Forwarded from Nurbol Rakhmatilla
Басыма қиындық түсіп, қиналып жүрген кезімде Құранды толық жаттадым. Қазір, Аллаға шүкір, қиындықтар кетті, ал Құран менімен қалды. ©️Қари Мухаммад
Open in TelegramForwarded from Nurbol Rakhmatilla
Басыма қиындық түсіп, қиналып жүрген кезімде Құранды толық жаттадым. Қазір, Аллаға шүкір, қиындықтар кетті, ал Құран менімен қалды. ©️Қари Мухаммад
Open in Telegramhttps://youtu.be/BbbEqZVjCZs?si=rXK7Ao5n76nKn2rO Шейх Ахмад Иса Маьсарауи - әсерлі құран✨
Open in TelegramForwarded from Ахмедов Ербол
Құранды жиі оқу – күнәға деген ықыласыңды әлсіретеді. Мұны Құранмен етене болған адамдар жақсы сезінеді. Құранды көбірек оқыған сайын, күнәға деген құмарлығың азая береді. Тіпті кейде күнәні мүлде қаламайтын дәрежеге жетесің. Міне, бұл – Құранның берекесінің бірі. Егер қандай да бір күнәмен күресіп жүріп, одан бірден арыла алмай жатсаң, саған ең пайдалы емнің бірі – Құранды көбірек оқу. Құран адамның жүрегін нұрландырып, иманын күшейткен сайын, күнәның тартымдылығы да біртіндеп әлсірей береді.
Open in Telegramقال ابن الجوزي رحمه الله: "ينبغي لمن كان عنده مصحف أن يقرأ فيه كل يوم آيات يسيرة لئلا يكون مهجورا". 📚[الآداب الشرعية] Ибн Жәузи (Алла рахым етсін) айтты: “Кімде Құран кітап болса, ол оны тәрк еткендерден болмас үшін күнде ең болмағанда азғантай аяттарды оқуы керек”
Open in TelegramForwarded from Olzhas Hanafin
Құран Кәрімді түнде оқудың әсері, күндізгі оқудан күштірек. Алла Тағала айтады: إِنَّ نَاشِئَةَ ٱلَّيْلِ هِىَ أَشَدُّ وَطْـًٔا وَأَقْوَمُ قِيلًا Шүбәсіз, түнгі құлшылықтың (адамның зейініне, жүрегі мен рухына) әсері әлдеқайда күшті, сондай-ақ (түн) оқу, оқылғанды тыңдау һәм түйсініп, көңілге тоқу тұрғысынан өте берекелі (өте тиімді). «Муззәммил» сүресі, 6 аят.
Open in TelegramForwarded from Olzhas Hanafin
Әлемнің барлық кітабын оқи тұра, бірақ Құран оқымасақ, ертең Аллаға қандай сылтау айтамыз? Алланың сөзінен артық Аллаға ешнәрсемен жақындай алмаймыз. ✍🏻Олжас Ханафин р.һ
Open in TelegramForwarded from Molda
https://youtu.be/tjlPX1-WjdE?si=tHSQqG_gHVMjsc0J Арман Ұстазбен түсірген подкаст
Open in TelegramForwarded from Авторский Клуб «UMM JUBEIR»
❤️Почему те, кто читает Коран качаются вперед и назад? Шайх Яхья аль-Г1овсани в своей книге «Как ты выучишь Коран?» говорит; ❤️ Что качание во время чтения Корана делает тебя активным и избавляет от лени. Если мы сравним двух чтецов: один качается, а другой сидит неподвижно, то качающийся выучит быстрее, чем тот, кто сидит неподвижно. ❤️Мы не говорим что это сунна. Все это видно на опыте, и это не является порицаемым или новшеством, как утверждают некоторые.❤️ UMM JUBEIR
Open in TelegramForwarded from Nurbol Rakhmatilla
Қабірге түскенде бұл дүниеден сенен ең әуелі ажырайтыны — телефоның. Ал алдыңнан алғаш шығатыны — оқыған Құраның.
Open in TelegramForwarded from Абылай Кенжалы
Сахабалардың көзін көрген Ибраһим ән-Нахәи Құран оқып отырғанда, бөлмеге біреу кіре қалса, Құранның бетін дереу матамен жауып қоятын. (Мәжмуғ әр-расаил📚) Рамазанда жасалған әрбір құлшылықты, оқылған хатым құранды, айтылған зікір-пікірді шама келгенше жасыруға тырысайық. Бір айлық еңбек бір риямен зая кетіп қалмасын🤲🏻
Open in TelegramForwarded from Ахмедов Ербол
Рамазанда Құранды толық оқып бітірмеген адамға: Ибн әл-Жәузи (Алла оны рақымына бөлесін) айтты: «Егер мұсылман Рамазан айында Құранды толық оқып бітірмесе, оны жылдың қалған уақытында да бітіруі екі талай. Ал Құранды толық бітіре алмау — бір олқылықтың белгісі. Сондықтан бұл жағдай көп дұға жасауды талап етеді, сондай-ақ жүректегі ғапылдықты кетіруді қажет етеді». Егер Рамазанда Құранды бітірмесең, онда қашан бітіресің?!
Open in TelegramForwarded from Ахмедов Ербол
Қасиетті Құран кітабымен қарым-қатынастың әдептері: – Оның үстіне кітап немесе қағаз қойма. – Оған сүйенбе. – Құранға қарай аяғыңды созба. – Оның ішіне қағаздар немесе ақша салып қойма. – Біреуге бергенде құрметпен бер, лақтырма және итерме. – Оны жерге қойма (тіпті жерге кілем төселген болса да). – Оның бүлінуіне себеп болма. Мысалы: оны күн түсетін жерде ұзақ уақыт бойы қалдырма. – Оны жастығыңның астына қойма. – Онымен басқа кітап сияқты немқұрайды қарама. Керісінше, оны ұстағанда әлемдердің Раббысының сөзі екенін еске алып, құрметпен қара.
Open in Telegram