Қазақстан тоғыз айда 6,2 млн тонна бидай мен меслин экспорттады Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. 2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 6,4 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,7%-ға артық. Экспорт құрылымында астықпен қатар өңделген өнімдердің үлесі де артып келеді. Әсіресе күнбағыс майы, ұн және мал азығы өнімдері экспортының өсімі отандық өңдеу кәсіпорындарының әлеуеті кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Тоғыз айда шетелге 6,2 млн тонна бидай мен меслин жеткізіліп, экспорттық түсім 1,42 млрд доллар болды. Өткен жылы осы уақытта 5,5 млн тонна өнім 1,12 млрд долларға экспортталған. Зығыр тұқымының экспорты 881,7 мың тоннаға жетіп, оның құны 429,3 млн доллар болды. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in Telegram
Atameken Business - Жаңалықтар
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна. Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз. Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Average views per post by day
By publication day
Show as table
| Date | Avg views per post |
|---|---|
| Nov 25, 2026 | 1,284 |
| Nov 26, 2026 | 841 |
Most viewed this month
- 01Views1.47KForwards—Reactions33Comments—
- 02Views1.33KForwards—Reactions51Comments—
- 03Views1.28KForwards—Reactions75Comments—
- 04Views1.28KForwards—Reactions12Comments—
Latest posts
Садыр Жапаров халық шағымынан кейін 6 әкімді қызметінен босатты Ел президенті Садыр Жапаровтың сынынан кейін тағы үш әкім қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Жергілікті басылымның жазуынша, Жалал-Абад облысы Тоғыз-Торо ауданының әкімі Нұрлан Эшмукамбетуулу, Ыстықкөл облысы Жеті-Өгіз ауданының әкімі Эрмек Бахавадинов және Нарын облысы Қошқор ауданының әкімі Баялы Досалиев қызметінен босатылды. Осылайша, соңғы күндері жергілікті билік органдарының кемінде 6 басшысы орнынан кеткен. Бұған дейін Шу облысы Панфилов ауданының әкімі Бекмаат Масаидов, сондай-ақ Қант және Бәткен қалаларының мэрлері Ұлан Майлыбашев пен Сейтек Құлұбаев лауазымдарынан да босатылған еді. 23 қараша күні әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі республикалық кеңесте Қырғызстан басшысы жергілікті биліктің қызметін сынға алған. Оған биылғы 9 айдағы жұмысқа жүргізілген мониторинг нәтижелері таныстырылған. Тексеру қорытындысы бойынша жекелеген өңірлерде кемшіліктер анықталды. Осыған байланысты кейбір басшыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту, ал жекелеген әкімдер мен мэрлерді қызметінен босату ұсынылды. Жапаров өңір тұрғындарының шағымдарына жеке тоқталып, жергілікті жерде шешілуі тиіс көптеген мәселе шенеуніктердің назарынан тыс қалғанын айтқан. Қызметінен кеткен басшылардың орындарына кімдердің тағайындалатыны әзірге белгісіз. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramДоллар бағамы өзгеріссіз тұр Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 458,85 теңге болды. Бір тәулікте шетел валютасы 0,48 теңгеге өсті. Ұлттық банктің 26 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 458,57 теңге. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in Telegram«Жұмыс көп, бірақ оны істейтін адам жоқ» Еңбек нарығында жұмыс көп, бірақ нақты қызметке тұрғысы келетін мамандар аз. Бұған көбінің басшылық қызметке орналасуға деген ынтасы себеп болуы мүмкін. Мұндай пікірмен «Түскі формат» бағдарламасына қатысқан кәсіпкер Шолпан Шаймарданқызы бөлісті. Айтуынша, ұзақ уақыт бойы жұмысқа орналаспауға психологиялық фактілерлер де әсер етуі ықтимал. 🔗Бағдарламаның толық нұсқасын YouTube арнамыздан көре аласыздар. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 254 |
| 3 h | 730 |
- After 1 hour254
- Total to date730
Қазақстандықтар үшін ит-мысығын тіркеу тәртібі жеңілдетілді 25 қарашадан бастап үй жануарларын тіркеу кезінде иесінің деректерін eGov Mobile қосымшасы арқылы растауға болады. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады. Бұған дейін ветеринарлық клиникада жануарды есепке қою үшін иесі 1414 нөмірінен SMS арқылы келетін растау кодын күтуі керек еді. Енді eGov Mobile қосымшасын ашып, QR-кодты сканерлеу жеткілікті. Жүйе иесінің ЖСН-і мен аты-жөнін автоматты түрде енгізеді. SMS арқылы растаудың бұрынғы тәсілі де сақталады. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 1 h | 410 |
| 3 h | 774 |
- After 1 hour410
- Total to date774
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 28,85 трлн теңгеге жетті 💰📈БЖЗҚ мәліметінше, зейнетақы жинақтары 12 айда 3,01 трлн теңгеге өсті. Жинақтың негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан қалыптасқан қаражаттан тұрады (26,59 трлн теңге). ⏺Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 739,98 млрд теңге болды. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақ көлемі де ұлғайды. 2026 жылғы 1 қазанға оның көлемі 10,56 млрд теңге болып, 12 айда 10,5% өсім көрсетті. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 1 h | 521 |
| 4 h | 815 |
- After 1 hour521
- Total to date815
Қазақстан мен Қытай көлік саласын цифрландыру бойынша әріптестікті нығайтады Көлік министрлігінде Қытайдың технологиялық компаниясының өкілдерімен көлік саласын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Қытай тарапы зияткерлік көлік жүйелерін енгізу, жүк тасымалдарын цифрлық мониторингтеу және көліктік бақылауды автоматтандыру бойынша тәжірибесін таныстырды. Кеңес барысында 13 отандық тасымалдаушының 50 жүк автокөлігі қамтылған AI JOL цифрлық платформасының пилоттық жобасының нәтижелері талқыланды. Платформа қозғалыс бағыттарын қадағалауға, жылдамдық режимін бақылауға, жүргізушілердің шаршау белгілерін анықтауға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 2 h | 614 |
| 4 h | 870 |
- After 6 hours870
- Total to date870
Кондитерлік өнімдерді міндетті таңбалау ұсынылды Ауыл шаруашылығы министрлігі тұтынушылық қаптамадағы тәттілердің жекелеген түрлерін міндетті таңбалау туралы бұйрық жобасын әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» порталында көпшілік талқылауға ұсынылды. Министрлік мәліметінше, таңбалау тұтынушыларға тәттінің құрамы мен шыққан жерін толық біліп, жалған өнімнен қорғауға мүмкіндік береді. Ал кәсіпкерлерге заңсыз тауарларды нарықтан ығыстырып, адал бәсекелестік орнатуға жол ашады. Сондай-ақ көлеңкелі экономика көлемін азайтып, бюджетке түсетін салықты көбейтетіні айтылды. Жария талқылау 9 желтоқсанға дейін жалғасады. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 1 h | 260 |
| 3 h | 737 |
- After 1 hour260
- Total to date737
Жоғары аудиторлық палата еңбек нарығындағы жүйелі кемшіліктерді анықтады Жоғары аудиторлық палата Қазақстанның еңбек нарығын реттеу, халықты жұмыспен қамту және еңбек көші-қоны саласына мемлекеттік аудит жүргізді. Тексеру 2023 жылдан 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына дейінгі кезеңді қамтыды. Жүргізілген мемлекеттік аудит еңбек нарығында шешімін таппаған жүйелі мәселелер көп екенін көрсетті. Мәселен, 2025 жылы жұмыспен қамту шараларына 163 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның 89 пайызы субсидияланатын жұмыс орындарына жұмсалса, кәсіптік оқытуға небәрі 2 пайызы бағытталған. Яғни азаматтарды тұрақты мамандыққа бейімдеп, еңбек нарығында сұранысқа ие кадр даярлауға бөлінетін қаржы әлдеқайда аз. Бұдан бөлек, Еңбек министрлігі кейбір бағдарламалардың нақты нәтижесін бақылай алмаған. Есепте орындалды деп көрсетілген шаралардың тиімділігі расталмаған. Елге қажетті мамандарды болжау, қандастар мен қоныс аударушылардың жұмысқа орналасуын бақылау бағыттарында да кемшіліктер бар. Аудит нәтижесінде 471 млн теңге қаржылық бұзушылық, 519 млн теңге қаражатты тиімсіз жоспарлау фактілері анықталды. Сондай-ақ 476 рәсімдік бұзушылық пен 91 жүйелі кемшілік тіркелді. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 1 h | 435 |
| 4 h | 775 |
| 6 h | 916 |
- After 1 hour435
- After 6 hours916
- Total to date916
ІІМ «пәтер аралап, биометриялық дерек жинап жүрген топ» туралы ақпаратқа түсінік берді Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өздерін ішкі істер органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың құжаттарын тексеру және биометриялық деректерін жинау мақсатында пәтерлерді аралап жүрген адамдар туралы ақпарат тарады. ІІМ аталған хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Мұндай жазбалар бұған дейін де таралып, полиция тарапынан жоққа шығарылған. «Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген хабарламаларды таратпауға шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламыз», – деп хабарлады ІІМ. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 2 h | 537 |
| 5 h | 809 |
| 7 h | 934 |
- After 1 hour537
- After 6 hours934
- Total to date934
Connections
Similar channels
Kursiv.Media@kursivmNews and media18.7K
Астана - Что? Где? Когда?@myastanacityNews and media19.2K
LADA.KZ - Новости Мангистау и Актау@ladakzNews and media21.1K
ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ@jogargy_sotNews and media21.1K
BES.media@bessimptomnoNews and media21.2K
РЕСПУБЛИКА.KZ.media@respublikakzmedianewsNews and media16.6K
KeyNews@allkeynewsNews and media22K
QOGAM by SATZHANGRAM@qogamnewsNews and media22.1K