ҚБТУ магистратурасына кешенді тестілеуге тіркелу бүгін, яғни 10 қарашада аяқталады. Бүгін кеште жүйе жабылады, ертең өтінім қабылдау автоматты түрде аяқталады ҚБТУ магистратурасы нақты кәсіпке және нәтижеге бағытталған. Мұнда MBA, IT, қаржы, энергетика, материалтану және басқа да бағдарламалар бар. Қай салада өсуді жоспарласаңыз да, өзіңізге сай бағыт міндетті түрде табасыз! ҚБТУ Бизнес-мектебінің MBA және бизнес бағдарламаларында ҚБТУ түлектеріне және үздік диплом иелеріне жеңілдіктер қарастырылған. Мемлекеттік гранттар конкурс нәтижесі бойынша беріледі, ал тестілеу грантқа өтудің бірінші қадамы болып табылады Қалай тіркелеміз? 1. app.testcenter.kz сайтына кіріңіз 2. Тестілеу қаласын, тілін және білім беру бағдарламаларының тобын таңдаңыз 3. Өтінімді жіберіңіз 4. Тестілеу күні мен орны 13 қарашада жеке кабинетте көрінеді Уақыт аз қалды.Кейінге қалдырмаңыз, тіркелу сілтемесі профиль сипаттамасында Қосымша сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясына хабарласыңыздар: +7 (727) 357 42 42, 357 42 51 WhatsApp: +7 705 887 3813
Open in TelegramPosts of KBTU News For Students
⚖️ Елімізде қандай өзгерістер болып жатыр және жастардың олардан хабардар болуы неліктен маңызды? Ертең қоғам қайраткері, «ҚБТУ» АҚ Тәртіптік комитетінің төрағасы Қайыржан Саясатұлының қатысуымен «Конституция, заң және жастардың жауапкершілігі» тақырыбында кездесу өтеді! Кездесу барысында өз құқықтарымызды және заңнаманың студенттердің күнделікті өмірімен қалай байланысты екенін талқылаймыз. 📅 Күні: 11.11.2026 🕙 Уақыты: 10:00 📍Өтетін орны: Independence Hall ❗️Осы уақытта сабағы жоқ барлық студенттердің қатысуы міндетті! Баршаңызды кездесуде күтеміз! ENG & RUS ⬇️
Open in Telegram🍽 Жақсы жаңалық! ҚБТУ асханасы қайтадан қалыпты жұмыс режимінде жұмыс істей бастады! Енді дәмді түскі ас ішуге, сабақ арасында жеңіл тамақтануға немесе жаңартылған жайлы атмосферада демалуға болады! ✨ Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды! Өз әсерлеріңізбен, ұсыныстарыңызбен және ескертулеріңізбен осы жазбаның пікірлер бөлімінде бөлісіңіздер. Сіздердің пікірлеріңіз асхананы одан әрі жақсартуға көмектеседі! Сіздерді асыға күтеміз! ❤️
Open in Telegram📢 Құрметті студенттер! 📌 2026 жылғы 9 қарашада КБТУ-дың әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорының және Алматы қаласы Полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында кездесу өтеді. Кездесудің негізгі тақырыптары: - Нашақорлық пен лудоманияның алдын алу; - Жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу; - Жеке жауапкершілік және заңнаманы сақтау. 📅 Күні: 2026 жылғы 9 қараша (дүйсенбі) 🕔 Уақыты: 17:00 📍 Өтетін орны: Independence Hall ⚠️ Көрсетілген уақытта оқу сабақтары жоқ студенттердің қатысуы міндетті. Уақытылы келулеріңізді сұраймыз!
Open in Telegram🎓 KAZ Minerals приглашает на гостевую лекцию в КБТУ! Приглашаем студентов КБТУ на встречу с экспертами компании KAZ Minerals, которые поделятся практическим опытом и расскажут о ключевых производственных процессах. 📅 Дата: 6 ноября 🕒 Время: 15:00 📍 Место: КБТУ, аудитория 726 В программе две экспертные лекции: 1. «Современные буровзрывные работы в горном деле: как это работает в KAZ Minerals». 2. «Геотехника в KAZ Minerals: безопасность, мониторинг, экономика». В ходе встречи вы сможете познакомиться с реальными производственными кейсами, узнать больше о современных инженерных практиках в горнодобывающей отрасли и задать интересующие вопросы специалистам KAZ Minerals. Будем рады видеть всех, кто интересуется горным делом, инженерией и перспективами профессионального развития в одной из ведущих горнодобывающих компаний Казахстана! До встречи! ⛏️
Open in Telegram🎌 CRYSTAL KBTU & JAPANESE CULTURE CLUB KBTU ҰЙЫМДАСТЫРАТЫН ANIME QUIZ 🎌 Аниме көргенді ұнатасың ба және өзіңді нағыз аниме білгірімін деп санайсың ба? Онда командаңды жинап, біліміңді тексеруге кел! 🔥 📅 Күні: 12 қараша 🕖 Уақыты: 19:00 📍 Өтетін орны: ҚБТУ, 726 аудитория 👥 Команда: 2-ден 8 адамға дейін 💸 Қатысу құны: әр адамға 800 ₸ 🎟 Билеттер: @kttnds @marzzsx 🏆 Жеңімпаздарға сыйлықтар! Достарыңды жина, тобыңа атау ойлап тап және аниме әлеміндегі нағыз білім додасына дайындал! ⚡️ Сендерді күтеміз! RUS & ENG ⬇️
Open in Telegram🏛КБТУ, ПРИСОЕДИНЯЙСЯ! Уже сегодня состоится масштабный городской флешмоб ко Дню Республики Казахстан, организованный по инициативе акимата Алматы. Давайте вместе станем частью большого события и представим КБТУ на городской площади! 💙 📅 Сегодня, 21 октября 🕐 13:00–14:00 📍 Площадь Астана, со стороны ул. Толе би, перед зданием КБТУ. Зови друзей и приходи — чем больше нас, тем ярче наше участие!
Open in TelegramҚұрметті студенттер! 📌 Сіздерді Нархоз университеті мен Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастыратын KASE Case Competition 2026 республикалық студенттік кейс-чемпионатына қатысуға шақырамыз! 📊 Қазақстанның жетекші қаржы институттары әзірлеген нақты бизнес-кейстерді шешіп, басты жүлде – KASE-де ақылы тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болыңыздар! 👥 Қатысу форматы: бір университеттің 3–4 студентінен құралған командалар. 📅 Тіркелу мерзімі: 2026 жылғы 18 қазан-ға дейін 🏆 Финал: 2026 жылғы 12 қараша, Нархоз университеті, Алматы қаласы. 🔗 Тіркелу: KASE Case Competition 2026 Қаржы саласында тәжірибе жинап, өз қабілеттеріңізді көрсету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар! 💙 RUS & ENG ⬇️
Open in Telegram📢 Құрметті студенттер! 📌 2024 жылдан бастап ҚБТУ-да студенттердің Орталық сайлау комитетіне (ОСК) анонимді түрде жүгінуіне мүмкіндік беретін бот жұмыс істейді. Ол сұрақтар, өтініштер мен шағымдарды ыңғайлы әрі жедел жолдауға арналған. Егер сіз әділетсіз қарым-қатынасқа тап болсаңыз немесе қандай да бір мәселе туралы хабарлағыңыз келсе, ботқа жаза аласыз: 👉 @KBTU_StudentHelper_bot 📎 ОСК-бот өтініш беру үдерісін әрбір студент үшін қолжетімді, ашық әрі ыңғайлы етуге көмектеседі. Сіздің өтінішіңіз маңызды! RUS & ENG ⬇️
Open in Telegram💻 «Shoqan AI: Мұраны қайта пайымдау» республикалық байқауы Жасанды интеллект арқылы тарихты жаңаша танытуға дайынсыз ба? 🎬🤖 Almaty Management University Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарының студенттерін «Shoqan AI: Мұраны қайта пайымдау» цифрлық бейнеконтент байқауына қатысуға шақырады. Байқау 2026 жылғы 5–6 қарашада өтетін II Халықаралық Shoqan Forum аясында ұйымдастырылады. Байқаудың мақсаты — Шоқан Уәлихановтың ғылыми, этнографиялық, географиялық және әдеби мұрасын жасанды интеллект құралдарының көмегімен заманауи әрі әсерлі форматта таныту. Төрт бағыттың бірін таңдаңыз: 🔹 «Жанданған мұрағаттар» — Шоқанның суреттерін, жазбаларын, портреттерін және XIX ғасырдағы Қашғария көріністерін AI арқылы жандандыру; 🔹 «Уақыттан тыс Шоқан» — Шоқанның зерттеулерін болашақтың киберпанк және цифрлық әлемінде көрсету; 🔹 AI-деректі фильм — Уәлихановтың құпия экспедициясы туралы қысқаметражды ғылыми-танымдық фильм; 🔹 Өз тақырыбыңыз бен идеяңыз. 📅 Жұмыстарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 20 қазан, Астана уақытымен сағат 23:59-ға дейін. 🔗 Жұмысты жіберу: https://forms.gle/REpgQgUnFkT6AmWM9 Жүлделі орын иелеріне 2026 жылғы 31 қазанға дейін WhatsApp арқылы хабарланады. 📎 Байқауға қатысу тәртібі мен техникалық талаптар осы хабарландырудың пікірінде файл ретінде тіркелген. Өтінім жібермес бұрын талаптармен мұқият танысуларыңызды сұраймыз. ENG & RU in the comments
Open in Telegram🎖 Әскери кафедрада оқуға қызығушылық танытасыз ба? 2026 жылғы 14 қазанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің(КазУМОиМЯ) әскери кафедрасында Ашық есік күні өтеді. Бұл әскери кафедрада оқуға қызығушылық танытқан студенттер үшін әскери дайындықтың ұйымдастырылуы, оқу шарттары және кафедраның материалдық-техникалық базасы туралы толық ақпарат алуға жақсы мүмкіндік. Бағдарламада: 🔹 әскери кафедра мен оқу сыныптарына экскурсия; 🔹 қару-жарақ және әскери техника үлгілерінің көрсетілімі; 🔹 әскери дайындықтың ұйымдастырылуы және оқу үдерісімен танысу қарастырылған. 📅 Күні: 14 қазан 2026 жыл 🕙 Жиналу уақыты: 10:00 🕚 Іс-шара уақыты: 11:00–16:30 📍 Мекенжайы: Алматы қ., Досмұхамедов көшесі, 15 RUS & ENG in comments ⬇️
Open in TelegramCoca-Cola İçecek Kazakhstan-да мансапты қалай құруға болады? 📌 9 қазанда ҚБТУ студент қыздарын Tandauym бағдарламасының ашық инфосессиясына шақырамыз. Бұл CCI-мен іштей танысып, өндірістік компанияда мансапты бастау туралы көбірек білуге мүмкіндік. 👩💻 Кездесудің басты спикері: CCI импорт және экспорт бөлімінің басшысы Мадина Мұхтарова. Мадина өзінің кәсіби жолы туралы, мансабы қалай құрылғаны, жұмыста қандай дағдылар шынымен маңызды екені және бүгінде жас мамандарға қандай мүмкіндіктер бар екені туралы айтып береді. 📎 Кездесуде сондай-ақ мыналарды білесіздер: -CCI-да жұмыс қалай ұйымдастырылған және қандай мансаптық мүмкіндіктер бар; -бүгінде нарықта не болып жатыр және өндірістік компаниялар қандай мамандарды іздейді; -студент қыздарға арналған Tandauym бағдарламасына қалай түсуге болады және ол қатысушыларға не береді; -бағдарлама аясында студент қыздарды қандай мүмкіндіктер күтіп тұр: тәлімгерлік пен оқытудан бастап, компаниямен танысу мен практикалық тәжірибеге дейін. 📍 ҚБТУ, 726 аудитория 📅 9 қазан 🕒 15:00–17:00 Университеттен нақты мансапқа қалай өтуге болатыны қызықтырса, келіңіздер. Мүмкін, дәл осы кездесу сіздің CCI-дағы алғашқы қадамыңыз болар. RUS & ENG in comments ⬇️
Open in TelegramҚұрметті студенттер! 💙 Сіздерді Назарбаев Университетінің Кәсіпкерлікті зерттеу орталығы (NURCE) ұйымдастыратын «Толық Адам» онлайн-тренингіне шақырамыз! Бұл — Абайдың «Толық адам» философиясын қазіргі заманның маңызды дағдыларымен байланыстырып, өзіңізді жаңа қырынан тануға мүмкіндік беретін бірегей тренинг. Тәжірибелі сарапшылар сыни және кәсіпкерлік ойлау, көшбасшылық, жауапкершілік, командалық жұмыс және саналы шешім қабылдау тақырыптарын қарастырады. Бағдарлама сізге: 🔹 Өзіңіздің мықты жақтарыңыз бен даму бағыттарыңызды анықтауға; 🔹 Көшбасшылық және коммуникациялық дағдыларды жетілдіруге; 🔹 Белгісіздік жағдайында шешім қабылдауды үйренуге; 🔹 ESG және тұрақты даму қағидаларын түсінуге; 🔹 Оқу, мансап, жеке жобалар және бизнес үшін пайдалы жаңа білім алуға көмектеседі. 💻 Форматы: онлайн ⏳ Ұзақтығы: 3 сағат 📌 Тіркелу 9 қазанға дейін ашық. Көкжиегіңізді кеңейтіп, тәжірибелі сарапшылардан жаңа білім алуға және болашақ кәсіби дамуыңызға пайдалы дағдыларды қалыптастыруға берілген мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Орын саны шектеулі. Қатысу үшін алдын ала тіркеліңіз: 🔗 Тіркелу: https://forms.gle/WBxGc2ZX5UygT8dy6 __________________________________________________________ Уважаемые студенты! 💙 Приглашаем вас принять участие в онлайн-тренинге «Толық Адам», организованном Исследовательским центром предпринимательства Назарбаев Университета (NURCE)! Это уникальная возможность по-новому взглянуть на собственное развитие и узнать, как философия Абая связана с навыками, необходимыми современному студенту и будущему специалисту. Вместе с опытными экспертами вы рассмотрите вопросы критического и предпринимательского мышления, лидерства, ответственности, командной работы и осознанного принятия решений. Программа поможет вам: 🔹 Лучше понять свои сильные стороны и направления развития; 🔹 Развить лидерские и коммуникативные навыки; 🔹 Научиться принимать решения в условиях неопределённости; 🔹 Познакомиться с принципами ESG и устойчивого развития; 🔹 Получить знания, полезные для учёбы, карьеры, собственных проектов и бизнеса. 💻 Формат: онлайн ⏳ Продолжительность: 3 часа 📌 Регистрация открыта до 9 октября. Не упустите возможность расширить кругозор, получить новые знания от опытных экспертов и приобрести навыки, которые пригодятся вам в профессиональной и повседневной жизни! Количество мест ограничено. Для участия необходимо зарегистрироваться: 🔗 Регистрация: https://forms.gle/WBxGc2ZX5UygT8dy6 __________________________________________________________ Dear Students! 💙 You are invited to participate in the “Tolyk Adam” online training organized by the Nazarbayev University Research Centre for Entrepreneurship (NURCE)! This is a unique opportunity to explore your personal and professional potential and discover how Abai’s philosophy relates to the skills required by today’s students and future professionals. Together with experienced experts, you will explore critical and entrepreneurial thinking, leadership, responsibility, teamwork and conscious decision-making. The program will help you: 🔹 Identify your strengths and areas for development; 🔹 Strengthen your leadership and communication skills; 🔹 Learn how to make decisions in uncertain situations; 🔹 Understand the key principles of ESG and sustainable development; 🔹 Gain useful knowledge for your studies, career, projects and business. 💻 Format: online ⏳ Duration: 3 hours 📌 Registration is open until October 9. Do not miss this opportunity to broaden your perspective, learn from experienced experts and develop valuable skills for your future career and everyday life! Places are limited. Please register in advance: 🔗 Registration: https://forms.gle/WBxGc2ZX5UygT8dy6
Open in Telegram📢 СТУДЕНТТІК БАСҚАРМА ПРЕЗИДЕНТІНІҢ САЙЛАУЫ Құрметті студенттер! 💙 🗳 7–10 қазан аралығында ҚБТУ Студенттік басқармасының Президентін сайлау бойынша дауыс беру өтеді. ⏰ Дауыс беру уақыты: 09:00–18:00 📍 Дауыс беру орындары: • 7 қазан – Төле би, 1-қабат және 2-ғимарат, 304-кабинет (Коворкинг) • 8–9 қазан – Төле би, 1-қабат • 10 қазан – KBTU Jastar City жатақханасы ⚠️ МАҢЫЗДЫ: ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҮРГІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Дауыс беру кезеңінде үміткерлерді жария түрде қолдаудың кез келген түріне тыйым салынады: • үміткер бейнеленген аватарларды орнату; • жазбалар мен дауыс беруге шақырулар; • жария үгіт-насихаттың кез келген басқа түрлері. ❗️Ереже талаптарын бұзған жағдайда санкциялар тікелей үміткерлерге қолданылады. Сайлау ережелерін сақтап, барлық үміткерлер үшін тең жағдайды құрметтеулеріңізді сұраймыз. RUS & ENG ⬇️
Open in Telegram🚆 «KETTIK33» дисконттық картасымен Қазақстан бойынша тиімді саяхатта! «Жолаушылар тасымалы» АҚ жастар мен студенттерге арналған «KETTIK33» арнайы дисконттық картасын іске қосуда. Карта ел бойынша пойызбен сапар шегу кезінде үнемдеуге мүмкіндік береді. 📌 Негізгі артықшылықтары: – Жол жүру құнына 33% жеңілдік (сервистік қызметтер мен комиссиялық алымдарды есепке алмағанда). – Кімдер үшін: 15 пен 25 жас аралығындағы жастар. – Картаның құны: 3 000 теңге. – Жарамдылық мерзімі: қосылған сәттен бастап 1 жыл. – Карта атаулы болып табылады. 📎 Жеңілдік қандай орындарға беріледі? – Купе вагондары мен «Турист» санатындағы Talgo пойыздарындағы жоғарғы орындар. – Отыратын орындар. – Қала маңы пойыздарының жалпы вагондары (карта шарттарына сәйкес). – Жеңілдік тек Қазақстан аумағында қатынайтын «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарындағы тиісті орындарға қолданылады. 🚫 Жеңілдік қолданылмайтын кезеңдер: – 20–29 наурыз – 1 маусым–31 тамыз – 25–30 желтоқсан 🙋♂️ Картаны қалай рәсімдеуге болады: – Жеке куәлігіңмен және телефон нөміріңмен «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассасына жүгін. – 3 000 ₸ төлеп, берілген карта нөмірін сақтап қой. 🟢 Билеттерді жеңілдікпен теміржол кассаларынан немесе bilet.railways.kz сайтынан сатып алуға болады. 🟡 Назар аудар: үшінші тараптың банк қосымшаларында карта бойынша жеңілдік берілмейді. Сұрақтар бойынша 1433 анықтама қызметіне немесе bilet.railways.kz сайтына жүгініңіз. RUS & ENG ⬇️
Open in Telegram📢 ҚОНАҚ ДӘРІСІ Спикер: Джакиев Асылбек Мухитович 📌 Тақырыбы: «Қазақстанның мұнай-газ саласы: сын-қатерлер мен даму перспективалары» Бұл-мұнай-газ индустриясындағы нақты үдерістер, қазіргі тенденциялар және саланың одан әрі даму бағыттары туралы көбірек білуге тамаша мүмкіндік. 📅 Күні: 2 қазан 🕥 Уақыты: 10:30 📍 Өтетін орны: Аль-Фараби холл, ҚБТУ
Open in Telegram🎮⚽ QAZAQSTAN STUDENT LEAGUE – eQSL Қазақстанның үздік студенттерімен бақ сынауға дайынсың ба? 🇰🇿 📌 KFF жоғары және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында киберфутболдан республикалық студенттік лиганы іске қосады. 🎮 Ойын түрі:EA SPORTS FC 27 🕹 Платформа: PlayStation 5 👤 Формат: жеке сайыс Турнир қалай өтеді? 1️⃣ Онлайн іріктеу – 14 қараша 2️⃣ Үздік 8 ойыншы финалға жолдама алады 3️⃣ Финал – 2 желтоқсан, Астана 🏆 ✈️ 8 финалистің Астанаға барып-қайту жолақысын, тұруын және тамақтануын KFF қамтамасыз етеді. 📅 Тіркелу 2026 жылғы 9 қарашаға дейін 🔗 Тіркелу: esports.kff.kz RUS & ENG ⬇️
Open in Telegram