. Алайда бір айдан кейін, 18 қарашада монумент түгел дерлік қиратылғаны белгілі болды. Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы Қазақстан сыртқы істер министрлігіне жолдаған дипломатиялық нотада кінәлілерді анықтап, жазалауды талап еткен. Жергілікті билік мемориал қалпына келтіріліп, күзетке алынғанын хабарлады.

Открыть в Telegram
Просмотры944+8%к среднему
Пересылки—
Реакции36
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
21 ч918
24 ч944
  1. Через 24 часа944
  2. Всего сейчас944
#36209Фото

🔴 Құқық қорғаушылар Қазақстан Мансур Мовлаевты Ресейге беруге шақ тұр дейді Қазақстан 2025 жылдың мамыр айынан бері Алматыда экстрадициялық қамауда отырған шешен белсендісі Мансур Мовлаевты Ресейге беруге дайындалып жатыр. Мұны Кремльдің Украинаға ашқан басқыншылық соғысына және жүргізіп отырған саясатына қарсы тұру үшін құрылған "Ресейдің соғысқа қарсы комитеті" бірлестігі хабарлады. Өз қызметінде құқық қорғаумен де айналысатын қордың мәліметінше, 24 қарашада "Мансур Мовлаевқа сәлемдеме беру үшін тергеу абақтысына барған адамға белсендіні Петропавлға этаппен жөнелткелі жатқанын, ол жақта оны Ресейге беретінін айтқан". Мовлаевтың адвокаты Елена Жигалёнок бұған дейін БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің талаптарын сақтау және Мовлаевты кепілмен экстрадициялық қамаудан босату жайлы Бас прокуратураға сауал жолдаған. "Оған апарған сәлемдемені ол этаппен Петропавлға кетті деп қабылдамай қойған. Бірақ олай емес екен. Мән-жайды анықтауға барғанда оның этаппен жөнелтілетіндер тізіміне енгізілгенін естіген. Әзірге әкеткен жоқ", – деді адвокат Азаттық Азияға. Жигалёноктың сөзінше, қазір Мовлаев Алматыдағы тергеу изоляторында отыр. "Біз Бас прокурордың орынбасары Жұмағалидың Мансурды беру туралы қаулысына шағымдану жөніндегі іс жүргізуді қайта бастауды сұрап Жоғарғы сотқа өтініш жаздық. Әлі жауап берген жоқ. Алайда Бас прокуратурадағылар өтінішті қайта қарамайтынын, бұған дейін Жоғарғы сот [Мовлаевты Ресейге] беру туралы қаулының заңды екені жөнінде шешім қабылдап қойғанын айтты", – деп хабарлады Жигалёнок. Азаттық Азия Мансур Мовлаевтың жағдайы бойынша Бас прокуратураға ресми сауал жолдағанын, әзірге жауап алмағанын жазды.

Открыть в Telegram
Просмотры902+4%к среднему
Пересылки—
Реакции23
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
22 ч878
25 ч902
  1. Через 24 часа902
  2. Всего сейчас902
#36208Фото

🔺 "Қазатомөнеркәсіп": Омарбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы өзінің директорлар кеңесінің 24 қарашадағы шешімімен басқарма мүшелері – коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байғожин мен өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Омарбековтің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлады. "Олардың функционалдық міндеттері міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу жөніндегі ішкі рәсімдерге сәйкес компания басшылығының ішінде қайта бөлінді. Компания өндірістік және коммерциялық персоналдың толық құрамда жұмысын жалғастырып, ағымдағы шаруашылық қызметі штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр", – деген компания жаиялаған ақпаратта. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы құрылымында 12 жылдан бері жұмыс істеп келген Қуаныш Омарбеков 2023 жылдың маусым айынан компанияның өндіріс жөніндегі бас директоры, 2023 жылдың маусым айынан – басқарма мүшесі болды. Ол 2023 жылдың желтоқсанында "Үлбі металлургия зауыты" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған.

Открыть в Telegram
Просмотры881+1%к среднему
Пересылки—
Реакции13
Комментарии—
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
24 ч865
27 ч881
  1. Через 24 часа865
  2. Всего сейчас881
#36207Фото

🧬 ҰҚК "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының басқарма мүшесін жемқорлық күдігімен ұстаған Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 2026 жылғы 23 қарашада "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының басқарма мүшесі Қуаныш Омарбеков пен тағы бірнеше адамды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. Мұны 25 қарашада ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. "Олар "Самұрық-Қазынаның" бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді" делінген ҰҚК таратқан қысқа ақпаратта. ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 367-бабының 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде немесе қылмыстық топ жасаған пара беру") бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлап, Омарбековпен бірге неше адам ұсталғанын, олардың аты-жөні мен қандай қызмет атқаратынын нақтыламады.

Открыть в Telegram
Просмотры890+2%к среднему
Пересылки—
Реакции21
Комментарии—
#36206Фото
Просмотры883+1%к среднему
Пересылки—
Реакции27
Комментарии—
#36205Фото

📝 "Халықтық құрылыс" қаражатын жұмсауды бақылайтын мемлекеттік комиссия құрылды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті. Оған мемлекеттік органдар басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлердің және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Президент жарлығында мемлекеттік комиссияның міндеті – бағдарлама жобаларының уақтылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу екені айтылған. Бағдарламаны іске асырудың жоспарлау мен қаражатты бөлуден бастап, нысандарды нақты пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңі бақылауға алынады делінген ақпаратта. Мемлекеттік комиссия мемлекеттік сатып алулардың мерзіміне, құнына және заңдылығына мониторинг жүргізіп, қауіп-қатер бар-жоғын зерделейді және кемшіліктерді жою жөнінде шаралар әзірлейді. Жүргізілген мониторинг бойынша ел президентіне тоқсан сайын және жылдық есеп ұсынады. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы белгіленді.

Открыть в Telegram
Просмотры886+2%к среднему
Пересылки—
Реакции29
Комментарии—
#36204Фото
Просмотры908+4%к среднему
Пересылки—
Реакции24
Комментарии—
#36203Фото

❗️ Зеленский: АҚШ Украина бойынша келісімге қаңтарға дейін қол жеткізгісі келеді АҚШ-тың Украина жөніндегі келіссөз жүргізушілер тобы соғысты аяқтау жөніндегі келісімге неғұрлым тезірек – желтоқсан немесе қаңтар айына дейін қол жеткізуге тырысып отыр. Мұны Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Украина президенті Владимир Зеленский айтты. Соғыстың тезірек аяқталуына Киев те мүдделі, бірақ "бұл тек қана Украинаның есебінен болмауы тиіс" деп мәлімдеді ол. Зеленский осы сұхбатында Украина соғыстың аяқталуы үшін қолынан келгеннің бәрін жасауды жалғастыратынын айтқан. "Бірақ сонымен бірге, біз жаңа Конгрестің екі партиясымен де байланыс орнатып, Ресейге қарсы санкциялар салуды және бізге қолдау көрсетуді сұрайтынымыз сөзсіз. Онсыз мүмкін емес. Егер ресейліктер соғысты аяқтағысы келмесе, оларды мәжбүрлеу керек", – деді Зеленский. Бұған қоса Украина басшысы Ресей президенті Владимир Путиннің көздеген мақсаты өзгермейтінін – Украинаны басып алу болып қала беретінін және Мәскеудің "қыста украиндықтардың сағы сынады" деген дәмесі барын айтты. 19 қарашада Қытайда АҚШ және Қытай президенттерімен келіссөз өткізгеннен кейін Путин журналистердің сұрағына берген жауабында Украинаны "соғысты бастады" деп тағы да айыптап, қаржыландырудан айырылудан қорқатын Киевтің қазір "мәмілеге" келгісі жоқ деген долбар жасаған.

Открыть в Telegram
Просмотры904+4%к среднему
Пересылки—
Реакции33
Комментарии—
#36202Фото

🇺🇦🇭🇺 Венгрия премьері Мадияр Украинаға алғаш рет сапармен барды 24 қарашада Венгрия премьер-министрі Петер Мадияр Ужгородта Украина президенті Владимир Зеленскиймен өткізген келіссөздерін "тарихи оқиға" деп атады. Кездесу Венгрия үкіметі жетекшісінің Украинаға кейінгі 10 жылдан астам уақыт ішіндегі алғашқы сапары аясында өтті. Биыл сәуірдегі сайлау қорытындысы бойынша Венгрия билігіне келгеннен кейін Мадияр Украинамен екіжақты қарым-қатынасты жаңа негізде құруға ден қойды деп жазды Reuters. Ужгородта Мадияр Ресейдің "егеменді, еркін еуропалық елге қарсы" жүргізіп жатқан, бес жылға жуық уақытқа созылған соғысын венгр халқы айыптайды деп мәлімдеді. Ужгородта Мадияр мен Зеленский 2014 жылы Мәскеу Қырымды аннексиялаған сәттен бері қаза тапқан украин сарбаздары жерленген зиратқа бірге барды. "Мен бүгін тарихи күн деп санаймын және одан екі елдің тарихы мен қарым-қатынасында жаңа бет ашуға зор мүмкіндік көремін",– деді Петер Мадияр зират басына гүл қойғаннан кейін. Киев қазіргі келіссөздер Украинаның Еуропа одағы құрамына кіру процесін жеделдетуге көмектеседі деп үміттенеді. Кремльге бүйрегі бұратын саясаткер саналған Виктор Орбан басқарған бұрынғы билік тұсында Венгрия Киевтің бұл ұмтылысына басты кедергі болып келген еді. Венгрияның Мадияр басқаратын жаңа үкіметі Украинаның Еуроодақпен ішкі нарық және бәсекеге қабілеттілік стандарттары мәселелері бойынша келіссөздер бастауына қарсылығын алып тастады.

Открыть в Telegram
Просмотры915+5%к среднему
Пересылки—
Реакции39
Комментарии—
#36201Фото

🇺🇸 АҚШ конгрессмендері Трампты Путинді саммитке шақырудан бас тартуға үндеді АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының екі партиядан сайланған 20 мүшесі президент Дональд Трампқа Ресей президенті Владимир Путинді желтоқсанда Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырудан бас тартуға үндеп хат жолдады. Олар Путинді саммитке шақырмауға себеп ретінде Украинадағы соғысты, сондай-ақ Иран 12 америкалық сарбазды жаралаған шабуылына Ресей берген барлау деректерін пайдаланған болуы мүмкін деген хабарларды алға тартқан. "Қазір әділетсіз соғысты тоқтату мәселесін талқылауды қоспағанда, мейлі G20 саммиті аясында болсын, мейлі кез келген басқа алаңда болсын, Ресеймен экономикалық ынтымақтастық орнататын немесе пікірталас өткізетін уақыт емес. Біз Ресейдің америкалық әскери қызметшілер де, Украина халқы да зардабын тартып отырған сұмдық әрекеттері үшін жауап беруіне қол жеткізуге әрекет жасауды одан әрі жалғастыруымыз керек", – деп жазған конгрессмендер Трампқа хатында. Биыл қыркүйекте АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио президент Трамп Путинге биыл желтоқсанда Майамиде өтетін G20 қатысуға шақырту жібергенін хабарлаған.

Открыть в Telegram
Просмотры994+14%к среднему
Пересылки—
Реакции45
Комментарии—