Account

Posts of письмо незнакомке

newest first

#2004Text
Views1,5200%vs avg
Forwards—
Reactions75
Comments—
#2003Text

«Nassini El Donia» — қазақша аудармасы Маған дүниені ұмыттыр, Маған бұл әлемді ұмыттыр. Мені еріт, сүйіктім, Қасыңда отырып, саған ең әдемі сөздерді айтайын. Дүниені кезіп шықсам да, Сенің махаббатыңдай махаббатты Еш жерден таба алмаймын. Егер саған «сені сүйемін» десем, “Сүйемін” дегенім тым аздық етеді. Сенен бір сәтке алыстасам, Көздеріңді көруге қайта асығамын. Мені құшағыңа ал, Жаныңда мені қалдыр. Мені еріт, Махаббатыма өзің де ері. Кел, екеуміз Өміріміздің ең әдемі күндерін бірге өткізелік. ⸻ Егер саған «сені сүйемін» десем, “Сүйемін” дегенім тым аздық етеді Сенен бір сәтке алыстасам, Көздеріңді көруге қайта асығамын. Мені құшағыңа ал, Жаныңда мені қалдыр. Мені еріт, Махаббатыма өзің де ері. Кел, екеуміз Өміріміздің ең әдемі күндерін бірге өткізелік. ⸻ Өмірімдегі ең әдемі күн — Сені кездестірген күнім, жаным. Сені кездестіргеннен кейін Бір сәт те сені ойламай тұра алмадым. Өзімді сенің махаббатыңда Еріп кеткендей сезіндім. Сен мені барша адамдардан алыстатып, Өмірімдегі ең әдемі сезімдерді сыйладың. Сенімен бірге, сүйіктім, Бүкіл дүниені ұмытып кеттім. Ааааааа… ⸻ Егер саған «сені сүйемін» десем, “Сүйемін” дегенім тым аздық етеді. Сенен бір сәтке алыстасам, Көздеріңді көруге қайта асығамын. Мені құшағыңа ал, Жаныңда мені қалдыр. Мені еріт, Махаббатыма өзің де ері. Кел, екеуміз Өміріміздің ең әдемі күндерін бірге өткізелік. ⸻ Сені жанарымның төрінде аялап жүремін, Ал бұл дүние соған куә. Мен сенің жаныңдамын, Мен сені сүйемін. Жаным, мен сені Ешқашан ұмыта алмаймын. Ғұмырым ұзақ болып, Сені өмір бойы сүйіп өтсем екен. Мен сенімен бірге болуды Қаншама рет армандадым… Ааааааа… ⸻ Егер саған «сені сүйемін» десем, “Сүйемін” дегенім тым аздық етеді. Сенен бір сәтке алыстасам, Көздеріңді көруге қайта асығамын. Мені құшағыңа ал, Жаныңда мені қалдыр. Мені еріт, Махаббатыма өзің де ері.

Open in Telegram
Views4,380+188%vs avg
Forwards—
Reactions40
Comments—
#2001Text

Намазымды сезінбеймін, робот сияқты оқимын деген ойда болсаңыз, оқыңыз: Бір періште 3000 жыл бойы қозғалмастан сәждеде болыпты. Содан періште Алладан: Саған 3000 жыл сәжде еттім, маған разысың ба Раббым? деп сұрайды. Сонда Алла періштеге намаз оқып жатқан адамды көрсетеді. Бірақ біресе дүниені ойлап, біресе ләззат сезінбей, шаршап оқиды екен. Сонда Алла періштеге: “Мен адамды нәпсімен жараттым. Нәпсі ең қу, азғырушы жаратылыс. Оның сол нәпсісімен күресіп, қиналса да оқып жүрген намазы Мен үшін сенің 3000 жылдық сәждеңнен артық. Себебі сен тек рухтансың, ал ол нәпсісін таңдай ала тұра күнде 5 уақыт мені таңдайды” дейді Періште жылады. Осы оқиғаны естігенде Алланың алдында қаншалықты сүйікті екенімді, оның бізге деген махаббатын көрдім. Мен де оған қарай қадам жасап, намазымды сезініп оқуға әрекет етем деп бел будым. Осы қадамға сіздерді де шақырамын қыздар. Телеграм каналда сіздерге “намазды сезініп оқу” атты 2 апталық білім жинағын жасадым. Менің еңбегімнің ақысы желінбесін, қатысуды бар жоғы 1250 тг ғана етіп қоямын. Тек Аллаһ разылығы үшін. Қосылғыңыз келсе осы 87773600743 каспи номер, осы нөмер вацапқа чек жіберіңіз👌🏻

Open in Telegram
Views3,860+154%vs avg
Forwards—
Reactions50
Comments—
#2000Text
Views3,150+107%vs avg
Forwards—
Reactions7
Comments—
#1999Text
Views3,270+115%vs avg
Forwards—
Reactions82
Comments—
#1998Text
Views3,820+151%vs avg
Forwards—
Reactions102
Comments—
#1997Text

Бисмиллях🤍 Қазір барлық адамдар блог жүргізеді, курс сатады, бизнес жасайды. Барлығымыз адамдардың назарын қаратумен әлекпіз, себебі сол бізге танымалдылық, ақша, мүмкіндіктер әкеледі. Хадисте дүние мен ақыретті теңдей ұстаңдар делінген. Біз қазір ақша, саяхат, дүниені күшті өрбітіп жатырмыз. Бірақ екінші жағынан рухымыз, иманымыз құлдырап барады. Шайтан айтады: неғыласың, хиджабсыз сұлурақсың, өзіңді тап, шеш, өміріңді толықтай сезініп сүрсеңші дейді. Намаз сенің уақытыңды алып, тұтқын етіп ұстап жатқандай сипаттайды. Аллаға емес, өзіңе, дүниеңе сенуге шақырады. Сені бағаламайтын еркек саған неге керек деп қанша отбасыны ажырастырды. Сен өзің ақ күн көре аласың, еркін боласың, орамалсыз сұлулығыңмен мүлде көп ақша табасың деді. Мұсылман бауырларым, жақсы, көп дүниеңіз бар делік, бірақ барлығы дүниеге келіп тірелмейді ғой. Онымен іс бітпейді ғой. 80 жасқа дейін шалқып өмір сүрдіңіз мейлі, ары қарай ше? Қабірде бір алтын жарық бере алмайды, бір Құран аяты нұр болады ғой. Бір намаз құтқарады, ысыраптарыңыз одан сайын тозаққа батырады ғой. Жәннәтқа дайындалсақ минуста қалмаймыз. Жәннәт мәңгілік. Тозақ та мәңгілік. Махаббат, бала, дүние бәрі сіз қабірге жатқанда осы дүниеде қалады. Тек қана Алламен қарым-қатынасыңыз сізді қабірде, ақыретте құтқарады. Сауаптарыңыз бен жақсы амалдарыңыз ғана сізді алып шығады. Ал осы дүниеде жүріп тұрған, барған, көрген, жерлеріміз, тамағымыз, шығыстарымыз үшін біз сұраламыз. Жұмсаған әрбір дүние үшін сұраламыз. Неге, қайда, қалай жұмсадың? Өтірік мақсаттардан арылыңыз. Өмірдің өзі иллюзия. Үлкен өтірікте өмір сүріп жатырмыз. Нағыз өмір өлімнен кейін басталады. Ал қазір сізде оған дайындалатын мүмкіндік бар. Ойланыңыз..

Open in Telegram
Views3,030+99%vs avg
Forwards—
Reactions65
Comments—
#1996Text
Views2,570+69%vs avg
Forwards—
Reactions16
Comments—
#1995Text
Views3,760+147%vs avg
Forwards—
Reactions82
Comments—
#1994Text
Views2,640+74%vs avg
Forwards—
Reactions56
Comments—
#1988Text

Токсик, іші толған негатив адамдар саған позитив, дамушы, үнемі жарыққа жүруші орта керектігін жеткізеді. 💡 Сенің қабілетіңді құнсыздандырып, еңбегіңді бағаламайтын, тек минусыңды теретін жерде жүріп сен өзіңе риясыз сені қолдайтын, бойыңдағы жақсылықты көре алатын, айта алатын, ішіндегі шырағымен бөлісуге қабілетті адамдар керектігін түсінесің. 🕯️💕 Сенің, өзінің уақытыңа немқұрайлы қарайтын, миыңды керексіз ақпаратпен ағызып, бітпес жалобаларымен шаршататын, сені өзінің жеке “тыңдаушысы” етіп алып, әйтеуір энергияңды сорын алғысы келіп тұратын адамдардың қасында сен өзіңе - жауапты, өзін де өзгені де құрметтейтін, өзгенің рухын ластаудан аулақ, ! ересек ! , өз мақсаты, өз жолы және сау ұстанымдары бар адам керектігін ұғасың. ⏳❤️ Біреудің сені орынсыз басқаруынан тұншыққанда саған өзін-өзі басқару, еркіндік және гибкий график керектігін ұғынасың. Жасап жүрген ісіңнен құсқың келсе, тұрған орның ұнамаса ол саған сенің жолың, миссияң, сен үшін жаралған іс басқа екенін айқайлап айтып жатыр деген сөз. Саған өміріңде ұнамайтын нәрселер - сенің компасың. Кейде әрекет жетпейді, ал кейде шүкіршілік. Осы екеуді ажырата білу керек❤️

Open in Telegram
Views3,790+149%vs avg
Forwards—
Reactions43
Comments—