Account

Posts of yasina

newest first

#4364Text
Views446−53%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
10 h217
28 h446
  1. After 24 hours446
  2. Total to date446
#4353Text
Views910−4%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#4352Text
Views1,050+11%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#4349Text

Forwarded from Zukhridin Al-Hanafi

Студент қыздардың ұстазбен қарым-қатынасындағы он қағида Негізінде, қыз балаларға білім беретін ұстаз әйел адам, ал ер балаларға білім беретін ұстаз ер адам болғаны дұрыс. Алайда кейбір жағдайларда ер мұғалімнің қыз студенттерге сабақ беруіне қажеттілік туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда бірқатар әдеп пен шариғи талаптарды қатаң сақтау қажет. Солардың ең маңыздылары мыналар: 1. Сөйлегенде нәзіктік танытып, еркінсіп кетпеу. Ұстаздың алдында дауысты жұмсартып, еркін сөйлесуге, арадағы ресмилікті жоюға болмайды. Сондай-ақ ұстаздың жанында құрбыларымен бірге отырғанда да оның бар екенін естен шығарып, еркінсіп кетпеу қажет. Тіпті өзара әзілдескен сөздер ұстаздың құлағына естілетін болса, мұның өзі де тыйым салынған. Сол сияқты қатты күліп, дауысты көтеруден де сақтану керек. 2. Оңаша қалудан сақтану. Ұстазға сұрақ қою қажет болса, оны аудиторияда қойған жөн. Ал жеке сұрақ қою қажеттілігі туындаса, өзімен бірге бір құрбысын ертіп келуі керек. 3. Қайта-қайта қараудан сақтану. Екеуінің арасында көзді еркін жіберіп, қайта-қайта қарауға жол берілмейді. 4. Әңгіме тақырыбын сабақ пен ғылыми сұрақтар шеңберінен шығармау. Сабақ тақырыбы мен білімге қатысты нақты сұрақтардан асып, сезім, көңіл күй, ішкі сырлар мен жеке эмоциялар туралы әңгімеге ауыспау қажет. 5. Әшекейлерін көрсетуден және хош иіс себуден сақтану. Ұстаздың алдында сән-салтанатын көрсетпеуі, әшекейлерін білдірмеуі, әтір немесе соған ұқсас хош иістерді қолданбауы керек. 6. Бір-біріне деген ықылас немесе қызығушылық сезілсе, қарым-қатынасты тоқтату. Егер екі тараптың бірінде екіншісіне деген тартылыс немесе ұнату сезімі пайда болғанын байқаса, сұрақ қоюды да, жауап беруді де тоқтатып, өзара әсерлену мен сезімге берілуге жол бермейтіндей жағдайда сұрақ қоюға тырысуы қажет. 7. Егер сабақ беретін ұстаз жас жігіт болса, сақтықты одан әрі күшейту керек. 8. Ұстазға жеке атынан сыйлық бермеу. Сыйлық берілетін болса, ол студенттердің барлығының атынан ортақ болуы немесе қыздардың ата-аналары тарапынан берілуі керек. 9. Жеке хат алмасу мен телефон арқылы сөйлесуден аулақ болу. Тек аса қажетті жағдайларда ғана, барынша шектеулі түрде байланысуға болады. Бұл ретте Алланың екеуін де көріп тұрғанын ұмытпау қажет. Сондай-ақ жазған хабарламаларыңды кейбір құрбыларың көріп қалса да, ұялатындай болмауы керек. Егер студенттердің ортақ тобында сөйлесіп жатсаңдар да, эмодзи немесе мемдер жіберуден аулақ болған жөн. 10. Ұстаз көретін кітапқа, дәптерге немесе емтихан парағына жеке мағынасы бар жазбалар жазбау. Сондай-ақ жүрек тәрізді суреттер мен соған ұқсас бейнелерді салудан сақтану қажет. Осындай қағидалар: “Міне, бұл - сендер үшін анағұрлым қайырлы һәм қателіктен, күнәдан ада іс” деген Алланың талабын жүзеге асыруға бағытталған. Бұл талаптар жаратылыстың ең абзалы болған Пайғамбарымыздың ﷺ жұбайларына, яғни мүміндердің аналарына сахабалармен қарым-қатынас жасауда айтылған еді. Ендеше, бүгінгі ұстаздардың (мен де солардың алғашқысымын) және бүгінгі студент қыздардың жағдайы қандай болмақ?! Доктор Мухаммад Айман Жамал حفظه الله

Open in Telegram
Views919−3%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—