Ресейдегі ең ықпалды, ең абыройлы тәуелсіз басылым — «Новая газета» жабылып жатыр екен. «Бізді өлтірді» деген мақала шығарып, бүгін оқырманына естіртті. Украинаға қарсы соғыс бастағалы Ресей билігі ақпарат алаңын тып-типыл қылды. Елден қуды, кетпегенін халықтың жауы қылды, айыппұл үстіне айыппұл салды, көнбегенін қамады. «Новая газета» соның бәріне шыдап бақты. Оқырман тәуелсіз ақпаратсыз қалмасын деп, «соғыс» деген сөзді жазуға болмайды деген биліктің қисынсыз талабына да көнді. «Арнайы әскери операция» деп жазды. Енді, міне, ақыры түбіне жетіпті. Өзім сүйіп оқыған, тәнті болған талай журналист сонда істейтін. Нобель иегері Муратов, марқұм журналист, қайраткер Политковская, Ресейдегі талай қылмысты әшкерелеген, зәбір көрген талай адамға қорған болған Милашина, Костюченко… Шетелге кетіп, оқырман қолдауымен азын-аулақ ақшаға Ресей билігінің қылмыстарын әшкерелеп жүрген, соғыстың сұмдығын қорықпай жазып жүрген шағын орыс медиалары «арқа сүйеп келген тауымыз құлады» деп құлазып отыр, соғысқа қарсы шығып, қудалауға шыдамай шетелге қашқан азаматтық қоғам өкілдері де сол. «Новая» қайта ашылатын, еркін жұмыс істейтін күн тусын деп тілеймін.
Открыть в Telegram
журфак
қызық материалдар, өзекті жаңалықтар, журналистикаға қатысты трендтер, кеңестер мен мақалалардағы қателер. жарнама бойынша маған жаз: @ayankalmurat.
Новые посты
Биыл сайлауда тәуелсіз бақылаушы өте аз болды ғой. Бірақ бақылаған сол санаулының өзі-ақ өте қызық мәліметтер айтты. Мысалы, «Жария» бақылаушылар тобы Батыс Қазақстан облысында 20 учаскені бақылаған. Олардың дерегінше, сайлауға келгендер — 27 пайыз. Ал ресми деректе — 73. Үш есе көп! Бірақ ең қызығы бұл емес. Жариялықтар бұл жолы көктемде өткен референдумда сайлаушыларының 80–90 пайызы қатысты деп хабарлаған учаскелерді әдейі таңдап алып, бақылауға барған. Бұл не деген белсенді халық деген ғой. Бақылаушы Хаким Меңдібай №196 учаскеде болған. Референдум кезінде учаске өкілдері ондағы сайлаушылардың 81 пайызы дауыс берді деген. Ал кеше Хаким ағай бақылаған кезде бұл көрсеткіш 27 пайыз болған. «Яғни біз бақылаған учаскелерде сайлаушылардың қатысу көрсеткіші күрт төмендеп кетеді. Неге бұлай болғанын білмеймін» дейді. Мен білетін сияқтымын. Тағы бірі бақылаушы Ғаділбек Жұбанғали Зашаған кентіндегі учаскеде отырған. Референдум кезінде ол учаскеде сайлаушылардың 90 пайызы қатысты деген. Ол кезде «Жария» бақылау жүргізбеген. Ал бұл жолы бақылаған кезде дауыс беру көрсеткіші 20 пайыздан сәл-ақ асқан. Неге бұлай болды, қалай ойлайсыңдар? 🙂
Открыть в TelegramПереслано из Azattyq - Азаттық
💬Сайлаудан кейін Азаттықтың Instagram-парақшасы ашылды Азаттықтың Instagram парақшасы бірнеше күннен бері бұғаттаулы болған. Meta платформасы парақша қауымдастық ережесін бұзды деген. Парақша 24 тамызда қайта ашылды. Бұған дейін де аккаунтымызға күмәнді аккаунттар жаппай шағым түсіріп, Instagram парақшамыз осындай себеппен бірнеше рет бұғатталған. Бұл — шілдеден бергі үшінші бұғат болды. Азаттықтың Instagram-парақшасына жазылыңыз!
Открыть в TelegramПереслано из Azattyq - Азаттық
Сайты ашылмайды, парақшасы бұғатталған. Азаттықты қайдан оқимыз? Азаттықтың Instagram парақшасы бұғаттаулы тұр, azattyq.org сайты да Қазақстанда дұрыс ашылмайды. Бірақ редакция жұмысын тоқтатқан жоқ. Азаттықтың жаңалықтары мен видеоларын Telegram, WhatsApp, Facebook, TikTok пен YouTube желілерінен оқып, көріп жүруге болады.
Открыть в TelegramПереслано из Азаттык Азия
Бывшему главному редактор Orda.kz Гульнаре Бажкеновой вынесли приговор 18 августа суд Бостандыкского района по уголовным делам вынес обвинительный приговор казахстанской журналистке, бывшему главному редактору Orda.kz Гульнары Бажкеновой. Суд приговорил ее к 8 годам лишения свободы с отсрочкой наказания на два года. Ранее, 14 августа прокурор запросил для нее 8 лет лишения свободы с отсрочкой наказания на два года и пятилетний запрет на общественную и профессиональную деятельность. Бажкенову обвиняют по трем статьям Уголовного кодекса: 189-я («присвоение и растрата чужого имущества»), 214-я («незаконная предпринимательская деятельность») и 274-я («распространение заведомо ложной информации»). Бажкенова все обвинения отвергла. Видео: Азаттык Азия
Открыть в TelegramАзаттықта Қазақстандағы ең жабық психиатриялық аурухана — Ақтас ауылындағы мекеме туралы материал шығыпты. Осы жерде емделіп жүрген науқастың бірі ішке телефон алып кіріп, былтырдан бері іштегі ахуалды түсіріп жүріпті. Видеолар көргенге өте ауыр. Мұнда сот шешімімен мәжбүрлі емдеуге жіберілген 770-тен астам адам жатыр. Науқастар іште қызметкерлер бізді адам көрмейді дейді. Қолжуғышты жуудан бас тартқан адамды бірнеше күн төсекке байлап, тәртіпке бағынбады деп, дәрі салып тастаған. Әрдеңені сылтау етіп, өте ауыр дәрілер салады дегенді бірнеше науқас айтқан. Бұл дәрілерден соң адамның денесі құрысып, бойынан әл кетіп, әрі-сәрі күйде жатады. Дәретханаға жіберілмейді, астына жіберіп, былғанған күйі жата береді. Бұл — науқастардың сөзі. Іштегі жағдайға шыдамай, наразылық ретінде өзіне жарақат салатындар көп дейді бір науқас. Мекеме осы деректі ғана растапты. Былтырдан бері өзін он адам түрлі жарақат салған. Аурухана науқастардың басқа сөзін түгел жоққа шығарды. Науқасты ол өзіне не өзгелерге қауіп төндіргенде ғана байлап тастайтынын айтты. Мәжбүрлеп жұмыс істетпейді екен. Денсаулық сақтау министрлігі де тексеру жүргізіп, науқастардың сөзі шындыққа жанаспайды депті. Видеоны көріп шығыңдар.
Открыть в TelegramАхмедияровты қандай іс бойынша тергеп жатыр? Журналист әуежайдағы оқиғаға дейін, 31 шілдеде тергеушінің шақыртуымен полиция басқармасына барып, түсініктеме берген. Оның сөзінше, Андрей Котов деген Өскемен тұрғыны оның үстінен арыз түсірген. Соның қарсаңында әлеуметтік желіде өзін Андрей Котовпын деп таныстырған өскемендік «заңда көрсетілген құқықтарым бұзылып жатыр» деп Бас прокурор мен Ішкі істер министрінің атына үндеу жолдаған. Котов журналистің Украинадағы «Хочу жить» жобасының Ресей әскерінің қатарында жалдамалы ретінде соғысып жатқан қазақстандықтар тізімін бөліскеніне шүйліккен. Сөзінше, тізімде оның да есімі бар. Бірақ Украинада соғыспағанын, Ресейде вахтада жұмыс істегенін айтады. Лұқпан Ахмедияров Украинаның мемлекеттік жобасы жариялаған тізімді бөлісіп, билік назарын аударуды көздегенін айтады. — «Біз нақты білеміз, тізімдегі Қазақстанның 661 азаматының бәрі соғысқа қатысқан» деп, ешбіріміз жазған жоқпыз. Бәріміз, міне, мынандай тізім шықты деп жаздық. Менің мотивациям Қазақстан үкіметінің соған назарын аудару болды, — дейді ол. Украинаның «Хочу жить» жобасы жариялаған тізімді Ахмедияров қана емес, елдегі көп медиа мен блогер бөліскен. Дереккөз: Азаттық радиосы
Открыть в TelegramЖурналист Лұқпан Ахмедияровтың үстінен қылмыстық іс қозғалыпты. Астана қаласының полиция департаменті Азаттыққа берген жауабында Ақмедияровқа қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабымен («Көпе-көрнеу жалған ақпарат тарату») тергеу жүріп жатқанын айтты. Журналистің істегі мәртебесі жауапта жазылмаған. 3 тамызда журналист, «Просто журналистика» жобасының авторы Лұқпан Ахмедияровты Қазақстаннның Шекара қызметі елден шығармай қойған. Ол Астана әуежайынан Черногорияға отбасымен бірге ұшпақ болған жерінен кері қайтуға мәжбүр болған еді. Сол кезде Шекара қызметі Ахмедияровтың елден шығуына қалалық полиция тыйым салғанын хабарлаған.
Открыть в TelegramСвязи
Похожие каналы
Mail.KZ@mailkzНовости и СМИ1,52 тыс.
СҚО әкімдігі@skoakimdikНовости и СМИ1,44 тыс.
Cronos Asia | Новости Центральной Азии и мира@ca_cronosНовости и СМИ1,6 тыс.
Шымкентский городовой@zhest_kaНовости и СМИ1,6 тыс.
Айнур Курманов@ainurkurmanovНовости и СМИ1,36 тыс.
QOS live@aqosliveНовости и СМИ1,68 тыс.
JAQ.OrtCom.kz@jaqortcomkzНовости и СМИ1,69 тыс.
Arnamax.kz@arnamaxНовости и СМИ1,73 тыс.