Геннадий Головкин Михаил Шайдоровқа ҰОК орденін табыстады 25 қарашада Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас ассамблеясының жыл сайынғы отырысы өтті. Жиын барысында Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин отандық спорт пен Олимпиадалық қозғалыстың дамуына үлес қосқан азаматтарға марапаттар табыстады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ең жоғары марапаты – ҰОК орденімен 2026 жылы ел тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоров марапатталды. Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз Фото: ҰОК баспасөз қызметі t.me/kaznurkz
Open in Telegram
KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз. Біз: 🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік; 🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).
Average views per post by day
By publication day
Show as table
| Date | Avg views per post |
|---|---|
| Nov 22, 2026 | 491 |
| Nov 23, 2026 | 388 |
| Nov 24, 2026 | 351 |
| Nov 25, 2026 | 332 |
| Nov 26, 2026 | 261 |
Most viewed this month
- 01Views491Forwards—Reactions—Comments—
- 02Views397Forwards—Reactions—Comments—
- 03Views395Forwards—Reactions1Comments—
- 04Views373Forwards—Reactions1Comments—
Latest posts
Алматыда бес адам қаза тапқан жеке тұрғын үйдегі өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды Полиция өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайын, соның ішінде өрттің шығу және адамдардың қаза табу себептерін анықтап жатыр. t.me/kaznurkz
Open in TelegramТоқаев мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті "Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың бағыттары мен тәсілдерін тұжырымдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу үшін жүйелі ұсыныстарды қарау мақсатында құрылды", - деп түсіндірді президенттің баспасөз қызметі. Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі. Комиссия құрамына 21 адам кірді. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері бар. Комиссияны Президент әкімшілігінің басшысы Роман Скляр басқарды. Фото: Ақорда t.me/kaznurkz
Open in TelegramКремльде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтті Президенттер цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, сондай-ақ алдағы AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысу мәселелері бойынша пікір алмасты. Екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйіне де ерекше назар аударылды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз. Фото және видео: Ақорда t.me/kaznurkz
Open in TelegramТехнологиялық FOMO деген не және ол әдеттерімізге қалай әсер етеді? Күні кеше аса қажет емес деп санаған ақылды құрылғыларсыз бүгінде өмірімізді елестету неге қиын? FOMO – маңызды нәрседен құр қалу қорқынышы. Бүгінде бұл құбылыс технологиялар саласында да байқалады. Өзгелердің әдеттерін бақылай отырып, жайлылық туралы түсінігімізді қайта қарастырамыз. Робот шаңсорғыш бос уақытты көбейтсе, ақылды колонка күнделікті істерді ұйымдастыруды жеңілдетеді. Мысалы, Алиса орнатылған Станция музыка қосуға, ақылды үйді басқаруға, рецепт табуға, еске салғыш орнатуға, отбасылық демалысқа идея ұсынуға және балалардың сұрақтарына жауап беруге көмектеседі. ЖИ-көмекшісі қазақ тілін де, орыс тілін де түсінеді. Мұндай технологиялар күнделікті ондаған міндетті есте сақтау қажеттілігін азайтып, менталдық жүктемені жеңілдетеді. Технологиялық FOMO – тек сәннен қалмауға деген ұмтылыс емес. Кейде өзгелердің тәжірибесі үйреншікті қолайсыздықтарды байқауға және шын мәнінде маңызды дүниелерге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Толығырақ Серіктестік материал.
Open in TelegramАлматыда өрттен бес адам қаза тапты ТЖД мәліметінше, өткен түні Бостандық ауданында жеке үйде өрт болған. Өрт сөндіруге шамамен 35 қызметкер мен 9 техника жұмылдырылған. Оқиға орнынан бес адамның денесі табылған, олардың бірі - кәмелетке толмаған бала. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Видео: threads.com/@whoiszhanell t.me/kaznurkz
Open in TelegramТоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге барады Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Тоқаевтың 25-26 қарашада Мәскеуге баратынын хабарлады. Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізеді. Сонымен қатар Тоқаев жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады. Фото: Ақорда t.me/kaznurkz
Open in TelegramҚуаныш Омарбековтің ұсталуы: "Қазатомөнеркәсіп" мәлімдеме жасады Компания құқық қорғау органдарымен ынтымақтасып, тергеуге көмектесіп жатқанын растады. Сонымен қатар "Қазатомөнеркәсіп" заңнама талаптарына сілтеме жасай отырып, бұдан әрі түсініктеме беруден бас тартты. Сондай-ақ компания бұл жағдай оның жұмысына әсер етпегенін мәлімдеді: өндіріс штаттық режимде жалғасып жатыр, ал 2026 жылға арналған барлық болжам күшінде қалады. "Қазатомөнеркәсіп" ашықтық және құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидаттарын ұстанатынын атап өтті. t.me/kaznurkz
Open in TelegramҰҚК "Қазатомөнеркәсіп" басқарма мүшесі мен басқа да адамдардың ұсталғанын мәлімдеді ҰҚК "Қазатомөнеркәсіп" басқарма мүшесі Омарбеков пен басқа да адамдардың ұсталғанын мәлімдеді. Олар "Самұрық-Қазынаның" бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді. ҰҚК мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі күдіктілерді 2026 жылғы 23 қарашада ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. Қылмыстық кодекстің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз Фото: Greg Pease/Getty Images t.me/kaznurkz
Open in TelegramТоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасы бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті Мемлекет басшысы "Халықтық құрылыс" бағдарламасы бойынша қаражаттың жұмсалуына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. ️Бағдарламаны жүзеге асыру барысына жүргізілген мониторинг бойынша Қазақстан Республикасының президентіне тоқсандық және жылдық есеп ұсынылады. ️Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы белгіленді. ️Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлердің және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді. Фото: Ақорда t.me/kaznurkz
Open in TelegramConnections
Similar channels
KOKSHETAU в telegram@kokshetautodayNews and media3.35K
ПРО БЕЗОПАСНОСТЬ | ЖЕТI АРЛАН@zhetiarlanNews and media3.38K
Usbanov ARNASY@usbanovNews and media3.48K
🇰🇿ТГБ_KZ🇰🇿@tbk_kzNews and media3.2K
Русский дом в Астане@rsgov_qazaqstanNews and media3.59K
OK Channel@khudaibergenkzNews and media3.63K
Arbat.Media@arbatmediakzNews and media3.04K
Новости Астаны@makiyagNews and media3.74K