Астанада желтоқсанның ортасынан бастап автобустардағы жолақыны 110 теңгеден 150 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Tengrinews.kz елордада тариф өсуіне байланысты Алматыда да қоғамдық көліктегі жолақы өзгеріп-өзгермейтінін анықтап көрді. Қала әкімдігінің мәліметінше, тарифті көтеру мәселесі қазір қарастырылып жатқан жоқ. Қолданыстағы жеңілдіктер де сақталады.
Открыть в TelegramПосты канала Tengri.kz
Шымкенттегі дәмханада ер адам қызға шабуыл жасап, оған шыны стақан лақтырған. Зардап шеккен қыздың құрбысының айтуынша, көрші үстелде отырған ер адамдар қыздармен танысқысы келген. Олар бас тартқан соң, жігіттер қыздарды балағаттап, кейін біреуі әйелге стақан лақтырған. Салдарынан оның ерніне тігіс салуға тура келген. Полиция мәліметінше, оқиға 25 қарашада болған. Әйелдің беті мен қолы жарақаттанған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.
Открыть в TelegramБасты жаңалықтар қысқаша: - Қазақстанда ҰҚК мен ІІМ-нің жалған куәліктері сатылған. Атырау облысында тінту кезінде күдіктіден 800-ден аса жалған құжат табылды - Алты жыл, алты күн және бір кеш. Тоқаев пен Путиннің кездесуі қалай өтті? - Алматының Бостандық ауданындағы жеке үйде өрт шығып, бес адам қаза тапты, олардың бірі – кәмелетке толмаған бала. ⠀Өрт түнгі сағат 03:44-те басталып, 04:42-де толық сөндірілді. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. - Чемодан жиналды, бірақ ұша алмай қалдыңыз: қандай қарыз үшін елден шығармауы мүмкін? Анықтап көрдік
Открыть в Telegram25-26 қарашада Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге барады. Сапар барысында екі ел басшысы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ Тоқаев жасанды интеллектке арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.
Открыть в TelegramҚазақстанда энергетикалық сусынды өндіруге, әкелуге және сатуға толық тыйым салу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Мұндай бастаманы Құрылтай депутаты Мақсұт Насибулов көтерді. Құрылтай мүшесі кейінгі жылдары энергетикалық сусын тұтыну нарығының тұрақты бөлігіне айналғанын, жұмысқа қабілеттілік пен физикалық белсенділікті арттыруға көмектесетін өнім ретінде белсенді жарнамаланып жатқанын атап өтті.
Открыть в Telegram"Қазатомөнеркәсіптің" топ-менеджері жемқорлыққа күдікпен ұсталды ҰҚК 23 қарашада "Қазатомөнеркәсіптің" өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков пен өзге де адамдарды ұстағанын растады. Олар "Самұрық-Қазынаның" бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінген. Қазір аса ірі көлемде пара беруге қатысты тергеу жүріп жатыр. Осы оқиғадан кейін компанияның екі топ-менеджері - Қуаныш Омарбеков пен коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байғожиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Компания жұмысы штаттық режимде жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Открыть в TelegramАтыраудағы мұнай компаниясына экологиялық заңбұзушылық үшін 3 миллиард теңгеден аса айыппұл салынды. Сот орындаушылары жергілікті бюджетке 490 миллион теңгеден аса қаражатты өндіріп алып, аударды. “ЖАН и КС” компаниясы ұңғымаларды бұрғылау кезінде бұрғылау шламы мен пайдаланылған бұрғылау ерітіндісін заңсыз жинақтаған. Осы үшін кәсіпорын ӘҚБтК-нің 328-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компания айыппұлға сот тәртібімен шағымданбақ болды, алайда оның шағымдары қанағаттандырылмады. Қаулы заңды күшіне енді.
Открыть в TelegramТоқаев “Халықтық құрылыс” бағдарламасы бойынша қаражат жұмсалуына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссия құрамын бекітті. Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлердің және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді. Толығырақ біздің материалда
Открыть в TelegramАстана әуежайында "қаруым бар" деп әзілдеген 19 жастағы жолаушы 86 500 теңге айыппұл арқалады. Петропавл тұрғыны Астана–Дубай рейсіне тіркелу кезінде әуекомпания қызметкерінің қаруы бар-жоғын сұрағанына әзілдеп, "қаруым бар" деп жауап берген. Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Открыть в TelegramҚазақстанда үш микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды. Қаржы нарығын реттеу агенттігі мұндай шешімді заң талаптарын жүйелі түрде бұзғаны үшін 23 қарашада қабылдады. Лицензиядан айырылған компаниялар: - "ECKZ МҚҰ" ЖШС - "Taj Finance МҚҰ" ЖШС - "М Булак МҚҰ" ЖШС Енді бұл компаниялар жаңа микрокредиттер бере алмайды немесе өзге де микроқаржылық қызметпен айналыса алмайды. Енді бұл компаниялар жаңа микрокредиттер бере алмайды. Бірақ лицензиядан айыру қарыз алушыларды міндеттемелерінен босатпайды. Осы ұйымдарда қолданыстағы микрокредиттері бар азаматтар шарт талаптарын заңға сәйкес орындауды жалғастыруы тиіс.
Открыть в TelegramТағы бір ауыс-түйіс: Игорь Лепеха Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Открыть в TelegramЕрсайын Нағаспаев “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.
Открыть в TelegramЕрсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметке 2025 жылдың ақпанында тағайындалды.
Открыть в TelegramҚазақстандықтар телефон экранынан өздеріне хабарласып тұрған ұйымның атауын көре алады. Бұл үшін елде заңды тұлғалардан келетін қоңырауларды таңбалау енгізіліп жатыр. Бұл туралы жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. ⠀ Сонымен қатар, ұялы байланыс нөмірін тіркеу кезінде абонент биометриялық аутентификациядан өтуі тиіс болады.
Открыть в TelegramҚазақстан 2027 жылы 3G желісінен толық бас тартады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. Жоспар бойынша, 2027 жылдың соңына қарай: - 3G желісін пайдалану толық тоқтатылады; - 4G байланысы 5 291 ауылды қамтиды; - 5G желісі 70 қала мен 300 ауылға таралады; - ауылдардың 92 пайызы мобильді интернетпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды мобильді байланыспен қамту жоспарланған. Ол үшін 500-ден астам антенна-діңгек салынады.
Открыть в TelegramМемлекеттік қызметшілер күн сайын Aitu мессенджерін қолдануы тиіс, ал қызметтік ақпаратты тек сол арқылы жолдауы керек. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. "Aitu - бұл жай ғана мессенджер емес. Біз ұлттық экожүйені құрып, бұл жұмысты белсенді түрде жүргізуіміз керек. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер Aitu-ды күнделікті пайдалануы тиіс. Қызметтік ақпарат тек осы ұлттық мессенджер арқылы жіберілуі қажет. Мұны бақылауда ұстау керек", - деді Бектенов. Ол Aitu-ды дамыту жұмысының баяу жүріп жатқанын атап өтіп, оны жандандыру қажеттігін айтты.
Открыть в TelegramТұңғыш қазақ антропологы Оразақ Смағұлов өмірден озды Ғылыми қызметі жылдарында Оразақ Смағұлов 400-ден аса еңбек жариялап, қазақ халқының тарихы мен шығу тегін зерттеуге айтарлықтай үлес қосты. Оның зерттеулері Қазақстандағы антропология ғылымының одан әрі дамуына негіз болды.
Открыть в TelegramАлматы облыстық соты Көкірекбаевты мерзімінен бұрын бостандыққа шығару туралы шешімнің күшін жойды. Сот өрескел заңбұзушылықты анықтады: "Істі апелляциялық инстанцияда қарау барысында бірінші сатыдағы сот заң нормаларын өрескел бұзғаны анықталды. Сотталған адамның ауру деңгейі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-58 бұйрығымен бекітілген, жазасын өтеуден босатуға негіз болатын аурулар тізбесіне сәйкес келмейді". Апелляциялық инстанцияның шешімі заңды күшіне енді.
Открыть в Telegram💡 23-27 қараша аралығында Алматының түрлі аудандарында желілер мен жабдықтардағы жөндеу жұмыстарына байланысты электр энергиясы қайтадан өшірілуі мүмкін. Мекенжайыңыз жаңа кестеде бар-жоғын мына жерден тексеріп алыңыз.
Открыть в Telegram23 қарашада республикалық маңызы бар Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – Ресей шекарасы тасжолында жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Шектеу екі көршілес учаскеде қолданылады. Ақтөбе облысында қозғалыс 104-тен 337-шақырымға дейін – Қандыағаш қаласынан Атырау облысының шекарасына дейін жабылды. Атырау облысында шектеу 337-ден 346-шақырымға дейінгі учаскені – Ақтөбе облысының шекарасынан Сағыз ауылына дейінгі аралықты қамтиды.
Открыть в Telegram