Қазақстан тоғыз айда 6,2 млн тонна бидай мен меслин экспорттады Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. 2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 6,4 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,7%-ға артық. Экспорт құрылымында астықпен қатар өңделген өнімдердің үлесі де артып келеді. Әсіресе күнбағыс майы, ұн және мал азығы өнімдері экспортының өсімі отандық өңдеу кәсіпорындарының әлеуеті кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Тоғыз айда шетелге 6,2 млн тонна бидай мен меслин жеткізіліп, экспорттық түсім 1,42 млрд доллар болды. Өткен жылы осы уақытта 5,5 млн тонна өнім 1,12 млрд долларға экспортталған. Зығыр тұқымының экспорты 881,7 мың тоннаға жетіп, оның құны 429,3 млн доллар болды. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramPosts of Atameken Business - Жаңалықтар
Садыр Жапаров халық шағымынан кейін 6 әкімді қызметінен босатты Ел президенті Садыр Жапаровтың сынынан кейін тағы үш әкім қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Жергілікті басылымның жазуынша, Жалал-Абад облысы Тоғыз-Торо ауданының әкімі Нұрлан Эшмукамбетуулу, Ыстықкөл облысы Жеті-Өгіз ауданының әкімі Эрмек Бахавадинов және Нарын облысы Қошқор ауданының әкімі Баялы Досалиев қызметінен босатылды. Осылайша, соңғы күндері жергілікті билік органдарының кемінде 6 басшысы орнынан кеткен. Бұған дейін Шу облысы Панфилов ауданының әкімі Бекмаат Масаидов, сондай-ақ Қант және Бәткен қалаларының мэрлері Ұлан Майлыбашев пен Сейтек Құлұбаев лауазымдарынан да босатылған еді. 23 қараша күні әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі республикалық кеңесте Қырғызстан басшысы жергілікті биліктің қызметін сынға алған. Оған биылғы 9 айдағы жұмысқа жүргізілген мониторинг нәтижелері таныстырылған. Тексеру қорытындысы бойынша жекелеген өңірлерде кемшіліктер анықталды. Осыған байланысты кейбір басшыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту, ал жекелеген әкімдер мен мэрлерді қызметінен босату ұсынылды. Жапаров өңір тұрғындарының шағымдарына жеке тоқталып, жергілікті жерде шешілуі тиіс көптеген мәселе шенеуніктердің назарынан тыс қалғанын айтқан. Қызметінен кеткен басшылардың орындарына кімдердің тағайындалатыны әзірге белгісіз. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramДоллар бағамы өзгеріссіз тұр Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 458,85 теңге болды. Бір тәулікте шетел валютасы 0,48 теңгеге өсті. Ұлттық банктің 26 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 458,57 теңге. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in Telegram«Жұмыс көп, бірақ оны істейтін адам жоқ» Еңбек нарығында жұмыс көп, бірақ нақты қызметке тұрғысы келетін мамандар аз. Бұған көбінің басшылық қызметке орналасуға деген ынтасы себеп болуы мүмкін. Мұндай пікірмен «Түскі формат» бағдарламасына қатысқан кәсіпкер Шолпан Шаймарданқызы бөлісті. Айтуынша, ұзақ уақыт бойы жұмысқа орналаспауға психологиялық фактілерлер де әсер етуі ықтимал. 🔗Бағдарламаның толық нұсқасын YouTube арнамыздан көре аласыздар. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 254 |
| 3 h | 730 |
- After 1 hour254
- Total to date730
Қазақстандықтар үшін ит-мысығын тіркеу тәртібі жеңілдетілді 25 қарашадан бастап үй жануарларын тіркеу кезінде иесінің деректерін eGov Mobile қосымшасы арқылы растауға болады. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады. Бұған дейін ветеринарлық клиникада жануарды есепке қою үшін иесі 1414 нөмірінен SMS арқылы келетін растау кодын күтуі керек еді. Енді eGov Mobile қосымшасын ашып, QR-кодты сканерлеу жеткілікті. Жүйе иесінің ЖСН-і мен аты-жөнін автоматты түрде енгізеді. SMS арқылы растаудың бұрынғы тәсілі де сақталады. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 1 h | 410 |
| 3 h | 774 |
- After 1 hour410
- Total to date774
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 28,85 трлн теңгеге жетті 💰📈БЖЗҚ мәліметінше, зейнетақы жинақтары 12 айда 3,01 трлн теңгеге өсті. Жинақтың негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан қалыптасқан қаражаттан тұрады (26,59 трлн теңге). ⏺Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 739,98 млрд теңге болды. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақ көлемі де ұлғайды. 2026 жылғы 1 қазанға оның көлемі 10,56 млрд теңге болып, 12 айда 10,5% өсім көрсетті. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 1 h | 521 |
| 4 h | 815 |
- After 1 hour521
- Total to date815
Қазақстан мен Қытай көлік саласын цифрландыру бойынша әріптестікті нығайтады Көлік министрлігінде Қытайдың технологиялық компаниясының өкілдерімен көлік саласын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Қытай тарапы зияткерлік көлік жүйелерін енгізу, жүк тасымалдарын цифрлық мониторингтеу және көліктік бақылауды автоматтандыру бойынша тәжірибесін таныстырды. Кеңес барысында 13 отандық тасымалдаушының 50 жүк автокөлігі қамтылған AI JOL цифрлық платформасының пилоттық жобасының нәтижелері талқыланды. Платформа қозғалыс бағыттарын қадағалауға, жылдамдық режимін бақылауға, жүргізушілердің шаршау белгілерін анықтауға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 2 h | 614 |
| 4 h | 870 |
- After 6 hours870
- Total to date870
Кондитерлік өнімдерді міндетті таңбалау ұсынылды Ауыл шаруашылығы министрлігі тұтынушылық қаптамадағы тәттілердің жекелеген түрлерін міндетті таңбалау туралы бұйрық жобасын әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» порталында көпшілік талқылауға ұсынылды. Министрлік мәліметінше, таңбалау тұтынушыларға тәттінің құрамы мен шыққан жерін толық біліп, жалған өнімнен қорғауға мүмкіндік береді. Ал кәсіпкерлерге заңсыз тауарларды нарықтан ығыстырып, адал бәсекелестік орнатуға жол ашады. Сондай-ақ көлеңкелі экономика көлемін азайтып, бюджетке түсетін салықты көбейтетіні айтылды. Жария талқылау 9 желтоқсанға дейін жалғасады. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 1 h | 260 |
| 3 h | 737 |
- After 1 hour260
- Total to date737
Жоғары аудиторлық палата еңбек нарығындағы жүйелі кемшіліктерді анықтады Жоғары аудиторлық палата Қазақстанның еңбек нарығын реттеу, халықты жұмыспен қамту және еңбек көші-қоны саласына мемлекеттік аудит жүргізді. Тексеру 2023 жылдан 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына дейінгі кезеңді қамтыды. Жүргізілген мемлекеттік аудит еңбек нарығында шешімін таппаған жүйелі мәселелер көп екенін көрсетті. Мәселен, 2025 жылы жұмыспен қамту шараларына 163 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның 89 пайызы субсидияланатын жұмыс орындарына жұмсалса, кәсіптік оқытуға небәрі 2 пайызы бағытталған. Яғни азаматтарды тұрақты мамандыққа бейімдеп, еңбек нарығында сұранысқа ие кадр даярлауға бөлінетін қаржы әлдеқайда аз. Бұдан бөлек, Еңбек министрлігі кейбір бағдарламалардың нақты нәтижесін бақылай алмаған. Есепте орындалды деп көрсетілген шаралардың тиімділігі расталмаған. Елге қажетті мамандарды болжау, қандастар мен қоныс аударушылардың жұмысқа орналасуын бақылау бағыттарында да кемшіліктер бар. Аудит нәтижесінде 471 млн теңге қаржылық бұзушылық, 519 млн теңге қаражатты тиімсіз жоспарлау фактілері анықталды. Сондай-ақ 476 рәсімдік бұзушылық пен 91 жүйелі кемшілік тіркелді. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 1 h | 435 |
| 4 h | 775 |
| 6 h | 916 |
- After 1 hour435
- After 6 hours916
- Total to date916
ІІМ «пәтер аралап, биометриялық дерек жинап жүрген топ» туралы ақпаратқа түсінік берді Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өздерін ішкі істер органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың құжаттарын тексеру және биометриялық деректерін жинау мақсатында пәтерлерді аралап жүрген адамдар туралы ақпарат тарады. ІІМ аталған хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Мұндай жазбалар бұған дейін де таралып, полиция тарапынан жоққа шығарылған. «Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген хабарламаларды таратпауға шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламыз», – деп хабарлады ІІМ. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 2 h | 537 |
| 5 h | 809 |
| 7 h | 934 |
- After 1 hour537
- After 6 hours934
- Total to date934
Қазақстан мұнай өндіруді арттырғысы келеді Сол үшін ОПЕК+ ұйымынан мұнай өндіру қуатына берілген шектеуді қайта қарауды сұрап отыр. Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Энергетика министрлігі елдің мұнай өндіру қуатын тексеру жұмыстары жүргізілгенін растағанымен, оның нәтижесін жарияламады. Альянсқа біздің елден бөлек, Ирак та өтініш білдірген. Олар тәулігіне 5,2 миллион баррель мұнай өндіре алатынын мәлімдеген. Айта кетейік, былтыр квоталарға қатысты келіспеушіліктерден кейін альянс мүшелерінің өндірістік қуатын тәуелсіз бағалау туралы шешім қабылданған еді. Оның нәтижесі 2027 жылғы мұнай өндіру көлемін белгілеуге негіз болады. Альянс осы аптада бағалауға келіспейтін елдермен келіссөз жүргізіп жатыр. ОПЕК+ ұйымының толық құрамдағы отырысы 29 қарашаға жоспарланған. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 2 h | 616 |
| 5 h | 842 |
| 7 h | 968 |
- After 6 hours842
- Total to date968
Views growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 3 h | 731 |
| 6 h | 907 |
- After 6 hours907
- Total to date907
Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалау жөніндегі комиссияның құрамын бекітті Президент жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың бағыттары мен тәсілдерін тұжырымдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу үшін жүйелі ұсыныстарды қарау мақсатында құрылды. Жұмыс органы – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі. Комиссия құрамы 21 адамнан тұрады. Олардың арасында мемлекеттік органдардың басшылары, әкімдер, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері бар. Мемлекеттік комиссияға Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр төрағалық етеді. Комиссия төрағасының орынбасары – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 4 h | 767 |
| 7 h | 925 |
- After 6 hours925
- Total to date925
Үш күнде 180 қару тәркіленді 20-22 қараша аралығында елімізде «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген. Нәтижесінде, үш күн ішінде полицейлер 188 қару, 500-ден астам оқ-дәрі және 8 граната тәркілепті. Жалпы жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2 200-ден астам қару алынған. Оның 162-сі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 4 h | 779 |
| 7 h | 917 |
- After 6 hours917
- Total to date917
800-ден астам жалған куәлік табылды Атырау облысында күштік құрылымдардың жалған қызметтік куәліктерін жасап, сатумен айналысқан деген күдікке ілінген азамат ұсталды. 23 қарашада полиция Lexus 470 көлігін тоқтатқан. Салонда төрт ер адам болған. Тексеру кезінде тапаншаға ұқсас зат пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің жалған куәлігі табылған. Осыдан кейін жүргізілген жедел іс-шаралар күдікті делінген 39 жастағы жергілікті тұрғынға алып келген. Тұрғынның үйін тінту кезінде 803 жалған құжат тәркіленді. Оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 606, Ішкі істер министрлігінің 95, мемлекеттік кірістер органдарының 47, прокуратураның 46 және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 9 куәлігі бар. Сондай-ақ ҰҚК-нің 367 эмблемасы, мөр, компьютер мен принтер тәркіленген. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті жалған құжаттарды сатумен айналысқан. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 5 h | 843 |
| 7 h | 973 |
- After 6 hours843
- Total to date973
Алматыда тұрғын үй өртеніп, бес адам қаза тапты Қайғылы оқиға Бостандық ауданында болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама түнгі сағат 03:44-те түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына төрт минутта жеткен. 35-ке жуық маман мен 9 техника жұмылдырылып, өрт сағат 04:42-де толық сөндірілген. Өрт салдарынан бес адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған бала қаза тапты. Қазір оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 5 h | 858 |
| 8 h | 980 |
- After 6 hours858
- Total to date980
Путин сапармен келгені үшін Тоқаевқа алғыс айтып, екіжақты қарым-қатынастың қарқынды түрде дамып келе жатқанына тоқталды. – Қазақстанда ақпараттық технологияларды дамытуға баса мән беретініңізді білемін. Сізге сала мамандарының ой-пікірін тыңдау, жастармен, оқушыларымен және студенттермен сұхбаттасу, Ресей мен Қазақстанның жоғары технологиялар, соның ішінде жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастығы жайында әңгіме өрбіту қызықты боларына сенімдімін. Екі елдің тауар айналымы қарқынды түрде өсіп келеді. Отыз миллиард долларлық межеге жақындап қалды. Ұлттық валюталарымыз арқылы есеп айырысу үлесі артып, 90 пайыздан асты. Үкіметаралық комиссия қос тарапта да белсенді жұмыс істеп жатыр. Жалпы алғанда, барлық бағытта ойдағыдай ілгерілеп келеміз. Меніңше, біздің тұрақты кездесулеріміз осы үдерістің қарқын алуына белгілі бір деңгейде оң әсер етіп отыр, – деді Ресей Президенті. Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ энергетика, өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика салаларында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 5 h | 972 |
| 8 h | 1,090 |
- After 6 hours972
- Total to date1,090
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин кездесті Жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey форумы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльде Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті. Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ресейлік жоғары технологиялық компаниялардың қызметін, әсіресе киберқауіпсіздікті дамыту барысын қызығушылықпен зерделеп отыр. – Менімен бірге үлкен делегация келді. Олардың қатарында цифрландыру мен жасанды интеллект технологиялары енгізіліп жатқан барлық бизнес саласының өкілдері бар. Ресейдің жоғары технологиялық бизнесі Қазақстанда кеңінен танымал. «Сберді» және елімізде ең үлкен жұмыс берушілердің бірі саналатын «Яндекс Қазақстан» компаниясын айрықша атап өткім келеді. Аталған бизнес өте жақсы дамып жатыр. Ресейлік компанияның біздің нарықтағы қызметіне көңіліміз толады, оларға барынша қолдау көрсетеміз, – деді Мемлекет басшысы. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 6 h | 1,020 |
| 8 h | 1,160 |
- After 6 hours1,020
- Total to date1,160
«Ас-суға бөгде зат қосады»: Депутат спайкинг үшін қылмыстық жаза енгізуді ұсынды Құрылтай депутаты Айжан Аймағанова сталкинг үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды. Сонымен қатар ол спайкингті дербес құқық бұзушылық ретінде тану бастамасын көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. «Келесі мәселе – спайкинг. Бұл – адамның келісімінсіз оның сусынына, тамағына немесе өзге де жолмен қауіпті заттарды жасырын енгізу әрекеті. Мұндай жағдайда жәбірленуші не болып жатқанын аңғармай, өзін қорғау және қарсылық көрсету қабілетінен айырылуы мүмкін. Спайкинг көбіне жыныстық зорлық-зомбылық, тонау және өзге де қылмыстар жасауға жол ашады. Қазіргі уақытта мұндай әрекеттердің жекелеген салдары үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Алайда адамның келісімінсіз қауіпті заттарды жасырын енгізу әрекетінің өзіне дербес қылмыстық-құқықтық баға беру мәселесі толық реттелмеген», – делінген депутаттық сауалда. Айжан Аймағанованың пікірінше, мұндай әрекетке құқықтық баға беру үшін ауыр зардаптың туындауын немесе өзге қылмыстың жасалуын күтудің қажеті жоқ. Адамның келісімінсіз оған қауіпті зат енгізудің өзі дербес құқық бұзушылық ретінде танылып, қылмыстық жауаптылыққа негіз болуы тиіс, дейді ол. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 20 h | 1,390 |
| 25 h | 1,470 |
- After 24 hours1,470
- Total to date1,470
Президент AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысу үшін Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайдан Ресей Үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in Telegram2 млн-нан астам адам тұмауға қарсы екпе алған Қазақстанда 2026-2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға 2,2 млн доза вакцина сатып алынды. Барлығы 2 млн 65 мың қазақстандық екпе алып үлгерген. Бұл – жоспарланған көлемнің 93,9%-ы. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенова осылай дейді. «Тұмау жүріп жатыр. Сақтық шараларын қолға алыңыздар. Вакцинация тұмауды жұқтыру және оның ауыр асқынуларының туындау қаупін төмендетеді. Екпе алмаған азаматтарды, әсіресе қауіп тобына жататын адамдарды 1 желтоқсанға дейін тұмауға қарсы вакцинация алуға шақырамын», – деді ол. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in Telegram«Министрлікке хат жолдадық»: Кәсіпкер балық шаруашылығындағы мәселелер әлі шешілмегенін айтты Балық шаруашылығымен айналысатын азаматтардың мәселесін «Түскі формат» бағдарламасына қатысқан кәсіпкер Марлен Тұрсынәлі жеткізді. Айтуынша, көрші елдерде форель өсіруге арналған тоған шаруашылығына жұмсалған шығынның 25 пайызы қайтарылады. Қазақстанда да мұндай мемлекеттік қолдау қарастырылған. Алайда шаруалар тиісті қаржыны уақытылы ала алмай отыр. «Түскі формат» бағдарламасының толық нұсқасын YouTube арнамыздан көре аласыздар. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramТүркістан облысында 117 млн теңге жымқырған бұрынғы бас дәрігер сотталды ҚМА хабарлауынша, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына қатысты тергеу аяқталды. Тергеу барысында аурухананың бұрынғы бас дәрігері мен кәсіпкер реанимациядағы науқастарға медициналық көмек көрсету үшін қажетті оттегімен жабдықтау жүйесін сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Мемлекетке 117 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Сот үкімімен аурухананың бұрынғы бас дәрігері 8 жылға, ал кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар мемлекет кірісіне елордадағы пәтер мен екі автокөлік тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramТоқаев Мәскеуге барады Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. 📆25-26 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барады. 🇰🇿🇷🇺Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in Telegram900-ден аса адам әлеуметтік төлемнен өз еркімен бас тартқан eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасында «Әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту» қызметі іске қосылғалы бері оны 900-ден астам қазақстандық пайдаланған. Мемлекет қолдауынан бас тартқандардың басым бөлігі – табысы жоғары, жеке кәсібі мен бірнеше үйі мен көлігі бар азаматтар. Бұл туралы Еңбек министрлігі хабарлады. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramМедициналық туризм ұғымы заңнамада бекітіледі Құрылтай депутаттары денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасымен алғаш рет «медициналық туризм» және «медициналық турист» ұғымдары енгізіледі. Бұл саланың қатысушылары клиникалар, санаторийлер, ғылыми орталықтар, туроператорлар, турагенттер және сақтандыру компаниялары бола алады. Медициналық ұйымдарға пациенттерді сүйемелдеу қызметтерін құру мүмкіндігі беріледі. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in Telegram