Account

Posts of Ongar_online

newest first

#14762Video

Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” КТК-ға сілтеп.  Өрт шыққан үйдің иесі Қуаныш Кеңес қайғылы оқиғаға осы үйде бұрын тұрған әйелдің қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Үй иесінің айтуынша, күдікті әйел осыдан шамамен үш ай бұрын да аталған үйде өрт шығарған. Алайда сол кезде жалынды сөндіріп, полицияға хабар бермеген. Кейін әйел үйден шығарылған. Қуаныш Кеңестің болжамынша, қайғылы оқиға болған түні әйел үйге қайта кіріп, жанғыш қоспаны төгіп, өрт қойған болуы мүмкін. Ол өз сөзін растайтын бейнежазбалар мен куәгерлер бар екенін айтады. Үй иесінің сөзінше, әйел ғимаратқа негізгі кіреберіс арқылы кіріп, өрт қойғаннан кейін сол жолмен шығып, есікті бұғаттап кеткен. Сондай-ақ оқиғаға қатысы бар адамды көрген куәгер бар екенін жеткізді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын полиция тергеп жатыр. Үй иесінің айтқандары әзірге тергеу барысында расталған жоқ.

Open in Telegram
Views497−58%vs avg
Forwards—
Reactions16
Comments—
#14759Text
Views1,270+8%vs avg
Forwards—
Reactions30
Comments—
#14758Text

ҰҚК «ҚТЖ – Жүк тасымалы» компаниясының бұрынғы басшыларын ұстады Елімізде ұлттық компаниялардың қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр. 11 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыповты, ҚТЖ басшысы Елжас Отыншиевті және басқа да тұлғаларды сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұстаған болатын. Кейін тағы үш басшының ұсталғаны белгілі болды. Олардың қатарында бұрын «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-ін басқарған Владимир ПЕТРОВ, оның орынбасары Қайрат ҚАБЫЛОВ және компанияның сатып алу бөлімшесінде басшылық қызмет атқарып, кейін «Самұрық-Қазынаға» ауысқан Азамат СЕМБАЙ бар. ҰҚК істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын растады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Ұсталған тұлғалардың кінәлі не кінәсіз екені заңда белгіленген тәртіппен анықталады.

Open in Telegram
Views1,290+9%vs avg
Forwards—
Reactions37
Comments—
#14756Photo
Views1,230+4%vs avg
Forwards—
Reactions68
Comments—
#14755Text

Қазақстанда діни ғимараттар салу үрдісінің орнын енді ғылым мен заманауи ағартушылық басуы тиіс. Президент Тоқаев қоғамдық басымдықтарды түбегейлі өзгертіп, Астана мен Алматыда тәулік бойы үзіліссіз қызмет көрсететін Президенттік кітапханалар ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен ЖИ жиынында сөз сөйлеп, бұған дейін елде мешіт салу сәнге айналғанын, алайда қазіргі заман талабы мүлде басқа инфрақұрылымды талап ететінін ашық айтты. «Бір кездері бізде мешіт салу сәнге айналған еді, ал мен қазір кітапхана салу керек деп есептеймін. Жастарды кітап оқуға баулу үшін «Оқуға құштар ұлт» тұжырымдамасын бекіттік. Астана мен Алматыда тәулік бойы, яғни 24 сағат бойы жұмыс істейтін Президенттік кітапханалар салынуда. Онда азаматтар қағаз кітапты да, цифрлық басылымдарды да еркін пайдалана алады», – деді Президент. Мұнымен қоса Тоқаев жасанды интеллект адамзаттың ойлау тереңдігін тарылтып, классикалық әдебиетті қарабайыр тезистерге айналдырып жіберу қаупіне назар аударды. Мысал ретінде ол ChatGPT-дің Толстойдың алып туындысын небәрі 25 бетке қысқартып бергенін келтірді. Президенттің пікірінше, нейрожелілер Чехов немесе Тургенев шығармаларындағы адам жанының нәзік иірімдерін ешқашан түсіндіріп бере алмайды. Ал жалаң қысқартулар жас буынның талғамы мен күрделі пайым жасау дағдысын жояды. Ашығын айтқанда, бүгінгі мәлімдеме мемлекеттің діни консерватизм мен қарабайыр цифрлануға қарсы ағартушылық иммунитет қалыптастыруға жасаған нақты қадамы. Тәулік бойы істейтін кітапханалар құру арқылы билік жастарды тек «түйме басушы» ғана емес, терең ойлайтын тұлға етуді көздеп отыр.

Open in Telegram
Views1,230+4%vs avg
Forwards—
Reactions38
Comments—
#14751Photo

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және әлеуметтік желі қолданушылары! Әлеуметтік желілерде Семей қаласындағы екі асаба жігіттің түсірген, облыс әкімін мақтаған мазмұндағы, бейнежазбасы қызу талқыланып, қоғамда түрлі пікірлер туындап отыр. Осыған байланысты жағдайдың мән-жайына қатысты ресми түсініктеме беруді жөн санаймын. 2026 жылғы 25 қараша күні кешкі уақытта Instagram және TikTok әлеуметтік желілерінде аталған бейнежазба жарияланғаны анықталды. Оны көрген бойда бейнежазбаны әлеуметтік желілерден дереу өшіру жөнінде талап қойылды. Нәтижесінде авторлардың парақшаларынан видео алынып тасталды. Алайда сол аралықта бейнежазбаның көшірмелері жасалып, WhatsApp мессенджері мен өзге де ақпараттық арналар арқылы таралып үлгерген. Осы ретте бір маңызды жайтты нақтылап өткіміз келеді. Аталған бейнежазбаның облыс әкімдігіне, оның құрылымдық бөлімшелеріне немесе өңірдегі мәдениет мекемелеріне ешқандай қатысы жоқ. Оны түсірген азаматтар мемлекеттік органдардың немесе мәдениет ұйымдарының қызметкерлері емес. Бейнежазба жеке бастамамен әзірленіп, жарияланған. Облыс әкімдігі тарапынан мұндай мазмұндағы материалды түсіруге немесе таратуға ешқандай тапсырма берілген жоқ. Әсіресе, мемлекеттік органдардың, өңірлік мекемелер мен ресми тұлғалардың атын немесе беделін қандай да бір жеке бастамалармен байланыстыруға қатысты мәселеде ақпараттың анықтығы мен шынайылығы сақталуы қажет деп санаймыз. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларынан ақпарат тарату кезінде оқиғаның нақты мән-жайын ескеруді, расталмаған мәліметтер мен жаңсақ пайымдарға жол бермеуді сұраймыз. Азамат Қасым, Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы

Open in Telegram
Views1,250+6%vs avg
Forwards—
Reactions28
Comments—
#14750Text
Views1,220+3%vs avg
Forwards—
Reactions50
Comments—
#14748Text
Views1,250+6%vs avg
Forwards—
Reactions62
Comments—
#14747Video
Views1,270+8%vs avg
Forwards—
Reactions47
Comments—
#14745Video
Views1,270+8%vs avg
Forwards—
Reactions35
Comments—