Posts of Қатал редактор
Ілікпілік Жазған ақпаратым түсініксіз емес пе екен деп ойланбайды-ау, ә? Кім кімді зорламақ болған дейді? а) Сотталушы адам бір жігітті; ә) Сотталушы жігіт өзін-өзі б) Сотталушы жігітті біреу в) Сотталушыны бір жігіт
Open in TelegramАудандық полиция бөлімінің бастығы істің жабылатынын хабарлаған. (с) Ақпарат орыс тілінен аударылған екен, түпнұсқасы — "Начальник РОВД уже сообщил, что дело закроют". Яғни іс тоқтатылады/жабылады деп хабарлаған. Істі жауып тастаймыз, тоқтатамыз деп хабарлаған. істің-пістің деген ілікпілікшілдік шаблонға салып аудара бергеннен болып тұр. Тәуелсіз медианың мәтіні күшті болса ғой.
Open in TelegramОл осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты Іліксіз жазылып жүрген жалғыз дені дұрыс сөйлем осы шығар. "Ол осы дерек бойынша қылмыстық ісТІҢ қозалғанын айтты" деп қоюы әбден мүмкін ғой. Енді комментке мыналардың іліксіз нұсқасын жаза кетіңіздер: Ол әлгі еркектің педофил екенін білген Ол кінәлілердің жауапқа тартылмай отырғанына наразылық білдірді Ол оқиға орнына жедел жәрдемнің келгенін айтты Ол сыртта бір адамның тұрғанын көрген Ол ұлының ауруханаға жатқызылғанын айтты
Open in TelegramБәрін айт та, бірін айт, көмектестің жырын айт депті ғой дана халқымыц. Мына мысалдардың бәрін Калькасыз қазақ тілінен таба аласыз әрі бұлардың дені творительный падеждің ықпалынан көмектес болып тұрғанын түсінесіз. Мұндайларды көсемшеге я басқа бірдеңеге айналдыруға тырыссаңыз, әдемі де орынды нұсқа шығады. Ендеше, айляндырып көріңіз: 1. ән айтумен шектелген жоқ – 2. жағдай абыройсыздықпен аяқталды – 3. мәселені қиындықпен шешті – 4. жанжалды келісімге келумен реттеді – 4. шетелге сапармен барды – 5. таумен қоршалған – 6. сумен толтырылған – 7. олармен болып жатқан жағдай – 8. деген атаумен тарихта қалды – 9. сағынышпен еске аламын, қызығушылықпен қараймын – 10. сәукелемен/орамалмен келді –
Open in Telegram50 shades of Kazakh Қазақ "гештальтім" жабылды демейді. Қазақ: - "Көңілім бірленді" дейді. - "Кеткенім келіп, кемтігім толды" дейді. - "Жығылған туым қайта тігілді" дейді. - "Қисығым түзеліп, көсегем көгерді" дейді. - "Жыртығым жамалып, сынығым бүтінделді" дейді. - "Ойым орнығып, түйінім шешілді" дейді. - "Есем қайтып, еңсем тіктелді" дейді. - "Көкейімдегі келісті" дейді. - "Арманымнан арылдым, аңсарым қанды" дейді. - "Құмарым тарқап, қалауыма қарқ болдым" дейді. - "Төрт құбылам тең болды" дейді. Қазақ "гештальтім жабылмады" демейді. Қазақ: - "Арманым ішімде кетті" - дейді. - "Арманда кеттім"- дейді. - "Жұмбағым шешілмей, жұмсағым табылмай кетті" дейді. - "Өзегімде өксік қалды" дейді.
Open in Telegramнегізі, біреуге бірдеңе үйрету мен біреудің өзін (жануарды, мысалы) үйрету дегендердегі етістіктің тұлғасы бірдей болғанымен, мағынасында сәл өзгешелік бар (полисемия), сондықтан IT мамандары мәшинені үйрету/оқыту деп жатса, ол да қисынды.
Open in Telegramтұйық етістік+арқылының орнына — -ып, -in, -п, -а, -е, - й деген көсемше; тұйық етістік+үшін+етістіктің орнына — -н деп, -қалы, -келі, -ғалы, -гелі (т.б.); "ретінденің" орнына болып/деп/етіп/қылып. Осы формула мәтінді ЖИ-дікінен де, тірі мидікінен де уникал қылады. Көсемшелеткен жалықпас Үйретуден мәшинеге. Мәшинені емес, мәшинеГЕ үйрету ма не. Көсемше — омырдын маны.
Open in Telegram"Депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға..." Біртүрлі. Біреудің міндетін атқармақшы сияқты. Өйткені "возложенные на меня высокие обязанности депутата" дегеннің аудармасы ғой. Ооо баста қазақша жазылған ант болса, кімге жүктелсе де, "депутат міндеті" дегеннің арасы ажырамас еді ғой. "Адал атқарамын ДЕП" ант берілер еді. Сол баяғы "әуелі орысша, сосын қазақша" деген түсінік қой, қысқасы.
Open in TelegramТіркестен тіркес, сөйлемнен сөйлем, мәтіннен мәтін арпалысып жүрген күндердің бііір күні бір мысал кезігіп, Назгүл мынаны осы себепті былай деген екен ғой дейсің. Каналдағы титтей мысалдың ар жағында мидың мыңғырық процесі барын түсінген өз алдына, кей нәрсеге өзің бетпе-бет келмесең, мән бермеуің мүмкін. Бір күні Итакаға оралғанда шетінен жайлааап отырып жазармын)
Open in TelegramӘлімжан Асқар деген барып тұрған… ерекше құбылыс екен ғой. -уда, -уде дегенді мүлде қолданбай, футбол эфирінің етістігін күшті қылып өзгертіп тастапты. Әдетте біздің еститініміз ойнауда тебуда болуда салуда мен салмауда ғой). Сосын таптаурын сөйлемдер бар. Күмәнсіз. Басқа дым жоқ. Сондай ортада принципке барып, морфология-синтаксисіне кәдімгідей мән беріп отыр-ау. Знашыт, тегін адам емес. Біреулер "тікелей эфирде дұрыс сөйлеп отыру мүмкін емес, анау-мынау, ауызекі-мауызекі" деп жатады ғо — бос сөз екен онда. Эфирді басқаруын, толтыруын, ана жердегі сентименттің бәрін қолға ұстатқандай жеткізетінін, шешендігін былай қойғанда деймдағы.
Open in TelegramБір сөйлеміңде "туғызып", екінші сөйлеміңде "тудырып" жатсаң да жақсы емес қой былай қарап тұрсаң.
Open in Telegram