"Күлпаш" әңгімесінде кездесетін ерекше 8 сөз 📚 Осы және басқа да қазақша кітаптарды жаңадан ашылған oqiber.app онлайн кітапханасында оқи аласыздар 🙌 Oqiber жақында QazaqCreative грантының иегері атанды.
Open in TelegramPosts of Qazaq Grammar | Қазақ тілі
Forwarded from Қазақ Бабыл
қазақ тілінің байлығы: • бұйырса • бұйыртса • сәтін салса • сәтін берсе • реті келсе • орайы туса • жолы түссе • барар жердің дәмі тартса • оңтайын берсе • амандық болса • тәңірі бұйырса • тәңірі қосса • құдай бұйырса • құдай қаласа • құдай қосса • Алла қаласа • Алла бұйырса • Алла қосса • Алла жазса
Open in TelegramҚазақ тіліне түкіргендіктің бірнеше деңгейі: 1. Аударманы тексермеу 2. Қате аударманы принтке жіберу 3. Принт жасаған адамның қатеге назар аудармай, баға белгішесін солайымен басып шығару 4. Сол белгішені солайымен қоя салу Біздің елде мемлекеттік тілді кемсітпейді дейді... ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ 😭
Open in TelegramКөне түркі жазуын заманауи қалыпқа келтірсе, қалай болар еді? Реддитте осындай жобаны көріп қалдым. Жалпы идеясы күшті, бірақ әлі де жетілдіру керек секілді 🤷🏻♂️
Open in TelegramForwarded from Тимурдан Инфо | it&tech
Құрметті тіл жанашырлары! Құлақ салуды өтінеміз! Google Ads қазақ тілін қолдамайды. Сондықтан қазақ тіліндегі жарнамалар мен беттер қабылданбайды, ал Google Ad Grants бағдарламасы қазақ тілінде жұмыс істейтін ҰЕҰ мен медиаға іс жүзінде жабық. Біз «Мінбер» қоғамдық қоры ретінде Google-ға ресми өтініш жібердік және Google Ads Help Community форумында қазақ тілін қосу туралы ұсыныс жарияладық. Google сұраныстың қаншалықты кең екенін көруі керек. Сондықтан сізден қолдау сұраймыз: Мына сілтемені ашыңыз: https://support.google.com/google-ads/thread/476516667 Google аккаунтыңызбен кіріңіз. «I have the same question» батырмасын басыңыз және/немесе ағылшынша қысқа жауап қалдырыңыз. Мысалы: "[Ұйым атауы], [қала], Kazakhstan. We also work in Kazakh and support this request. Our audience needs to be reached in Kazakh through Google Ads." Бұл бар болғаны 2–3 минут алады. Хатты қазақ тілінде жұмыс істейтін басқа ұйымдарға да жіберсеңіз, қуанышты боламыз Құрметпен, Мінбер» қоғамдық қоры
Open in TelegramForwarded from Qazaq Lab
Қызық, пайдалы сайт сияқты! Оқып, қолдап жүрейік!✨ qasqz.com
Open in TelegramҚазақ мифологиясының кейіпкерлеріне арналған Хәллоуин куизін өтіп көріңіз: 1) https://kahoot.it/challenge/09250897?challenge-id=f73a45cf-a880-4e92-8a77-fd157461b986_1793455084681 2) https://kahoot.it/challenge/03169406?challenge-id=f73a45cf-a880-4e92-8a77-fd157461b986_1793447847371 Лимит: 50 адам әр куизге
Open in TelegramБұрын қазақ тіліне қатысты насихаттың кейбір агрессив түріне жатырқай қарайтынмын. Мысалы, “қазақсың ба - қазақша сөйле” деген сияқты. Қазіргі жағдайда халықты қазақ тіліне бұру үшін насихатшы ретінде кез келген манипуляцияны іштей қолдап тұратынымды түсіндім. “Балаңды қазақ сыныбына бермесең, ертең ресей шабуылдағанда бірінші боп елді сатып кетеді” - былай қарасаң манипуляция, бірақ кейбіреуіне әсер ететін әдіс болса, қолдана беруге болады (өзім қолданбасам да). Мәдени майданда кез келген қару жақсы. Әрбірден соң қарапайым азаматтың қолында осыдан басқа әсер ететін тетігі жоқ. Болмаған да.
Open in TelegramПодқасқа түсіп қайттық Бибарыс екеуіміз: https://youtu.be/v2KefuTXQaI?si=IRrrt4Hw1Z2IF_xk
Open in TelegramШетел фильмдерінің қазақша дубляжын міндеттеу жайлы петиция бастадық. 19-ына дейін 50 дауыс қажет екен. Қазір тек 34 дауыс бар. Сондықтан бүгіннен қалдырмайық: Қол қою мында 👇 https://epetition.kz/petition/b0391b09-f277-4f17-8eda-c9fb04685c40 ❗️Ескерту: тек компьютер арқылы қол қоя алады екенсіз. Телефоннан NCAlayer іске қосылмайды. UPD: 50 дауыс жиналды. Қол қою батырмасы уақытша өшіп тұруы мүмкін. Өйткені петиция модерацияға кетті. Одан өтсе, 50000 дауыс жинауымыз кк. Яғни енді модерациядан өткенін күтіп, содан кейін сілтемеге өтіп, қол қойып жіберуіңіз кк болады
Open in TelegramҚазақ тілі мәселелерінің рейтингі I. Тілдің ішкі базасы мен ережелері (Іргетас) 10. Орфографияны бірізді етіп бекіту: Қыркүйек/қыргүйек, Туған күн/туылған күн сияқты даулы сөздердің жазылуын біржола шешу. 9. Терминологиялық бірізділік: Орыс тілінен сөзбе-сөз аударудан (кәлкіден) арылу және терминдерді жүйелеу. 8. Латын әліпбиіне көшу: Тілдің дыбыстық жүйесін сақтау және халықаралық кеңістікке интеграциялану. II. Кадр саясаты мен мәдениет (Әлеуметтік орта) 7. Мамандарға QAZTEST-ті міндеттеу: Мемлекеттік қызметшілерге, дәрігерлер мен мұғалімдерге қазақ тілін білу деңгейін міндетті ету және жұмысқа қабылдаудың басты шарты қылу. 6. Қазақша дубляжды заңдастыру: Кинотеатрлар мен стриминг платформаларындағы контентті қазақшалауды ресми міндеттеу. III. Стратегиялық және технологиялық салалар (Ақпараттық тәуелсіздік) 5. IT саласын қазақ тіліне көшіру: Бағдарламалық жасақтамаларды, кодтарды, техникалық құжаттамаларды толық қазақшалау және міндеттеу. 4. Қаржы саласын қазақ тіліне көшіру: Банк жүйелерін, есеп-қисап бағдарламалары мен бүкіл құжат айналымын қазақшалауды міндеттеу. IV. Білім беру жүйесі (Болашақ ұрпақ) 3. Аралас мектептерді жою: Елдегі барлық аралас мектептерді толықтай қазақ тілінде білім беретін мектептерге айналдыру. 2. Балабақшаларды толық қазақша ету: Мектепке дейінгі тәрбие ошақтарында тек қазақтілді орта қалыптастыру. V. Ең жоғарғы құқықтық мәртебе (Түпкілікті мақсат) 1. Қазақ тілін Конституцияда жалғыз мемлекеттік әрі ресми тіл ету: Тіл мәселесін заң жүзінде түпкілікті шешу және өзге 9 тармақтың орындалуына толық кепілдік беру.
Open in TelegramКуиз сұраққа жауап беріп көріңіз: https://www.instagram.com/reel/DdxsnKtIIAT/?stkn=NjkxOG44MWl4ZHM3
Open in TelegramПрезидент Тоқаев тіл туралы тағы бір пікір айтты ғой: тілге қарсы шығу ол құдайға қарсы шығу дегендей (көбіне орыс тіліне қарсы шығу туралы айтып тұр деп түсініп тұрмын) Сонда президенттің тілге қатысты кез келген концепциясы қазақ тілі мен орыс тілін теңестіріп қою боп тұр емес пе? Бұл әу бастан қате екенін әр қазақ біледі. Өйткені мұндай жағдайда қазақ тілінің таралуына жүйелік кедергі туындайды. Жүйелік кедергі деген жеке адамдардың пиғылы арқылы жасалатын қасақана қарсылық емес, жүйелік деген мемлекет, қоғам, институттардың құрылымы арқылы жасалатын дискриминацияның бір түрі. Жеке адам қанша тырысса да жүйелік кедергіден аттап өте алмайды. Қазақ тілін қатысты мынандай жүйелік кедергілер бар: 1. Заңнамадағы саңылау Конституциядағы орыс тілінің ресми мәртебесі қазақ тілін білудің абсолютті қажеттілігіне кедергі жасап тұр. Тілді білмегені үшін ешқандай заңдық шектеу немесе жауапкершілік жоқ. Қазақстанда қазақ тілінсіз-ақ мансап құрып, жайлы өмір сүруге болады. 2. Мемлекеттік аппараттағы инерция Заңдар мен құжаттар әлі де алдымен орыс тілінде жазылып, кейін қазақшаға аударылады. Тіл дербес басқару және ойлау құралы емес, жасанды «аударма тілі» деңгейінде қалып қойған. Саяси элитаның жұмыс тілі әлі де өзгерген жоқ. Керісінше екенін дәлелдеп беріңізші ал? 3. Экономика мен бизнестің диктаты Банк, IT, мұнай-газ, өндірістер негізінен орыс тілінде жұмыс істейді. Жас маман үшін жоғары табыс пен мансап қазақ тіліне емес, орыс және ағылшын тілдеріне байланысты болып тұр. Бұл масқара нәрсе емес пе? Яғни екі тілді теңестіріп қойып, қазақтардың саны көбейгендіктен қазақ тілі дамып кетеді деп ойлау нағыз аңғалдық. Екі тілді теңестіріп қойсақ, орыстілді қазақтардың саны ғана көбейе береді. Беларус пен Ирландияның жағдайына қараңыз. Екеуі де импершіл тілдің инерциясымен кетіп қалды, бірақ жергілікті этнос саны 80-90%, яғни моноэтник дерлік елдер.
Open in TelegramРосомаха-Құнудың видеойыны шықты емес пе? Сәтсіздеу болғаны рас. Сыншылар тас-талқан қылып тастады әрине. Дегенмен комикстегі Құнудың шығу тарихын білгіңіз келсе, мынандай видео жариялағанбыз кезінде: https://youtu.be/dnuqi-_r6lg?si=yZskrXozacV0vL6I
Open in TelegramАйтпақшы "қыркүйек/қыргүйек" дегенге ұқсас мәселе орыс тілінде де болған. XIX ғасырда. Олар "январь" айын бұрын "генварь" деп айтып, жазатын. Олай жазу грек тілінен енгені мәлім. XIX ғасырда екі нұсқа да дұрыс саналатын, бірақ 1885 жылы реформа жасалып, "январь" деген нұсқасы ғана дұрыс деп бекітіліпті. Дамыған тілде бірізділік, жүйелілік болады. Бір сөзді бірде былай, бірде былай жазу деген тілдің шикілігін ғана көрсетеді. Қазір ЖИ дамып жатқан заманда тілді бір ретке келтіру аса маңызды.
Open in TelegramБұл "мерекені" қазақтілділер ғана біледі де онсыз да. Өзге ұлт өкілдері "кАкВсЕгДа" шаруасы жоқ. "Моя хата с краю" боп жүреді. Қазақ болып, өз елімде жүріп, өзге тілдерді де ойлауым керек пе сонда? "Урааа, бізде орыс тілі бар, бізде өзбекше де сөйлейді, алақааай, ұйғырша мектеп, театр, газеттер бар, кавказдықтардың да тілін естіп жүрміз, қандай ғажааап!" деп қуанайын ба әлде? ЖОҚ. ЖОҚ. ЖОҚ! Бір ғана мемлекеттік тіл бар — ана тілім ҚАЗАҚ ТІЛІ. Болды. Қазақ тілінің мерекесі, МЕЙРАМЫ, ТОЙЫ болуы керек! Қазақ тілінің ғана дәурені жүруге тиіс!
Open in Telegram