Геннадий Головкин Михаил Шайдоровқа ҰОК орденін табыстады 25 қарашада Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас ассамблеясының жыл сайынғы отырысы өтті. Жиын барысында Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин отандық спорт пен Олимпиадалық қозғалыстың дамуына үлес қосқан азаматтарға марапаттар табыстады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ең жоғары марапаты – ҰОК орденімен 2026 жылы ел тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоров марапатталды. Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз Фото: ҰОК баспасөз қызметі t.me/kaznurkz
Open in TelegramPosts of KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
Алматыда бес адам қаза тапқан жеке тұрғын үйдегі өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды Полиция өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайын, соның ішінде өрттің шығу және адамдардың қаза табу себептерін анықтап жатыр. t.me/kaznurkz
Open in TelegramТоқаев мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті "Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың бағыттары мен тәсілдерін тұжырымдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу үшін жүйелі ұсыныстарды қарау мақсатында құрылды", - деп түсіндірді президенттің баспасөз қызметі. Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі. Комиссия құрамына 21 адам кірді. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері бар. Комиссияны Президент әкімшілігінің басшысы Роман Скляр басқарды. Фото: Ақорда t.me/kaznurkz
Open in TelegramКремльде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтті Президенттер цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, сондай-ақ алдағы AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысу мәселелері бойынша пікір алмасты. Екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйіне де ерекше назар аударылды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз. Фото және видео: Ақорда t.me/kaznurkz
Open in TelegramТехнологиялық FOMO деген не және ол әдеттерімізге қалай әсер етеді? Күні кеше аса қажет емес деп санаған ақылды құрылғыларсыз бүгінде өмірімізді елестету неге қиын? FOMO – маңызды нәрседен құр қалу қорқынышы. Бүгінде бұл құбылыс технологиялар саласында да байқалады. Өзгелердің әдеттерін бақылай отырып, жайлылық туралы түсінігімізді қайта қарастырамыз. Робот шаңсорғыш бос уақытты көбейтсе, ақылды колонка күнделікті істерді ұйымдастыруды жеңілдетеді. Мысалы, Алиса орнатылған Станция музыка қосуға, ақылды үйді басқаруға, рецепт табуға, еске салғыш орнатуға, отбасылық демалысқа идея ұсынуға және балалардың сұрақтарына жауап беруге көмектеседі. ЖИ-көмекшісі қазақ тілін де, орыс тілін де түсінеді. Мұндай технологиялар күнделікті ондаған міндетті есте сақтау қажеттілігін азайтып, менталдық жүктемені жеңілдетеді. Технологиялық FOMO – тек сәннен қалмауға деген ұмтылыс емес. Кейде өзгелердің тәжірибесі үйреншікті қолайсыздықтарды байқауға және шын мәнінде маңызды дүниелерге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Толығырақ Серіктестік материал.
Open in TelegramАлматыда өрттен бес адам қаза тапты ТЖД мәліметінше, өткен түні Бостандық ауданында жеке үйде өрт болған. Өрт сөндіруге шамамен 35 қызметкер мен 9 техника жұмылдырылған. Оқиға орнынан бес адамның денесі табылған, олардың бірі - кәмелетке толмаған бала. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Видео: threads.com/@whoiszhanell t.me/kaznurkz
Open in TelegramТоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге барады Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Тоқаевтың 25-26 қарашада Мәскеуге баратынын хабарлады. Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізеді. Сонымен қатар Тоқаев жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады. Фото: Ақорда t.me/kaznurkz
Open in TelegramҚуаныш Омарбековтің ұсталуы: "Қазатомөнеркәсіп" мәлімдеме жасады Компания құқық қорғау органдарымен ынтымақтасып, тергеуге көмектесіп жатқанын растады. Сонымен қатар "Қазатомөнеркәсіп" заңнама талаптарына сілтеме жасай отырып, бұдан әрі түсініктеме беруден бас тартты. Сондай-ақ компания бұл жағдай оның жұмысына әсер етпегенін мәлімдеді: өндіріс штаттық режимде жалғасып жатыр, ал 2026 жылға арналған барлық болжам күшінде қалады. "Қазатомөнеркәсіп" ашықтық және құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидаттарын ұстанатынын атап өтті. t.me/kaznurkz
Open in TelegramҰҚК "Қазатомөнеркәсіп" басқарма мүшесі мен басқа да адамдардың ұсталғанын мәлімдеді ҰҚК "Қазатомөнеркәсіп" басқарма мүшесі Омарбеков пен басқа да адамдардың ұсталғанын мәлімдеді. Олар "Самұрық-Қазынаның" бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді. ҰҚК мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі күдіктілерді 2026 жылғы 23 қарашада ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. Қылмыстық кодекстің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз Фото: Greg Pease/Getty Images t.me/kaznurkz
Open in TelegramТоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасы бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті Мемлекет басшысы "Халықтық құрылыс" бағдарламасы бойынша қаражаттың жұмсалуына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. ️Бағдарламаны жүзеге асыру барысына жүргізілген мониторинг бойынша Қазақстан Республикасының президентіне тоқсандық және жылдық есеп ұсынылады. ️Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы белгіленді. ️Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлердің және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді. Фото: Ақорда t.me/kaznurkz
Open in TelegramБұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін басқарған Ерсайын Нағаспаев ҚТЖ-ның жаңа басшысы болып тағайындалды "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімімен Нағаспаев Ерсайын Қайырғазыұлы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада. Айта кетейік, ол 2021-2025 жылдары ҚТЖ-да басқарушы директор болып жұмыс істеген. Фото: "Самұрық-Қазына" АҚ t.me/kaznurkz
Open in TelegramТоқаев Игорь Лепеханы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатты Фото: t.me/KZgovernment t.me/kaznurkz
Open in Telegram⚡️Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды t.me/kaznurkz
Open in TelegramҚазақстан 2027 жылдың соңына қарай 3G-ден толық бас тартады Үкімет отырысында цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мобильді желілерді жаңғырту жоспары туралы баяндады. Ескірген 3G станциялары 4G-ге ауыстырылып, 5G желісінің қамту аясы кеңейтіледі. 2027 жылдың соңына қарай: 🔹4G желісімен – 5 291 ауылды; 🔹5G желісімен – 70 қала мен 300 ауылды; 🔹мобильді интернетпен – елдегі ауылдардың 92 пайызын қамту көзделген. Үш жыл ішінде телекоммуникация саласын дамытуға 1,3 трлн теңгеден астам инвестиция салу жоспарланып отыр. Фото: Matias Chiofalo/Europa Press via Getty Images t.me/kaznurkz
Open in TelegramБұрынғы әкім Кәрім Көкірекбаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықпайтын болды ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ бұрынғы басшысы әрі Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты ауруына байланысты жазасын өтеуден босату туралы қаулының күші жойылды. "Апелляциялық сатыдағы сот істі қарау барысында бірінші сатыдағы соттың заң талаптарын өрескел бұзғанын анықтады", - делінген Алматы облысы соттары таратқан хабарламада. Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз
Open in TelegramЖамбыл облысының экс-әкімін колониядан мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылданды Былтыр Кәрім Көкірекбаев ("Қазселденқорғау" мекемесінің бұрынғы басшысы әрі Жамбыл облысының экс-әкімі) 12 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда 2026 жылғы 17 қарашада Алатау соты ауыр науқастануына байланысты оны жазасын одан әрі өтеуден босату туралы қаулы шығарған. Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ. Қадағалаушы орган оның күшін жою туралы өтінішхат келтірген. Фото: president.kg t.me/kaznurkz
Open in TelegramТоқаев Қазақстанның стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамын бекітті Жаңа топ елдің ұзақмерзімді даму мәселелерімен айналысып, зерттеулерді зерделейді және алдағы реформаларды талқылайды. Топқа вице-президент Ерлан Қарин жетекшілік етеді. Сондай-ақ оның құрамына Аида Балаева, Саясат Нұрбек, Бағдат Мусин, Higgsfield AI негізін қалаушы Ерзат Дулат және басқа да сарапшылар кірді. Сараптама тобының отырыс айына кемінде бір рет өткізіледі. Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз. Фото: Ақорда t.me/kaznurkz
Open in TelegramІІМ үш қалада есірткі курьерлерін ұстап, тінту жүргізді Қарашаның басында елде есірткінің заңсыз айналымына байланысты 56 құқық бұзушылық анықталды, оның 35-і қылмыс. 10 күн ішінде 35 фигурант ұсталған. Алматыда полицейлер 56 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның автокөлігі мен пәтерін тінту кезінде 220 грамнан астам кетамин психотроптық заты тәркіленді. Шымкентте 21 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оны жеке тінту кезінде салмағы жарты килограмм болатын синтетикалық есірткі тәркіленді. Жігіт оны қала аумағында өткізбек болған. Павлодарда полицейлер 32 жастағы әйелді ұстады. Жеке тінту кезінде одан бір жарым килограмға жуық a-PVP және шамамен 30 грамм мефедрон тәркіленді. Күдіктінің желі арқылы есірткі курьері жұмысын тауып, тыйым салынған заттарды өткізу үшін Алматыдан Павлодарға арнайы келгені анықталды. Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз Фото: Polisia.kz t.me/kaznurkz
Open in Telegram