AI-чатbetaКабинет

Посты канала Invintel

сначала новые

#2120Видео
Просмотры309−27%к среднему
Пересылки2
Реакции20
Комментарии4
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
1 ч99
16 ч213
32 ч265
66 ч309
  1. Через 1 час99
  2. Через 24 часа213
  3. Всего сейчас309
#2119Текст

Демографияны көтеретін екі көрсеткіш бар. Біріншісі, сана-сезім. Адамның сеніміне дінмен, әлеуметтік ортамен, дәстүрмен т.б. орнығады. Екіншісі, материалдық жағдай. Негізгі әсерді сана-сезім берсе де, материалдық жағдай одан ада емес. Әлемде көптеген мемлекеттер қаржылай көмек беріп, төмендетілген несие беріп, салықтан босатып, әлеуметтік көмек көрсетіп жатады. Алайда ең басты активті ескермейді. Ескермейтін себебі де бар. Ол, тіпті, дамыған мемлекеттердің экономикалық локомотиві, бюджеттің кіріс көзі. Сондықтан одан оңай бас тарта алмайды. Көп жұмбақтамай, тікесінен айтқанда — қолжетімді баспана. Тегін беруге еш мемлекет келісе қоймас. Келіспеуі орынды да! Алайда құрылыс компанияларының монополиясы мен банктердің құлдығынан, құлқынын ойлаған спекулянттардың іс-әрекеттеріне тосқауыл жасап, дұрыс реттегенде өз бағасымен-ақ адамдар еңбектенер еді. Неге басқа материалдық көмектер көмектеспеді? Өйткені үйге несие бар адамдарға салықтан босату қызық емес, төмендетілген несие де алдыңғы несиесін жамап бермейді. Өмір сүру деңгейін төмендетіп өмір сүруге мәжбүр. Ал ертең балаларын сапалы мектепке беруін және ауырып қалса емдетуін ойлайтын ата-ана қаржылық шамасына қарамаймын десе де, ескермей қоймайды. Қазір демографиялық өсімде проблема жоқ елдерге қарасақ, Африка елдері ғой. Бірақ Африка елдерінде баспанамен проблема жоқ. Африкадай болайық дегенім емес. Баспананы елге қолжетімді етсек, демография проблемасы біршама жеңілдеп, жұмсарар еді. الله أعلم

Открыть в Telegram
Просмотры371−12%к среднему
Пересылки1
Реакции16
Комментарии0
#2118Текст
Просмотры348−17%к среднему
Пересылки1
Реакции9
Комментарии4
#2116Текстизменён

Негізі жазба мағынасынан түсінуге болатындай, жігіттерге арналған еді. Адамгершілік, шынайылық, нағыз ер мінезділік дегенге қалай қарсы келетіні маған түсініксіз. Ертең ұл өсіріп, үйлендіретін қыз қандай деп іздегеніңде түсінетін шығарсың. Желіде ұл өсіріп жатқан аналардың феминизмге қарсы жазбаларын жиі кезіктірем. Иә, бойсұну фитрасында бар. Алайда ол фитрасына өздігінен автоматты түрде оралады дегенді білдірмейді. Сыртқы жағдаяттың әсері жоғары. Қазір заң да, қоғам да, қыздың ата-анасы да, БАҚ та әйелдің сөзін сөйлейді. Сен дым істемеген болсаң да, дәлел жоқ болса да, қызықтырмайды. Сыртқы рычаг жоқ деген сөз. Ендеше соқыр тәуекелмен үйленсең, әйеліңмен әрдайым дипломатиялық қарым-қатынас жасауға мәжбүр боласың. Қара түнде қиыршық тас шашылған жерден аяғыңды жарақаттап алмай, ұқыптылық таныту керек. Инстаграмын өшірткізу үшін 3 жыл уағыздайсың, онда да политкорректно, деликатно, турасынан айтпай, көңіліне қонымды етіп жеткізуің керек. Сосын қарымына бірдеңе бересің. Бірақ бірінші ұрыста, инстаграм қайта жүктеледі) Қысқаша айтқанда "Ат әуре, көт әуре" Гугл қолдана алмайтындар үшін: "Фраза «Ат әуре, көт әуре» — это известное казахское крылатое выражение (идиома), которое описывает бессмысленную суету, напрасный труд или ситуацию, от которой устали все участники, но не получили никакого полезного результата." Яғни, ер жігіттік қалып деп кез келген қызға жауапкершілік алуға ұмтылса, өмірі ат әуре, көт әуре боп өтеді немесе әйелінің айтқанымен жүреді, осы хәлді қабылдайды. Ал, жарайды, солай да болсын дейін десек, қатынымен арпалысып өтетін еркек қалай үммет қамын жейді? Мұсылмандар қалай түзеледі? Қоғамды қалай түзейді? Ұлға қандай модельдік рөлді көрсетіп, өнеге болады? Әйеліңмен әрдайым саудаласу адамгершілік пен ауызбіршілікті білдірмейді. Керісінше, қаймағы іріген, ынтымағы бұзылған отбасының суреті боп қалады.

Открыть в Telegram
Просмотры447+6%к среднему
Пересылки2
Реакции20
Комментарии10
#2115Текст

Переслано из Anonymous Messages

💬 У тебя новое анонимное сообщение! Соңғы жазбаңызға қатысты пікірімді білдірсем деп едім. Әрине орынды мәселені қорғапсыз. Алайда сіз қатарлы ер кісілерден байқауым, жауапкершілік алуға әлі де асықпай(қорқыныш па білмеймін), алма піс аузыма түс деп күте қалғандары бар. Рас, бұл нәрсе әуелесе ер адамның санасы мен биік тұлғасына да қатысты. Бірақ қызық, қыз тәрбиесі, жауапкершілік алуға татитындай мінезі деп жүріп - өздері адамгершілік, шынайылық, нағыз ер мінезділік болмыстарынан айрылып бара жатқан жоқ па? Аллаһ қыз баласының жаратылысын бойұсынғыш етіп жаратқан, бұл нәрсе сыртқа көрінбеуі мүмкін. Бірақ табиғатындағы нәзіктік пен қамқорлықты қажет ететін болмысы жоғалмайды емес пе? Оны қалпына келтіретін нағыз ержігіттік қалып дер едім. Мүмкін оны ерлерше “бойұсынғыш” дейтін болар. Ендеше, нағыз ЕРКЕК болмысы, қасиеті қандпй болмақ екен?) @anonaskbot

Открыть в Telegram
Просмотры367−13%к среднему
Пересылки0
Реакции0
Комментарии0
#2114Текстизменён

Бұрындары ер адам жауапкершілік алу керек дегенге сенімді едім. Кейін жауапкершілік алуға болатын және болмайтын нәрселер боп бөлінетіні өзіме айқындала түсті. Алуға болмайтын істерде жауапкершілік алатын болсаң, онда сабыр ету керек. Болмаса, кеш болса да жауапкершілікті өзіңнен түсіріп тастауың тиіс. Кей "ұстаздардың" елге, әсіресе, жігіттер қауымына насихат айтуға тырысып, жөн-жосықсыз жазғыратын сөздері болады екен. Ер адамға қатысты әйелге кім насихат айтады? Секс туралы сексолог коучтар айтып жатыр: өйтсең, бүйтсең қанасың дейді-мыс. Коучтар күйеуіне қалай қылықпен баурап, тамақ істеу мен үй жинаудың орнына курьермен тамақ алдыртып, үйге клиниң шақыра салуды, манипуляция жасауды үйретіп жүр. Бойсұну жайлы "күйеуіңе бойсұну керек" деп жалаң айта салудан басқа үйрететін біреу бар ма? Кейбір әйел кісілер кейбір сөздерінде насихат жасайды екен. Алайда толық тыңдасаң, феминизмнен ада емес. Айтып жатқан "бойсұн" деген насихаты именно сол айтушының жағдаятына қатысты. Басқа кезде бойсұнбасаң да еркің дегенге келтіреді. Батыста білгеніңді істейтін, секс-партнер дейтін жанама түрде орныққан секілді. Жоғарыдағы бірінші абзацтың не қатысы бар? Оның қатысы былай. Үйленер кезде нақты біліп, ноқталап алмасаң, кейін тек сабыр етесің. Король и шут деген ертегідегідей, әйеліңнің көңілін тауып, оның алдында сайқымазақ клоун боп көңіл күйін қорып жүретін боласың. Мысалы, оған бінимәние бөлуің керек. Ал ол соның ақысына саған бойсұнады. Бірақ әйелің сенен сұрағандай киноға апармасаң, апарғаныңша "бойсұну" қызметі тоқтайды. Подписканы созғың келсе, ақысын төле) Ал әйел адам келісімде тұрмайды. Сондықтан қанша келіссең де, "мен олай ойламадым, былай түсіндім" деп берекесін кетіреді. Сондықтан жауапкершілік аларда ойлану керек, өйткені ол контрольмен бірге жүреді. Ал контроль жасай алмасаң, оған көнбесе немесе әрдайым келісім жасай беретін болсаң, может не стоит әу баста жауапкершілік алуға? Мына бір ой да бар. Еркек деген жауапкершіліктен қашпай, керісінше, ұмтылу керек қой. Иә, дұрыс. Өмір бойы күресіп, түзетіп, бағыттап, жетектеп жүре беретін болсаң, өз еркің. Әйелдің көңілін тауып, онымен алысу үшін өмірге келмедің ғой деген ой да жылт етіп, жібермей тұратыны бар. Дұрыс нәрсе айтып жатсаң, әйелдер жарысып жазып жатады ғой: "біздің еркектер ғана әйелмен алысып жүр, әлем ғарышқа ұшып, ЖИ жасап, ұшатын мәшине шығарып жатыр". Сөздерінде жан бар. Өмір бойы алысып өткенше, жүйкеңді тоздырып, жастай кеткің келмесе, еркек болғасын жауапкершілік алуға ұмтылмай, жауапкершілік алуға "стоит" қызға үйленген дұрыс шығар?

Открыть в Telegram
Просмотры437+4%к среднему
Пересылки3
Реакции26
Комментарии11
#2113Текст
Просмотры534+27%к среднему
Пересылки0
Реакции23
Комментарии4
#2111Текст

Бүгін сабақта сөзден сөз шығып, докторымыз көп әйел алу мәселесін де қозғап кетті. Ниса сүресінің 3-аятындағы: "وَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تُقْسِطُوا فِي الْيَتَامَىٰ فَانْكِحُوا مَا طَابَ لَكُمْ مِنَ النِّسَاءِ مَثْنَىٰ وَثُلَاثَ وَرُبَاعَ ۖ فَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تَعْدِلُوا فَوَاحِدَةً أَوْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ ۚ ذَٰلِكَ أَدْنَىٰ أَلَّا تَعُولُوا" Қамқорлықтарыңа алған жетім қыздармен үйленген жағдайда оларға әділ бола алмаудан қорықсаңдар, өздеріңе ұнаған әрі адал болған өзге әйелдердің екеуімен, үшеуімен немесе төртеуімен үйленіп, отау құруларыңа болады. Егер бұл жағдайда да [әйелдеріңнің нәпақасын бөлуде бәріне бірдей қарайтын] әділ бола алмаудан қорықсаңдар, біреуін ғана немесе қолдарыңдағы күңдерді қанағат тұтыңдар. Әділдіктен ауытқып кетпеулеріңнің ең тиімді жолы, міне осы. [Н.Анарбаев, А.Әкімханов аудармасы] Осындағы "أَلَّا تَعْدِلُوا" сөздеріне мән беріп, аятта айтылып жатқан асыл негіз: екеу, үшеу, төртеу деп айтты. Ал "әллә тәьдилуу" сол жалпыдан [екеу, үшеу, төртеу] жалқыны/истисна [біреу] шығару дейді. Қазіргі заманда қоғамдық түсінік мұсылман елдерінде де истиснаны [жалқыны] жалпы қып, өзгертіп жіберді ғой. Автордан Сөз соңында үкімнің Аллаһтан келгеніне және ол хикметтен ада емес екеніне көңіл бөлу керектігін айтты.

Открыть в Telegram
Просмотры531+26%к среднему
Пересылки3
Реакции21
Комментарии0
#2110Текст

Бір ғалымнан тақуалық жайлы кітап жазуын талап еткенде "сауда" жайлы жазғанын алға тартып, оны тақуалыққа балаған еді. Біздің заманымызда базар, сауда үйі дегендер әрбір үйге кіріп, әр отбасы каспи магазин, вайлдберриз, озон, пиндош, алибаба секілді маркетплейстер пайдаланады. Тіпті, уатсап чаттар ашып, сол жерде сата береді. Бір жілік етті де, айлыққа сататын чаттардан табасың. Тіпті, білікті дәрігерлер де инстаграм мен тикток аккаунттарын дамытып, көбірек охват жинап, өздерін жарнамалауға тырысады. Адамдар еріншек. Шешімін таппай жүріп, арнайы білікті маман, сапалы тауар іздемесе, былайымша өздігінен іздемейді. Сондықтан интернет арқылы өзінің қызметін, еңбегін (тауарын) сатып жатқандарға әңгіме айта алмайсың. Не нәрседе әңгіме айтасың? Жоғарыда жазғандай сауда-саттық әр мұсылманның үйіне кірді. Демек, оның маңыздылық ғибадат құлшылық секілді болмаса да, соған өте-мөте жақын боп қалды. Мұсылмандар қалай намаз оқуды үйренген болса, сауда-саттықты да солай үйрену маңызды. الله أعلم

Открыть в Telegram
Просмотры492+17%к среднему
Пересылки1
Реакции26
Комментарии0
#2109Текст

Нейробиологияда миды зерттегенде оның әрдайым тыныштық күйге, энергия сақтауға ұмтылатыны айтылады. Ал нейрондық байланыстар түзу үшін ізденіс керек. Егер өзіңе өзің "бұл мүмкін емес, қолымнан келмейді" деген ойды рұқсат етсең, онда ми ескі нейрондық жолдарды пайдалана береді. Шын мәнінде, мүмкін емес дүниелер бар. Ол объективті болуы тиіс. Мысалы, уақыт мәшинесімен өткенге оралып, тағдырыңды өзгертуге тырысу. Қиялға жақын. Өйткені уақыт кезектілікті білдіретін өлшем бірлігі бар ұғым. Бізбен тікелей жанаспайды. Жә, бұл басқа тақырып. Басқа мәселелерде объективті болмысты бұзбайтын болса, ой еркіндігі болуы тиіс. Сол кезде ми берілген тапсырмаға жаңа шешімдер іздей береді. Көп математиктер "шешілмейтін есептерді" шешілмейтін дегендіктен бірнеше талпыныстан қоя салған. Миыңа бір мәселені шешілуі тиіс, жолын табу керек деген тапсырма берсең және оны жүктесең (душта, туалетте, жаяу жолда, кіші моторика (тігін, турау, заттарды сұрыптау, реттеу) кезінде ойлану) миың көп нұсқа тауып береді. Кейбіреулері болмашы болуы мүмкін. Алайда соның өзі жарамсыз екенін біліп, енді ол жолмен емес, басқа жолмен ойлану керек деген сигнал алады. Сондықтан қандай да бір мәселе объективті болмысты бұзбаса, онда ол "мүмкін" және шешімін "ізде". الله أعلم

Открыть в Telegram
Просмотры463+10%к среднему
Пересылки3
Реакции27
Комментарии0
#2108Текст

Туризмнің екі пайдасы бар. Біріншісі, шетелдік валютаның мемлекетке кіруі. Мемлекет сол арқылы басқа мемлекеттермен сауда жасау мүмкіндігі ұлғаяды. Екіншісі, мемлекеттің имиджі. Бұның пайдалы болуы мен зиянды болуы екі ұшты мәселе. Өйткені жағымсыз имидж қалыптастыру мүмкіндігі де бірдей, тіпті, көбірек. Қалған бүкіл мәселелерде, қоғамға, экономикаға зиян әкелетін сфера. Бағалар өседі, экономика маусымдық бола бастайды, жастар қызмет көрсету саласына ауысады. Білім-ғылым тоқтайды. Ойын-сауық индустриясы қарқынды "дамиды". Қоғамдық деңгейде халықтың ар-ұяты, адамгершілігі (нравственность) бұзылуына әкеледі. Зиян беру процесін шектеуге болады, толық жоя алмайсың. Сондықтан зәрулік деңгейінде болмаса, өз ойым, туризмді экономикалық стимул ретінде қарастырмай, оны қаржыландыруды тоқтатып, белгілі бір шектеулер қойғанды дұрыс санаймын. "Жоқ, мынадай лайықты пайдасы бар" деп пікір айтқысы келетіндер болса, мархабат. Нанымды аргумент барына күмәнмен қараймын.

Открыть в Telegram
Просмотры451+7%к среднему
Пересылки0
Реакции16
Комментарии1
#2107Текст
Просмотры390−7%к среднему
Пересылки0
Реакции12
Комментарии0
#2106Текст
Просмотры396−6%к среднему
Пересылки0
Реакции12
Комментарии0
#2105Текст
Просмотры376−11%к среднему
Пересылки0
Реакции11
Комментарии0
#2104Текст

Желіде бір орыстың "Шыңғысханға табысымның 1/10 бөлігін берсем болды ма? Басқа төлем жоқ болса, разымын" деген әзіл жазбасы хит боп, пікірде бәрі қолдап, қолпаштап еді. Неге? Өйткені қазір әлемде алым-салықтың деңгейі өскені сондай, нәтижесі белгісіз дүрбелеңдерге әкеп соғуы мүмкін. Ресейде, бізде жұмысшы 25-30% тікелей салық және сол мөлшерге жақын жанама салық төлейді. Ал Еуропада, тіптен, қиын. 5000$ айлық алса, оның 2000$-ын тікелей салыққа төлейді. Қалғаны ше? Азық-түлікке ндс 15% ал басқа тауар мен қызмет түрлеріне түгел 25% салық төлейді. Бензин акцизі 50-60%, коммуналдық қызметке салық 40%. Жер, үй салығы бар. Сонда өзіне қалатын сумма шамамен 25%. Яғни 70-75% салық төлейді. Ал аздаған байлар 20-30% салық төлейді. Шариғи мемлекетте салық көп болуы мүмкін бе? Иә, бірақ жұмысшыдан гөрі ауқаттылар көбірек төлейді. Өйткені олар жұмысшыларға жұмыс бергені үшін ақша тауып жатқан жоқ, жұмысшылардың еңбегін пайдаланып ақша тауып жатыр. "Көп" деген мемлекеттің қаншалықты терең дағдарыста жатқанына байланысты. Дағдарыстан шықса, қайтадан минимумға түседі. Сайып келгенде кез келген капиталистік мемлекеттің салық нормасынан аз. Қазынаның табыс көзі — жер телімдерін, жалға беру, қазба байлықтардан келетін табыс, кеден салығы, стратегиялық маңызды ресурстар иелігі. Зекет. Нисаб мөлшері толған кез келген азаматтан және азаматшадан жыл соңында алынады. Оны алушылар 8 категорияны қамтиды. Қысқаша айтқанда әлеуметтік блокты жабады. Үшір. жаңбыр суымен суғарылса 10%. Уақф. Бай-бақуатты азаматтар мен азаматшалардың тұрақты табыс көзін садақа етуі. Зауыт, логистикалық орталық, жалға беретін мекеме секілді мүлікті қоғам қажеттілігіне мерзімсіз тапсырады. Бұл да көбіне әлеуметтік блокқа жұмсалады: емхана, мектеп, университет, кітапхана, жол, әлеуметтік тұрғын үй. Бұл мемлекеттен тыс болса да, мемлекетке жерді пайдаланғаны үшін салық төлеу арқылы пайда әкелсе, әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсау арқылы мемлекеттік қазынаны жұмсау шығынын едәуір азайтады. Салық еңбекақыға емес, көбіне капиталға салынады. Сондықтан ақша айналымда болмаса, реал кәсіпке, қызметке, тауарға жұмсалмаса, пайдаланбаса, оны жәй ғана сақтау бәрібір тиімсіз боп қалады. Мемлекеттің өзі де мудораба, мушаракаға қатыса алады. Девелопер рөлінде табыс табуына болады. Инфрақұрылымды пайдалануға қызметақы тағайындауы да мүмкін. Айналып келгенде, жоғарыда жазған білім мен ғылымға, компетентті жоғары квалификациядағы көп мамандарды дайындауға тіреледі. Өйткені жаңа табыс көздерін ашып, диверсификациялап, мемлекеттің әл-ауқатын көтеру олардың ақылын, білімін, қызметін қажет етеді. Әрине, мұның бәрі өсімге, монополияға, ысырапқа, спекуляцияға, қоғамға зиян беретін істерді тоқтату мен базалық маңызды көздерді приватизация жасауға тыйым салумен қатар жүреді. الله أعلم

Открыть в Telegram
Просмотры386−8%к среднему
Пересылки1
Реакции16
Комментарии3
#2102Текст

Жоғарыда жазғандай әділдікті жүзеге асыру үшін ең дұрыс инструмент — шариғат. Заманауи мәселелер де сол шеңбердің ішінде шешімін табады. Менің ойымша, ақырындап, кезең кезеңімен жететін эволюциялық жол — тиімдісі. Өйткені сыртқы күштер де өздеріне бөтен көрінетін "проблеманы" құрсақта пайда болуымен жоюға тырысады. Мемлекетке өзінің әлеуметтік капиталын аман-сау сақтау үшін халықты зиянды дүниелерден қорғау керек. Ал әділдіктің тұғыры, әрине, дұрыс шариғи білім. Себебі білім болмаса, әділ режим 20 жылда аяқталғасын алмастыратын буын болмай қалады. Әрдайым әділдікті ту етіп ұстайтын буынды өсіріп шығару үшін тұрақты білім ордасы қажет. Низамия медреселер жүйесіне қазынадан 1/10 бөлініп отырған. Ол ұстаздардың еңбекақысы мен шәкірттердің шәкіртақысына жұмсалған. Онымен қоса уақф жүйесінің қаржысы бар. Керуен сарай, базар, жер телімдерінен түсетін тұрақты қаражат білім-ғылымды қаржыландыруға, медреселердің жөндеу жұмыстары мен кітап басуға жұмсалған. Мамун халифа тұсында 1/3 бөлігіне дейін жұмсалған деген дерек бар. Хунайн ибн Исхақ деген аудармашыға кітабының салмағы қанша болса, сол салмақта алтын берген. Бұл өз кезегінде экономикалық қуаттың жаңа көздерін ашуға мүмкіндік береді.

Открыть в Telegram
Просмотры425+1%к среднему
Пересылки1
Реакции21
Комментарии0
#2101Текст
Просмотры581+38%к среднему
Пересылки2
Реакции42
Комментарии0
#2100Текст

Мақасид — ережелер мен қағидаларды адам өмірінің 5 зәрулік концепциясына жинақтайды. Бірінші кезекте, дін сақтау. Кісінің Ислам дінін ұстануында сыртқы кедергілердің болмауы және оған керекті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Екінші кезекте, жан сақтау. Бұған қылмыстық жауапкершілік, қоғамдық қауіпсіздік, гигиена секілді профилактикалық міндеттер жатады. Үшінші кезекте, ақыл сақтау. Ақылды адастыратын наша, алкоголь, құмарпаздық секілді дүниелерге тыйыммен қоса, білім мен ғылымға жағдаят жасау кіреді. Төртінші кезекте, нәсіл сақтау. Яғни қоғамдағы неке мен ажырасуды реттеу, олардың құқықтарын қорғау мен зинаның, арсыздықтың, азғындықтың жолдарын жою, минимизация жасау. Бесінші кезекте, мал сақтау. Әр адамның мал-мүлкіне қатысты ережелер, әділ және тиімді жұмсау, бағыттау. Жемқорлық, рейд, рэкет, алаяқтық, өсімнің жолдарын жауып, халал активтің таралуына жағдай жасау. Бұл бесеуі де үш деңгейге бөлінеді. 1. Дорурият (зәрулік) деңгейі. Жоғарыдағы бесеудің шектік нормасы. Яғни оның бұзылуы қоғамның бүлінуіне жол ашады. Оңай мысал, ипотекамен алған үйі бұзылып, жоқ үйге ақша төлей алмай қалып, мемлекеттің реттеп бермеуі оны (әділетсіздіктен күйініп) қылмысқа итермелеуі мүмкін. 2. Хаджият (қажеттілік) деңгейі. Кісі өмірінің қиындықтарын жеңілдетіп беру. Қалада қоғамдық көлік инфрақұрылымын жасау. Нормадан қымбаттап кеткен қажет азық-түлік, киім, дәрі-дәрмекке жеңілдік жасау. 3. Тахсиният (жайлылық, эстетика, сән-салтанат) деңгейі. Қаланың сәулет құрылысындағы ескерткіштер, субұрқақтар, ақындардың мүшайрасы, спорттық жарыстар. Бұл неге бұлай деңгейге бөлініп жатыр? Тахсиният мемлекеттің жауапкершілігіне кірмейді. Қазынадан ол нәрсеге артық ақша болмаса, жұмсауға болмайды. Өйткені тахсиният болмаса, адамның 5 құқығы зиян көрмейді. Мемлекет тек шек пен құқықтық норманы реттеп береді. Ал көңіл бөлу мен приоритет: әуелі зәрулікке (таза ауыз сумен, қыста жылумен қамтамасыз ету), одан ресурс қалса қажеттілікке жұмсалады. Егер жоғарыда жазғандай мемлекет молшылық кезеңіне келсе, онда тахсиниятқа ресурс жұмсауда проблема жоқ.

Открыть в Telegram
Просмотры537+27%к среднему
Пересылки6
Реакции23
Комментарии2
#2099Текст

Мемлекеттің өміршеңдігі төрт бағанаға байланысты: әділдік, білім, молшылық, күш-қуат (әскер). Шариғат — мемлекет басшысының немесе парламенттің ойлап шығарған, өзгеден көріп, көшірген заңдар жинағы емес. Лоббимен, белгілі бір шенеуніктерге "сыйлық" беру арқылы өзгертуге болмайды. Харамды (құмар ойын, казино) халал етуге (заңдастыруға) болмайды. Әрине, шариғаттың бар болуы оның жүзеге асып кететінін білдірмейді. Ол әділдіктің заман мен мекеннен тыс өзекті инструкциясы. Неге заман мен мекеннен тыс? Біз қазір Ясамен, Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Жеті Жарғымен, КСРО конституциясымен жүрмейміз. АҚШ заңдары да бізге арналмаған. Ал Шариғатта бір нәрсе анық харам етіп бекітілген болса, ол нәрсе асылы өзгермейді. Жанына қатер төнген кездегі исключение жағдай басқа. Шариғатты дұрыс қолдансаң, әділдікке қол жеткізесің. "Бармақ басты, көз қысты" қылсаң, шариғатты белшесіне басқан зұлымдықты көресің. Имам Ғазали мен имам әш-Шәтыби (Аллаһ оларды рақымына алсын) түсінікті ету үшін жүйелеген Мақасид аш-Шариьа. Келесі постта кішкене тоқталамыз.

Открыть в Telegram
Просмотры519+23%к среднему
Пересылки2
Реакции25
Комментарии1