Көтеріп тұрып, құлатады өмір📉 (осындай пайдалы посттарды жіберіп алма) 🥀Соңғы бір айда портфеліңіз қызылға боялып, көңіл күйіңіз түсіп жүрген шығар. Иә, бұл уақытта нарық қатты құбылды. Бірақ мұндай жағдай тек сіздің портфеліңізде емес, жалпы нарықта болды. 🤓Бүгін өз тәжірибеммен бөліскім келеді. Нарық төмендеген кезде менің портфелімді қатты құлдыраудан сақтап қалған құралдар туралы айтып берейін. 🔸SCHD ETF — АҚШ-та ұзақ уақыт бойы дивиденд төлеп келе жатқан компанияларды біріктіреді. Нарық құлдыраған кезде инвесторлар технологиялық компаниялардан шығып, тұрақты дивиденд төлейтін компанияларға бет бұра бастайды. Осындай кезеңдерде бұл ETF-тің де құны өсуі мүмкін. 🔸FNDX ETF — іргелі көрсеткіштері мықты, таза пайдасы жоғары және сатылым көлемінің өсімі тұрақты компанияларды біріктіреді. Басқа ETF-терден ерекшелігі — компанияларды нарықтық капитализациясына ғана қарап емес, нақты қаржылық көрсеткіштеріне сүйене отырып іріктейді. 🔸SCHV ETF — нарықта өз құнын әлі толық ала алмай жүрген ірі компанияларға инвестиция салады. Яғни компанияның нарықтағы бағасынан гөрі, оның нақты құндылығына мән береді. 👍Бұл 3 etf-тен бөлек, AAPL акциясы мен облигациялар да өз құнын жақсы сақтады. Соның арқасында нарықтағы жалпы құлдырау менің портфеліме қатты әсер еткен жоқ. ✅Ең қызығы, жоғарыда аталған ETF-тердің барлығын осы арнада, сондай-ақ «Ақылды инвестор» курсында таныстырғанмын. ~ Олардың қандай компанияларға және қай бағыттарға инвестиция салатынын бұрыннан айтып келе жатырмын.
Open in TelegramPosts of Қаржылық сауаттылық
💵 Қаржы жайлы қысқа дәріс #33 Ай сайын кредит төлеуің керек. Ипотеканы да кешіктірмей төлеу керек. Телефонның тарифі тағы бар. Азық-түлікке де ақша қалдыруың керек. Туған күнге ақшалай сыйлық алып баруың керек. Мерекелерде жақындарыңа сыйлық алу керек. Ата-анаңа қаржылай көмек беруің керек. Жақындарыңнан алған қарыздарың тағы бар. Одан қалды баланың садигі бар. Киім алып тұруың керек. Витамин, курстар бар. Тісіңді емдетуге де ақша жинауың керек. Саяхатқа ақша жинауың керек. Көлікке де ақша жинау керек. Фин подушка жинап қоюың керек. Инвестиция жасауды да ұмытпау керек. Баланың болашақ оқуына ақша жинау керек. Зейнетке де ақша жинауды бастау керек. 🍑Осының бәріне ақша табуың керек. Бірақ сол ақшаны табамын деп жүріп, өмір сүруді де ұмытпау керек. Жомарт Аралбайұлының ізімен
Open in Telegram🎉СҮЙІНШІ 2 постты міндетті түрде соңына дейін оқыңыз Инвестор болу - үздіксіз білім алу деген сөз. Әртүрлі курстардан білім алып, кітаптар мен күнделікті нарық жаңалықтарын оқып отыруыңыз шарт. Яғни инвестор ретінде үздіксіз білім алу жолына түсесіз. Бірақ сол алған біліміңіздің қаншалықты мықты екенін тексеріп көрдіңіз бе? Тексеріп көрмесеңіз, сізге жақсы жаңалығым бар! 🕓1,5 ай уақытымды бөліп инвестордың білім деңгейін бағалайтын тест дайындадым. Қарапайым тестке не үшін 1,5 ай уақытым кетті? Себебі тест сұрақтарын халықаралық зерттеулер мен сауалнамаларға негіздедім. 🔍Тестті жасауыма халықаралық FINRA Investing Knowledge Quiz негіз болды. Бұл - инвестордың білім деңгейін бағалауға арналған тест. Бұдан өзге 3 халықаралық тест, 4 ғылыми зерттеу, 2 сауалнаманың деректеріне жүгіндім. Сұрақтарды аударып қоя салуыма да болар еді. Алайда оларды толық зерттеп, Қазақстан нарығына бейімдеп, жаңадан өзім құрастырып шықтым7 ✅Тест 18 сұрақтан тұрады. Тестті толық өткеннен кейін жүйе нәтижеңізді талдайды. Қай тақырыптар бойынша біліміңізді жетілдіру керегін анықтап береді. Ең қызығы, қай тұсыңыздың осал екенін анықтап, соған сай кітап таңдайды. Қазір жүйенің базасында 32 кітап бар. Қысқаша айтатын болсам, бұл тест инвестициялық біліміңізді тексеретін check-up. Шынайы инвестиция бойынша білім деңгейіңізді анықтағыңыз келсе, тестті міндетті түрде тапсырып көріңіз. ➡️ТЕСТКЕ СІЛТЕМЕ: https://investor-test.netlify.app 🙂Нәтижеңізді бөлісіңіз!
Open in TelegramҚалай 500 теңгеге Apple🍎, Tesla❤️ компаниялараның акциясын сатып алуға болады? "Apple-дің 1 штук акциясын сатып алайын десем 150,000₸ тұрады екен🥹” деп көп инвестор қымбатсынады. Себебі: біздің елде жеке инвесторлар айына орта есеппен 100-120$ ғана инвестиция жасайды. Әрине Apple, Microsoft, Google, Amazon, Tesla, Nvidia секілді алпауыт компанияларға инвестиция жасауды көп инвестор армандайды, қалайды. Алайда қалтасы көтере бермейді:( 🔸Қызығы: сол компаниялардың акциясын 500,1000₸-ге де сатып алуға болады. ~ Қалай екенін төмендегі бейнесабақта түсіндірдім🔽 https://youtu.be/bQGbqTKZ3MY
Open in TelegramЕкінші рет жазуға ТУРА келді... Кезекті пайдалы пост Кез келген инвестор инвестиция жасаған құралының тұрақты өсім көрсетіп, дивидендті де жақсы төлегенін қалайды. Яғни өсімнен де, дивидендтен де табыс тапқысы келеді. 🗣Бұл шынымен де көп инвестордың арманы... 🩵Бағасының өсімі де, дивидендтік кірістілігі де жоғары SCHD деген etf бар. Бұл etf жайлы бұған дейін де жаздым. Бұл etf–тің құрамында ұзақ жылдардан бері тұрақты дивиденд төлеп келе жатқан 100-ге жуық компания бар. 🟣Қазір 1 дана SCHD etf–і → 35$ (шамамен 15,700 теңге). 🗓Алдыңғы аптада нарық түгел төмендегенде де SCHD etf–і өз құнын өте жақсы ұстап тұрды. Графиктен көре аласыз. Акциялардың бағасы құбылса да, SCHD etf–і дивидендтерді тұрақты төлеп тұрады. Бұл инвесторларға нарық төмендеген кезде де тұрақты табыс алуға мүмкіндік береді. Түйін: SCHD etf–і → бүгінгі трендке емес, ертеңгі капиталға мән беретін инвесторларға арналған ETF. Paidax/Freedom брокері арқылы сатып алуға болады. ⚠️ Бұл инвестициялық ұсыныс емес
Open in Telegram₸ЕЗ | қаржы нарығындағы соңғы жаңалықтар 🟢 Апта ішіндегі ең маңызды қаржы жаңалықтары 1. 1$ = 452₸. 2. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-дан → 15,75%-ға түсірді. Демек кредит және депозит пайыздары да төмендейді. 3. Centras Securities зейнетақы активтерін басқаруда көш бастап тұр. Жыл басынан бері инвестициялық кірістілігі 11,87%. Ал инфляция: 9,2%. 4. Қазақстандықтар зейнетақы жинағын инвестициялау стратегиясын енді өзі таңдай алады. 5. Қараша айындағы ең пайызы жоғары депозит: Bereke bank–тің Сәлем депозиті. 20,00%. 6. Отбасы банк ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетпекші. 7. Жеке тұлғалардың банкке салған депозитінің жартысы - кез келген уақытта алуға болатын салымдар 👋Осымен тәмам. Келесі аптадағы «₸ЕЗ»-де қайта кездескенше
Open in Telegram⭐️ЕҢ-ЕҢ-ЕҢ! 2026 жылдың ҚАРАША айындағы ЕҢ ҮЗДІК 3️⃣ депозит 1. Ақшаны толықтыруға да, шешіп алуға да болатын депозит Бұл депозитке кез келген уақытта ақша сала аласыз және қажет болған жағдайда ақшаңызды шешіп ала аласыз. 🥇 Үздік: Freedom bank - «Копилка» депозиті. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 16.35%. 2. Тек толықтыруға болатын депозит Бұл депозитке кез келген уақытта ақша қоса аласыз. Бірақ қаражатты өзіңіз таңдаған мерзім (3, 6 немесе 12 ай) аяқталғанға дейін шешіп ала алмайсыз. 🥇 Үздік: Freedom bank - «Cтратегия» депозиті. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 19,50% 3. Ақшаны толықтыруға да, шешіп алуға да болмайтын депозит Бұл депозитке ақшаны бір рет саласыз. Депозит мерзімі аяқталғанша оған қосымша ақша сала алмайсыз және қаражатты мерзімінен бұрын шеше алмайсыз. 🥇 Үздік: NURBANK - «Нұр Алтын сбер» депозиті. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 19,02% Ақпарат пайдалы болса😍 басыңыз. Ай сайын ең тиімді депозиттерді осында жариялап тұрамын
Open in Telegram📱Google акциясы 30%-ға арзандады Бизнесі емес, тек акциясының бағасы ғана арзандады. 🫡Біз күнде Google-дан бірдеңе іздейміз, YouTube көреміз. Көпшілігіміздің телефонымыз Android жүйесінде жұмыс істейді. Осының бәрі бір компанияның өнімі, ол — Google (Alphabet). Қазір Google акциясы біраз арзандап тұр: 📉 Жыл басынан бері −11% 📉 Мамырда ~$398 тұрған еді, қазір ~$278. Яғни 30%-ға жуық арзандады. Неге арзандады? Қазан айының соңында компания тоқсандық есебін жариялады. Пайдасы нарық күткендей болмады, сосын инвесторлар акцияларын сата бастады. Бұл нарықта жиі болатын жағдай: күткен нәтиже болмаса, баға бірден төмендейді. 👤Бірақ бір нәрсе өзгерген жоқ. Google әлі де іздеу жүйесі мен YouTube-та көш бастап тұр, бұлттық технологиялары да жылдам өсіп келеді. Адамдар Google-ды қолдануын тоқтатқан жоқ. Бәрі бұрынғыдай… 🏦Ірі банктер мен қаржы мамандарының басым көпшілігі Google акциясын сатып алуды ұсынады. Орташа болжам бойынша акция бағасы ~$403-ке жетуі мүмкін, ал қазір ол $278 тұр. Соңғы тоқсанда компанияның 🟣табысы 25%-ға өсті. - Есептен кейін BMO, Wells Fargo сияқты банктер болжамын сәл төмендетсе де, «сатып алу» бағасын сақтап қалды. | Түйін: Бүгін Google акциясы арзандап тұр, ал компанияның табысы өсуін тоқтатқан жоқ. Қысқа мерзімде баға құбыла береді, бұл - нарықтың табиғаты. Бірақ іргетасы мықты бизнес уақыт өте өз құнына қайтып оралады. Бір жылдан кейін бүгінгі бағаға басқаша қарайтын шығармыз
Open in Telegram30 кітап оқып түсінгенім..... Осыған дейін қаржы сауаттылығына байланысты 30-ға жуық кітап оқыппын. Ол кітаптардың авторы, көлемі әртүрлі. ✅30 кітапты оқып байқағаным: авторлары әртүрлі болса да, бәрі бір нәрсені қайталайды. Сондықтан: сол кітаптарда кездесетін қаржылық кеңестерді осында жазып қояйын деп шештім. Ең жиі кездесетін 8️⃣ кеңес: 1️⃣ Алдымен өзіңе төле. Жалақы түскен сәтте 10–20%-ын бөлек шотқа аудар, қалғанын ғана жұмса. 2️⃣ Табысыңнан аз жұмса. Байлық көп табудан емес, көп сақтаудан келеді. Табысың өскен сайын шығының да қатар өспесін. 3️⃣ Төтенше қор жина. 3–6 айлық міндетті шығынға жетерлік қауіпсіздік жастығы болмаса, кез келген дағдарыс қарызға батырады. 4️⃣ Тұтынушылық қарыздан қаш. Қымбат несие байлықты жейді. Алатын несиеңнің айлық төлемі еңбекақыңның 30%-ынан аспасын. 5️⃣ Активті пассивтен ажырат. Ақша әкелетін нәрсе актив, ақша алып кететіні пассив. 6️⃣ Ақшаңды жұмыс істет. Инвестиция жасап, күрделі пайызға ұмтыл. Ертерек бастаған ұтады. 7️⃣ Барлығын бір себетке салма. Құралдарыңды әртараптандыр және түсінбейтін нәрсеге ақша салма. 8️⃣ Кіріс-шығыс есебін жүргіз. Ақша қайда кеткенін білмесең, оны басқара алмайсың. ~ Бұл кеңестердің біреуі де жаңалық емес. Бәрінің құлағына сіңген, таныс кеңестер. 📍30 кітапты оқып түсінгенім: құпия формула жоқ. Қаржы сауаты деген осы кеңестерді өміріңе енгізіп, әдетке айналдыру. Басқа ештеңе де емес!
Open in Telegram“Tрейдингті үйренсем бе” деп ойлап жүрген әрбір жанның назарына 🤓Жоғарыдағы ГРАФИККЕ көз жүгіртіңіз. Жеке-жеке талдаймын. Бұл графикте трейдинг әлемінің шынайы статистикасы ПИРАМИДА түрінде көрсетілген. ‘Бұл график брокерлік есеп пен нарықтық зерттеулерге негізделген. (нақты дереккөз қажет болса жекеме жазыңыз. бөлісемін) 🔵100% - Трейдингке келетін адамдардың 99,7%-ы бұл жерден еш қиындықсыз тез байып кетуді мақсат етеді. Олар мұны жеңіл табыс көзі деп қабылдайды. 🔵60% - Жаңа келген “трейдерлердің” 60%-ы алғашқы 30 күннің ішінде-ақ ақшасын жоғалтып, бұл істі тастап кетеді. 🔵80% - Алғашқы 2 жылдың ішінде кетіп қалады. Алғашқы айдан аман-есен өткендердің 80%-ы 2 жыл ішінде шығындарға ұшырап, психологиялық қысымға шыдамай, ақыры трейдингті тоқтатады. 🔵7% - 5 жылдан кейін де жалғастыра береді. Нарықта ұзақ уақыт сауда жасап (кемі 5 жыл), күйзеліске шыдап, тәжірибе жинақтап, өз жолын жалғастыра алатындар аз - бар болғаны 7%. 🔵1% - комиссия, салық, брокерлік шығындарды шегергенде шынайы таза табыс табады. Таза табыс табатын кәсіпқойлардың қарасы бар болғаны 1% құрайды. Бұл ФАКТ. Өзін “ТРЕЙДЕРМІН” деп таныстыратын БЛОГЕРЛЕР көрсеткендей бұл - пляжда коктейль ішіп немесе кафеде тамақ ішіп отырып жасайтын ойын емес. 🔈Бұл - темірдей тәртіпті, терең математикалық білімді, мықты жүйкені және қайта-қайта шығынға ұшырасаң да, соған төтеп бере білуді талап ететін ең ауыр жұмыстың бірі. Түйін: Иллюзияға емес нақты ғылыми дерекке жүгініңіз!
Open in TelegramҚанша төлеуге дайынсың? (бұл жәй ғана атүсті оқи салатын жазба емес, соңына дейін түсініп оқыңыз) ~ Менің🤓 бір қаржылық қағидам бар: бір дағдыны үйренгім келсе немесе бір тақырыпты терең меңгергім келсе, сол үшін ақша төлеймін. | Мақсат қойсам, алдымен өзіме мына сұрақты қоямын: «Мен бұған қанша теңге төлеуге дайынмын?» Мысалы, ғылыми зерттеуді кәсіби түрде меңгергім келсе, профессордың консультациясына жазыламын, тақырыпқа байланысты кітаптар сатып аламын және Coursera-дағы ақылы курстарға тіркелемін. Не үшін бұлай жасаймын? Айтып берейін: 🧠Экономикада Willingness to Pay деген ұғым бар. Бұл бір нәрсеге ең көбі қанша төлеуге дайын екеніңді көрсететін шек. «Үйренгім келеді, маған керек» деп армандау/қиялдау оп-оңай. Ал сол арманға ақша, уақыт, күш жұмсау мүлде басқа нәрсе. `Неге бұл қағида жұмыс істейді? Тегін нәрсені тастап кету оңай: жоғалтатының жоқ. Ал төлеген нәрсені тастау қымбатқа түседі. Адам бір нәрсеге нақты ресурс (қаржы) жұмсаса, шешімі жай ниеттен → әрекетке айналады. Түйін: кейде өзіңнен «Мен мұны қаншалықты қалаймын?» деп емес, «Мен бұл үшін не беруге дайынмын?» деп сұраған дұрыс.
Open in Telegram₸ЕЗ | қаржы нарығындағы соңғы жаңалықтар 🟢 Апта ішіндегі ең маңызды қаржы жаңалықтары 1. 1$ = 454₸. 2. Kegoc бір акцияға 81,25 теңге дивиденд төлейді. Төлем қарашаның 1-і басталады. Дивиденд алатын акционерлер тізімі 14 қазанда бекітіледі. 3. Доллардағы депозит пайызы өседі. Бұрын тек 1 жылға 1% еді, қазір ол шекті 2,5% көтерді. 4. Қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы ақшасын (ИПБ) "Halyk Finance"-қа көбірек сеніп тапсыруда. 5. ҚазАтомпром акциясы 1 айда -13,87%-ға төмендеді. Қазір 1 дана акциясы 29,545 теңге. 6. Қазан айындағы ең пайызы жоғары депозит: Bereke bank–тің Invest депозиті. 21%. 7. Ұлттық банк 23 қазанда базалық мөлшерлеме бойынша жаңа шешім қабылдайды. Қаржы мамандары мөлшерлеме төмендейді деген болжам айтып отыр. 👋Осымен тәмам. Келесі аптадағы «₸ЕЗ»-де қайта кездескенше
Open in Telegram🪙ЕҢ-ЕҢ-ЕҢ! 2026 жылдың ҚАЗАН айындағы ЕҢ ҮЗДІК 3️⃣ депозит 1. Ақшаны толықтыруға да, шешіп алуға да болатын депозит Бұл депозитке кез келген уақытта ақша сала аласыз және қажет болған жағдайда кез келген уақытта ақшаңызды шешіп ала аласыз. 🥇 Үздік: Freedom Bank - «Копилка» депозиті. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 16.30%. 2. Тек толықтыруға болатын депозит Бұл депозитке кез келген уақытта ақша қоса аласыз. Бірақ қаражатты өзіңіз таңдаған мерзім (3, 6 немесе 12 ай) аяқталғанға дейін шешіп ала алмайсыз. 🥇 Үздік: Bereke bank - «СӘЛЕМ» депозиті. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 20,00% 3. Ақшаны толықтыруға да, шешіп алуға да болмайтын депозит Бұл депозитке ақшаны бір рет саласыз. Депозит мерзімі аяқталғанша оған қосымша ақша сала алмайсыз және қаражатты мерзімінен бұрын шеше алмайсыз. 🥇 Үздік: KZI bank - «Жинақ» депозиті. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 19,20% Ақпарат пайдалы болса "❤️" басыңыз. Ай сайын ең тиімді депозиттерді осы арнаға тұрақты жариялап тұрамын...
Open in Telegram🇰🇿Қаржы жайлы қысқа дәріс #33 Адамның бай болуы немесе кедейленуі, негізінен, бір реттік ірі шешімдерге емес, күнделікті қайталанатын ұсақ қаржылық әдеттерге байланысты 🔗Ғылыми дәлелденген тұжырым.
Open in Telegram⛔Нарықты болжауды ТОҚТАТ! ~ Нарық ертең өседі ме, түседі ме - мұны ешкім нақты білмейді. Мүмкін ертең технологиялық компаниялардың бағасы өсетін шығар. Мүмкін денсаулық сақтау саласы алға шығатын болар. Беймәлім! Ал инвестор үшін - нарықты дәл болжау емес, сол нарыққа бейімделе білу өте маңызды. 📄Нарықты зерттеуге, оны ылғи да бақылап отыруға уақытыңыз жоқ болса DYNF etf–ін сатып алыңыз. Бұл ETF - нарықтағы жағдайға байланысты құрамын құбылтып, сол сәтте қандай компаниялар көбірек табыс табады, сол компанияларды құрамына қосып отырады. Қысқаша айтқанда нарықты зерттеп, сол сәтте ең көп табыс табатын компанияларды құрамына қосады. ▪️Бұл ETF құрамында 261 компания бар. Олардың ішінде Nvidia, Apple, Microsoft, Amazon, Alphabet сияқты ірі компаниялар кездеседі. Құрамы ай сайын нарыққа бейімделіп, жиі өзгеріп тұрады. 🪙Жылына 4 рет дивиденд төлейді. Қазір бұл ETF - 70$ тұрады (31.000kzt). DYNF etf–нің жылдық орташа кірістілігі: 15-17%. ✅Бұл etf ұзақ мерзімге инвестиция жасайтын инвесторларға арналған. «Нарықта не болып жатыр?» деп күнде қарап отыруға уақытыңыз жоқ болса → DYNF ETF-ін қарастырып көріңіз.
Open in Telegram₸ЕЗ | қаржы нарығындағы соңғы жаңалықтар 🟢 Апта ішіндегі ең маңызды қаржы жаңалықтары 1. 1$ = 441₸. 2. Kaspi тағы да дивиденд төледі. Бұл жолы 1 акцияға 4000 теңге дивиденд үлестіріп берді. 3. Kaspi брокерлік қызметпен де айналысатын болды. Жақын күндері өз брокерін таныстырады. 4. Сентрас Секьюритиз зейнетақы активтерін басқаруда көш бастады. Алғашқы 8 айдағы табыстылығы - 12,18%. 5. Қазаннан бастап доллардағы депозит пайызы өсуі мүмкін. Бұған дейін жылына 1% өсім беретін. 6. Елдегі ең төменгі жалақы мөлшері қазан айында көтеріледі. Қазір 85.000 теңге. Қанша пайыз көтерілетіні 4 қазан күні белгілі болады. 7. Paidax broker–де жаңа «мақсаттар» функциясы пайда болды. Мақсатыңызды жазып, портфеліңіздегі қажетті бағалы қағаздарды сол мақсатқа қосып қоя аласыз. Ыңғайлы. Әрі пайдалы. 👋Осымен тәмам. Келесі аптадағы «₸ЕЗ»-де қайта кездескенше
Open in Telegram👀Мына постқа назар салыңыздаршы! Алдымен мен белгілеп тұрған постты толық оқыңыз! ~ Наурыздың 30-ы күні Microsoft компаниясының акциясы тым қатты арзан бағаланып тұрғанын осында жаздым. Бұндай жеңілдік өте сирек болады деп те ескерттім. Обалы не керек🙂 ⭐Мен сіздерге сатып алуға кеңес берген кезде акция бағасы: 356$ болды. Ал қазір: 516$. 5 айда шамамен +44,9% өсті. Себебі сол сәтте Microsoft компаниясы өзінің шынайы құнынан төмен бағаланып тұрған. Ал қазір ше?! Сол сәттен бастап Microsoft компаниясы қарқынды түрде өсті. 📱Microsoft акциясының өсуіне әсер еткен 3️⃣ негізгі фактор: 1️⃣. ЖИ-ға инвестиция - Компания жасанды интеллект инфрақұрылымына өте көөп қаражат жұмсады. Инвесторлар бұл шығындардың босқа кетпей, нақты табыс әкеле бастағанын көріп, компанияға деген сенімі артты. 2️⃣. Azure-дің өсуі — бұлттық бизнесі жылына 43% өсті, ал Azure табысы алғаш рет $100 млрд-тан асты. 3️⃣. Copilot сұранысы — Microsoft 365-ке енгізілген ЖИ-көмекші Copilot корпоративтік клиенттер арасында кең таралып, ақылы қолданушылар саны 30 млн-нан асты. Қысқасы: Microsoft ЖИ-ға салған инвестициясын нақты табысқа айналдырып жатыр. 🗣Көңілім ауыған уақытта осындай инвестициялық кеңестерді осында жазып тұрамын. Дәл осындай инвестициялық кеңестерді жиі-жиі алғыңыз келсе, өзімнің жеке EQUITY telegram арнасын ұсынамын.
Open in Telegram₸ЕЗ | қаржы нарығындағы соңғы жаңалықтар 🟢 Аптадағы ең маңызды қаржы жаңалықтары 1. 1$ = 456 ₸. 2. Бүгіннен бастап зейнетақы жинағын инвестициялық басқарушы компанияларға толығымен аударуға болады. 3. Halyk Bank бүгін бір акциясына 28,09 теңге дивиденд төлеп бастайды. Құтты болсын! 4. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті. Несие мен депозиттердің де пайызы төмендейді. 5. KASE мен AIX нарығы қосылмайтын болды. Президент 2023 жылы KASE мен AIX-ті біріктіру қажеттігін айтқан еді. Бірікпейтін болды. 6. 2026 жылдың II тоқсанында Қазақстандағы орташа айлық жалақы 486 388 теңгені құрады. 7. 2027 жыл үшін де ең төменгі жалақы 85.000 теңге болып қалды. Өзгермеді. 8. 15 қыркүйекке дейін инвесторлар 270 нысандағы декларацияны тапсыру керек. Декларация бойынша сұрағыңыз болса жекеме жазыңыз → @Islaminvest 👋 Келесі ₸ЕЗ-де қайта кездескенше! ₸ЕЗ - тез келіп қалса да, өміріміз ₸ЕЗ өтпесін!
Open in Telegram