Account
QORJIN

QORJIN

QORJIN - қаржылық сауат арнасы: ✅️ Отбасылық бюджет. ✅️ Ақшаны дұрыс басқару. ✅️ Жинақ және инвестиция негіздері. Қарапайым тілмен қаржы туралы ✋️.

Username
@qorjin
Category
Economics
Country
KazakhstanKazakhstan
Subscribers2,042
Avg views per post, 7d1,215last 7 days
ERR59.49%last 7 days

Average views per post by day

By publication day

Show as table
DateAvg views per post
Nov 24, 20261,209
Nov 25, 20261,239
Nov 26, 20261,191
Nov 27, 20261,220

Most viewed this month

  1. 01

    No text

    Photo
    Views2.56K
    Forwards—
    Reactions4
    Comments—
  2. 02

    No text

    Photo
    Views2.44K
    Forwards—
    Reactions4
    Comments—
  3. 03

    No text

    Photo
    Views2.42K
    Forwards—
    Reactions4
    Comments—
  4. 04

    No text

    Photo
    Views2.41K
    Forwards—
    Reactions3
    Comments—

Latest posts

#500Photo
Views862−29%vs avg
Forwards—
Reactions7
Comments—
Views growthHide views growth

Views growth

Hours after publication

Show as table
Hours after publicationViews
0 h0
15 h844
24 h862
  1. After 24 hours862
  2. Total to date862
#499Text

💰 Зейнетақы жинағыңызды Ұлттық банктен басқа кім басқара алады? Бірінші материалымызда 2027 жылдан бастап зейнетақы жинағына берілетін мемлекеттік кепілдік қалай өзгеретінін айттық. Енді зейнетақы ақшаңызды басқаруды тағы кімге тапсыруға болатынын түсіндірейік. Қазақстанда БЖЗҚ-ның ресми тізімінен жеке компанияны таңдауға болады. Мұндай компаниялар инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) деп аталады. Олар сіздің зейнетақы ақшаңызды, мысалы, акциялар мен облигацияларға салады. Бұл ретте жинағыңыз БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотыңызда есепке алына береді. 💵 Қанша ақша беруге болады? 2026 жылдың 7 қыркүйегінен бастап міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналарынан жиналған ақшаның 100%-ына дейін жеке компанияның басқаруына беруге болады. Қанша ақша беретініңізді өзіңіз шешесіз. Мысалы, зейнетақы шотыңызда 3 млн теңге болса, 1 млн теңгені жеке компанияға беріп, 2 млн теңгені Ұлттық банктің басқаруында қалдыра аласыз. 🔎 Жеке басқарушы компанияларды қайдан табуға болады? БЖЗҚ сайтындағы мына бөлімге кіріңіз: "Қызметтер" → "Сенімгерлік басқаруға аудару" → "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі". Мұнда компаниялардың ресми тізімі жарияланған. Ал БЖЗҚ-ның инвестициялық платформасында Ұлттық банк пен жеке басқарушы компаниялардың әр кезеңдегі табыстылығын салыстыруға, сондай-ақ олардың зейнетақы ақшасын қайда салып жатқанын көруге болады. 📝 Ақшаны жеке компанияның басқаруына қалай беруге болады? ▪️ БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетіңізге кіріп, басқарушы компанияны таңдау қызметін ашыңыз. ▪️ Компанияны таңдап, бергіңіз келетін соманы көрсетіңіз. ▪️ Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз. Өтінішті БЖЗҚ бөлімшесіне барып та беруге болады. 📅 Ақша қашан аударылады? БЖЗҚ өтінішті алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде көрсетілген соманы жеке компанияның басқаруына береді. 🔄 Ойыңыз өзгерсе ше? Ақшаны Ұлттық банктің басқаруына қайтаруға немесе басқа жеке компанияға беруге болады. Бірақ ақша аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өтуі керек. 📊 Зейнетақы ақшасын кім жақсы басқаратынын қалай білуге болады? Компанияны тек соңғы бір жылдағы жоғары табыстылығына қарап таңдамаған жөн. Бірнеше жылдағы нәтижесін, тәуекел деңгейін және комиссияларын да ескеру маңызды. Келесі материалда Ұлттық банк пен жеке басқарушы компанияларды салыстырамыз: кім қанша табыс тапты, қандай тәуекелге барады және зейнетақы ақшасын басқарғаны үшін қанша ақы алады.

Open in Telegram
Views1,050−14%vs avg
Forwards—
Reactions4
Comments—
#498Text

🧮 Брокерлер қазақстандықтардың бағалы қағаздармен жасаған саудасы туралы мәліметті салық органдарына береді 6 желтоқсаннан бастап Қазақстанда жаңа пилоттық жоба іске қосылады. Жоба бағалы қағаздарды сатудан түскен пайдаға салынатын салықты автоматты түрде есептеуге және декларация толтыруды жеңілдетуге мүмкіндік береді. 📊 Салық органдары қандай мәлімет алады? Жобаға қатысатын брокерлер клиенттерінің қандай бағалы қағаздары бар екенін, қандай қағаздарды сатып алғанын және сатқанын хабарлайды. Мемлекеттік кірістер комитеті сұратқан мәліметті брокерлер 30 жұмыс күні ішінде береді. 💻 Бұл қалай жұмыс істейді? Stock market Tax View арнайы бағдарламасы бағалы қағаздарды сатудан түскен пайдаға салынатын жеке табыс салығын (ЖТС) автоматты түрде есептеп, декларацияны алдын ала толтырады. 📝 Инвестор не істеуі керек? Алдын ала толтырылған декларация «Салық төлеушінің кабинетінде» қолжетімді болады. Инвестор мәліметтерді тексеріп, қажет болса түзете алады. Егер мәліметтер дұрыс болмаса, декларацияны өзі толтыра алады. 📅 Барлық брокер жобаға қатыса ма? Жоқ, брокерлер жобаға өз еркімен қатысады. Пилоттық жоба 2026 жылдың 6-31 желтоқсан аралығында өтеді. ❗️ Бұл жаңа салық емес. Жобаның мақсаты - салықты есептеу мен декларация толтыруды жеңілдету.

Open in Telegram
Views874−28%vs avg
Forwards—
Reactions6
Comments—
#497Text
Views876−28%vs avg
Forwards—
Reactions6
Comments—
#495Text

2027-2028 жылдары теңге бағамы қандай болады? Сарапшылардың жаңа болжамы Ұлттық банк қараша айындағы макроэкономикалық сауалнама нәтижелерін жариялады. Сарапшылар алдағы жылдарға арналған теңге бағамы, инфляция және базалық мөлшерлеме бойынша болжамдарын қайта қарады. ▪️ Доллар бағамы Сарапшылар бір ай бұрынғы болжаммен салыстырғанда доллар бағамы төменірек болады деп күтеді: 2027 жылы - 489,8 теңге (бұрын 499,6 теңге); 2028 жылы - 510,4 теңге (бұрын 527,1 теңге). Дегенмен сарапшылар алдағы жылдары теңге біртіндеп әлсірейді деп болжап отыр. Бұл – жыл соңындағы емес, жыл бойындағы орташа доллар бағамы. ▪️ Инфляция 2026 жылы - 9,1% (бұрын 9,5%); 2027 жылы - 8% (бұрын 8,3%); 2028 жылы - 7% (бұрын 6,9%). Яғни тауарлар мен қызметтердің бағасы өсе береді, бірақ бұрынғыға қарағанда баяу өседі деп күтілуде. ▪️ Базалық мөлшерлеме Сарапшылар 2026 жылдың соңына дейін базалық мөлшерлеме 15,75% деңгейінде қалады деп күтеді. 2027 жылдың соңында ол 13,4%-ға, ал 2028 жылдың соңында 10,8%-ға дейін төмендеуі мүмкін. Егер болжам орындалса, жаңа несиелер мен депозиттердің пайыздық мөлшерлемелері де біртіндеп төмендеуі мүмкін. ▪️ Мұнай бағасы Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің орташа бағасы: 2026 жылы – $93,3 (бұрын $88,4); 2027 жылы – $80; 2028 жылы – $75. 2027 және 2028 жылдарға арналған мұнай бағасының болжамы өзгерген жоқ. ❗️ Бұл Ұлттық банктің өз болжамы емес, сауалнамаға қатысқан 15 ұйымның тәуелсіз болжамдары.

Open in Telegram
Views888−27%vs avg
Forwards—
Reactions5
Comments—
#494Text

Шағын бизнес үшін бонустар мен төлемді кейінге қалдыру қалай жұмыс істейді? Бонустарды тек жеке сатып алулар үшін емес, бизнеске тауар сатып алғанда да алуға болады. Halyk шағын дүкендер мен дәріхана иелеріне осындай мүмкіндікті OnlineDuken платформасы арқылы ұсынады. Қазақстанда бұл сервиске 20 мыңнан астам шағын маркет қосылған. ▪️ Тауар жеткізушілерге төлем жасағаны үшін бонустар Кәсіпкерлер OnlineDuken арқылы Halyk-тегі шотынан төлем жасағанда, төлем сомасының 0,5%-ын бонус ретінде алады. Айына 50 мың бонусқа дейін жинауға болады (1 бонус = 1 теңге). Жиналған бонустармен келесі шот сомасының 10%-ына дейін төлеуге болады. Бонустарды 30 күн бойы пайдаланбаса, олар жойылады. ▪️ Тауар жеткізушілерге комиссиясыз төлем жасау Кәсіпкерлер тауардың ақысын қосымша арқылы немесе жүкқұжаттағы QR-кодты сканерлеу арқылы төлей алады. ▪️ 5 млн теңгеге дейінгі төлемді кейінге қалдыру Егер кәсіпкердің тауар сатып алуға ақшасы жетпесе, төлемді 7, 14, 21 немесе 30 күнге кейінге қалдыра алады. Мысалы, 50 мың теңгеге тауар сатып алып, төлемді 7 күнге кейінге қалдырса, комиссия 360 теңге болады. Бұл қызмет тек жеке кәсіпкерлерге қолжетімді. ▪️ Несиені автоматты түрде өтеу Halyk несиенің ай сайынғы төлемін бөліп өтеуге мүмкіндік береді. Кәсіпкердің шотынан күн сайын белгілі бір сома автоматты түрде алынады. Осылайша, төлем күні барлық соманы бірден төлеудің қажеті жоқ.

Open in Telegram
Views878−28%vs avg
Forwards—
Reactions4
Comments—
#493Text

Қазақстандықтардың депозиттегі ақшасы қазан айында 800 млрд теңгеге жуық өсті Ұлттық банктің мәліметінше, 2026 жылдың қазан айында Қазақстандағы депозиттердің жалпы көлемі 2,75%-ға өсіп, 52,9 трлн теңгеге жетті. Бұл өсімнің жартысынан астамы халықтың депозиттеріне тиесілі. ▪️ Қазақстандықтардың депозитте қанша ақшасы бар? Қазан айының соңында - 29,4 трлн теңге. Бір айда бұл сома 793,7 млрд теңгеге немесе 2,8%-ға өсті. ▪️ Қазақстандықтар ақшасын қай валютада сақтайды? Теңгеде - 25,3 трлн теңге (+753,9 млрд теңге). Шетел валютасында - 4,1 трлн теңге (+39,8 млрд теңге, теңгемен есептегенде). Қазан айында халық депозиттеріндегі өсімнің шамамен 95%-ы теңгедегі салымдарға тиесілі. ▪️ Жыл басынан бері не өзгерді? 2025 жылдың желтоқсан айының соңымен салыстырғанда: теңгедегі депозиттер 17,5%-ға өсті; шетел валютасындағы депозиттер 11,5%-ға азайды (теңгемен есептегенде). Қазір халықтың депозиттегі ақшасының шамамен 86%-ы теңгеде сақтаулы. Айта кетейік, валюталық депозиттердің теңгемен есептелген сомасы ақша салғанда немесе шешіп алғанда ғана емес, валюта бағамы өзгергенде де өзгереді. ❓ Ал сіз жинаған ақшаңызды қай валютада сақтайсыз?

Open in Telegram
Views884−27%vs avg
Forwards—
Reactions6
Comments—
#492Text
Views895−26%vs avg
Forwards—
Reactions4
Comments—

All posts

Connections