Account
Қаржылық сауаттылық

Қаржылық сауаттылық

Қаржылық сауатты үйрететін арна. Арнаның бас жағында тегін 12 сабақ бар. Көріңіз. 👫Арнаға осы сілтеме арқылы адам қоса аласыз: https://t.me/qarjysayaty Арна иесі: Исламбек Әділбек Менімен байланысу үшін: @Islaminvest | Жарнама [реклама] қабылдамаймын!

Username
@qarjysayaty
Category
Economics
Country
KazakhstanKazakhstan
Subscribers23,446
Avg views per post, 7d2,470−42.4% vs prev 7d
ERR10.53%last 7 days

Average views per post by day

By publication day

Show as table
DateAvg views per post
Nov 3, 20265,440
Nov 4, 20265,250
Nov 5, 20265,220
Nov 6, 20266,170
Nov 8, 20266,350
Nov 14, 20265,690
Nov 19, 20264,290
Nov 25, 20262,470

Most viewed this month

  1. 01
    Views6.35K
    Forwards—
    Reactions63
    Comments—
  2. 02

    Екінші рет жазуға ТУРА келді... Кезекті пайдалы пост Кез келген инвестор инвестиция жасаған құралының тұрақты өсім көрсетіп, дивидендті де жақсы төлегенін қалайды. Яғни өсімнен де, дивидендтен де табыс тапқысы келеді. 🗣Бұл шынымен де көп инвестордың арманы... 🩵Бағасының өсімі де, дивидендтік кірістілігі де жоғары SCHD деген etf бар. Бұл etf жайлы бұған дейін де жаздым. Бұл etf–тің құрамында ұзақ жылдардан бері тұрақты дивиденд төлеп келе жатқан 100-ге жуық компания бар. 🟣Қазір 1 дана SCHD etf–і → 35$ (шамамен 15,700 теңге). 🗓Алдыңғы аптада нарық түгел төмендегенде де SCHD etf–і өз құнын өте жақсы ұстап тұрды. Графиктен көре аласыз. Акциялардың бағасы құбылса да, SCHD etf–і дивидендтерді тұрақты төлеп тұрады. Бұл инвесторларға нарық төмендеген кезде де тұрақты табыс алуға мүмкіндік береді. Түйін: SCHD etf–і → бүгінгі трендке емес, ертеңгі капиталға мән беретін инвесторларға арналған ETF. Paidax/Freedom брокері арқылы сатып алуға болады. ⚠️ Бұл инвестициялық ұсыныс емес

    Photo
    Views6.17K
    Forwards—
    Reactions58
    Comments—
  3. 03

    🎉СҮЙІНШІ 2 постты міндетті түрде соңына дейін оқыңыз Инвестор болу - үздіксіз білім алу деген сөз. Әртүрлі курстардан білім алып, кітаптар мен күнделікті нарық жаңалықтарын оқып отыруыңыз шарт. Яғни инвестор ретінде үздіксіз білім алу жолына түсесіз. Бірақ сол алған біліміңіздің қаншалықты мықты екенін тексеріп көрдіңіз бе? Тексеріп көрмесеңіз, сізге жақсы жаңалығым бар! 🕓1,5 ай уақытымды бөліп инвестордың білім деңгейін бағалайтын тест дайындадым. Қарапайым тестке не үшін 1,5 ай уақытым кетті? Себебі тест сұрақтарын халықаралық зерттеулер мен сауалнамаларға негіздедім. 🔍Тестті жасауыма халықаралық FINRA Investing Knowledge Quiz негіз болды. Бұл - инвестордың білім деңгейін бағалауға арналған тест. Бұдан өзге 3 халықаралық тест, 4 ғылыми зерттеу, 2 сауалнаманың деректеріне жүгіндім. Сұрақтарды аударып қоя салуыма да болар еді. Алайда оларды толық зерттеп, Қазақстан нарығына бейімдеп, жаңадан өзім құрастырып шықтым7 ✅Тест 18 сұрақтан тұрады. Тестті толық өткеннен кейін жүйе нәтижеңізді талдайды. Қай тақырыптар бойынша біліміңізді жетілдіру керегін анықтап береді. Ең қызығы, қай тұсыңыздың осал екенін анықтап, соған сай кітап таңдайды. Қазір жүйенің базасында 32 кітап бар. Қысқаша айтатын болсам, бұл тест инвестициялық біліміңізді тексеретін check-up. Шынайы инвестиция бойынша білім деңгейіңізді анықтағыңыз келсе, тестті міндетті түрде тапсырып көріңіз. ➡️ТЕСТКЕ СІЛТЕМЕ: https://investor-test.netlify.app 🙂Нәтижеңізді бөлісіңіз!

    Photo
    Views5.69K
    Forwards—
    Reactions87
    Comments—
  4. 04

    📱Google акциясы 30%-ға арзандады Бизнесі емес, тек акциясының бағасы ғана арзандады. 🫡Біз күнде Google-дан бірдеңе іздейміз, YouTube көреміз. Көпшілігіміздің телефонымыз Android жүйесінде жұмыс істейді. Осының бәрі бір компанияның өнімі, ол — Google (Alphabet). Қазір Google акциясы біраз арзандап тұр: 📉 Жыл басынан бері −11% 📉 Мамырда ~$398 тұрған еді, қазір ~$278. Яғни 30%-ға жуық арзандады. Неге арзандады? Қазан айының соңында компания тоқсандық есебін жариялады. Пайдасы нарық күткендей болмады, сосын инвесторлар акцияларын сата бастады. Бұл нарықта жиі болатын жағдай: күткен нәтиже болмаса, баға бірден төмендейді. 👤Бірақ бір нәрсе өзгерген жоқ. Google әлі де іздеу жүйесі мен YouTube-та көш бастап тұр, бұлттық технологиялары да жылдам өсіп келеді. Адамдар Google-ды қолдануын тоқтатқан жоқ. Бәрі бұрынғыдай… 🏦Ірі банктер мен қаржы мамандарының басым көпшілігі Google акциясын сатып алуды ұсынады. Орташа болжам бойынша акция бағасы ~$403-ке жетуі мүмкін, ал қазір ол $278 тұр. Соңғы тоқсанда компанияның 🟣табысы 25%-ға өсті. - Есептен кейін BMO, Wells Fargo сияқты банктер болжамын сәл төмендетсе де, «сатып алу» бағасын сақтап қалды. | Түйін: Бүгін Google акциясы арзандап тұр, ал компанияның табысы өсуін тоқтатқан жоқ. Қысқа мерзімде баға құбыла береді, бұл - нарықтың табиғаты. Бірақ іргетасы мықты бизнес уақыт өте өз құнына қайтып оралады. Бір жылдан кейін бүгінгі бағаға басқаша қарайтын шығармыз

    Text
    Views5.44K
    Forwards—
    Reactions70
    Comments—

Latest posts

#561Text

Көтеріп тұрып, құлатады өмір📉 (осындай пайдалы посттарды жіберіп алма) 🥀Соңғы бір айда портфеліңіз қызылға боялып, көңіл күйіңіз түсіп жүрген шығар. Иә, бұл уақытта нарық қатты құбылды. Бірақ мұндай жағдай тек сіздің портфеліңізде емес, жалпы нарықта болды. 🤓Бүгін өз тәжірибеммен бөліскім келеді. Нарық төмендеген кезде менің портфелімді қатты құлдыраудан сақтап қалған құралдар туралы айтып берейін. 🔸SCHD ETF — АҚШ-та ұзақ уақыт бойы дивиденд төлеп келе жатқан компанияларды біріктіреді. Нарық құлдыраған кезде инвесторлар технологиялық компаниялардан шығып, тұрақты дивиденд төлейтін компанияларға бет бұра бастайды. Осындай кезеңдерде бұл ETF-тің де құны өсуі мүмкін. 🔸FNDX ETF — іргелі көрсеткіштері мықты, таза пайдасы жоғары және сатылым көлемінің өсімі тұрақты компанияларды біріктіреді. Басқа ETF-терден ерекшелігі — компанияларды нарықтық капитализациясына ғана қарап емес, нақты қаржылық көрсеткіштеріне сүйене отырып іріктейді. 🔸SCHV ETF — нарықта өз құнын әлі толық ала алмай жүрген ірі компанияларға инвестиция салады. Яғни компанияның нарықтағы бағасынан гөрі, оның нақты құндылығына мән береді. 👍Бұл 3 etf-тен бөлек, AAPL акциясы мен облигациялар да өз құнын жақсы сақтады. Соның арқасында нарықтағы жалпы құлдырау менің портфеліме қатты әсер еткен жоқ. ✅Ең қызығы, жоғарыда аталған ETF-тердің барлығын осы арнада, сондай-ақ «Ақылды инвестор» курсында таныстырғанмын. ~ Олардың қандай компанияларға және қай бағыттарға инвестиция салатынын бұрыннан айтып келе жатырмын.

Open in Telegram
Views2,470−52%vs avg
Forwards—
Reactions62
Comments—
#560Text
Views4,290−16%vs avg
Forwards—
Reactions146
Comments—
#559Photo

🎉СҮЙІНШІ 2 постты міндетті түрде соңына дейін оқыңыз Инвестор болу - үздіксіз білім алу деген сөз. Әртүрлі курстардан білім алып, кітаптар мен күнделікті нарық жаңалықтарын оқып отыруыңыз шарт. Яғни инвестор ретінде үздіксіз білім алу жолына түсесіз. Бірақ сол алған біліміңіздің қаншалықты мықты екенін тексеріп көрдіңіз бе? Тексеріп көрмесеңіз, сізге жақсы жаңалығым бар! 🕓1,5 ай уақытымды бөліп инвестордың білім деңгейін бағалайтын тест дайындадым. Қарапайым тестке не үшін 1,5 ай уақытым кетті? Себебі тест сұрақтарын халықаралық зерттеулер мен сауалнамаларға негіздедім. 🔍Тестті жасауыма халықаралық FINRA Investing Knowledge Quiz негіз болды. Бұл - инвестордың білім деңгейін бағалауға арналған тест. Бұдан өзге 3 халықаралық тест, 4 ғылыми зерттеу, 2 сауалнаманың деректеріне жүгіндім. Сұрақтарды аударып қоя салуыма да болар еді. Алайда оларды толық зерттеп, Қазақстан нарығына бейімдеп, жаңадан өзім құрастырып шықтым7 ✅Тест 18 сұрақтан тұрады. Тестті толық өткеннен кейін жүйе нәтижеңізді талдайды. Қай тақырыптар бойынша біліміңізді жетілдіру керегін анықтап береді. Ең қызығы, қай тұсыңыздың осал екенін анықтап, соған сай кітап таңдайды. Қазір жүйенің базасында 32 кітап бар. Қысқаша айтатын болсам, бұл тест инвестициялық біліміңізді тексеретін check-up. Шынайы инвестиция бойынша білім деңгейіңізді анықтағыңыз келсе, тестті міндетті түрде тапсырып көріңіз. ➡️ТЕСТКЕ СІЛТЕМЕ: https://investor-test.netlify.app 🙂Нәтижеңізді бөлісіңіз!

Open in Telegram
Views5,690+11%vs avg
Forwards—
Reactions87
Comments—
#558Photo
Views6,350+24%vs avg
Forwards—
Reactions63
Comments—
#557Photo

Екінші рет жазуға ТУРА келді... Кезекті пайдалы пост Кез келген инвестор инвестиция жасаған құралының тұрақты өсім көрсетіп, дивидендті де жақсы төлегенін қалайды. Яғни өсімнен де, дивидендтен де табыс тапқысы келеді. 🗣Бұл шынымен де көп инвестордың арманы... 🩵Бағасының өсімі де, дивидендтік кірістілігі де жоғары SCHD деген etf бар. Бұл etf жайлы бұған дейін де жаздым. Бұл etf–тің құрамында ұзақ жылдардан бері тұрақты дивиденд төлеп келе жатқан 100-ге жуық компания бар. 🟣Қазір 1 дана SCHD etf–і → 35$ (шамамен 15,700 теңге). 🗓Алдыңғы аптада нарық түгел төмендегенде де SCHD etf–і өз құнын өте жақсы ұстап тұрды. Графиктен көре аласыз. Акциялардың бағасы құбылса да, SCHD etf–і дивидендтерді тұрақты төлеп тұрады. Бұл инвесторларға нарық төмендеген кезде де тұрақты табыс алуға мүмкіндік береді. Түйін: SCHD etf–і → бүгінгі трендке емес, ертеңгі капиталға мән беретін инвесторларға арналған ETF. Paidax/Freedom брокері арқылы сатып алуға болады. ⚠️ Бұл инвестициялық ұсыныс емес

Open in Telegram
Views6,170+21%vs avg
Forwards—
Reactions58
Comments—
#556Text
Views5,220+2%vs avg
Forwards—
Reactions65
Comments—
#555Photo

⭐️ЕҢ-ЕҢ-ЕҢ!  2026 жылдың ҚАРАША айындағы ЕҢ ҮЗДІК 3️⃣ депозит 1. Ақшаны толықтыруға да, шешіп алуға да болатын депозит Бұл депозитке кез келген уақытта ақша сала аласыз және қажет болған жағдайда ақшаңызды шешіп ала аласыз. 🥇 Үздік: Freedom bank - «Копилка» депозиті. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 16.35%. 2. Тек толықтыруға болатын депозит Бұл депозитке кез келген уақытта ақша қоса аласыз. Бірақ қаражатты өзіңіз таңдаған мерзім (3, 6 немесе 12 ай) аяқталғанға дейін шешіп ала алмайсыз. 🥇 Үздік: Freedom bank - «Cтратегия» депозиті. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 19,50% 3. Ақшаны толықтыруға да, шешіп алуға да болмайтын депозит Бұл депозитке ақшаны бір рет саласыз. Депозит мерзімі аяқталғанша оған қосымша ақша сала алмайсыз және қаражатты мерзімінен бұрын шеше алмайсыз. 🥇 Үздік: NURBANK - «Нұр Алтын сбер» депозиті. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 19,02% Ақпарат пайдалы болса😍 басыңыз. Ай сайын ең тиімді депозиттерді осында жариялап тұрамын

Open in Telegram
Views5,250+3%vs avg
Forwards—
Reactions105
Comments—
#554Text

📱Google акциясы 30%-ға арзандады Бизнесі емес, тек акциясының бағасы ғана арзандады. 🫡Біз күнде Google-дан бірдеңе іздейміз, YouTube көреміз. Көпшілігіміздің телефонымыз Android жүйесінде жұмыс істейді. Осының бәрі бір компанияның өнімі, ол — Google (Alphabet). Қазір Google акциясы біраз арзандап тұр: 📉 Жыл басынан бері −11% 📉 Мамырда ~$398 тұрған еді, қазір ~$278. Яғни 30%-ға жуық арзандады. Неге арзандады? Қазан айының соңында компания тоқсандық есебін жариялады. Пайдасы нарық күткендей болмады, сосын инвесторлар акцияларын сата бастады. Бұл нарықта жиі болатын жағдай: күткен нәтиже болмаса, баға бірден төмендейді. 👤Бірақ бір нәрсе өзгерген жоқ. Google әлі де іздеу жүйесі мен YouTube-та көш бастап тұр, бұлттық технологиялары да жылдам өсіп келеді. Адамдар Google-ды қолдануын тоқтатқан жоқ. Бәрі бұрынғыдай… 🏦Ірі банктер мен қаржы мамандарының басым көпшілігі Google акциясын сатып алуды ұсынады. Орташа болжам бойынша акция бағасы ~$403-ке жетуі мүмкін, ал қазір ол $278 тұр. Соңғы тоқсанда компанияның 🟣табысы 25%-ға өсті. - Есептен кейін BMO, Wells Fargo сияқты банктер болжамын сәл төмендетсе де, «сатып алу» бағасын сақтап қалды. | Түйін: Бүгін Google акциясы арзандап тұр, ал компанияның табысы өсуін тоқтатқан жоқ. Қысқа мерзімде баға құбыла береді, бұл - нарықтың табиғаты. Бірақ іргетасы мықты бизнес уақыт өте өз құнына қайтып оралады. Бір жылдан кейін бүгінгі бағаға басқаша қарайтын шығармыз

Open in Telegram
Views5,440+6%vs avg
Forwards—
Reactions70
Comments—
#553Text

30 кітап оқып түсінгенім..... Осыған дейін қаржы сауаттылығына байланысты 30-ға жуық кітап оқыппын. Ол кітаптардың авторы, көлемі әртүрлі. ✅30 кітапты оқып байқағаным: авторлары әртүрлі болса да, бәрі бір нәрсені қайталайды. Сондықтан: сол кітаптарда кездесетін қаржылық кеңестерді осында жазып қояйын деп шештім. Ең жиі кездесетін 8️⃣ кеңес: 1️⃣ Алдымен өзіңе төле. Жалақы түскен сәтте 10–20%-ын бөлек шотқа аудар, қалғанын ғана жұмса. 2️⃣ Табысыңнан аз жұмса. Байлық көп табудан емес, көп сақтаудан келеді. Табысың өскен сайын шығының да қатар өспесін. 3️⃣ Төтенше қор жина. 3–6 айлық міндетті шығынға жетерлік қауіпсіздік жастығы болмаса, кез келген дағдарыс қарызға батырады. 4️⃣ Тұтынушылық қарыздан қаш. Қымбат несие байлықты жейді. Алатын несиеңнің айлық төлемі еңбекақыңның 30%-ынан аспасын. 5️⃣ Активті пассивтен ажырат. Ақша әкелетін нәрсе актив, ақша алып кететіні пассив. 6️⃣ Ақшаңды жұмыс істет. Инвестиция жасап, күрделі пайызға ұмтыл. Ертерек бастаған ұтады. 7️⃣ Барлығын бір себетке салма. Құралдарыңды әртараптандыр және түсінбейтін нәрсеге ақша салма. 8️⃣ Кіріс-шығыс есебін жүргіз. Ақша қайда кеткенін білмесең, оны басқара алмайсың. ~ Бұл кеңестердің біреуі де жаңалық емес. Бәрінің құлағына сіңген, таныс кеңестер. 📍30 кітапты оқып түсінгенім: құпия формула жоқ. Қаржы сауаты деген осы кеңестерді өміріңе енгізіп, әдетке айналдыру. Басқа ештеңе де емес!

Open in Telegram
Views8,280+62%vs avg
Forwards—
Reactions210
Comments—
#552Photo

“Tрейдингті үйренсем бе” деп ойлап жүрген әрбір жанның назарына 🤓Жоғарыдағы ГРАФИККЕ көз жүгіртіңіз. Жеке-жеке талдаймын. Бұл графикте трейдинг әлемінің шынайы статистикасы ПИРАМИДА түрінде көрсетілген. ‘Бұл график брокерлік есеп пен нарықтық зерттеулерге негізделген. (нақты дереккөз қажет болса жекеме жазыңыз. бөлісемін) 🔵100% - Трейдингке келетін адамдардың 99,7%-ы бұл жерден еш қиындықсыз тез байып кетуді мақсат етеді. Олар мұны жеңіл табыс көзі деп қабылдайды. 🔵60% - Жаңа келген “трейдерлердің” 60%-ы алғашқы 30 күннің ішінде-ақ ақшасын жоғалтып, бұл істі тастап кетеді. 🔵80% - Алғашқы 2 жылдың ішінде кетіп қалады. Алғашқы айдан аман-есен өткендердің 80%-ы 2 жыл ішінде шығындарға ұшырап, психологиялық қысымға шыдамай, ақыры трейдингті тоқтатады.  🔵7% - 5 жылдан кейін де жалғастыра береді. Нарықта ұзақ уақыт сауда жасап (кемі 5 жыл), күйзеліске шыдап, тәжірибе жинақтап, өз жолын жалғастыра алатындар аз - бар болғаны 7%.  🔵1% - комиссия, салық, брокерлік шығындарды шегергенде шынайы таза табыс табады. Таза табыс табатын кәсіпқойлардың қарасы бар болғаны 1% құрайды. Бұл ФАКТ.  Өзін “ТРЕЙДЕРМІН” деп таныстыратын БЛОГЕРЛЕР көрсеткендей бұл - пляжда коктейль ішіп немесе кафеде тамақ ішіп отырып жасайтын ойын емес. 🔈Бұл - темірдей тәртіпті, терең математикалық білімді, мықты жүйкені және қайта-қайта шығынға ұшырасаң да, соған төтеп бере білуді талап ететін ең ауыр жұмыстың бірі. Түйін: Иллюзияға емес нақты ғылыми дерекке жүгініңіз!

Open in Telegram
Views7,120+39%vs avg
Forwards—
Reactions130
Comments—

All posts

Connections