Кабинет

Посты канала журфак

сначала новые

#2190Текст

Ресейдегі ең ықпалды, ең абыройлы тәуелсіз басылым — «Новая газета» жабылып жатыр екен. «Бізді өлтірді» деген мақала шығарып, бүгін оқырманына естіртті. Украинаға қарсы соғыс бастағалы Ресей билігі ақпарат алаңын тып-типыл қылды. Елден қуды, кетпегенін халықтың жауы қылды, айыппұл үстіне айыппұл салды, көнбегенін қамады. «Новая газета» соның бәріне шыдап бақты. Оқырман тәуелсіз ақпаратсыз қалмасын деп, «соғыс» деген сөзді жазуға болмайды деген биліктің қисынсыз талабына да көнді. «Арнайы әскери операция» деп жазды. Енді, міне, ақыры түбіне жетіпті. Өзім сүйіп оқыған, тәнті болған талай журналист сонда істейтін. Нобель иегері Муратов, марқұм журналист, қайраткер Политковская, Ресейдегі талай қылмысты әшкерелеген, зәбір көрген талай адамға қорған болған Милашина, Костюченко… Шетелге кетіп, оқырман қолдауымен азын-аулақ ақшаға Ресей билігінің қылмыстарын әшкерелеп жүрген, соғыстың сұмдығын қорықпай жазып жүрген шағын орыс медиалары «арқа сүйеп келген тауымыз құлады» деп құлазып отыр, соғысқа қарсы шығып, қудалауға шыдамай шетелге қашқан азаматтық қоғам өкілдері де сол. «Новая» қайта ашылатын, еркін жұмыс істейтін күн тусын деп тілеймін.

Открыть в Telegram
Просмотры4130%к среднему
Пересылки—
Реакции35
Комментарии—
#2188Текст

Биыл сайлауда тәуелсіз бақылаушы өте аз болды ғой. Бірақ бақылаған сол санаулының өзі-ақ өте қызық мәліметтер айтты. Мысалы, «Жария» бақылаушылар тобы Батыс Қазақстан облысында 20 учаскені бақылаған. Олардың дерегінше, сайлауға келгендер — 27 пайыз. Ал ресми деректе — 73. Үш есе көп! Бірақ ең қызығы бұл емес. Жариялықтар бұл жолы көктемде өткен референдумда сайлаушыларының 80–90 пайызы қатысты деп хабарлаған учаскелерді әдейі таңдап алып, бақылауға барған. Бұл не деген белсенді халық деген ғой. Бақылаушы Хаким Меңдібай №196 учаскеде болған. Референдум кезінде учаске өкілдері ондағы сайлаушылардың 81 пайызы дауыс берді деген. Ал кеше Хаким ағай бақылаған кезде бұл көрсеткіш 27 пайыз болған. «Яғни біз бақылаған учаскелерде сайлаушылардың қатысу көрсеткіші күрт төмендеп кетеді. Неге бұлай болғанын білмеймін» дейді. Мен білетін сияқтымын. Тағы бірі бақылаушы Ғаділбек Жұбанғали Зашаған кентіндегі учаскеде отырған. Референдум кезінде ол учаскеде сайлаушылардың 90 пайызы қатысты деген. Ол кезде «Жария» бақылау жүргізбеген. Ал бұл жолы бақылаған кезде дауыс беру көрсеткіші 20 пайыздан сәл-ақ асқан. Неге бұлай болды, қалай ойлайсыңдар? 🙂

Открыть в Telegram
Просмотры956+131%к среднему
Пересылки—
Реакции10
Комментарии—
#2187Текст
Просмотры657+59%к среднему
Пересылки—
Реакции13
Комментарии—
#2186Видео
Просмотры628+52%к среднему
Пересылки—
Реакции11
Комментарии—
#2184Фото
Просмотры550+33%к среднему
Пересылки—
Реакции8
Комментарии—
#2183Текст

Азаттықта Қазақстандағы ең жабық психиатриялық аурухана — Ақтас ауылындағы мекеме туралы материал шығыпты. Осы жерде емделіп жүрген науқастың бірі ішке телефон алып кіріп, былтырдан бері іштегі ахуалды түсіріп жүріпті. Видеолар көргенге өте ауыр. Мұнда сот шешімімен мәжбүрлі емдеуге жіберілген 770-тен астам адам жатыр. Науқастар іште қызметкерлер бізді адам көрмейді дейді. Қолжуғышты жуудан бас тартқан адамды бірнеше күн төсекке байлап, тәртіпке бағынбады деп, дәрі салып тастаған. Әрдеңені сылтау етіп, өте ауыр дәрілер салады дегенді бірнеше науқас айтқан. Бұл дәрілерден соң адамның денесі құрысып, бойынан әл кетіп, әрі-сәрі күйде жатады. Дәретханаға жіберілмейді, астына жіберіп, былғанған күйі жата береді. Бұл — науқастардың сөзі. Іштегі жағдайға шыдамай, наразылық ретінде өзіне жарақат салатындар көп дейді бір науқас. Мекеме осы деректі ғана растапты. Былтырдан бері өзін он адам түрлі жарақат салған. Аурухана науқастардың басқа сөзін түгел жоққа шығарды. Науқасты ол өзіне не өзгелерге қауіп төндіргенде ғана байлап тастайтынын айтты. Мәжбүрлеп жұмыс істетпейді екен. Денсаулық сақтау министрлігі де тексеру жүргізіп, науқастардың сөзі шындыққа жанаспайды депті. Видеоны көріп шығыңдар.

Открыть в Telegram
Просмотры797+93%к среднему
Пересылки—
Реакции15
Комментарии—
#2182Текст

Ахмедияровты қандай іс бойынша тергеп жатыр? Журналист әуежайдағы оқиғаға дейін, 31 шілдеде тергеушінің шақыртуымен полиция басқармасына барып, түсініктеме берген. Оның сөзінше, Андрей Котов деген Өскемен тұрғыны оның үстінен арыз түсірген. Соның қарсаңында әлеуметтік желіде өзін Андрей Котовпын деп таныстырған өскемендік «заңда көрсетілген құқықтарым бұзылып жатыр» деп Бас прокурор мен Ішкі істер министрінің атына үндеу жолдаған. Котов журналистің Украинадағы «Хочу жить» жобасының Ресей әскерінің қатарында жалдамалы ретінде соғысып жатқан қазақстандықтар тізімін бөліскеніне шүйліккен. Сөзінше, тізімде оның да есімі бар. Бірақ Украинада соғыспағанын, Ресейде вахтада жұмыс істегенін айтады. Лұқпан Ахмедияров Украинаның мемлекеттік жобасы жариялаған тізімді бөлісіп, билік назарын аударуды көздегенін айтады. — «Біз нақты білеміз, тізімдегі Қазақстанның 661 азаматының бәрі соғысқа қатысқан» деп, ешбіріміз жазған жоқпыз. Бәріміз, міне, мынандай тізім шықты деп жаздық. Менің мотивациям Қазақстан үкіметінің соған назарын аудару болды, — дейді ол. Украинаның «Хочу жить» жобасы жариялаған тізімді Ахмедияров қана емес, елдегі көп медиа мен блогер бөліскен. Дереккөз: Азаттық радиосы

Открыть в Telegram
Просмотры574+39%к среднему
Пересылки—
Реакции11
Комментарии—
#2181Фото
Просмотры541+31%к среднему
Пересылки—
Реакции9
Комментарии—
#2180Текст
Просмотры795+92%к среднему
Пересылки—
Реакции21
Комментарии—
#2179Фото

Жылдар бойы журналистер деп, сөз бостандығы деп, баспасөз еркіндігі деп шыр-пыр болған құқық қорғаушы Тамара Калеева туралы Азаттық деректі сұхбат жариялапты. Қазақстан енді ғана Тәуелсіздік алған жылдары баспасөзде не болғанын, жыл сайын қысым қалай күшейгенін баяндап берген екен. Белгілі саясаткерлердің беймәлім қылықтарын да айтады. Назарбаев кетіп, Тоқаев келгенде оянған, бірақ ақталмаған үміті туралы да сөз болыпты. Тамара апай жылдар бойы «Әділ сөз» ұйымына жетекшілік етті. Апай зейнетке шыққан соң, орнына Қарлығаш Жаманқұлова келді. Жаманқұлова — президент саясатын ашық қолдайтын, таяуда ғана құрылған «Әділет» партиясының белсенді мүшесі. Тамара апай журналистерге қорған болған ұйымның жұмысы тұралап қалғанына күйінеді, өкінеді және журналистерден кешірім де сұрап отыр. Тамара Калеева сөз бостандығы жолындағы күресі еш нәтиже бермегенін айтса да, еңбегі ұшан-теңіз. Аман болсын апай. Көріңдер.

Открыть в Telegram
Просмотры940+128%к среднему
Пересылки—
Реакции30
Комментарии—
#2178Фото

Переслано из Azattyq - Азаттық

🔴 "Ресейдің сұрауы бойынша". Орал полициясы журналист Лұқпан Ахмедияровты ұстады 🚓 22 маусымда Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында тәуелсіз журналист, "Просто журналистика" YouTube-арнасының авторы Лұқпан Ахмедияров ұсталғанын оның әріптесі Рауль Упоров хабарлады. 🇷🇺 Упоровтың айтуынша, полиция журналисті көшеде тоқтатып, Ресей ІІМ-і оған халықаралық іздеу жариялағанын жеткізген. Ахмедияровтың сөзінше, қылмыстық істі Ресейдің Мәскеу облыстық полициясы былтыр желтоқсанда қозғаған. 🤷‍♂️ Оралдағы полиция мекемесіне жеткізілген журналистің нақты қандай айып бойынша іздеуде жүргені әзірге жарияланған жоқ. 👮‍♂️ Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми түсініктеме дайындап жатқанын айтып, әзірге толық ақпарат бермеді. 🗣 Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Қазақстандағы қоғамдық-саяси мәселелер мен Украинадағы соғыс тақырыбын көтеретін "Просто журналистика" жобасының авторлары ретінде танымал. 🇺🇦 Биыл наурызда Ахмедияров, Упоров және оператор Еркебұлан Ғапуов Украинадан оралған соң Астана әуежайында қысқа уақытқа ұсталып, кейін босатылған еді. ✒🎙 Лұқпан Ахмедияров – Қазақстандағы белгілі тәуелсіз журналистердің бірі. Ол бұған дейін кәсіби қызметіне байланысты қастандыққа ұшырап, бірнеше рет әкімшілік және қылмыстық істер аясында құқық қорғау органдарының назарына іліккен.

Открыть в Telegram
Просмотры783+90%к среднему
Пересылки—
Реакции19
Комментарии—
#2177Видео
Просмотры996+141%к среднему
Пересылки—
Реакции52
Комментарии—
#2176Видео
Просмотры1 080+162%к среднему
Пересылки—
Реакции36
Комментарии—