Елімізде шетелдіктерге ЖСН алу тәртібі өзгереді 6 желтоқсаннан бастап ЖСН алуға өтініш берген шетелдіктер қосымша тексеруден өтеді. Құжаттағы қателерді түзетуге енді екі сағат қана беріледі. Жаңа талап бойынша өтініш берушілердің деректері иммигранттардың бірыңғай дерекқорымен салыстырылады. Ал олардың мемлекеттік шекараны кесіп өткен-өтпегені «Бүркіт» жүйесі арқылы тексеріледі. Егер құжатта қате болса немесе қажет құжаттар толық тапсырылмаса, өтініш цифрлық күту парағына енгізіледі. Белгіленген екі сағат ішінде кемшіліктер түзетілмесе, ХҚКО құжаттарды қабылдаудан бас тартады. ЖСН рәсімдеу бұрынғыдай тегін. Қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Open in Telegram
Тіл кеспек жоқ
Average views per post by day
By publication day
Show as table
| Date | Avg views per post |
|---|---|
| Nov 24, 2026 | 484 |
| Nov 25, 2026 | 437 |
| Nov 26, 2026 | 377 |
Most viewed this month
- 01Views513Forwards—Reactions33Comments—
- 02Views505Forwards—Reactions20Comments—
- 03Views499Forwards—Reactions14Comments—
- 04Views486Forwards—Reactions24Comments—
Latest posts
Қазақ мұғалім Рамзан Қадыровтан оқушыларды Шешенстанға апаруды сұрады Шешенстан басшысы халықпен тікелей эфир арқылы кездесу өткізді. Кездесуда қазақ мұғалім Ахмат Мучулаев оған өтініш жасады. Оның сөзінше, оқушылар Шешенстанға барып, өлкенің тарихы, мәдениеті және салт-дәстүрімен танысқысы келеді. Сол себепті ол Қадыровтан балаларды орналастыруға және оларға экскурсия ұйымдастыруға көмектесуді сұрады. Шешен басшысы өтінішті қолдап, орынбасарына бұл мәселені бақылауға алып, қажет көмек көрсетуді тапсырды.
Open in TelegramЕлімізде үш номиналдағы ескі банкнот айналымнан шығады Ұлттық банк мәліметінше, банкноттардың айналым мерзімі мына күндері аяқталады: ▪️ 1 000 теңге (2014 жылғы үлгі) – 2027 жылы 27 наурыз; ▪️ 10 000 теңге (2012 жылғы үлгі) – 27 маусым; ▪️ 500 теңге (2017 жылғы үлгі) – 24 желтоқсан. Ал осы мерзімге дейін дүкендер мен басқа да ұйымдар ескі ақшаны қабылдауға міндетті. Айналым мерзімі аяқталған соң да банкноттар өз құнын жоғалтпайды. Оларды екінші деңгейлі банктер, «Қазпошта» бөлімшелері мен Ұлттық банк филиалдарында айырбастауға болады. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Open in Telegram😍😍 «Оскар-2027» сыйлығына ұсынылған «Әбіл» фильмі Лос-Анджелесте көрсетілетін болды Фильмді режиссер Елзат Ескендір түсірген. Туынды 1990 жылдардағы қазақ ауылдарының тыныс-тіршілігін, жекешелендіру кезеңіндегі өзгерістерді және сол өзгерістердің қарапайым адам өміріне қалай әсер еткенін баяндайды. Фильм «Оскардың» «Үздік халықаралық толықметражды фильм» номинациясына ұсынылған. Туынды 12-ші Asian World Film Festival аясында көрсетіледі. Фильм 14 қараша сағат 18:00-де Калвер-Сити қаласындағы The Culver Theater кинотеатрында көрсетіледі. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Open in TelegramПрокурор Санжар Боқаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады Оған қоса жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді ұсынды. Бүгін сот отырысында тараптардың жарыссөзі басталды. Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша айып тағылған. Атап айтқанда, алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру, ұрлық, көрінеу жалған ақпарат тарату және ағаштарды заңсыз кесу. Ол биыл көктемнен бері қамауда отыр. Сот процесі қазан айында басталған. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Open in TelegramҚайырлы таң, оқырман! 🌝 Назарыңызға сәрсенбі күні болған негізгі жаңалықтарды ұсынамыз: • Таразда қант зауытының жұмысшылары екі ай жалақы алмай, наразылыққа шыққаны үшін жұмыстан қуылды; • «Қазатомөнеркәсіптің» өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков ұсталды, оның жанында басқа адамдар да ұсталған, істің «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған жемқорлық ісіне қатысы болуы мүмкін; • Енді телефоныңызға кім қоңырау шалып жатқанын бірден көре аласыз; • Ғылым және жоғары білім министрлігі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен тәуелсіздік үшін күрес туралы қойылымдарға тыйым салғанын жоққа шығарды. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Open in TelegramҒылым және жоғары білім министрлігі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен тәуелсіздік үшін күрес туралы қойылымдарға тыйым салғанын жоққа шығарды. Министрлік құжатқа қатысты қызметтік тексеріс бастаған. Хатты кім әзірлеп, кім таратқаны әзірге анықталмаған. Ведомство ресми жауап кейінірек жарияланатынын мәлімдеді. Ал хатта мөрі басылған Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетімен хабарласу мүмкін болмады. Бұған дейін желіде Ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарына Тәуелсіздіктің 35 жылдығын атап өтуге қатысты жолдаған хаты тараған еді. Құжатта студенттердің қатысуымен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен тәуелсіздік үшін күрес туралы қойылымдар өткізбеу сұралған. Алайда талаптың себебі түсіндірілмеген. Оның орнына министрлік мерейтойға арналған іс-шараларда «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» қағидаттарын кеңінен насихаттауды ұсынған. Оған қоса тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне арналған дәрістер, пікірталастар мен зияткерлік ойындар өткізу керегі көрсетілген. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Open in TelegramҚазақстанда шенеуніктердің табысы мен мүлкі туралы мәліметтерді жариялау міндеті жойылды. Бұл талап 2025 жылдың қаңтарында ғана енгізілген еді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі шенеуніктердің табысы әлі де бақылауда болатынын айтады. Алайда енді журналистер мен қоғам өкілдері олардың табысы мен мүлкі туралы мәліметтерді қалай тексере алатыны белгісіз. Билік шенеуніктердің табысын неге қайтадан қоғамнан жасырды? Бұл шешім мемлекеттік басқарудың ашықтығына қалай әсер етеді? Толығырақ
Open in Telegram🤳 Енді телефонға кім қоңырау шалып жатқанын бірден көре аласыз Қазақстанда заңды тұлғалардың қоңырауларын таңбалау жүйесі енгізіліп жатыр. Жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл телефон алаяқтығының алдын алуға көмектеседі. Жоба аясында байланыс операторлары Ұлттық банктің Антифрод-орталығымен бірлесіп жұмыс істейді. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Open in TelegramБұлай да болады екен ғой... «Қазатомөнеркәсіп» ұсталған топ-менеджерді басқарма құрамынан алдын ала шығарып тастаған Ұлттық компания Қуаныш Омарбековтың ұсталуына қатысты шұғыл мәлімдеме жасады. Бір қызығы, олар Омарбековты бұрынғы операциялық директор әрі басқарма мүшесі деп көрсеткен. Алайда Омарбековтың қызметінен нақты қашан кеткені айтылмаған. Компания басшылықтың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеп, тергеуге көмектесіп жатқанын хабарлаған. «Қазатомөнеркәсіп» әдеттегі жұмысын жалғастырып жатқанын айтты. Оған қоса 2026 жылға арналған өндірістік және қаржы жоспарлары өзгермегенін мәлімдеді. Telegram ~ Instagram ~ Threads
Open in TelegramConnections
Similar channels
STEPPE@the_steppeNews and media5.15K
Уральская Неделя@uralskweek_kzNews and media4.89K
SHOCK KRG@shock_karagandaNews and media5.24K
Nege.kz@negemediaNews and media5.25K
ҚР Ұлттық ұланы🇰🇿@qr_iim_uuNews and media5.34K
ATYRAU.TODAY@atr06todayNews and media5.41K
PRESS.KZ@kz_pressNews and media4.69K
АХМЕТОВ@akhmetovkzNews and media4.66K