Posts of СҚО әкімдігі
🌾 В СКО чествовали работников сельского хозяйства и перерабатывающей промышленности Сегодня в театре имени С. Муканова состоялось торжественное мероприятие «Даласы қазыналы Қызылжар», посвящённое профессиональному празднику работников сельского хозяйства и перерабатывающей промышленности. В мероприятии принял участие аким Северо-Казахстанской области Гауез Нурмухамбетов, аграрии, представители перерабатывающих предприятий, ветераны отрасли и почётные гости. Как отметил Президент Касым-Жомарт Токаев на III Форуме работников сельского хозяйства, развитие аграрного сектора остаётся одним из важных направлений государственной политики. В своём выступлении глава региона подчеркнул стратегическую роль агропромышленного комплекса в обеспечении продовольственной безопасности страны и развитии сельских территорий. Северо-Казахстанская область сохраняет ведущие позиции в агропромышленном комплексе страны. За десять месяцев текущего года объём валовой продукции сельского хозяйства составил 867 млрд тенге, в отрасль привлечено свыше 170 млрд тенге инвестиций. Регион продолжает производить 15 из 19 социально значимых продуктов питания. В этом году аграрии собрали 4,9 млн тонн зерна, обеспечив лучший показатель урожайности среди зерносеющих регионов страны, а также 1,4 млн тонн масличных культур. Объём льготного финансирования сельхозтоваропроизводителей превысил 223,6 млрд тенге. Особое внимание в регионе уделяется развитию молочного животноводства. СКО занимает первое место в республике по производству молока в организованных хозяйствах, а региональная модель строительства молочно-товарных ферм получила распространение по всему Казахстану. Сегодня работа продолжается в направлении создания крупных животноводческих комплексов и мегаферм с внедрением автоматизации и элементов искусственного интеллекта, развития глубокой переработки и обновления племенной базы. Впервые организованы поставки племенного скота из Австралии. Активно внедряются и цифровые решения: на сегодняшний день их применяют 87% сельхозформирований области. Опыт ТОО «Ақселеу» в сфере цифровизации и развития сельской территории был отмечен Главой государства на III Форуме работников сельского хозяйства. В рамках торжественного мероприятия аким области поздравил представителей отрасли и выразил благодарность за добросовестный труд, профессионализм и преданность своему делу. Ряд работников сельского хозяйства и перерабатывающей промышленности был удостоен государственных и ведомственных наград, а также почётных грамот. Глава региона пожелал труженикам села, переработчикам и ветеранам отрасли крепкого здоровья, благополучия, щедрых урожаев и новых успехов на благо Северо-Казахстанской области и всей страны.
Open in Telegram🌾 СҚО-да ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлеріне құрмет көрсетілді Бүгін С. Мұқанов атындағы театрда ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған «Даласы қазыналы Қызылжар» атты салтанатты іс-шара өтті. Оған Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері, қайта өңдеу кәсіпорындарының өкілдері, сала ардагерлері мен құрметті қонақтар қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында атап өткендей, аграрлық секторды дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Өз сөзінде өңір басшысы агроөнеркәсіптік кешеннің еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және ауылдық аумақтарды дамытудағы стратегиялық маңыздылығына тоқталды. Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі жетекші орындарын сақтап келеді. Биылғы жылдың он айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 867 млрд теңгені құрады. Салаға 170 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Өңірде әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарларының 15 түрі өндіріледі. Биыл аграршылар 4,9 млн тонна астық жинап, астық егетін өңірлер арасында өнімділік бойынша еліміздегі ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Сонымен қатар 1,4 млн тонна майлы дақыл жиналды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жеңілдікпен қаржыландыру көлемі 223,6 млрд теңгеден асты. Өңірде сүтті мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. СҚО ұйымдасқан шаруашылықтарда сүт өндіру көлемі бойынша республикада бірінші орында. Облыстағы тауарлы-сүт фермаларын салудың өңірлік моделі бүгінде бүкіл Қазақстанға таралуда. Қазір автоматтандыру және жасанды интеллект элементтерін енгізу арқылы ірі мал шаруашылығы кешендері мен мегафермалар құру, терең өңдеуді дамыту және асыл тұқымды мал базасын жаңарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Алғаш рет Австралиядан асыл тұқымды мал жеткізу жолға қойылды. Цифрлық шешімдер де белсенді енгізілуде. Бүгінде облыстағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының 87%-ы цифрлық технологияларды қолданады. Цифрландыру және ауылдық аумақты дамыту бағытындағы «Ақселеу» ЖШС-нің тәжірибесін Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында атап өтті. Салтанатты іс-шара барысында облыс әкімі сала өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, адал еңбегі, кәсібилігі мен өз ісіне деген жауапкершілігі үшін алғысын білдірді. Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібінің бірқатар қызметкері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, сондай-ақ Құрмет грамоталарымен марапатталды. Өңір басшысы ауыл еңбеккерлеріне, қайта өңдеу саласының мамандары мен ардагерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, мол өнім және Солтүстік Қазақстан облысы мен еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріне толағай табыс тіледі.
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 31 |
| 4 h | 90 |
| 8 h | 110 |
- After 1 hour31
- After 6 hours110
- Total to date110
‼️ Аким области поручил усилить меры пожарной безопасности в отопительный сезон С наступлением холодов возрастает нагрузка на отопительные системы, а вместе с ней и риск возникновения пожаров. С начала нынешнего отопительного сезона в области зарегистрировано 28 пожаров, один человек получил травмы. На заседании акимата области рассмотрели вопросы обеспечения пожарной безопасности. Глава региона Гауез Нурмухамбетов поручил усилить профилактическую работу, уделив особое внимание жилому сектору и домам социально уязвимых категорий граждан. В ходе обследования 1 967 домовладений выявлено 2 698 нарушений требований пожарной безопасности. Все выявленные неисправности, связанные с отопительными системами и электропроводкой, необходимо устранить. Если потребуется, жителям должна быть оказана адресная помощь. Отдельно необходимо обеспечить исправность пожарных гидрантов, готовность специализированной техники и своевременный ввод сельских пунктов пожаротушения в рамках программы «Ауыл құтқарушылары». Также аким области поручил усилить работу мобильных групп, активизировать профилактические обходы жилого сектора и провести обследование общежитий, хостелов и объектов с печным отоплением. По каждому направлению определены конкретные задачи и сроки исполнения. Важно не ограничиваться реагированием на уже произошедшие происшествия, а своевременно выявлять и устранять потенциальные угрозы, чтобы не допустить трагедий.
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 36 |
| 4 h | 92 |
| 8 h | 110 |
- After 1 hour36
- After 6 hours110
- Total to date110
‼️ Облыс әкімі жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді тапсырды Күннің суытуына байланысты жылыту жүйелеріне түсетін жүктеме артып, өрт шығу қаупі де күшейеді. Биылғы жылыту маусымы басталғалы облыста 28 өрт оқиғасы тіркеліп, бір адам жарақат алды. Облыс әкімдігінің отырысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, тұрғын үй секторына, әсіресе әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлеріне ерекше назар аударуды тапсырды. Тексеру барысында 1 967 тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының 2 698 бұзушылығы анықталған. Жылыту жүйелері мен электр сымдарына қатысты барлық кемшіліктерді жою қажет. Қажет болған жағдайда тұрғындарға атаулы көмек көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар өрт гидранттарының жарамдылығын, арнайы техниканың әзірлігін қамтамасыз ету және «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ауылдық өрт сөндіру пункттерін уақтылы іске қосу міндеті қойылды. Облыс әкімі мобильді топтардың жұмысын күшейтуді, тұрғын үй секторында профилактикалық аралау жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ жатақханаларға, хостелдерге және пешпен жылытылатын нысандарға тексеру жүргізуді тапсырды. Әр бағыт бойынша нақты міндеттер мен оларды орындау мерзімдері белгіленді. Басты мақсат – төтенше жағдайлардың алдын алып, ықтимал қауіптерді дер кезінде анықтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 37 |
| 4 h | 83 |
| 8 h | 96 |
- After 1 hour37
- After 6 hours96
- Total to date96
Views growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 4 h | 88 |
| 8 h | 108 |
- After 6 hours108
- Total to date108
Views growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 4 h | 78 |
| 8 h | 99 |
- After 6 hours99
- Total to date99
Views growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 4 h | 76 |
| 8 h | 93 |
- After 6 hours93
- Total to date93
⚡️ От цифровых классов до умных ферм: в СКО расширяют применение искусственного интеллекта Под председательством акима Северо-Казахстанской области Гауеза Нурмухамбетова состоялось заседание акимата. В центре внимания — развитие цифровизации и обеспечение пожарной безопасности в отопительный сезон. Оба направления рассматриваются в рамках исполнения поручений Главы государства. Как подчеркнул глава региона, ключевая задача цифровой трансформации — не просто внедрение современных технологий, а их практическое применение для улучшения качества жизни населения Сегодня доступ к интернету имеют 548 из 590 сельских населённых пунктов области. Для дальнейшего развития инфраструктуры до конца года планируется построить 1 255 километров волоконно-оптических линий связи, в 2027 году — ещё 1 889 километров. Цифровые решения активно внедряются в социальной сфере. Все школы региона используют образовательные платформы, более 13 тысяч педагогов прошли обучение работе с искусственным интеллектом. В следующем году 46 школ подключат к Национальной образовательной ИИ-платформе. В здравоохранении развиваются телемедицина и технологии искусственного интеллекта. В частности, благодаря новым решениям время анализа ЭКГ сократилось с трёх минут до 30 секунд. Существенные изменения происходят и в аграрном секторе. Цифровые технологии уже используют 87% сельхозпредприятий области. Показательный пример — хозяйство «Ақселеу», где современные решения позволяют эффективнее использовать сельскохозяйственную технику, снижать расход топлива и сокращать трудозатраты. Этот опыт получил положительную оценку Главы государства. Отдельное направление — развитие региональной IT-экосистемы. В рамках проекта Digital Aimaq в сельской местности работают 16 креативных IT-центров. До конца года планируется запустить ещё 4 таких центра. В Петропавловске открыт офис искусственного интеллекта нового формата, а в районах имени Габита Мусрепова и Тимирязевском появились первые в области цифровые музеи. Всего в рамках проекта проведено около 500 мероприятий, участниками которых стали более 7 тысяч человек. Параллельно расширяются возможности цифрового взаимодействия с населением. В регионе работают портал «SQO qyzmet», система мониторинга коммунальных сетей «Scada» и служба 109. Планируется распространить работу последней на районы области, чтобы жители могли оперативнее сообщать о проблемах и получать обратную связь. По итогам заседания аким области поручил актуализировать Стратегию цифрового развития на 2026–2030 годы, усилить внедрение искусственного интеллекта, роботизации и автоматизации на предприятиях, а также обеспечить своевременную реализацию проекта «Доступный интернет». Кроме того, районным акиматам и профильным управлениям предстоит разработать планы по приведению цифровых проектов в соответствие с требованиями «Smart City» и «Smart Region». Главная задача — сделать цифровые технологии не просто частью повседневной работы учреждений и предприятий, а эффективным инструментом повышения качества жизни населения.
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 4 h | 77 |
| 8 h | 94 |
- After 6 hours94
- Total to date94
⚡️ Цифрлық сыныптардан бастап ақылды фермаларға дейін: СҚО-да жасанды интеллектіні қолдану аясы кеңейіп келеді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Күн тәртібінде цифрландыруды дамыту және жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Екі бағыт та Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда. Өңір басшысы атап өткендей, цифрлық трансформацияның басты мақсаты — заманауи технологияларды енгізумен ғана шектелмей, оларды халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағыттау. Бүгінде облыстағы 590 ауылдық елді мекеннің 548-і интернетке қосылған. Инфрақұрылымды одан әрі дамыту мақсатында жыл соңына дейін 1 255 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жоспарлануда. Ал 2027 жылы тағы 1 889 шақырым желі салу көзделген. Цифрлық шешімдер әлеуметтік салада да белсенді енгізілуде. Өңірдегі барлық мектеп білім беру платформаларын пайдаланады, 13 мыңнан астам педагог жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеуге оқытылған. Келесі жылы 46 мектеп Ұлттық білім беру AI-платформасына қосылады. Денсаулық сақтау саласында телемедицина мен жасанды интеллект технологиялары дамып келеді. Атап айтқанда, жаңа шешімдердің арқасында ЭКГ талдау уақыты үш минуттан 30 секундқа дейін қысқарды. Аграрлық секторда да елеулі өзгерістер бар. Бүгінде облыстағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының 87%-ы цифрлық технологияларды қолданады. Соның бір мысалы — «Ақселеу» шаруашылығы. Мұнда заманауи шешімдер ауыл шаруашылығы техникасын тиімді пайдалануға, жанармай шығыны мен еңбек шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибеге Мемлекет басшысы оң бағасын берген болатын. Өңірлік IT-экожүйені дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Digital Aimaq жобасы аясында ауылдарда 16 орталық ашылды. Петропавл қаласында жаңа форматтағы жасанды интеллект кеңсесі ашылды. Сонымен қатар Ғабит Мүсірепов және Тимирязев аудандарында облыстағы алғашқы цифрлық музейлер іске қосылды. Жоба аясында бүгінге дейін 7 мыңнан астам адамды қамтыған 500-ге жуық іс-шара өткізілді. Жыл соңына дейін тағы төрт IT-орталық ашу жоспарланып отыр. Тұрғындармен цифрлық өзара байланысты кеңейту жұмыстары да жалғасуда. Өңірде «SQO qyzmet» порталы, коммуналдық желілерді бақылауға арналған «Scada» жүйесі және 109 қызметі жұмыс істейді. Алдағы уақытта 109 қызметінің жұмысын аудан орталықтарына дейін кеңейту жоспарлануда. Бұл тұрғындардың өтініштерін жедел қабылдап, мәселелер бойынша кері байланысты жақсартуға мүмкіндік береді. Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі 2026–2030 жылдарға арналған Цифрлық даму стратегиясын өзектендіруді, кәсіпорындарда жасанды интеллектіні, роботтандыру мен автоматтандыруды енгізу жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ «Қолжетімді интернет» жобасының уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан бөлек, аудан әкімдіктері мен бейінді басқармаларға цифрлық жобаларды «Smart City» және «Smart Region» талаптарына сәйкестендіру бойынша жоспарлар әзірлеу міндеттелді. Басты мақсат — цифрлық технологияларды мекемелер мен кәсіпорындардың күнделікті жұмысының бір бөлігіне ғана айналдырмай, халықтың өмір сүру сапасын арттыратын тиімді құрал ретінде пайдалану.
Open in TelegramViews growthHide views growth
Views growth
Hours after publication
Show as table
| Hours after publication | Views |
|---|---|
| 0 h | 0 |
| 4 h | 82 |
| 8 h | 105 |
- After 6 hours105
- Total to date105
🚆 Порядка 3,5 тысяч жителей трудоустроены в одном из крупнейших предприятий СКО Аким Северо-Казахстанской области Гауез Нурмухамбетов посетил Петропавловское отделение Южно-Уральской железной дороги и ознакомился с работой одного из крупнейших промышленных предприятий региона. Железнодорожная отрасль играет важную роль в экономике области, обеспечивая грузовые и пассажирские перевозки, а также транспортную связь с другими регионами Казахстана и Россией. На протяжении многих лет Петропавловское отделение ЮУЖД остаётся важным партнёром региона. Предприятие участвует в реализации совместных инициатив и вносит вклад в социально-экономическое развитие области. Здесь создано порядка 3,5 тысячи постоянных рабочих мест для жителей региона. Отдельно была отмечена высокая результативность работы коллектива: по итогам третьего квартала текущего года Южно-Уральская железная дорога заняла первое место в отраслевом соревновании среди коллективов железных дорог. В ходе посещения была подчеркнута значимость дальнейшего укрепления партнёрских отношений и реализации совместных проектов, направленных на развитие транспортной инфраструктуры и экономики Северо-Казахстанской области. Глава региона поблагодарил руководство и коллектив предприятия за профессионализм, добросовестный труд и конструктивное взаимодействие.
Open in Telegram🚆 СҚО-дағы ірі кәсіпорындардың бірінде 3,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласындағы Оңтүстік Орал темір жолының бөлімшесіне барып, өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінің жұмысымен танысты. Теміржол саласы облыс экономикасында маңызды рөл атқарады. Ол жүк және жолаушылар тасымалын қамтамасыз етіп, Қазақстанның өзге өңірлерімен және Ресеймен көлік қатынасын жүзеге асырады. Көп жылдан бері Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесі өңірдің маңызды серіктестерінің бірі болып келеді. Кәсіпорын бірлескен бастамаларды іске асыруға қатысып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келеді. Мұнда өңір тұрғындары үшін 3,5 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар ұжым жұмысының жоғары нәтижелерін атап өткен жөн. Биылғы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша Оңтүстік Орал темір жолы теміржол ұжымдары арасындағы салалық жарыста бірінші орынға ие болды. Сапар барысында әріптестік байланысты одан әрі нығайту және Солтүстік Қазақстан облысының көлік инфрақұрылымы мен экономикасын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді. Өңір басшысы кәсіпорын басшылығы мен ұжымына кәсібилігі, адал еңбегі және сындарлы ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді.
Open in Telegram⚜️ Президент солтүстікқазақстандық аграршылардың еңбегін атап өтті Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумы өтті. Форумда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың келешегі, соның ішінде ауыл шаруашылығы өндірісіне цифрлық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысының Жарлығымен жерлесіміз, Тайынша ауданындағы «Астык-STEM» ЖШС-нің басшысы Сергей Адамович Звольскийге «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Ол 40 жылдан астам уақытын ауыл шаруашылығына арнады. Бұл жоғары марапат – оның көп жылғы адал еңбегі мен аграрлық саланы дамытуға қосқан үлесіне берілген лайықты баға. Президент солтүстікқазақстандық аграршылардың ауыл шаруашылығы өндірісін цифрландыру тәжірибесін жоғары бағалап, Ғ. Мүсірепов атындағы аудандағы «Ақселеу» шаруашылығын мысалға келтірді. Кәсіпорында өндірістік үдерістер цифрлық платформалар арқылы басқарылады, спутниктік мониторинг жүргізіліп, бухгалтерлік есеп автоматтандырылған. Мемлекет басшысы шаруашылықтың ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесіне де атап өтті. ⚜️ Президент отметил труд североказахстанских аграриев В Астане с участием Главы государства Касым-Жомарта Токаева прошел третий форум работников сельского хозяйства. На форуме обсудили перспективы развития агропромышленного комплекса, в том числе внедрение цифровых технологий в сельхозпроизводство. Указом Главы государства почетного звания «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» удостоен наш земляк Сергей Адамович Звольский, руководитель ТОО «Астык-STEM» Тайыншинского района. Более 40 лет он посвятил сельскому хозяйству. Эта высокая награда - признание его многолетнего добросовестного труда и вклада в развитие аграрной отрасли. Президент также высоко оценил опыт североказахстанских аграриев в цифровизации сельхозпроизводства. В качестве примера Глава государства привел хозяйство «Ақселеу» района имени Г. Мусрепова, где цифровые платформы помогают управлять производственными процессами, применяется спутниковый мониторинг и автоматизирован бухгалтерский учет. Отдельно Президент отметил вклад предприятия в развитие села.
Open in Telegram