В Астане обсудили совершенствование системы налоговых апелляций с экспертами Всемирного банка В Астане состоялся двухдневный семинар по вопросам налоговых апелляций с участием международных консультантов Всемирного банка Яна Леприка и Джонатана Пембертона. Мероприятие прошло в рамках гранта Глобальной налоговой программы, реализуемой Всемирным банком. В семинаре приняли участие специалисты Департамента апелляций Министерства финансов Республики Казахстан и Комитета государственных доходов. Семинар был направлен на продолжение экспертного диалога и повышение профессионального потенциала в сфере урегулирования налоговых споров. Участники рассмотрели статистику рассмотрения апелляций, возможности стандартизации внутренних процедур и перспективы применения альтернативных способов разрешения споров. По итогам семинара согласованы дальнейшие шаги по совершенствованию механизмов рассмотрения налоговых апелляций и продолжению совместной работы.
Open in TelegramPosts of Қаржы Channel
Астанада Дүниежүзілік банк сарапшыларымен салық апелляциясы жүйесін жетілдіру жолдары талқыланды Елордада Дүниежүзілік банктің халықаралық консультанттары Ян Леприк пен Джонатан Пембертонның қатысуымен салық апелляциясы мәселелеріне арналған семинар болды. Екі күнге жалғасқан іс-шара аталған қаржы институтының жаһандық салық бағдарламасының гранты аясында өткенін атап өткен жөн. Семинарға ҚР Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті мен Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары қатысты. Ол сараптамалық диалогты жалғастыруға және салық дауларын реттеу саласындағы кәсіби дағдыны арттыруға бағытталған. Оның барысында апелляцияны қарау статистикасы, ішкі рәсімдерді стандарттау мүмкіндіктері және дауларды шешудің балама әдістерін қолдану перспективалары қарастырылды. Семинар қорытындысы бойынша салық апелляцияларын қарау тетіктерін жетілдіру және бірлескен жұмысты жалғастыруды көздейтін қадамдар өзара келісілді.
Open in Telegram«Жібек жолы»: жаңа мүмкіндіктер, заманауи инфрақұрылым Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда кедендік инфрақұрылымды кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы жаңғыртылған «Жібек жолы» өткізу пункті – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Өткізу қабілетінің артуы, цифрлық технологиялардың енгізілуі және заманауи инфрақұрылым шекарадан жылдам әрі қолайлы өтуге, туризм мен іскерлік байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді. Жаңғырту нәтижелері мен өткізу пунктінің жаңа мүмкіндіктері туралы толығырақ инфографикада. __________________________________________ «Жібек жолы»: новые возможности, современная инфраструктура По поручению Главы государства в Казахстане проводится комплексная модернизация таможенной инфраструктуры. Обновлённый пункт пропуска «Жібек жолы» на границе Казахстана и Узбекистана – результат системной работы в этом направлении. Увеличение пропускной способности, внедрение цифровых технологий и создание современной инфраструктуры обеспечат более быстрое и комфортное пересечение границы, будут способствовать развитию туризма и деловых связей. Подробнее о результатах модернизации и новых возможностях пункта пропуска – в инфографике.
Open in TelegramҚазақстан мен Өзбекстан шекарасында жаңғыртылған өткізу пункттері ашылды Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жаңғыртылған «Жібек жолы» және «Гишт-Куприк» өткізу пункттері ашылды. Ашылу рәсіміне Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиев пен Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары – Экономика және қаржы министрі Жамшид Кучкаров қатысты. Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес Қаржы министрлігі мемлекеттік шекарадағы кедендік инфрақұрылымды кешенді жаңғырту жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы жұмыс аясында Өзбекстан, Қытай және Түрікменстан шекараларында жаңғыртылған 10 автомобиль өткізу пункті іске қосылды. 2026 жылдың он айында шекарадан өткен автокөлік саны 23%-ға өсіп, 1,7 млн-ға жетті. Ел бойынша кедендік төлемдер мен салықтар түсімі 18,5%-ға артып, 4,3 трлн теңгені құрады. Түркістан облысындағы «Жібек жолы» – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар ең көп қатынайтын өткізу пункттерінің бірі. 2024 жылы мұнда 11 млн-нан астам адам шекарадан өткен. Жаңғырту барысында жалпы ауданы шамамен 10 мың шаршы метр болатын екі жолаушылар терминалы салынды. Жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының қозғалыс бағыттары бөлініп, кіреберістегі жолақ саны екіден алтыға дейін ұлғайтылды. Терминалдарда паспорттық бақылауға арналған 82 кабина мен 20 автоматтандырылған Q-gate жүйесі орнатылды. Жаңартылған өткізу пункті жолаушылар ағыны жоғары күндері тәулігіне 100 мыңға дейін адам өткізуге мүмкіндік береді. Мәди Такиев атап өткендей, өткізу пункттерінің бірлесіп ашылуы – екі ел Президенттерінің стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған саясатының жалғасы.
Open in Telegram