ҚБТУ магистратурасына кешенді тестілеуге тіркелу бүгін, яғни 10 қарашада аяқталады. Бүгін кеште жүйе жабылады, ертең өтінім қабылдау автоматты түрде аяқталады ҚБТУ магистратурасы нақты кәсіпке және нәтижеге бағытталған. Мұнда MBA, IT, қаржы, энергетика, материалтану және басқа да бағдарламалар бар. Қай салада өсуді жоспарласаңыз да, өзіңізге сай бағыт міндетті түрде табасыз! ҚБТУ Бизнес-мектебінің MBA және бизнес бағдарламаларында ҚБТУ түлектеріне және үздік диплом иелеріне жеңілдіктер қарастырылған. Мемлекеттік гранттар конкурс нәтижесі бойынша беріледі, ал тестілеу грантқа өтудің бірінші қадамы болып табылады Қалай тіркелеміз? 1. app.testcenter.kz сайтына кіріңіз 2. Тестілеу қаласын, тілін және білім беру бағдарламаларының тобын таңдаңыз 3. Өтінімді жіберіңіз 4. Тестілеу күні мен орны 13 қарашада жеке кабинетте көрінеді Уақыт аз қалды.Кейінге қалдырмаңыз, тіркелу сілтемесі профиль сипаттамасында Қосымша сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясына хабарласыңыздар: +7 (727) 357 42 42, 357 42 51 WhatsApp: +7 705 887 3813
Open in Telegram
KBTU News For Students
Average views per post by day
By publication day
Show as table
| Date | Avg views per post |
|---|---|
| Nov 4, 2026 | 1,680 |
| Nov 5, 2026 | 1,080 |
| Nov 9, 2026 | 1,455 |
| Nov 10, 2026 | 1,220 |
Most viewed this month
- Views1.68KForwards—Reactions8Comments—
- Views1.51KForwards—Reactions29Comments—
- Views1.4KForwards—Reactions3Comments—
- Views1.34KForwards—Reactions5Comments—
Latest posts
⚖️ Елімізде қандай өзгерістер болып жатыр және жастардың олардан хабардар болуы неліктен маңызды? Ертең қоғам қайраткері, «ҚБТУ» АҚ Тәртіптік комитетінің төрағасы Қайыржан Саясатұлының қатысуымен «Конституция, заң және жастардың жауапкершілігі» тақырыбында кездесу өтеді! Кездесу барысында өз құқықтарымызды және заңнаманың студенттердің күнделікті өмірімен қалай байланысты екенін талқылаймыз. 📅 Күні: 11.11.2026 🕙 Уақыты: 10:00 📍Өтетін орны: Independence Hall ❗️Осы уақытта сабағы жоқ барлық студенттердің қатысуы міндетті! Баршаңызды кездесуде күтеміз! ENG & RUS ⬇️
Open in Telegram🍽 Жақсы жаңалық! ҚБТУ асханасы қайтадан қалыпты жұмыс режимінде жұмыс істей бастады! Енді дәмді түскі ас ішуге, сабақ арасында жеңіл тамақтануға немесе жаңартылған жайлы атмосферада демалуға болады! ✨ Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды! Өз әсерлеріңізбен, ұсыныстарыңызбен және ескертулеріңізбен осы жазбаның пікірлер бөлімінде бөлісіңіздер. Сіздердің пікірлеріңіз асхананы одан әрі жақсартуға көмектеседі! Сіздерді асыға күтеміз! ❤️
Open in Telegram📢 Құрметті студенттер! 📌 2026 жылғы 9 қарашада КБТУ-дың әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорының және Алматы қаласы Полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында кездесу өтеді. Кездесудің негізгі тақырыптары: - Нашақорлық пен лудоманияның алдын алу; - Жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу; - Жеке жауапкершілік және заңнаманы сақтау. 📅 Күні: 2026 жылғы 9 қараша (дүйсенбі) 🕔 Уақыты: 17:00 📍 Өтетін орны: Independence Hall ⚠️ Көрсетілген уақытта оқу сабақтары жоқ студенттердің қатысуы міндетті. Уақытылы келулеріңізді сұраймыз!
Open in Telegram🎓 KAZ Minerals приглашает на гостевую лекцию в КБТУ! Приглашаем студентов КБТУ на встречу с экспертами компании KAZ Minerals, которые поделятся практическим опытом и расскажут о ключевых производственных процессах. 📅 Дата: 6 ноября 🕒 Время: 15:00 📍 Место: КБТУ, аудитория 726 В программе две экспертные лекции: 1. «Современные буровзрывные работы в горном деле: как это работает в KAZ Minerals». 2. «Геотехника в KAZ Minerals: безопасность, мониторинг, экономика». В ходе встречи вы сможете познакомиться с реальными производственными кейсами, узнать больше о современных инженерных практиках в горнодобывающей отрасли и задать интересующие вопросы специалистам KAZ Minerals. Будем рады видеть всех, кто интересуется горным делом, инженерией и перспективами профессионального развития в одной из ведущих горнодобывающих компаний Казахстана! До встречи! ⛏️
Open in Telegram🎌 CRYSTAL KBTU & JAPANESE CULTURE CLUB KBTU ҰЙЫМДАСТЫРАТЫН ANIME QUIZ 🎌 Аниме көргенді ұнатасың ба және өзіңді нағыз аниме білгірімін деп санайсың ба? Онда командаңды жинап, біліміңді тексеруге кел! 🔥 📅 Күні: 12 қараша 🕖 Уақыты: 19:00 📍 Өтетін орны: ҚБТУ, 726 аудитория 👥 Команда: 2-ден 8 адамға дейін 💸 Қатысу құны: әр адамға 800 ₸ 🎟 Билеттер: @kttnds @marzzsx 🏆 Жеңімпаздарға сыйлықтар! Достарыңды жина, тобыңа атау ойлап тап және аниме әлеміндегі нағыз білім додасына дайындал! ⚡️ Сендерді күтеміз! RUS & ENG ⬇️
Open in Telegram🏛КБТУ, ПРИСОЕДИНЯЙСЯ! Уже сегодня состоится масштабный городской флешмоб ко Дню Республики Казахстан, организованный по инициативе акимата Алматы. Давайте вместе станем частью большого события и представим КБТУ на городской площади! 💙 📅 Сегодня, 21 октября 🕐 13:00–14:00 📍 Площадь Астана, со стороны ул. Толе би, перед зданием КБТУ. Зови друзей и приходи — чем больше нас, тем ярче наше участие!
Open in TelegramҚұрметті студенттер! 📌 Сіздерді Нархоз университеті мен Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастыратын KASE Case Competition 2026 республикалық студенттік кейс-чемпионатына қатысуға шақырамыз! 📊 Қазақстанның жетекші қаржы институттары әзірлеген нақты бизнес-кейстерді шешіп, басты жүлде – KASE-де ақылы тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болыңыздар! 👥 Қатысу форматы: бір университеттің 3–4 студентінен құралған командалар. 📅 Тіркелу мерзімі: 2026 жылғы 18 қазан-ға дейін 🏆 Финал: 2026 жылғы 12 қараша, Нархоз университеті, Алматы қаласы. 🔗 Тіркелу: KASE Case Competition 2026 Қаржы саласында тәжірибе жинап, өз қабілеттеріңізді көрсету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар! 💙 RUS & ENG ⬇️
Open in Telegram📢 Құрметті студенттер! 📌 2024 жылдан бастап ҚБТУ-да студенттердің Орталық сайлау комитетіне (ОСК) анонимді түрде жүгінуіне мүмкіндік беретін бот жұмыс істейді. Ол сұрақтар, өтініштер мен шағымдарды ыңғайлы әрі жедел жолдауға арналған. Егер сіз әділетсіз қарым-қатынасқа тап болсаңыз немесе қандай да бір мәселе туралы хабарлағыңыз келсе, ботқа жаза аласыз: 👉 @KBTU_StudentHelper_bot 📎 ОСК-бот өтініш беру үдерісін әрбір студент үшін қолжетімді, ашық әрі ыңғайлы етуге көмектеседі. Сіздің өтінішіңіз маңызды! RUS & ENG ⬇️
Open in Telegram