AI-чатbetaКабинет
Invintel

Invintel

Островок здравого смысла Аноним: http://t.me/anonaskbot?start=sls3qail8xiqo 6 сағатта жауап келмесе қайта жаз

Юзернейм
@invintel1
Категория
Политика
Страна
КазахстанКазахстан
Создан
, 6 лет
Подписчики1 133−4 за неделю
Просмотров на пост, 7 дн.309за 7 дней
ERR27,27 %за 7 дней

Подписчики, 30 дней

16 нояб. – 24 нояб.−2 (−0,2%)

Показать таблицей
ДатаПодписчики
16 нояб. 2026 г.1 135
17 нояб. 2026 г.1 137
18 нояб. 2026 г.1 137
20 нояб. 2026 г.1 136
21 нояб. 2026 г.1 137
22 нояб. 2026 г.1 136
23 нояб. 2026 г.1 134
24 нояб. 2026 г.1 133

Средние просмотры поста по дням

По дню публикации

Показать таблицей
ДатаПросмотров на пост
26 окт. 2026 г.492
27 окт. 2026 г.531
28 окт. 2026 г.484
5 нояб. 2026 г.437
6 нояб. 2026 г.407
8 нояб. 2026 г.361
21 нояб. 2026 г.309

Самые просматриваемые за месяц

  1. 01
    Просмотры534
    Пересылки0
    Реакции23
    Комментарии4
  2. 02

    Бүгін сабақта сөзден сөз шығып, докторымыз көп әйел алу мәселесін де қозғап кетті. Ниса сүресінің 3-аятындағы: "وَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تُقْسِطُوا فِي الْيَتَامَىٰ فَانْكِحُوا مَا طَابَ لَكُمْ مِنَ النِّسَاءِ مَثْنَىٰ وَثُلَاثَ وَرُبَاعَ ۖ فَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تَعْدِلُوا فَوَاحِدَةً أَوْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ ۚ ذَٰلِكَ أَدْنَىٰ أَلَّا تَعُولُوا" Қамқорлықтарыңа алған жетім қыздармен үйленген жағдайда оларға әділ бола алмаудан қорықсаңдар, өздеріңе ұнаған әрі адал болған өзге әйелдердің екеуімен, үшеуімен немесе төртеуімен үйленіп, отау құруларыңа болады. Егер бұл жағдайда да [әйелдеріңнің нәпақасын бөлуде бәріне бірдей қарайтын] әділ бола алмаудан қорықсаңдар, біреуін ғана немесе қолдарыңдағы күңдерді қанағат тұтыңдар. Әділдіктен ауытқып кетпеулеріңнің ең тиімді жолы, міне осы. [Н.Анарбаев, А.Әкімханов аудармасы] Осындағы "أَلَّا تَعْدِلُوا" сөздеріне мән беріп, аятта айтылып жатқан асыл негіз: екеу, үшеу, төртеу деп айтты. Ал "әллә тәьдилуу" сол жалпыдан [екеу, үшеу, төртеу] жалқыны/истисна [біреу] шығару дейді. Қазіргі заманда қоғамдық түсінік мұсылман елдерінде де истиснаны [жалқыны] жалпы қып, өзгертіп жіберді ғой. Автордан Сөз соңында үкімнің Аллаһтан келгеніне және ол хикметтен ада емес екеніне көңіл бөлу керектігін айтты.

    Текст
    Просмотры531
    Пересылки3
    Реакции21
    Комментарии0
  3. 03

    Бір ғалымнан тақуалық жайлы кітап жазуын талап еткенде "сауда" жайлы жазғанын алға тартып, оны тақуалыққа балаған еді. Біздің заманымызда базар, сауда үйі дегендер әрбір үйге кіріп, әр отбасы каспи магазин, вайлдберриз, озон, пиндош, алибаба секілді маркетплейстер пайдаланады. Тіпті, уатсап чаттар ашып, сол жерде сата береді. Бір жілік етті де, айлыққа сататын чаттардан табасың. Тіпті, білікті дәрігерлер де инстаграм мен тикток аккаунттарын дамытып, көбірек охват жинап, өздерін жарнамалауға тырысады. Адамдар еріншек. Шешімін таппай жүріп, арнайы білікті маман, сапалы тауар іздемесе, былайымша өздігінен іздемейді. Сондықтан интернет арқылы өзінің қызметін, еңбегін (тауарын) сатып жатқандарға әңгіме айта алмайсың. Не нәрседе әңгіме айтасың? Жоғарыда жазғандай сауда-саттық әр мұсылманның үйіне кірді. Демек, оның маңыздылық ғибадат құлшылық секілді болмаса да, соған өте-мөте жақын боп қалды. Мұсылмандар қалай намаз оқуды үйренген болса, сауда-саттықты да солай үйрену маңызды. الله أعلم

    Текст
    Просмотры492
    Пересылки1
    Реакции26
    Комментарии0
  4. 04

    Негізі жазба мағынасынан түсінуге болатындай, жігіттерге арналған еді. Адамгершілік, шынайылық, нағыз ер мінезділік дегенге қалай қарсы келетіні маған түсініксіз. Ертең ұл өсіріп, үйлендіретін қыз қандай деп іздегеніңде түсінетін шығарсың. Желіде ұл өсіріп жатқан аналардың феминизмге қарсы жазбаларын жиі кезіктірем. Иә, бойсұну фитрасында бар. Алайда ол фитрасына өздігінен автоматты түрде оралады дегенді білдірмейді. Сыртқы жағдаяттың әсері жоғары. Қазір заң да, қоғам да, қыздың ата-анасы да, БАҚ та әйелдің сөзін сөйлейді. Сен дым істемеген болсаң да, дәлел жоқ болса да, қызықтырмайды. Сыртқы рычаг жоқ деген сөз. Ендеше соқыр тәуекелмен үйленсең, әйеліңмен әрдайым дипломатиялық қарым-қатынас жасауға мәжбүр боласың. Қара түнде қиыршық тас шашылған жерден аяғыңды жарақаттап алмай, ұқыптылық таныту керек. Инстаграмын өшірткізу үшін 3 жыл уағыздайсың, онда да политкорректно, деликатно, турасынан айтпай, көңіліне қонымды етіп жеткізуің керек. Сосын қарымына бірдеңе бересің. Бірақ бірінші ұрыста, инстаграм қайта жүктеледі) Қысқаша айтқанда "Ат әуре, көт әуре" Гугл қолдана алмайтындар үшін: "Фраза «Ат әуре, көт әуре» — это известное казахское крылатое выражение (идиома), которое описывает бессмысленную суету, напрасный труд или ситуацию, от которой устали все участники, но не получили никакого полезного результата." Яғни, ер жігіттік қалып деп кез келген қызға жауапкершілік алуға ұмтылса, өмірі ат әуре, көт әуре боп өтеді немесе әйелінің айтқанымен жүреді, осы хәлді қабылдайды. Ал, жарайды, солай да болсын дейін десек, қатынымен арпалысып өтетін еркек қалай үммет қамын жейді? Мұсылмандар қалай түзеледі? Қоғамды қалай түзейді? Ұлға қандай модельдік рөлді көрсетіп, өнеге болады? Әйеліңмен әрдайым саудаласу адамгершілік пен ауызбіршілікті білдірмейді. Керісінше, қаймағы іріген, ынтымағы бұзылған отбасының суреті боп қалады.

    Текстизменён
    Просмотры447
    Пересылки2
    Реакции20
    Комментарии10

Новые посты

#2120Видео
Просмотры309−27%к среднему
Пересылки2
Реакции20
Комментарии4
Динамика просмотровСкрыть динамику

Рост просмотров

Часов после публикации

Показать таблицей
Часов после публикацииПросмотры
0 ч0
1 ч99
16 ч213
32 ч265
66 ч309
  1. Через 1 час99
  2. Через 24 часа213
  3. Всего сейчас309
#2119Текст

Демографияны көтеретін екі көрсеткіш бар. Біріншісі, сана-сезім. Адамның сеніміне дінмен, әлеуметтік ортамен, дәстүрмен т.б. орнығады. Екіншісі, материалдық жағдай. Негізгі әсерді сана-сезім берсе де, материалдық жағдай одан ада емес. Әлемде көптеген мемлекеттер қаржылай көмек беріп, төмендетілген несие беріп, салықтан босатып, әлеуметтік көмек көрсетіп жатады. Алайда ең басты активті ескермейді. Ескермейтін себебі де бар. Ол, тіпті, дамыған мемлекеттердің экономикалық локомотиві, бюджеттің кіріс көзі. Сондықтан одан оңай бас тарта алмайды. Көп жұмбақтамай, тікесінен айтқанда — қолжетімді баспана. Тегін беруге еш мемлекет келісе қоймас. Келіспеуі орынды да! Алайда құрылыс компанияларының монополиясы мен банктердің құлдығынан, құлқынын ойлаған спекулянттардың іс-әрекеттеріне тосқауыл жасап, дұрыс реттегенде өз бағасымен-ақ адамдар еңбектенер еді. Неге басқа материалдық көмектер көмектеспеді? Өйткені үйге несие бар адамдарға салықтан босату қызық емес, төмендетілген несие де алдыңғы несиесін жамап бермейді. Өмір сүру деңгейін төмендетіп өмір сүруге мәжбүр. Ал ертең балаларын сапалы мектепке беруін және ауырып қалса емдетуін ойлайтын ата-ана қаржылық шамасына қарамаймын десе де, ескермей қоймайды. Қазір демографиялық өсімде проблема жоқ елдерге қарасақ, Африка елдері ғой. Бірақ Африка елдерінде баспанамен проблема жоқ. Африкадай болайық дегенім емес. Баспананы елге қолжетімді етсек, демография проблемасы біршама жеңілдеп, жұмсарар еді. الله أعلم

Открыть в Telegram
Просмотры371−12%к среднему
Пересылки1
Реакции16
Комментарии0
#2118Текст
Просмотры348−17%к среднему
Пересылки1
Реакции9
Комментарии4
#2116Текстизменён

Негізі жазба мағынасынан түсінуге болатындай, жігіттерге арналған еді. Адамгершілік, шынайылық, нағыз ер мінезділік дегенге қалай қарсы келетіні маған түсініксіз. Ертең ұл өсіріп, үйлендіретін қыз қандай деп іздегеніңде түсінетін шығарсың. Желіде ұл өсіріп жатқан аналардың феминизмге қарсы жазбаларын жиі кезіктірем. Иә, бойсұну фитрасында бар. Алайда ол фитрасына өздігінен автоматты түрде оралады дегенді білдірмейді. Сыртқы жағдаяттың әсері жоғары. Қазір заң да, қоғам да, қыздың ата-анасы да, БАҚ та әйелдің сөзін сөйлейді. Сен дым істемеген болсаң да, дәлел жоқ болса да, қызықтырмайды. Сыртқы рычаг жоқ деген сөз. Ендеше соқыр тәуекелмен үйленсең, әйеліңмен әрдайым дипломатиялық қарым-қатынас жасауға мәжбүр боласың. Қара түнде қиыршық тас шашылған жерден аяғыңды жарақаттап алмай, ұқыптылық таныту керек. Инстаграмын өшірткізу үшін 3 жыл уағыздайсың, онда да политкорректно, деликатно, турасынан айтпай, көңіліне қонымды етіп жеткізуің керек. Сосын қарымына бірдеңе бересің. Бірақ бірінші ұрыста, инстаграм қайта жүктеледі) Қысқаша айтқанда "Ат әуре, көт әуре" Гугл қолдана алмайтындар үшін: "Фраза «Ат әуре, көт әуре» — это известное казахское крылатое выражение (идиома), которое описывает бессмысленную суету, напрасный труд или ситуацию, от которой устали все участники, но не получили никакого полезного результата." Яғни, ер жігіттік қалып деп кез келген қызға жауапкершілік алуға ұмтылса, өмірі ат әуре, көт әуре боп өтеді немесе әйелінің айтқанымен жүреді, осы хәлді қабылдайды. Ал, жарайды, солай да болсын дейін десек, қатынымен арпалысып өтетін еркек қалай үммет қамын жейді? Мұсылмандар қалай түзеледі? Қоғамды қалай түзейді? Ұлға қандай модельдік рөлді көрсетіп, өнеге болады? Әйеліңмен әрдайым саудаласу адамгершілік пен ауызбіршілікті білдірмейді. Керісінше, қаймағы іріген, ынтымағы бұзылған отбасының суреті боп қалады.

Открыть в Telegram
Просмотры447+6%к среднему
Пересылки2
Реакции20
Комментарии10
#2115Текст

Переслано из Anonymous Messages

💬 У тебя новое анонимное сообщение! Соңғы жазбаңызға қатысты пікірімді білдірсем деп едім. Әрине орынды мәселені қорғапсыз. Алайда сіз қатарлы ер кісілерден байқауым, жауапкершілік алуға әлі де асықпай(қорқыныш па білмеймін), алма піс аузыма түс деп күте қалғандары бар. Рас, бұл нәрсе әуелесе ер адамның санасы мен биік тұлғасына да қатысты. Бірақ қызық, қыз тәрбиесі, жауапкершілік алуға татитындай мінезі деп жүріп - өздері адамгершілік, шынайылық, нағыз ер мінезділік болмыстарынан айрылып бара жатқан жоқ па? Аллаһ қыз баласының жаратылысын бойұсынғыш етіп жаратқан, бұл нәрсе сыртқа көрінбеуі мүмкін. Бірақ табиғатындағы нәзіктік пен қамқорлықты қажет ететін болмысы жоғалмайды емес пе? Оны қалпына келтіретін нағыз ержігіттік қалып дер едім. Мүмкін оны ерлерше “бойұсынғыш” дейтін болар. Ендеше, нағыз ЕРКЕК болмысы, қасиеті қандпй болмақ екен?) @anonaskbot

Открыть в Telegram
Просмотры367−13%к среднему
Пересылки0
Реакции0
Комментарии0
#2114Текстизменён

Бұрындары ер адам жауапкершілік алу керек дегенге сенімді едім. Кейін жауапкершілік алуға болатын және болмайтын нәрселер боп бөлінетіні өзіме айқындала түсті. Алуға болмайтын істерде жауапкершілік алатын болсаң, онда сабыр ету керек. Болмаса, кеш болса да жауапкершілікті өзіңнен түсіріп тастауың тиіс. Кей "ұстаздардың" елге, әсіресе, жігіттер қауымына насихат айтуға тырысып, жөн-жосықсыз жазғыратын сөздері болады екен. Ер адамға қатысты әйелге кім насихат айтады? Секс туралы сексолог коучтар айтып жатыр: өйтсең, бүйтсең қанасың дейді-мыс. Коучтар күйеуіне қалай қылықпен баурап, тамақ істеу мен үй жинаудың орнына курьермен тамақ алдыртып, үйге клиниң шақыра салуды, манипуляция жасауды үйретіп жүр. Бойсұну жайлы "күйеуіңе бойсұну керек" деп жалаң айта салудан басқа үйрететін біреу бар ма? Кейбір әйел кісілер кейбір сөздерінде насихат жасайды екен. Алайда толық тыңдасаң, феминизмнен ада емес. Айтып жатқан "бойсұн" деген насихаты именно сол айтушының жағдаятына қатысты. Басқа кезде бойсұнбасаң да еркің дегенге келтіреді. Батыста білгеніңді істейтін, секс-партнер дейтін жанама түрде орныққан секілді. Жоғарыдағы бірінші абзацтың не қатысы бар? Оның қатысы былай. Үйленер кезде нақты біліп, ноқталап алмасаң, кейін тек сабыр етесің. Король и шут деген ертегідегідей, әйеліңнің көңілін тауып, оның алдында сайқымазақ клоун боп көңіл күйін қорып жүретін боласың. Мысалы, оған бінимәние бөлуің керек. Ал ол соның ақысына саған бойсұнады. Бірақ әйелің сенен сұрағандай киноға апармасаң, апарғаныңша "бойсұну" қызметі тоқтайды. Подписканы созғың келсе, ақысын төле) Ал әйел адам келісімде тұрмайды. Сондықтан қанша келіссең де, "мен олай ойламадым, былай түсіндім" деп берекесін кетіреді. Сондықтан жауапкершілік аларда ойлану керек, өйткені ол контрольмен бірге жүреді. Ал контроль жасай алмасаң, оған көнбесе немесе әрдайым келісім жасай беретін болсаң, может не стоит әу баста жауапкершілік алуға? Мына бір ой да бар. Еркек деген жауапкершіліктен қашпай, керісінше, ұмтылу керек қой. Иә, дұрыс. Өмір бойы күресіп, түзетіп, бағыттап, жетектеп жүре беретін болсаң, өз еркің. Әйелдің көңілін тауып, онымен алысу үшін өмірге келмедің ғой деген ой да жылт етіп, жібермей тұратыны бар. Дұрыс нәрсе айтып жатсаң, әйелдер жарысып жазып жатады ғой: "біздің еркектер ғана әйелмен алысып жүр, әлем ғарышқа ұшып, ЖИ жасап, ұшатын мәшине шығарып жатыр". Сөздерінде жан бар. Өмір бойы алысып өткенше, жүйкеңді тоздырып, жастай кеткің келмесе, еркек болғасын жауапкершілік алуға ұмтылмай, жауапкершілік алуға "стоит" қызға үйленген дұрыс шығар?

Открыть в Telegram
Просмотры437+4%к среднему
Пересылки3
Реакции26
Комментарии11
#2113Текст
Просмотры534+27%к среднему
Пересылки0
Реакции23
Комментарии4
#2111Текст

Бүгін сабақта сөзден сөз шығып, докторымыз көп әйел алу мәселесін де қозғап кетті. Ниса сүресінің 3-аятындағы: "وَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تُقْسِطُوا فِي الْيَتَامَىٰ فَانْكِحُوا مَا طَابَ لَكُمْ مِنَ النِّسَاءِ مَثْنَىٰ وَثُلَاثَ وَرُبَاعَ ۖ فَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تَعْدِلُوا فَوَاحِدَةً أَوْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ ۚ ذَٰلِكَ أَدْنَىٰ أَلَّا تَعُولُوا" Қамқорлықтарыңа алған жетім қыздармен үйленген жағдайда оларға әділ бола алмаудан қорықсаңдар, өздеріңе ұнаған әрі адал болған өзге әйелдердің екеуімен, үшеуімен немесе төртеуімен үйленіп, отау құруларыңа болады. Егер бұл жағдайда да [әйелдеріңнің нәпақасын бөлуде бәріне бірдей қарайтын] әділ бола алмаудан қорықсаңдар, біреуін ғана немесе қолдарыңдағы күңдерді қанағат тұтыңдар. Әділдіктен ауытқып кетпеулеріңнің ең тиімді жолы, міне осы. [Н.Анарбаев, А.Әкімханов аудармасы] Осындағы "أَلَّا تَعْدِلُوا" сөздеріне мән беріп, аятта айтылып жатқан асыл негіз: екеу, үшеу, төртеу деп айтты. Ал "әллә тәьдилуу" сол жалпыдан [екеу, үшеу, төртеу] жалқыны/истисна [біреу] шығару дейді. Қазіргі заманда қоғамдық түсінік мұсылман елдерінде де истиснаны [жалқыны] жалпы қып, өзгертіп жіберді ғой. Автордан Сөз соңында үкімнің Аллаһтан келгеніне және ол хикметтен ада емес екеніне көңіл бөлу керектігін айтты.

Открыть в Telegram
Просмотры531+26%к среднему
Пересылки3
Реакции21
Комментарии0

Все посты

Связи