Account

Posts of «Otandastar Qory»

newest first

#6939Link preview

Косметологтар жасыратын басты құпия | 27 жылдық тәжірибе | Гүлшаш Әубәкірқызы | Қандастың жолы https://youtu.be/ZvAHj9W7x3s Атамекенге оралған қандасымыз Гүлшаш Әубәкірқызы — бүгінде отандық сұлулық индустриясы мен косметология саласын өркендетіп жүрген білікті маман әрі табысты кәсіпкер. Алматы қаласындағы «Gulshash» жасарту салонының негізін қалаушы ретінде танылған ол 27 жылға жуық кәсіби тәжірибесін ел игілігіне арнап, шәкірт тәрбиелеу ісіне де белсенді атсалысып келеді. Тарихи Отанына қоныс аударған соң, кәсіби жолын отандық бизнесті дамытумен сабақтастырған кейіпкеріміз табиғи қоспаларға негізделген бет күтіміне арналған отандық косметикалық өнімдерді нарыққа шығарды. Осы орайда «Отандастар қоры» КеАҚ түсірілім тобы арнайы Алматы қаласына барып, «Қандастың жолы» жобасы аясында Гүлшаш Әубәкірқызымен жүздесті. Сұхбат барысында оның атамекенге оралу кезеңі, кәсіпті нөлден бастау жолы, табиғи отандық косметика өндірудің ерекшеліктері мен қиындықтары, сондай-ақ сұлулық саласындағы маңызды кеңестері туралы ашық әңгіме өрбіді. «Қандастың жолы» – елге оралған қандастардың ғибратты өмір жолын, адал еңбегін және ел дамуына қосқан үлесін көрсететін арнайы жоба. @otandastar

Open in Telegram
Views25−82%vs avg
Forwards—
Reactions1
Comments—
#6938Video
Views271+94%vs avg
Forwards—
Reactions1
Comments—
#6937Text

🇰🇿Торонтода Канада, АҚШ және Кореядағы қазақ ұйымдарының өкілдері бас қосты 2026 жылғы 20 қарашада «Отандастар қоры» КЕАҚ Қазақстан Республикасының Торонтодағы Консулдығында Канада, АҚШ және Корея Республикасындағы қазақ мәдени ұйымдарының жетекшілері мен белсенділерінің кездесуін ұйымдастырды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, Солтүстік Америкадағы қазақ қауымдастықтарының жұмысын жандандыру және бірлескен мәдени жобаларды іске асыру жолдарын қарастырды. Кездесуге Торонто мен Үлкен Торонто өңіріндегі қазақстандықтар қауымдастығының белсенділері және Кореядан тәжірибе бөлісуге арнайы келген «Qazaq Nomad Korea» ұйымының өкілдері қатысты. Ванкувердегі «BC Qazaq Community», Нью-Йорктегі «Qazaq American Qaganat» ұйымдарының, сондай-ақ Калгари мен Оттавадағы қазақ қауымдастықтарының өкілдері онлайн қосылды. Кездесуді ашқан ҚР Торонтодағы консулы Алмас Садыров ұлттық бірегейлікті сақтауда және Қазақстанды шетелде танытуда қазақ ұйымдарымен әріптестіктің маңызын атап өтті. Кездесу барысында Қоғам вице-президенті Алибек Жұрқадам ұйымның қызметі мен жүзеге асырылып жатқан жобалары туралы ақпарат беріп, қатысушыларды аталған бастамаларға белсенді қатысуға шақырды. Торонто мен Үлкен Торонто өңіріндегі қазақстандықтар қауымдастығының жетекшісі Мадина Кеңесбаева Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Торонтода өткен мәдени кеш жергілікті отандастардың қолдауына ие болғанын айтты. Оның пікірінше, бұл кеш Канадада осындай ауқымды іс-шараларды жиі өткізуге жол ашты. Қауымдастық осы бағытта «Отандастар қорымен» байланысын нығайтуды көздейді. Нью-Йорктегі «Qazaq American Qaganat» ұйымының жетекшісі Назар Али Бименов АҚШ-та 20-ға жуық қазақ ұйымы бар екенін және олардың бірқатарымен байланыс орнатқанын айтты. Ол Канададағы қазақ ұйымдарымен де әріптестік орнатып, Солтүстік Америка аясында ортақ жобаларды қолға алуға шақырды. Ванкувердегі «BC Qazaq Community» ұйымының жетекшісі Динара Нусипакынова қауымдастықтың атқарған жұмыстарын таныстырды. Ол қазақ тілі мен домбыра үйірмелерін жүргізетін ерікті ұстаздар қажет екенін айтып, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Оттавадағы қазақ қауымдастығының өкілі Алибек Сагидулла Канадаға қоныс аударғалы жергілікті қазақ қауымының өміріне белсенді араласып келе жатқанын айтты. Балаларының ана тілі мен ұлттық дәстүрін ұмытпауы өздері үшін маңызды екенін атап өтіп, қауымдастықтың ортақ бастамаларды қолдауға және бірлескен іс-шараларға қатысуға дайын екенін жеткізді. Калгаридегі қазақ қауымдастығының өкілі Анар Шакиева жергілікті қазақ қауымы шағын болса да, ынтымағы жоғары екенін айтып, басқа қалалардағы қазақ қауымдастықтарының іс-шараларына да қатысуға дайын екенін білдірді. Кореядан кездесуге арнайы келген «Qazaq Nomad Korea» ұйымының жетекшісі Жанат Кадырова мен ұйым белсендісі Ли Есімгүл Канададағы қазақ ұйымдарының өкілдеріне Сеулдегі қазақ мәдени орталығының табысты тәжірибесін таныстырды. Атап айтқанда қауымдастық жұмысын жолға қою, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру және демеушілермен әріптестік орнату тәжірибесімен бөлісті. Кездесуді қорытындылаған «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Алибек Жұрқадам Канада мен АҚШ-тағы отандастарымыздың кәсіби білімі мен халықаралық тәжірибесін қазақ қауымының дамуына және Қазақстанмен мәдени, білім беру, ғылыми байланыстарды нығайтуға жұмылдыруға шақырды. Мұндай кездесулер шетелдегі қандастармен байланысты нығайтып қана қоймай, ортақ жобаларды жүзеге асыруға және қазақ қауымдастықтарының ынтымақтастығын арттыруға маңызды мүмкіндік береді. @otandastar

Open in Telegram
Views230+65%vs avg
Forwards—
Reactions—
Comments—
#6931Text

🇰🇿 ТОРОНТОДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ ӨТТІ 2026 жылғы 19 қарашада Канаданың Торонто қаласында Республика күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараны «Отандастар қоры» КеАҚ, Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі және Торонто мен Үлкен Торонто өңіріндегі қазақстандықтар қауымдастығы бірлесіп өткізді. Мерекелік кеш аясында этномәдени жәрмеңке ұйымдастырылып, қазақ халқының салт-дәстүрі, қолөнері мен ұлттық мұрасы таныстырылды. Концерттік бағдарламада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина, әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов және «Ұлытау» тобы өнер көрсетті. Сонымен қатар қазақстандық дизайнерлердің ұлттық киім топтамалары көпшілік назарына ұсынылды. Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен заманауи өнерін ұштастырған концерт канадалық көрермендер мен шетелдегі отандастардың ерекше ықыласына бөленді. Іс-шараға Канаданың әр өңірінен келген қазақстандықтар, жергілікті қоғам, іскерлік және шығармашылық орта өкілдері қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында Онтарио провинциясының мультикультурализм жөніндегі бұрынғы министрі Тони Рупрехт болды. «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті А. Жұрқадам жиналған қауымды ұлттық мерекелермен құттықтап, шетелдегі отандастардың Қазақстанмен мәдени және рухани байланысын нығайтудың маңыздылығын атап өтті. @otandastar

Open in Telegram
Views123−12%vs avg
Forwards—
Reactions1
Comments—
#6920Text

Астанада шетелдегі қазақ қаламгерлерінің жаңа кітаптары таныстырылды   Астана қаласы, 2026 жылғы 20 қараша. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастыруымен «Ұлы Дала» кітаптар сериясының жаңа топтамасының тұсаукесері өтті. «Ұлы Дала» жобасы шетелде тұратын қазақ қаламгерлері мен ғалымдарының еңбектерін Қазақстанда басып шығарып, ұлттық әдеби және ғылыми айналымға енгізуге, шетелдегі қазақ қауымдастықтарымен мәдени және зияткерлік байланысты нығайтуға бағытталған. Жоба аясында 2023-2025 жылдары 28 кітап жарық көрді. Биыл байқауға ұсынылған 11 шығарманың ішінен бес еңбек іріктеліп, баспадан шықты.Байқау жеңімпаздарын Қазақстан Республикасының Жазушылар одағы анықтады. Жаңа топтамаға енген кітаптар: − Рысбек Зұрғанбайұлы, «Моңғолия қазақтары: саяси нәубет және тарихи жады» – Моңғолия қазақтарының саяси қуғын-сүргін тарихы мен тарихи жадына арналған зерттеу; − Әуелхан Жәзитұлы, «Құт мекенім – Қосағаш» – Ресей Федерациясы Алтай Республикасындағы Қосағаш өңірі қазақтарының тарихы мен туған жермен рухани байланысы туралы; − Құлназар Ибрагимов, «Жыр өткелі» – Өзбекстандағы қазақ әдебиетінің шығармашылық мұрасын отандық оқырманға таныстыратын жинақ; − Сұлтан Жанболатов, «Таластағы тайталас» – Қытайдағы қазақ қаламгерінің әдеби мұрасын Қазақстанның мәдени кеңістігіне қайтаратын шығарма; − Бәкей Ағыпар, «Микроэкономика» – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Моңғолия Ғылыми академиясының академигі жазған қазақ тіліндегі оқулық. Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрлігінің, «Отандастар қоры» КеАҚ мен Қазақстан Жазушылар одағының басшылығы, кітап авторлары, оқырмандар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысып, шетелдегі қазақ қаламгерлерінің шығармашылығын қолдау және олардың еңбектерін кеңінен насихаттау мәселелері жөнінде пікір алмасты. Авторлар профессор Ағыпар Бәкей мен Рысбек Зұрғанбайұлы еңбектерінің жазылу тарихы мен мазмұны туралы әңгімеледі. Сондай-ақ Жазитхан Әуелханның жұбайы Бесайдар Жатқанбаева сөз сөйледі. Кітаптар ұлттық және республикалық кітапханаларға таратылды. Сонымен қатар электронды нұсқалары «Отандастар қоры» КеАҚ ресми сайтында орналастырылды. @otandastar

Open in Telegram
Views114−18%vs avg
Forwards—
Reactions1
Comments—