Account

Posts of Кітап үзіндісі

newest first

#4132Text
Views1,350−65%vs avg
Forwards—
Reactions73
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
12 h764
34 h1,350
  1. Total to date1,350
#4131Text

«Ал мен Керей-ақ болайын. Міне, өзіммен рулас кісілердің қасында отырмын. Сонда біздің арамызда қандай жақындық болуы мүмкін? — деген өзіне-өзі сұрақ қойып. — Түріміз, мінезіміз ұқсас па? Әлде қанымыз бірдей айналып, жүрегіміз біркелкі соға ма? Немесе ой-пікіріміз, арман-тілегіміз бір жерден шыға ма? Жоқ, олай болуы мүмкін емес. Мыналардың сол біздің елдегі Тыныбайдан, Көксегеннен, Ысқақтан қай жері артық? Егер Керей қаны бірін-бірі магниттей тартып тұратын болса, бұлардың өздері неге ру-руға бөлініп, қырық пышақ болып, қырқысып жатады? Тіпті бір руды қойып, бір әкеден туған ағайынды адамдар неге көрместей болып араздасады? Соған қарағанда, қан, ру бірлігі деген — жай алдамшы түсінік. Адамдарды шын туыстыратын — қандастық емес, мүлде басқа нәрсе. Оның не екенін дәл қазір кесіп айта алмайды. Әсілі, ру-тайпа дегеніміздің өзі — күнкөріс қамы үшін өзара қауымдасып, бірлікте көшіп-қонып жүрген адамдардың белгілі бір тобы емес пе. Бәлкім, ертеде солай өмір сүру қажет болған шығар. Малын, жерін, қонысын, намысын қорғау үшін қажет. Әр адамды өз бауырына тартатын, ұйып отырған ұлты, меншікті мемлекеті болмаған соң, әркім жеке-жеке, кіші-гірім топқа бөлініп жан бақпағанда, өз құқын қорғамағанда қайтеді? Жік-жікке бөлінген рушылдықтың осы күнге дейін құрымай келе жатқаны да сондықтан... Сол күні өткен ескі тәртіп бұл күнде қазақтың сорына айналып отыр. Алайда бұл халық қашанғы осылай бытырап жүре бермек? Бұлардың да ортақ ұранға шауып, бір тудың астына жиналатын уағы болды емес пе?!» Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» https://t.me/kitapuzindisi

Open in Telegram
Views3,750−2%vs avg
Forwards—
Reactions40
Comments—
#4127Text
Views6,170+61%vs avg
Forwards—
Reactions88
Comments—
#4125Text
Views7,780+103%vs avg
Forwards—
Reactions104
Comments—
#4119Text
Views5,940+55%vs avg
Forwards—
Reactions63
Comments—
#4115Text

— Немене, бірдеңе боп қалды ма? — Жоқ, тек сенің түрің сондай жабырқау. — Жабырқау? Мен несіне жабырқауым керек? Бүгін менің туған күнім ғой. Жыл бойындағы ең жақсы күн! — Сенің туған күнің бе? — деп сұрады Пух, кәдімгідей қайран қалып. — Әлбетте. Байқамай тұрмысың? Мына сыйлықтарға қарасаңшы. — Иа-Иа алдыңғы аяғын екі жаққа кезек-кезек тарпып қойды. — Туған күнге арналған бәлішке көз салшы! Пух көз салды — әуелі оң жағына, содан соң сол жағына. — Сыйлықтар? — деді ол.— Туған күн бәліші? Қайда ол? — Сен оларды көрмей тұрмысың? — Жоқ, — деді Пух. — Мен де, — деді Иа-Иа. — Бұл қалжың, — деп түсіндірді ол. — Ха-Ха. Пух әбден абдырап, желкесін қасыды. — Өзі бүгін сенің туған күнің екені рас па? — деп сұрады ол. — Рас. — Ойпырмай! Жарайды енді, құттықтаймын сені, әрі бұл күні саған көп-көп бақыт тілеймін. — Мен де құттықтаймын сені, қонжық Пух, әрі бұл күні саған үлкееен бақыт тілеймін. — Неге? Бүгін менің туған күнім емес қой? — Иә, сенің емес, менің. — Ал сен «бұл күні саған үлкееен бақыт тілеймін» дейсің. — Онда тұрған не бар? Әлде менің туған күнімде сенің бақытсыз болғың келе ме? — Ә, түсінікті, — деді Пух. — Өзімнің-ақ, — деді жыларман болған Иа-Иа. — Өзімнің-ақ сонша бақытсыз болғаным жетер — еш сыйлықсыз әрі туған күнге арналған бәлішсіз, жалпы, естен шыққан, елеусіз қалған, мен сөйте тұрып, қалған басқалардың бәрі де бақытсыз болса… Милн А.А. «Винни-Пух және бәрі-бәрі-бәрі» https://t.me/kitapuzindisi

Open in Telegram
Views5,840+53%vs avg
Forwards—
Reactions34
Comments—
#4111Text
Views5,670+48%vs avg
Forwards—
Reactions58
Comments—
#4110Text
Views7,130+86%vs avg
Forwards—
Reactions35
Comments—