🔶Қызылорда облысында тағы екі ауыл табиғи газға қосылды Еліміздің өңірлерінде газ инфрақұрылымын дамыту және халықтың табиғи газға қолжетімділігін арттыру жұмыстары жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті кезең аясында Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр және Ү. Түктібаев ауылдары табиғи газға қосылды. Нәтижесінде Жанқожа батыр ауылындағы 283 тұрғын үй, 6 әлеуметтік және 7 кәсіпкерлік нысан, ал Ү. Түктібаев ауылындағы 325 тұрғын үй, 4 әлеуметтік және 3 кәсіпкерлік нысан газбен қамтамасыз етіледі. Толығырақ сайттан оқыңыз 🔷В Кызылординской области еще два села подключены к природному газу В регионах страны продолжается развитие газовой инфраструктуры и расширение доступа населения к природному газу. Очередным этапом этой работы стало подключение к газоснабжению двух населённых пунктов Кызылординской области, Казалинского района – Жанкожа батыр и Ү. Түктібаев. В результате газоснабжением будут обеспечены 283 жилых дома, 6 социальных и 7 предпринимательских объектов в селе Жанкожа батыр, а также 325 жилых домов, 4 социальных и 3 предпринимательских объекта в селе Ү. Түктібаев. Подробнее на сайте @ortcom_kz #CCS
Open in TelegramPosts of ORTCOM.KZ
🔶Астанада жол саласына арналған XXII халықаралық мамандандырылған «Kaztraffic-2026» көрмесі өтеді 2026 жылғы 18–20 қараша аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында жол саласына арналған XXII халықаралық мамандандырылған «Kaztraffic-2026» көрмесі өтеді. Көрме аясында заманауи жол-құрылыс техникасы мен жабдықтары, жаңа жол жабындары мен инновациялық материалдар, автомобиль жолдарының жай-күйін диагностикалау және бақылауға арналған цифрлық жүйелер, интеллектуалды көлік жүйелері, сондай-ақ салмақ пен габаритті автоматты түрде бақылау технологиялары таныстырылады. Толығырақ сайттан оқыңыз 🔷В Астане состоится XXII Международная специализированная выставка дорожной отрасли «Kaztraffic-2026» С 18 по 20 ноября 2026 года в Международном выставочном центре EXPO в Астане состоится XXII Международная специализированная выставка дорожной отрасли «Kaztraffic-2026». Посетителям представят современные дорожно-строительные технологии, оборудование, инновационные материалы, цифровые системы диагностики и мониторинга дорог, интеллектуальные транспортные системы и решения в области автоматизированного весогабаритного контроля. Подробнее на сайте @ortcom_kz #CCS
Open in Telegram🔶«Құрылыс және тағы да құрылыс»: өңірлерде жаңа әлеуметтік инфрақұрылым нысандары іске қосылды Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ел өңірлерінде көлік, инженерлік, өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда. Өткен аптада елімізде жаңа өндірістік кәсіпорындар пайдалануға беріліп, республикалық маңызы бар автожолдардың учаскелерінде жөндеу жұмыстары аяқталды, ауылдық елді мекендерді газбен қамту жалғасты, сондай-ақ жаңа әлеуметтік, цифрлық және өрт қауіпсіздігі нысандары ашылды. Толығырақ сайттан оқыңыз 🔷«Строить, еще раз строить»: какие новые объекты социальной инфраструктуры запущены в регионах страны за неделю В рамках исполнения поручений Главы государства в регионах Казахстана продолжается работа по развитию транспортной, инженерной, промышленной и социальной инфраструктуры. За прошедшую неделю в стране введены в эксплуатацию новые производственные предприятия, завершен ремонт участков республиканских автодорог, продолжена газификация сельских населенных пунктов, а также открыты новые социальные, цифровые и противопожарные объекты. Подробнее на сайте @ortcom_kz #CCS
Open in Telegram🔶 Бүгін Қазақстанда ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі саласы жұмыскерлері кәсіби мерекесін атап өтеді Дастарханымыздағы әрбір өнімнің артында агрономдар, фермерлер, мал шаруашылығы мамандары мен ауыл шаруашылығы және өңдеу кәсіпорындары қызметкерлерінің күнделікті тынымсыз еңбегі жатыр. Олардың табанды жұмысының арқасында отандық өндіріс дамып, жаңа жұмыс орындары ашылуда, ел экономикасы нығайып, азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі саласында еңбек етіп жүрген барша мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге алғыс білдіреміз! Істеріңізге береке, толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! 🔶 Сегодня в Казахстане отмечается профессиональный праздник работников сельского хозяйства, пищевой и перерабатывающей промышленности За привычными продуктами на нашем столе стоит ежедневный труд агрономов, фермеров, животноводов, работников сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятий. Благодаря их усилиям развивается отечественное производство, создаются рабочие места, укрепляется экономика и продовольственная безопасность страны. Поздравляем работников сельского хозяйства, пищевой и перерабатывающей промышленности с профессиональным праздником. Спасибо за ваш труд, преданность своему делу и вклад в развитие страны! @ortcom_kz #CCS
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 13 h | 135 |
| 27 h | 186 |
- After 24 hours186
- Total to date186
🔶 15 қараша – қаржы саласы жұмыскерлерінің кәсіби мерекесі Әрбір маңызды экономикалық шешімнің, мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың және бизнесті дамытудың артында қаржы саласы мамандарының жұмысы тұр. Қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, экономикалық тұрақтылықты сақтау және халықтың әл-ауқатын арттыру жолында олардың кәсібилігі мен жауапкершілігі айрықша рөл атқарады. Олардың жұмысы мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен қаражаттың жұмсалуын бақылаудан бастап банк жүйесін дамытуға және қаржы тетіктерін жетілдіруге дейінгі міндеттерді қамтиды. Олардың еңбегінің нәтижесінде әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға, инвестиция тартуға және еліміздің ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қаланады. Қаржы жүйесінде еңбек етіп жүрген барша мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! 🔶 15 ноября профессиональный праздник отмечают работники финансовой сферы За каждым важным экономическим решением, реализацией государственных программ и развитием бизнеса стоит работа специалистов финансовой сферы. От их профессионализма и ответственности во многом зависят эффективное использование финансовых ресурсов, устойчивость экономики и благополучие граждан. Их труд охватывает широкий круг задач – от планирования государственного бюджета и контроля за расходованием средств до развития банковской системы и совершенствования финансовых механизмов. Эта работа создает основу для реализации социальных инициатив, привлечения инвестиций и долгосрочного развития страны. Поздравляем работников финансовой системы с профессиональным праздником! @ortcom_kz #CCS
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 13 h | 108 |
| 27 h | 132 |
- After 24 hours132
- Total to date132
🔶 Бүгін Қазақстанда Ұлттық валюта– теңге күні атап өтіледі 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан өзінің ұлттық валютасы – теңгені айналымға енгізді. Бұл тарихи қадам еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, дербес қаржы-экономикалық жүйесін қалыптастыруға жол ашты. Ұлттық валюта өткен жылдар ішінде айтарлықтай даму жолынан өтті. Бүгінде ақшаның дәстүрлі түрлерімен қатар цифрлық теңге де қолданысқа енгізілуде. Бұл қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, төлем жүйесін жеңілдетуге және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған. Биыл күшіне енген жаңа Конституцияда теңгенің мәртебесінің бекітілуі де ерекше маңызға ие. Осылайша, ұлттық валютамыз конституциялық мәртебеге ие болып, теңгенің Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі айрықша рөлі айқындала түсті. 🔶 Сегодня в Казахстане отмечается День национальной валюты – теңге 15 ноября 1993 года в Казахстане была введена в обращение национальная валюта – теңге. Это стало важным шагом в укреплении независимости страны и создании собственной финансово-экономической системы. За прошедшие годы национальная валюта прошла значительный путь развития. Сегодня наряду с традиционными формами денег внедряется цифровой теңге, призванный сделать финансовые услуги доступнее, упростить платежи и открыть новые возможности для бизнеса. Особое значение имеет закрепление статуса теңге в новой Конституции, вступившей в силу в этом году. Теперь национальная валюта получила конституционный статус, что подчеркивает ключевую роль теңге в обеспечении экономической независимости Казахстана. @ortcom_kz #CCS
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 13 h | 112 |
| 27 h | 135 |
- After 24 hours135
- Total to date135
Глава государства принял председателя Комитета национальной безопасности Ермека Сагимбаева ✔️Президент заслушал отчет об основных результатах деятельности ведомства с начала года и задачах на предстоящий период. ✔️Касым-Жомарту Токаеву было доложено о работе по борьбе с терроризмом и экстремизмом, организованной преступностью и наркобизнесом. ✔️Отдельное внимание было уделено вопросам противодействия коррупции, а также обеспечению кибер- и информационной безопасности. 🔹 По итогам встречи Глава государства дал ряд поручений по направлениям деятельности органов национальной безопасности.
Open in TelegramМемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады ✔️Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі нәтижелері баяндалып, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевқа терроризммен, экстремизммен, есірткі бизнесімен және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес аясындағы қолға алынған шаралар жөнінде есеп берілді. ✔️Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ кибер және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. 🔹 Кездесу соңында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органы қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Open in TelegramГлава государства провел оперативное совещание Совета Безопасности 🔹Под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось оперативное совещание Совета Безопасности по вопросам транспортно-транзитного развития. 🔹Рассмотрены перспективы развития международных транспортных коридоров, а также меры по укреплению транзитного потенциала страны. 🔹Были заслушаны доклады заместителя Премьер-министра – министра транспорта Асел Жанасовой, министра финансов Мади Такиева и других членов Правительства о текущем состоянии отрасли, реализуемых проектах и перспективах дальнейшего развития. 🔹В своем выступлении Председатель Совета Безопасности отметил, что новая транспортно-логистическая карта мира находится в процессе активного формирования. 🔹Глава государства подчеркнул, что в недавнем Послании народу были обозначены основные направления укрепления транзитного потенциала страны. По его словам, Казахстан должен занять проактивную позицию в международной транспортной архитектуре. 🔹Наше географическое положение дает преимущества, однако реальная конкурентоспособность зависит от таких факторов, как скорость, предсказуемость, привлекательные тарифы и надежность перевозок. 🔹В первую очередь, следует наращивать пропускную способность для транзита, создавать условия для отечественных авиаперевозчиков, развивать морской транспорт.
Open in TelegramМемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді 🔹Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-транзит саласын дамыту мәселесіне арналған шұғыл отырысы өтті. 🔹Жиында халықаралық көлік дәліздерін дамыту перспективасы және еліміздің транзит әлеуетін нығайту шаралары қаралды. 🔹Премьер-министрдің орынбасары – Көлік министрі Әсел Жанасова, Қаржы министрі Мәди Такиев және Үкіметтің өзге де мүшелері саланың қазіргі ахуалы, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы даму бағыттары туралы баяндама жасады. 🔹Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы әлемде көлік-логистика байланыстарының жаңа жүйесі қарқынды түрде қалыптасып келе жатқанын атап өтті. 🔹Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында еліміздің транзит әлеуетін нығайтудың негізгі бағыттары айқындалғанына назар аударып, Қазақстан халықаралық көлік құрылымында проактивті позиция ұстануы керек екенін айтты. 🔹Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды орналасуы бірқатар артықшылық береді. Алайда мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі тасымалдың жылдамдығына және сенімділігіне, оның шарттары мен мерзімдерінің алдын ала айқын болуына, сондай-ақ тарифтердің тиімділігіне байланысты. 🔹Ең алдымен, транзиттік жүктерді өткізу мүмкіндігін арттырып, отандық әуе тасымалдаушыларға жағдай жасау және теңіз көлігін дамыту керек.
Open in Telegram🔶Қазақстан мал шаруашылығында америкалық озық технологияларды пайдаланатын болады Қазақстан мен АҚШ мал шаруашылығы саласында өзара тиімді ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтермек. Атап айтқанда, асыл тұқымды, өнімділігі жоғары мал басын жеткізу, америкалық озық генетикалық технологияларды енгізу және заманауи өндірістік тәжірибені игеру мәселелері талқыланды. Толығырақ сайттан оқыңыз 🔷В животноводстве Казахстана будут применять передовые американские технологии Вопросы поставок высокопродуктивного племенного поголовья, внедрения передовой американской генетики стали главными темами переговоров вице-министра сельского хозяйства Амангалия Бердалина с руководством департаментов сельского хозяйства штатов Айдахо и Монтана, а также представителями агробизнеса США. Подробнее на сайте @ortcom_kz #CCS
Open in Telegram⚡️Президент: «Коррупционное сообщество – наши враги, которые уже вынашивают планы дискредитации и подрыва «Народной стройки» «В новой исторической эпохе мы не имеем права топтаться на месте, довольствоваться прежними успехами, почивать на лаврах. Лень и безразличие – не попутчики в строительстве Справедливого Казахстана. А коррупционное сообщество – наши враги, которые уже вынашивают планы дискредитации и подрыва «Народной стройки». Этого, конечно же, мы не допустим. Все объекты социальной инфраструктуры, включая дороги, аэропорты, поликлиники, реабилитационные центры, дома творчества, школы, спортивные объекты должны быть построены качественно. Так и будет. А правильное расходование государственных средств обеспечит специальная Государственная комиссия. Ее состав будет опубликован в начале следующей недели. Таким образом, мы начинаем великий поход, конечная цель которого – народное благополучие, благосостояние в соответствии с конституционными принципами – Закон, Справедливость и Порядок. Этот путь будет нелегким, скорее, тернистым, но дорогу осилит идущий».
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 41 h | 227 |
| 68 h | 234 |
- Total to date234
⚡️Президент: «Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз. Олар қазірдің өзінде «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыруға зиян тигізуді ойлап жүр» «Өздеріңізге мәлім, қазір біз жаңа тарихи кезеңге қадам бастық. Енді бір орында тұрып қалуға, бұрынғы жетістіктерді місе тұтып, арқаны кеңге салуға хақымыз жоқ. Әділетті Қазақстанды құру ісінде жалқаулық пен селқостыққа бой алдыруға болмайды. Ал сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз. Олар қазірдің өзінде «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіріп, зиян тигізуді ойлап жүр. Біз бұған, әлбетте, ешқашан жол бермейміз. Барлық әлеуметтік инфрақұрылым нысандары, соның ішінде жолдар, әуежайлар, емханалар, оңалту орталықтары, шығармашылық үйлері, мектептер мен спорт кешендері сапалы салынуы керек. Бұл – мүлтіксіз орындалуға тиіс талап. Мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуын арнайы мемлекеттік комиссия қадағалайды. Оның құрамы келесі аптаның басында жарияланады. Осылайша, біз халықтың әл-ауқатын арттыруды және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін түпкі мақсатымызды жүзеге асыруды бастаймыз. Осы істе Конституциямызда бекітілген Заң, Әділеттілік және Тәртіп қағидаттары айнымас темірқазығымыз болады. Әрине, бұл жол оңай болмайды. Тіпті түрлі қиындықтар да кездесетіні анық. Халқымыз «Жол мұраты – жету» деп бекер айтпаған. Сондықтан табандылық танытып, алға қойған мақсаттарымызға міндетті түрде қол жеткіземіз».
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 41 h | 186 |
| 68 h | 192 |
- Total to date192
⚡️Глава государства поручил Правительству и контролирующим органам представить конкретные предложения по резкому снижению коррупционных правонарушений «Высокая должность обязывает проявлять всегда и везде высокую ответственность. Никто, независимо от занимаемой должности, заслуг или связей, включая родственные связи, не имеет права рассчитывать на исключения из закона – это моя принципиальная позиция. В последнее время мы пересмотрели некоторые соглашения и контракты, которые, на мой взгляд, были подписаны ошибочно. В то же время власть не собирается вводить какие-либо ограничения для бизнесменов. Напротив, мы, помогаем и будем помогать, всячески содействовать им. Вы знаете, что мною поручено с 1 января следующего года объявить еще один трехлетний мораторий на проверки работы малого бизнеса. В этом заключается суть правовой стратегии «Закон и Порядок»: поддерживать всех людей, а также предприятия, которые нуждаются в этом, и действовать в соответствии с принципом справедливости, в точном соответствии с Законом. Хочу подчеркнуть, что работа аппарата ФНБ «Самрук-Қазына» и государственных компаний, в том числе «Қазақстан темір жолы», не остановлена, она остается бесперебойной. Все учреждения, принадлежащие государственным компаниям, продолжают работать в прежнем режиме. Произошедший серьезный инцидент – это не повод для сбоев в работе Фонда и госкомпаний. Более того, уверен, что борьба с коррупцией, напротив, должна повысить доверие инвесторов и кредиторов к данному институту, а его работа станет более эффективной, прозрачной и продуктивной. Напоминаю, что Генеральная прокуратура обеспечила возврат незаконно приобретенных активов на сумму более 1,3 трлн тенге. Они пошли на финансирование строительства 466 социальных и инфраструктурных объектов. На сегодняшний день завершено строительство 383 объектов, включая медицинские учреждения, системы водоснабжения, школы, спортивные комплексы. Эта работа продолжается, и, по всей видимости, есть основания для того, чтобы посмотреть, насколько качественно построены объекты. У нас часто страдает качество тех или иных объектов, включая, прежде всего, дороги. Однако, как показал данный вопиющий случай, коррупционные риски остаются ахиллесовой пятой в государственных компаниях. В связи с этим Правительство и контролирующие органы должны представить мне 24 ноября этого года конкретные предложения по резкому снижению коррупционных правонарушений, качественному улучшению компаний квазигосударственного сектора и сотрудников его аппаратов».
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 41 h | 126 |
| 68 h | 148 |
- Total to date148
⚡️Мемлекет басшысы Үкімет пен бақылаушы органдарға сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды барынша азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды «Жоғары лауазымға ие болу – әрқашан және әрдайым жүктелетін жоғары жауапкершілікті дұрыс түсіну деген сөз. Қоғамымызда атқаратын лауазымына, сіңірген еңбегіне не болмаса тамыр-таныстарына, соның ішінде туыстық байланыстарына қарамастан, ешкім де заңнан аттап кете алмайды. Бұл – мен үшін мызғымайтын, яғни өзгермейтін ұстаным. Соңғы кезде біз кейбір келісімдер мен шарттарды қайта қарадық. Меніңше, оларға қол қою қате шешім болған. Бірақ биліктің кәсіпкерлерге кедергілер, тосқауылдар жасайтын ойы да, ниеті де жоқ. Керісінше, біз оларға әрдайым жан-жақты қолдау көрсетіп жатырмыз және алдағы уақытта да солай болады. Бәріңіз де білесіздер, мен келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын кәсіпкерлікті тексеруге арналған тағы бір үш жылдық мораторий жариялау туралы тапсырмамды бердім. Елімізде біртіндеп орнығып жатқан «Заң мен Тәртіп» құқықтық стратегиясының түпкі мәні де – осы: әділеттілік қағидатына және заң талаптарына сай көмекке мұқтаж адамдарға, сондай-ақ кәсіпорындарға қолдау көрсету. Жағдай қаншалықты күрделі болса да «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорыың аппараты мен мемлекеттік компаниялардың, соның ішінде «Қазақстан темір жолының» жұмысы тоқтап қалмайды, үздіксіз жүре береді. Мемлекеттік компанияларға қарасты барлық мекемелер қалыпты тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Жалпы, бұған ешқандай себеп те жоқ. Керісінше, жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан күрес инвесторлар мен несие берушілердің аталған институтқа деген сенімін арттырып, олардың мейлінше тиімді, ашық және жемісті жұмыс істеуіне мүмкіндік береді деп санаймын. Бас прокуратура жалпы сомасы 1,3 триллион теңгеден асатын заңсыз иемденген активтерді қайтарғанын еске саламын. Бұл қаражат 466 әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанның құрылысына жұмсалды. Қазіргі таңда 383 нысан, соның ішінде медициналық мекемелер, сумен жабдықтау желілері, мектептер, спорт кешендері салынып бітті. Жұмыс жалғаса береді. Қалыптасқан жағдайға қарағанда, нысандар қаншалықты сапалы салынғанын тексеруге себеп бар сияқты. Өйткені нысандардың, соның ішінде жолдардың сапасы талапқа сай болмайтын жағдай жиі кездеседі. Дегенмен осы оқиғаның өзі жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік компаниялардың ең осал тұсы, яғни, басты дерті екенін айқын көрсетіп отыр. Осы орайда, Үкімет пен бақылаушы органдар биыл 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды барынша азайту, квазимемлекеттік сектордағы компаниялар мен олардың қызметкерлерінің жұмыс сапасын айтарлықтай жақсарту жөнінде маған ұсыныс берсін».
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 41 h | 115 |
| 68 h | 123 |
- Total to date123
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Все сигналы о коррупционных правонарушениях руководителей различных уровней будут оперативно и тщательно проверяться» «Только за последние три года в период с 2023 по 2025 годы было выявлено 3 168 коррупционных правонарушений, из них 2 165 были совершены государственными служащими, остальные – иными лицами, в том числе служащими так называемого квазигосударственного сектора. Общая сумма – более 248 млрд тенге. Только за 10 месяцев текущего года совершено 751 правонарушение коррупционного характера, из них 546 – государственными служащими, а 205 – иными лицами, в том числе работниками квазигоссектора. Как видно из данной статистики, коррупционная ситуация остается сложной, но мы не собираемся скрывать что-либо от общественности, подобно страусу зарывать голову в песок. Мы говорим открыто и о положении дел в данной сфере, и о принятых или принимаемых мерах для обуздания коррупции. Поэтому все сигналы о коррупционных правонарушениях руководителей различных уровней будут оперативно и тщательно проверяться Службой противодействия коррупции КНБ с участием Генпрокуратуры. Деления на «своих», «не очень своих» и, тем более, «чужих», естественно не будет. Наша Конституция зафиксировала принцип равенства всех граждан перед Законом. Мы должны выполнять это требование».
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 41 h | 99 |
| 68 h | 106 |
- Total to date106
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жемқорлықты жою үшін қабылданған және қабылданатын шаралар туралы да ешнәрсені жасырмай, барлығын халыққа ашық көрсетіп отырамыз» «Тек соңғы үш жылдың ішінде, яғни 2023 және 2025 жылдар аралығында 3 168 сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық анықталды, соның ішінде 2 165 құқық бұзушылықты мемлекеттік қызметшілер жасаған, ал қалғанын басқа да тұлғалар, атап айтқанда, квазимемлекеттік сектор қызметшілері жасаған. Жалпы сомасы – 248,2 миллиард доллардан асады. Осы жылдың он айы ішінде 751 сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасалған, соның 546-сын – мемлекеттік қызметшілер, ал 205-ін өзге де тұлғалар жасаған, соның ішінде квазимемлекеттік сектор қызметшілері де бар. Осы статистикадан көріп отырғанымыздай, еліміздегі сыбайлас жемқорлық ахуалы күрделі болып тұр. Бірақ біз ешнәрсені де жасырмаймыз, басын құмға тыққан страустың кейпіне түспейміз. Біз осы саладағы мәселенің бәрін ашық айтамыз, жемқорлықты жою үшін қабылданған және қабылданатын шаралар туралы да ешнәрсені жасырмай, барлығын халыққа ашық көрсетіп отырамыз. Сол себепті түрлі деңгейдегі басшылардың жымқыруға қатысты құқық бұзушылықтарын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметі Бас прокуратурамен бірге жедел және жіті тексереді. «Өзіміздікі» және «Өзіміздікі емес», тіпті «бөтен» деп бөлуге мүлде жол берілмейді. Өйткені Конституцияда заң мен сот алдында бәрі тең екені анық жазылды. Біз бәріміз де осы заңға бағынуымыз керек».
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 41 h | 110 |
| 68 h | 114 |
- Total to date114
⚡️Президент: «Действия, нарушающие Конституцию, будут пресекаться в соответствии с принципом «Закон и Порядок» «Конституция – это Основной закон нашего государства, это правовой паспорт народа. Пренебрегать Конституцией, ее основными положениями равносильно дискриминации народа. Такие действия будут нами пресекаться в соответствии с принципом «Закон и Порядок». Когда речь идет о репутации государства, доверии общества к национальным институтам, международном авторитете Казахстана, мы все, кому народ доверил властные полномочия, должны проявлять принципиальность в отстаивании национальных интересов. Это гражданский и политический долг. Фонд «Самрук-Қазына» управляет стратегическими активами страны, реализует масштабные инвестиционные проекты, взаимодействует с крупнейшими иностранными компаниями и международными финансовыми институтами. За каждым таким соглашением, партнерством стоят многочисленные и многолетние переговоры, обязательства Казахстана и доверие международного сообщества к нашей стране».
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 41 h | 117 |
| 68 h | 120 |
- Total to date120
⚡️Президент Конституцияның негізгі ережелерін сақтамағандар «Заң мен Тәртіп» қағидатына сәйкес қатаң жазаланатынын айтты «Конституция – мемлекетіміздің негізгі заңы, бұл – халқымыздың құқықтық төлқұжаты. Сондықтан Конституцияны күлкі қылу, оның негізгі ережелерін менсінбеу халқымызды кемсітумен бірдей. Ондай әрекет жасағандар «Заң мен Тәртіп» қағидатына сәйкес қатаң түрде жазаға тартылатын болады. Мәселе мемлекетіміздің абыройы, қоғамның ұлттық институттарға деген сенімі, Қазақстанның халықаралық беделі туралы болғанда біз, халық билік ету өкілдігін берген тұлғалар, ұлт мүддесін қорғау жолында аянбай еңбек етуіміз керек, сол үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Бұл – азаматтық және саяси борышымыз. «Самұрық-Қазына» қоры еліміздің стратегиялық активтерін басқарады, ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асырады, аса ірі шетелдік компаниялармен және халықаралық қаржы институттарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Түптеп келгенде, кез келген келісімнің, серіктестіктің артында ұзақ жылдар бойы жасалатын көптеген келіссөздер, соның ішінде халықаралық қауымдастықтың елімізге деген үлкен сенімі мен мемлекетімізге жүктелген нақты міндеттер тұрады».
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 41 h | 141 |
| 68 h | 146 |
- Total to date146
⚡️В ходе оперативного совещания Совета Безопасности Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил с заявлением в связи с задержанием руководителей АО «Самрук-Қазына» и АО «НК «Қазақстан темір жолы» «Вчера СМИ Казахстана передали сообщение о задержании руководителей Фонда «Самрук-Қазына» и компании «Қазақстан темір жолы». Это чрезвычайно серьезный сигнал о наличии в государственных компаниях масштабной коррупции. По закону следственные вопросы анонсировать или раскрывать нельзя, тем более следствие только началось. Но уже сейчас можно сказать, что это первое крупное дело о коррупции в государственных компаниях единой системы после обнародования концепции «Закон и Порядок» и включения ее в Конституцию в качестве одного из принципов государственного управления и общественной жизни. Конституция была принята практически единодушно в ходе всенародного референдума 15 марта и вступила в силу 1 июля. Она по справедливости получила название Народная Конституция. Нарушать Конституцию и даже насмехаться над этим, можно сказать, священным документом, никому не позволено».
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 41 h | 186 |
| 68 h | 192 |
- Total to date192
⚡️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады «Кеше еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталғаны туралы мәлімет таратты. Ашығын айтқанда, бұл – мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай. Жалпы, заң бойынша тергеу мәселелерін жариялауға немесе ашып көрсетуге болмайды. Оның үстіне тергеу жұмысы да енді басталды. Алайда қазірдің өзінде мына нәрсені анық айтуға болады: бұл – біз «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жариялап, оны Конституциямызда мемлекеттік басқару мен қоғам өмірінің басты қағидаты ретінде бекіткелі бері біртұтас жүйеге кіретін мемлекеттік компанияларда болып тұрған сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғашқы ірі іс. Еліміздің Конституциясы 15 наурызда жалпыұлттық референдум кезінде бірауыздан қабылданды, 1 шілде күні заңды күшіне енді. Осылайша, мемлекетіміздің бас құжаты әділетті түрде «Халық Конституциясы» деп аталды. Конституцияның ережелері мен баптарын бұзуға, халқымыздың осы қасиетті құжатын келемеж жасауға, кемсітушілік көрсетуге ешкімнің де хақы жоқ».
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 41 h | 224 |
| 68 h | 229 |
- Total to date229
🔶IVY-2026: Уругвай волонтерлікті дамыту жөніндегі Қазақстанның бастамасына қосылды Акция 5 желтоқсанда – Халықаралық волонтерлер күнінде өтеді. Сол күні елдің барлық өңірінде іс-шаралар бір мезгілде ұйымдастырылады. Бастаманың мақсаты – волонтерлер еңбегінің қоғамда лайықты бағалануына ықпал ету, қозғалысқа жаңа қатысушыларды тарту, сондай-ақ мемлекеттік институттар мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Толығырақ сайттан оқыңыз 🔷IVY-2026: Уругвай присоединился к казахстанской инициативе по развитию волонтерства Акция запланирована на 5 декабря – в Международный день волонтеров. В этот день мероприятия пройдут одновременно во всех регионах страны. Инициатива призвана повысить общественное признание волонтерского труда, привлечь новых участников к движению, а также укрепить взаимодействие государственных институтов и гражданского общества. Подробнее на сайте @ortcom_kz #CCS
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 41 h | 284 |
| 69 h | 294 |
- Total to date294