Мысыр. Каир. Жанармай тасушы көлік аударылып, алапат өрт шыққан. 21 адам қаза тауып, тағы 15-і жараланған…
Open in TelegramPosts of Usbanov ARNASY
Рим папасы және жын Рим папасы болған Франциск қарияның күнделігін қазір әлем жұрты, әсіресе кресшілер қауымы, мұхиттың арғы-бергі жұрттары ызу-қызу талқылап жатыр… Сөйтсе, 2013-2025 аралығында тұтас католиктердің “әкесі” - Рим папасы, римдік-католиктік шіркеудің басшысы болған Франциск қарт 1992 жылдан бері күнделік жазып жүріпті. 2025 жылы бұл кісі қарттық пен сырқат қатар шалып, қайтыс болады. Ал күнделігіндегі кей әңгімелер кейіндері ғана жарияланып жүр. Бұл кісі күнделігінде жынды өз көзімен 3 рет көргенін жазыпты. Папа жынды “көздері от жалынындай”, “дауысы зор әрі қырыл-дырыл” деп сипаттайды. “Көрген кезде тәспімді алып, Мәрия анаға сыйына бастадым”, - деп жазады Франциск. Онан соң, тозақты да көргенін жазыпты. “Бір күні түсімде тозақ қақпасының ашылғанын көрдім. Жақын баруға дәтім жетпеді. Тозақтың қызыл жалыны шашырап тиердей көрінді”, - деп жазады Рим папасы… Ал сіз бұған не дейсіз?
Open in TelegramАҚШ үкіметі өнеркәсіптегі өндірістік қуаттардың құрылымдық артықшылығын алға тартып, ЕО мен тағы 13 маңызды сауда серіктесіне қатысты 15% мөлшерінде жаңа баж салығын енгізетінін мәлімдеді.
Open in TelegramАҚШ-тағы Өкілдер палатасының 20 мүшесі Трампқа қайрылу жасап, Путинді G20 саммитіне шақырудан бас тартуға шақырды! Республикалық және Демократиялық партиялардың бір топ конгрессмені АҚШ президенті Дональд Трампқа жолдаған хатында Ресейдің Украинаға қарсы себепсіз әрі негізсіз соғыс жүргізіп жатқанын және Иранға Таяу Шығыстағы америкалық әскерлерге соққы беруге көмектесіп отырғанын айтқан. «Мұндай жағдайда президент Путинмен қарым-қатынасты сақтау біздің ұлттық қауіпсіздік мүдделерімізге қайшы келеді», — делінген хатта. G20 саммиті 14–15 желтоқсанда Майамиде өтеді.
Open in TelegramForwarded from Mezgil.kz
Дәп қазір даулы аймақтарға Ирак билігі мен Күрдістан билігі әскерін топтастырып жатыр… Пешмерганың 150 мың сарбазы соғысқа сақадай сай тұр. МҰНАЙ ДАУЫ МЕН АЙМАҚТАР ҮШІН ТАЛАС ПЕШМЕРГА: 150 МЫҢ САРБАЗ БЕН СОҒЫС ҚАУПІ 2026 жылғы қыркүйекте Күрдістан билігі күштердің қайта ұйымдастырылып, 11 дивизия, екі қолдау командованиесі және аймақтық командалар құрылымы қалыптастырылғанын жариялады. ТОЛЫҒЫРАҚ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9380
Open in TelegramАлександр Лукашенко бүйдейді: - Біз Украинаға шабуылдау үшін Ресейдің әскери базасы болған жоқпыз. Иә, біз Ресеймен бірлесіп Брест пен Гомельде әскери жаттығулар өткіздік. Бірақ, Ресей өз әскерін алып кетті. Кейін сол әскері қалт бұрылып, Киевке бағытталды.Ал біздің оған еш қатысымыз жоқ. Мен тіпеті, соғыс басталарын білген де жоқпын, - дейді. - Трамп Үшінші жаһан соғысының алдын алды. Егер Байден тұсындағы саясат жалғаса бергенде, әлем астаң-кестең болар еді, - дейді. - Украиналықтар Одессада орыстарды өртеп, орыс тілін шектемеуі керек еді. Бұл Ресей үшін өте маңызды мәселе. Украинаның шығысы тегіс орысша сөйлейтіндер еді. Бәрі осыдан басталды. Олар тіпті адамдарды өлтіріп, өртеуге дейін барды. Бұл басты қате, - дейді. - Неге ядролық елді, апанда ұйықтап жатқан аюды ояттың? Оның үстіне Минскіде жолығып, келістік емес пе? Германия мен Франция Минскіде болды ғой. Алдап соқты, бізді, - дейді. - Бүгінде Ресей мейлі тасбақа жүріспен, мейлі баяу болса да алға жылжып келеді. Ал Украинаның қорғанысы күшейді. Украина дрондары Ресейдің МӨЗ-дерін соққылауда. Қырым көпірін құлатты. Бір қарағанда бәрі дұрыс сияқты, Киев үшін. Бірақ, бәрі бір сәтте өзгеріп кетуі мүмкін, - дейді. - Рас, Ресей Беларусьтен өзінің ядролық қаруы мен зымырандарын алып кетіп, есесіне Батыс Ресей шекарасынан алыстайтын бітім нұсқалары талқылануда. Келіссөздер кезінде бәрі болуы мүмкін. Мұндай нұсқаны да жоққа шығармаймын. Ең бастысы – бейбітшілік, - дейді. - Бүгінде барлығы ықылым заманнан орыс жері деген сөздер айтылуда. Рас, қайсыбір кезде бұл жерлер орыстікі болғаны рас. Ал одан терең үңілсек, бұл жерлердің иесі моңғол мен татар болған ғой. Бұл деген сөз – тұтас моңғолға жерді қайтару керек деген сөз емес. Мұны Путин де жақсы түсінеді, - дейді.
Open in TelegramҚазақстан: Мобильді интернет қаншаға қымбаттайды? Қазақстандықтардың қалтасына тағы бір салмақ түспек. 24 қарашада Үкіметте өткен брифингте еліміздегі негізгі үш ұялы байланыс операторының басшылары байланыс пен мобильді интернет тарифтерінің қымбаттайтынын ресми түрде растады. Операторлар бағаны бірден емес, кезең-кезеңімен көтеруді көздеп отыр. Қай оператор бағаны қаншаға өсіреді? Брифинг барысында байланыс нарығының ірі ойыншылары алдағы баға саясатына қатысты нақты цифрларды атады: - Beeline: Компанияның бас атқарушы директоры (СЕО) Джаббор Каюмов тарифтердің инфляция деңгейінде және одан жоғары емес мөлшерде көтерілетінін айтты. Оның сөзінше, өзгеріс барлық абоненттерге бір мезетте қолданылмайды, әртүрлі тарифтер бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асады. Биыл Beeline желісінде баға орта есеппен 10%-ға өседі деп болжануда. - Кселл (Kcell): «Кселл» АҚ басшысы Асқар Жамбакин бағаны инвестициялық белсенділікке, электр энергиясы құнының өзгеруіне және жабдықтарға кететін шығындардың өсуіне қарай түзететіндерін жеткізді. Бұл операторда тарифтік жоспарлар құны орта есеппен 10–12% шамасында қымбаттамақ. - Мобайл Телеком-Сервис (Tele2/Altel): Компания басшысы Александр Бабичев келесі жылы тарифтік жоспарға байланысты бағаның 10% маңайында, бірақ 15%-дан аспайтын деңгейде қайта қаралатынын мәлімдеді. Алдағы уақытта қазақстандық абоненттер үшін ұялы байланыс пен интернет шығыны орта есеппен 10–15% аралығында артатыны анық болды. Ендігі басты мәселе — тариф құнының өсуімен қатар, елдегі интернет сапасы мен жылдамдығының соған сай жақсаруы болмақ.
Open in TelegramЖемқорлық: «Қазатомөндіріске» өкілі ұсталды... Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша ұсталғанын хабарлады. Ресми хабарламада: «2026 жылғы 23 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі Қ. Омарбековті және басқа да адамдарды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді. ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Заң және Тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасуда», - деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Open in TelegramForwarded from Abai.kz ⚡
‼Тәуелсіз Қазақстанның тарихы оның сыртқы саяси басымдықтарының қалыптасуымен тығыз байланысты. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жас мемлекет алдында күрделі міндеттер тұрды. Олар – халықаралық аренада дербес субъект ретінде орнығу, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шетелдік инвестицияларды тарту және экономикалық дамудың өзіндік моделін қалыптастыру еді. ⬇Толық: https://abai.kz/post/226331
Open in Telegram💥 «Сұмдық! Масқара!» Дрондар Ресейдің Самара облысындағы бірнеше мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасады… Бұл жолы соққы Сызрань мұнай өңдеу зауытына (МӨЗ) жасалған. Сонымен қатар, Самара мен Новокуйбышевскідегі МӨЗ-дер де шабуылға ұшыраған! Сызрань, Новокуйбышевск және Куйбышев МӨЗ-дері «Роснефть» компаниясының Самара МӨЗ тобына кіреді. Салалық басылымдардың дерегінше, олардың жалпы өңдеу қуаты — жылына 23,8 млн тонна мұнайды құрайды. Салыстыру үшін: Ресейдегі ең ірі Омбы МӨЗ жылына 21 млн тоннадан астам мұнай өңдей алады.
Open in TelegramМемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасы бойынша қаражаттың жұмсалуына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті! ✍️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойды. ✔️Мемлекеттік комиссияның міндеті – Бағдарлама жобаларының уақтылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджеттік тәуекелдерге, бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу. ✔️Бағдарламаны іске асырудың жоспарлау мен қаражатты бөлуден бастап, нысандарды нақты пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңі бақылауға алынады. ✔️Мемлекеттік комиссия мемлекеттік сатып алулардың мерзіміне, құнына және заңдылығына мониторинг жүргізіп, тәуекел деңгейі жоғары жобаларды анықтайды және кемшіліктерді жою жөнінде шаралар әзірлейді. ✔️Бағдарламаны жүзеге асыру барысына жүргізілген мониторинг бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне тоқсандық және жылдық есеп ұсынылады. ✔️Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы белгіленді. ✔️Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлердің және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді. Ақорда
Open in TelegramАлматы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындалуда! Қала біртіндеп мерекелік сән-салтанатқа бөленуде. Алматы көшелерінде мерейтойлық баннерлер ілініп, LED-экрандарда тақырыптық бейнероликтер көрсетіле бастады. Мұның бәрі еліміз үшін маңызды мерекенің жақындағанын айшықтай түседі. Тәуелсіздіктің 35 жылы бұл елдің қалыптасу тарихы, жеткен жетістіктері мен Қазақстанның нық қадаммен алға басуының көрінісі. Бұл – ұрпақтарды біріктіріп, Отанымызға деген мақтаныш сезімін арттыратын ерекше мереке!
Open in TelegramВ рамках исполнения поручения Главы государства органами прокуратуры проводится масштабная работа по возврату незаконно приобретённых активов. Благодаря возвращённым средствам профинансировано строительство и реконструкция 466 объектов в сферах здравоохранения, образования, спорта, инфраструктуры и водоснабжения. За каждой цифрой – реальные перемены, новые возможности и улучшение качества жизни граждан. https://youtu.be/FxWJ9TmQRDE
Open in TelegramЕсесіне Лукашенко 2020 жылы сайлаудан кейін өз халқына қарсы “қолына автомат” ұстап қарсы шыққан…
Open in TelegramПутин мен Лукашенкоға қарағанда Зеленский қызып тұрған майданның алдыңғы шебіне, оқ қарша борап жатқан Донбассқа сан рет барған. Ал Путин 2022 жылдан күні бүгінге дейін бір рет те болсын нағыз ұрыс даласына аттап баспаған!
Open in Telegram