Account

Posts of Orientalist's Notes

newest first

#3030Text
Views845−55%vs avg
Forwards—
Reactions65
Comments—
#3029Text

Ыстанбұл. Кеше демалыс болып, Фатих ауданына бардық. Өте ерекше сезімдерді бастан кештім... Шығыстанушы болғалы махаббатым алабөтен, бірнеше өркениет тарихын өзіне сыйдырған қалалар тізімі бар. Құдайым ғұмыр берсе барып, көзіммен көріп, көргенімді ойға түйіп, түйгенімді ақ парақтың бетіне үйіп жазатындай. Ыстанбұл — солардың бірі еді бағзыдан. Ал енді сол Ыстанбұлдың Фатихі бар ғой, міне, нағыз Ыстанбұл сол. Ыстанбұлға барып, алайда Фатихті көрмеген адамды мойындамаймын (😂). Қазір мынандай хобби таптым өзіме: ақыры Ыстанбұлдамыз, осындағы мешіттерде, тау-тасында жазылған көне жазулары бар, араб қәрпімен, османлы түрікшесінде, одан бөлек араб және парсы тілдерінде. Соларды оқып (шама шарқымыз жеткенше), мағынасын шығарып, инстаграм парақшаға контент жасау. Әлі бастамадым, алда шығып жатса "ее, осы екен ау" дей салыңыз. #ШығыстанушыныңЖазбалары #запискиВостоковеда

Open in Telegram
Views901−52%vs avg
Forwards—
Reactions75
Comments—
#3027Text
Views1,290−31%vs avg
Forwards—
Reactions73
Comments—
#3023Text

GTA VI. Жалпы франшизаны өте жақсы көреміз. Себебі балалық шағымызбен байланысты. Мен Vice City дүркіреген заманда кішірек болдым, тек туыстардың үйіне барғанда ойнап көретінмін, онда да көлік айдаған қызық еді тек. 😁 Ал San Andreas-ты тауысып, қайта өтіп, қайта тауысып, сюжетін жаттап, Райдер мен Биг Смоуктың сатқындығына жүрек ауырып, Гроув Стрит үшін Балластарды айырып, таңды таңға соқтық талай... Ертесіне мектепке барып сыныптастарыңмен талқылауды айтшы... 😮‍💨 Лос-Сантос, Сан-Фиерро, Лас-Вентурас деген шын үш қаланың прототипін қайта-қайта аралап, әлем кезуге деген махаббатты да ашқан. Либерти Ситиді де (Нью-Йорк прототипі) біраз шарладық Нико Белликпен. Физикасы, қозғалысы ең жақсы болған серия, алайда жарығы өте нашар еді. GTA Kazakhstan, GTA Shymkent сериялары бар дегенге сеніп, сол бойы көрмей кеттік оларды. Ашық әлемді экшн ойындардың атасы GTA болғандықтан, кейінгі ойындардың бәрін "GTA сияқты ше" деп атап кеттік. 😂 Шыны керек, ол кездегі технологиялық мүмкіндіктердің аздығы — бізді көп пәлекеттен сақтап қалды. Әйтпесе Томми Версетти де, Сиджей де аяулы емес. Жақында шыққан GTA VI ойынымен танысып шықтым. Адамның дүниесіне де, ақыретіне де пайдалы нәрсе жоқ. Біз кезінде Гроув Стрит көшелерінде жүріп, қызға сигнал басып, максимум машинаға отырғызып алсақ, қазір сорақы нәрселердің көкесі болайын деп тұр. Ішіндегі түрлі масондық белгілер, адамды құрбандыққа шалу секілді оккульттік рәсімдер, арсыздық пен ластықтың насихаты... Бір қарағанда мен де айта аламын "Ей, қойшы осы, барлық нәрседен астыртын мағына іздей бермей, болмашы ойын ғой жай" деп... Алайда мұсылман ретінде, кемінде бір адамды болсын сақтандыруға үлес қоса алсақ деймін. Қиямет алдында Дәжжалдың шығатынын біле тұрып, бұндай нәрселерге бей-жай қарай алмайсың. Әркім өз дайындығын жасайды. #ой_түймекке

Open in Telegram
Views1,800−4%vs avg
Forwards—
Reactions160
Comments—
#3021Text
Views1,540−18%vs avg
Forwards—
Reactions68
Comments—
#3020Link preview
Views2,130+13%vs avg
Forwards—
Reactions70
Comments—
#3019Text
Views2,100+12%vs avg
Forwards—
Reactions71
Comments—
#3017Photo

Forwarded from Bolashaq баспа үйі

No text

Open in Telegram
Views2,600+38%vs avg
Forwards—
Reactions50
Comments—
#3016Text
Views2,520+34%vs avg
Forwards—
Reactions69
Comments—
#3015Text
Views1,980+5%vs avg
Forwards—
Reactions85
Comments—
#3013Text
Views1,700−9%vs avg
Forwards—
Reactions96
Comments—
#3012Text

Астанада 7 ай жүзуге қатысты. Qazswimacademy-де, Дәулет Қыдырәлі деген алғашқы ұстазы, жаттықтырушысы болды. Егер де балаңызды осы кісіге апарып жатсаңыз, менен сәлем айтарсыз. Ұлға ер жаттықтырушы деген қағида болды менде. Ол негізі өте маңызды. Сонда бақылай жүре ұлымның өз ағайын құрметтеп тұратынын, айтқанын тыңдап авторитет көретінін ұқтым. Киім ауыстыратын бөлмеде ағайы басқа балаға көңіл бөліп қалса, біздікі аздап қызғанып қалатын. Баланы жүзуге баулуды ерте не кеш бастамадық, Алланың қалауымен, тап шағында бердік. Қаңтарда үшке толды, Астанада күн жылып бастаған кезде жүзуді бастады. Оған дейін хауызға түсуден, теңізге жүзуден тартынатын. Тек аяғын суға малып, шалпылдатып ойнағаны болмаса, көтеріп суға кіргізсем жылайтын. Яғни, бергім келетін түйін ой не? Жылағанына көніп, ығына жеңіле берсең, өмірге бейімдей алмайсың. Сындырып та алмау маңызды. Міне, осы кезде басында жазған қызықтыру деген нәрсе көмекке келеді екен. Жүзуге барған алғашқы күні де жылап қалған. Алайда кейін өзі жаттығу сұрайтын болды. Бүгін де 10 рет бассейнге барайықшы деді. Мен көбірек "кнут и пряник" деген тәсілді қолдайтындардың санатынанмын. Балаға шаң жуытпай үфілеп-сүфілей бергеннен мықты тұлға шықпайды. Қазір өз таңдауы дейтін жаста емес. Керісінше, ертең өз таңдауын жасайтын жасқа жеткенде қателікке ұрынбайтындай база беруге мүдделіміз. #ой_түймекке

Open in Telegram
Views1,520−19%vs avg
Forwards—
Reactions98
Comments—
#3011Text

Елде жүргенде ұлыма мектеп іздеп бастағам. Содан, Профессор Абдулкарим Баккардың Ihsan деген мектебін таңдадым. Ағылшын, араб, түрік тілдерінде білім береді. Түркия мектеп білім жүйесі 4+4+4 деп аталады. Сонда жалпы 12 жыл міндетті білім алу бағдарламасы қарастырылған. İlkokul: бастауыш (1, 2, 3, 4 сыныптар) Ortaokul: 5-8 сыныптар Lise: 9-12 сыныптар Осылардың алдында Anaokul дегені бар, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке даярлау. Бұл балабақша емес. Бақшаны Kreş деп атайды. Біздің баланың жасы осындағы Anaokul-ға сай келіп тұр. Ihsan мектебі ауданымызға алыс болды, сонымен деңгейлес, алайда араб тілінсіз, ағылшын тіліне басымдықпен бір мектеп таптық. Ертең бірінші күні, Алла сәтін салса. Елде бақшаға барып үйреніп қалған бала, бұл жақта да орта іздеп қалды. Ауладағы шетелдік балалармен керемет ойнап жүр. Көршілердің біразынан мектеп туралы пікір сұрадық, мақтап жатыр. Тұрғын үй кешенімізде Оңтүстік Кореядан, Қытайдан, БАӘ-ден, Катардан келген адамдар көп. Барлығының дерлік бала-шағасы біз таңдап отырған мектепке барады. Жалпы ара-сыра осылай жазып отырамын уақыт кеңдігі болғанына қарай. Қызық болса бақылай жүрерсіздер. Шыны керек, өзім де heyecanla күтемін. Себебі перзенттің жетістігін көру — өз нәтижелеріңнен де қымбат сезім береді екен. #ой_түймекке

Open in Telegram
Views1,500−20%vs avg
Forwards—
Reactions131
Comments—
#3010Text
Views1,850−1%vs avg
Forwards—
Reactions90
Comments—
#3009Text
Views2,380+27%vs avg
Forwards—
Reactions148
Comments—
#3008Text

Бір пост оқып едім жақында: "Инстаграмдағы өтірік полиглоттардан шаршадым" деген. Расында солай-ақ көріне бастады маған да. Камераға бірнеше тілде сөйлеген видео жасап, сол арқылы өзін полиглот ретінде көрсету, таныстыру — кең тарады. Бізді де ел полиглот деп таниды, сол тақырыпта тіпті кітап жазып тастаппыз. Бірақ жас өскен сайын ол нәрсенің business болғанын түсінудемін. Шынында, мен өзімдегі 4 тілді жоғары бағалаймын: ағылшын, араб, түрік, парсы. Қазақ тілі мен орысшаны қоспаймын, себебі бірі — ана тіліміз, екіншісі де белгілі. Жалпы қазақ жастарының білімді болғаны құба-құп. Бірнеше тіл үйреніп, талаптанып жатса қолдауымыз қажет. Сонымен қоса тек уақытша өтімділік үшін ғана ол нәрсемен айналыспауды ұсынар едім, өйткені өзім де сол жолды кештім. Шындап сөйлесуге не деңгей тексеруге келгенде көпшілік "полиглоттың" желі шығып қалатыны жасырын емес. Сондықтан тек көріну үшін емес, расымен болу үшін еңбек етпек керек. #ой_түймекке #TilBil_Polyglot

Open in Telegram
Views2,110+12%vs avg
Forwards—
Reactions125
Comments—