Posts of «Ордабасы» ФК | Ordabasy FC
⚡️ Карел Герартс – «Ордабасы» ФК бас бапкері 🤝 44 жастағы бельгиялық маманмен 2028 жылдың соңына дейін келісімшарт жасалғанын қуана хабарлаймыз. 🔥 2019 жылы Герартс «Юнион Сент-Жиллуаз» клубының бапкерлер құрамына қосылды. Бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған кезеңде команда 48 жылдан кейін Бельгияның жоғары дивизионына қайта оралып, келесі маусымда ел чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. 2022 жылы Герартс «Юнионның» бас бапкері болып тағайындалды. Оның жетекшілігімен команда Бельгия чемпионатының қола жүлдегері атанып, ел кубогының жартылай финалына және УЕФА Еуропа лигасының ширек финалына дейін жетті. «Юнионмен» қол жеткізген жетістіктерінің арқасында Герартс Бельгияның үздік бапкеріне жыл сайын табысталатын Раймон Гуталс атындағы сыйлығын жеңіп алды. 2023-2024 жылдары бельгиялық маман Германияның «Шальке 04» клубын жаттықтырды. «Ордабасыға» дейін «Реймс» командасын басқарып, 2025/26 жылғы маусымда ел кубогының ширек финалына дейін жетті. «Ордаға» қош келдіңіз, Карел! 😍💙 #AlgaOrda💙🤍
Open in Telegram🏆 𝟏 𝐌𝐎𝐍𝐓𝐇 𝐀𝐆𝐎 Дәл осыдан бір ай бұрын біз чемпион атандық! Сол күннің эмоциясы әлі де жүректе 🫂 #AlgaOrda💙🤍
Open in Telegram🎮 𝟏𝟎𝟎 𝐒𝐄𝐂𝐎𝐍𝐃𝐒 | 𝐀𝐋𝐋 𝐆𝐎𝐀𝐋𝐒 𝐎𝐅 𝐓𝐇𝐄 𝟐𝟎𝟐𝟔 𝐒𝐄𝐀𝐒𝐎𝐍 🤔 Қай гол есіңізде ерекше қалды? #AlgaOrda💙🤍
Open in Telegram