Posts of Тимурдан Инфо | it&tech
Өзі стартап бола тұра стартап сатып алатыны қызық, иә? Айтпақшы, OpenClaw деген Dots қой.
Open in Telegram3 new Gemini models, one quick cheat sheet ↓ ✨ Neon: Deep reasoning across software engineering, knowledge work, and science ⚡ Hydrogen: Speed and efficiency in everyday coding and agentic workflows 🔬 Carbon: Hardest long-horizon projects and deep research
Open in TelegramNVIDIA негізін қалаушы және басшысы Дженсен Хуаң “Қытайлық шпионмен көңілдес болды” деген желеумен жұмыстан қуылды. Жалпы, бұл әлемде СЕКСПИОНАЖ деген термин бар: Секс + Шпионаж. Оны арнайы дайындалған жансыз қыздар жасайды. Солардың бірі - Әлия Роза деген қыз жұмысы қандай екенін айтып The Diary of CEO каналына сұқбат берген: https://youtu.be/1mDHHi398ig?si
Open in TelegramGoogle өзінің Neon деген моделін шығарды. Ал Anthropic өзінің IPO-сын жасап рекорд орнатты 🔥
Open in TelegramОқыңыздар. Қызық. https://docs.google.com/document/d/11HewmmzSzaaLBpVKcCtLqGPYbZRmqH-L7L-SjiqvfCI/edit?usp=sharing
Open in TelegramJust think about it, ya all: Google Gemini: уақытша чаттардың сақтау мерзімі ~2 айға дейін ұзартылды (тарих өшірілген болса да); 🧐🧐🧐 Жаттығудан бас тарту мүмкіндігі бөлек.
Open in TelegramҒылым: AI математикалық жаңалық ашу процесіне араласа бастады Nature Computational Science журналында жарияланған жаңа редакциялық мақала AI-дың математикалық зерттеулердегі рөлін талқылады. Мақалада OpenAI-дың Навье–Стокс теңдеулеріне қатысты күрделі мәселені шешкені жөніндегі қыркүйектегі даулы мәлімдемесі қарастырылады. Оның дұрыстығы ғылыми қауымдастықта әлі талқыланып жатыр. Неге маңызды? AI бұрыннан белгілі ақпаратты жинақтаудан жаңа математикалық гипотезалар мен дәлелдер іздеуге қарай жылжуда. Бірақ ғылыми жаңалықтың мәртебесін модель емес, тәуелсіз тексеру анықтайды. Мүмкіндік: ғылыми есептеулер, AI research agents, формалды дәлелдерді тексеру, материалтану мен инженерлік симуляция. Қазақстан үшін: математиктер, физиктер және инженерлерді AI құралдарымен біріктіретін шағын зерттеу командаларын дамытуға болады. Қауіп: AI жасаған сенімді көрінетін, бірақ қате математикалық дәлелдердің ғылыми айналымға енуі.
Open in TelegramКиберқауіпсіздік: AI дамыған сайын шабуыл оқиғалары да көбейіп жатыр Marsh деректеріне негізделген Reuters материалы AI мүмкіндіктерінің кеңеюімен қатар киберинциденттердің де күрт көбейгенін хабарлады. Маңызды айырмашылық: екі құбылыстың қатар жүруі барлық шабуылдардың көбеюіне тікелей AI себеп болды дегенді дәлелдемейді. Неге маңызды? AI қаскүнемдерге сенімді фишинг мәтіндерін жасау, әлеуметтік инженерияны жекелендіру және шабуылға дайындықты жеделдету мүмкіндігін бере алады. Қорғаныс жүйелері де AI қолдануға мәжбүр. Нақты бизнес мүмкіндігі: корпоративтік AI security monitoring, phishing detection, identity verification, AI agent permissions және автоматтандырылған incident response. Қазақстан үшін: банктер, финтех, телеком және мемлекеттік IT мердігерлеріне арналған қауіпсіздік өнімдері — зерттеуге тұрарлық экспорттық нарық. Timurdan Info
Open in TelegramNVIDIA айналасындағы өзгерістер AI инфрақұрылымын қаржыландыруға әсер ете бастады NVIDIA-дағы басшылық дағдарысы AI нарығындағы тәуекелді қайта бағалауға түрткі болды. Әсіресе қарызға сүйеніп GPU инфрақұрылымын салатын шағын neocloud компаниялары қысымға ұшырауы мүмкін. Goldman Sachs сарапшылары жоғары кірісті облигациялар нарығында AI-мен байланысты мәмілелер қарқыны бәсеңдегенін атап өтті. NVIDIA директорлар кеңесі 17 қарашада Дженсен Хуангты CEO қызметіне қайта шақырмайтынын мәлімдеп, тұрақты басшы іздеу процесін бастағанын хабарлады. Reuters Қазақстан үшін қауіп: ірі AI инфрақұрылымдық жобалары нақты клиенттерсіз немесе қымбат қаржыландырумен іске қосылса, күтілген табыстылыққа жетпеуі мүмкін. Timurdan Info
Open in TelegramКалифорнияның бас адвокаты OpenAI компаниясының автобот агенттері туралы мәлімдеме жасап жатыр. Тестілеу кезінде 80 рет ЖИ агенттері қоршалған ортадан (сәндбокс деп айтады) шығып кетіп, сыртқы сайттар мен бөгде бағдарламаларды бұзып кірген. “Бұл енді ешқандай да гипотетикалық әңгіме емес, шын!” дейді. Яғни, бұған дейін де айтып жүргенімдей, киберқауіпсіздік саласын да оқыңыздар. Өте маңызды мамандық бола түспек. https://www.instagram.com/reel/Df0T90LS2Zj/?xtok=Z3gzMmxwZDlyZzVi
Open in Telegram“ЖИ-дің өкіл әкесі” деген атпен танымал, атақты ЖИ зерттеуші, ғалым Ян Лекун қазір біз қолданып жүрген ЖИ құралдарын, тіл модельдерін - барлығын далбаса деп санайды. Қызық… Ал өзі JEPA деген архитектура ұсынады.
Open in TelegramОбшым... 🤯 IT саласында жүрген 20 жылдық тәжірибемді қолдана отырып, осы салағы түскісі келетіндерге, сондай-ақ, IT студенттерге, тіпті мамандық ауыстырғысы келетін ересек адамдарға арнап нұсқаулықтар топтамасын жасап қойдым. 🔥 Мен сіздерге айтайын, мұндай нұсқаулықтар қазақша түгіл орысша (яғни Ресейде де) жоқ. Өзімнің авторлық еңбегім. Толыққанды кәсіби бағдар және IT әлеміне саяхат 🚀🚀🚀 Кімдерге арналған? • IT мамандығына басқа саладан ауысқысы келетін ересектерге • IT мамандықта оқып жатқан студенттерге • IT мамандығына түскелі жүрген жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына https://guide.timur.academy
Open in Telegram