Сингапур: байлық, тәртіп және жалғыздық / Талғат Кантаев, Мәди Фазл / Ел & мәдениет / Narikbi LIVE #147 Сингапур — 60 жылда балықшылар ауылынан әлемнің ең бай елдерінің біріне айналған мемлекет. Бірақ ол жақта өмір сүру шынымен қандай? Бүгінгі қонағымыз кәсіпкер, Investbanq компаниясының негізін қалаушы — Талғат Кантаев. Ол Сингапурда 7 жыл тұрып, балалары да сонда дүниеге келген. Талғат «Сингапур глазами казахстанцев» кітабының авторларының бірі. Бұл шығарылымда: — Ли Куан Ю елді қалай құрды және бір партия неге 60 жыл билікте отыр — өлім жазасын неге 10 жыл күтеді — заң бойынша халықтың 70%-ы неге қытай болуы керек — сингапурлықтар неге 35 жасқа дейін үйленбейді — бір баланы өсіру неге 1 миллион доллар тұрады https://youtu.be/GUvz_zu62v0?si=0-ndBqD4t922C9fU
Open in Telegram
Narikbi LIVE
🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст 📍 Amsterdam, Netherlands
Latest posts
Абдрашит Түлкібай: миды қалай дұрыс басқарамыз? / Narikbi LIVE #146 Бүгінгі подкаст қонағы психофизиолог әрі подкастымыздың сүйікті қонағы - Абдрашит Түлкібай. Біздің үшінші кездесуімізде біз практикалық түрде мидың қандай типтері, олардың ерекшеліктері әрі көңіл бөлуіміз керек тұстарын талқыладық. https://youtu.be/4UpMCaYnnLw
Open in TelegramПрограммист енді код жазбайды / Жомарт Аралбайұлы, Темірұлан Мұсаев / Pop culture & tech / #145 Жасанды интеллект адамның жұмысын жеңілдете ме, әлде мамандықтарды біртіндеп алмастыра ма? Программистер неліктен код жазуды азайтты және кез келген адам vibe coding арқылы өз өнімін жасай ала ма? Culture & Tech форматындағы бұл шығарылымның қонағы — DeepInfra компаниясында жұмыс істейтін software engineer, математик әрі AI маманы Темірұлан Мұсаев. Нәрікби, Жомарт және Темірұлан жасанды интеллект әлемін қарапайым тілмен талқылайды. DeepInfra қалай жұмыс істейді, GPU, токен және LLM деген не, Кремний алқабындағы IT мамандары қанша табады және стартап қызметкерлеріне компания акциялары не үшін беріледі — осы сұрақтардың барлығына жауап іздейді. Сонымен қатар шығарылымда: — OpenAI, Anthropic, Google, Meta және Қытайдың AI жарысы; — жасанды интеллектке қажетті деректер және авторлық құқық; — Higgsfield және қазақстандық AI индустриясы; https://www.youtube.com/watch?v=9Te45a5Vlhs
Open in TelegramЖапония: тәртіп пен ұлттық мінез | Мади Фазл, Бақыткелді Сәулет | Ел & Мәдениет | Narikbi LIVE #144 NARIKBI LIVE жаңа маусымының «Ел және Мәдениет» айдарында Жапония туралы сөйлесеміз. Жапония қалай өз мәдениетін бүкіл әлемге таныта алды? Самурайлар философиясы, синтоизм мен буддизм, жапондардың жұмыс мәдениеті, уақытқа деген көзқарасы, жалғыздық, демографиялық дағдарыс, аниме мен манга индустриясы және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық серпіліс - қысқасы, осы шығарылымда Жапонияға билет алмай-ақ барып қайттық. Сондай-ақ Алаш зиялыларының Жапонияға не үшін қызыққаны, Мэйдзи реформасының маңызы және Қазақстан Жапония тәжірибесінен нені үйрене алатыны туралы сөз қозғадық. https://youtu.be/EWWToBnzLZk
Open in TelegramСалем, достар. Біз сәл үзілістен соң қайта оралдық. Бұл демалысты бізге өте керек болды. Осы маусымға біз әдеттегі форматтардан бөлек жаңа көзқарастармен оралдық. Маусымды Дакемен бастауды жөн көрдік. Біз алдынғы жартыжылдықты жазбадық, неге екенін подкасттан түсінесіздер. Ұзақ демалыстар ютубқа керу әсерін береді. Сол үшін ютубта қолдауларыңызды сұраймын. Рахмет!
Open in TelegramДанияр Жігітбек: Ұлтты оятатын кітап / Narikbi LIVE #143 Жыл сайынғы дәстүрлі қонағымыз Данияр Жігітбек тағы да подкастта! Бұл жолы 588 ауылға жеткен «Ауылға кітап» жобасы, әскердегі кітап оқу бастамасы, ұлтты оятатын идеялар мен кітаптар, сондай-ақ Third Place ұғымы туралы ашық әңгімелестік. https://youtu.be/B2JFOGD2eKY?si=dIjqHJd0k_xydQas
Open in TelegramӨз таңдауым, бірақ бөтен өмір / Сабит Мұхамеджанов / Narikbi LIVE #142 Жаңа эпизодтың қонағы — психолог Сабит Мухамеджан. Ол SDU университетінде психология бөлімінің басшысы болып қызмет етті, қазір «Topraq» академиясының негізін қалаушы әрі бизнес-психологы. Бұл әңгімеде адамның ішкі әлемін ашып сөйлестік. Нәтижемен қалай жұмыс істейміз, орта жастағы дағдарыстан қалай өтеміз, отбасындағы рөлдер, өзіңді ешкімге керексіз сезінген сәттер, кәсіпкердің шаршауы, «меннің» кезеңдері мен адамның потенциалын ашу деген не деген сұрақтарды таратып айттық. Әр бөлімді терең қазбалуға тырыстық. https://youtu.be/u2osV3V8xaw?si=GDCqoLvASaIY2P9b
Open in TelegramАзамат Қанапия: «Сүлейман сұлтанда» 40 кейіпкерді сомдадым / Narikbi LIVE #141 Бұл жолғы қонағым: диктор әрі актер Азамат Қанапия. Ол дубляж саласында 25 жылдан бері еңбек етіп келеді, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленген, ал Disney компаниясы оның дауысын 32 елдің ішіндегі ең үздік деп таныған. Әңгімемізде дубляждың артында қандай қызықтар жасырылғанын, дауысты қалай қоюға болатынын, тұтығып сөйлеуден арылудың жолдарын және неге қазақша сөйлейтіндер азайып бара жатқанын талқыладық. Дауысын кәсіби деңгейге жеткізгісі келетіндерге пайдалы жаттығулар да бар. https://www.youtube.com/watch?v=U2eXn0_EhJ8
Open in TelegramНұрлан Мұқанов: 50% бедеулік еркектен / Narikbi LIVE #140 Подкаст жаңа эпизодында андролог-уролог Нұрлан Мұқановпен ер денсаулығы туралы ашық, ұялмай әрі түсінікті әңгіме құрдық. Бұл көбіне үнсіз қалатын, бірақ әр ер адамға қатысты тақырып. Тестостерон қалай жұмыс істейді, деңгейі төмендесе ағзада не өзгереді, бала көтеру мәселесінде кім кінәлі, варикоцеле, жыныстық инфекциялар, ерте эякуляция, тестостерон терапиясының пайдасы мен қаупі, осының бәрін дәрігердің тәжірибесі арқылы талқыладық. Халық арасындағы кейбір мифтерге де нақтылық енгіздік. https://youtu.be/YUVPFUlM9DA?si=BlkEjeyOVsac9tB4
Open in TelegramЖандос Қонақбаев: Қазақстаннан әлемдік бренд шыға ма? / Narikbi LIVE #139 Бұл подкаст қонағы CORNELI және Crinzo киім брендінің негізін қалаушысы Жандос Қонақбаев. Кәсіпкерлік жолын Алматыда студент болып чехол сатып бастаған Жандос, кезінде Астанаға келіп, такси жүргізуге дейін барған. Алайда кейін өзінің премиалды киім брендін ашты. Қаңтар оқиғасы кезінде дүкені тоналды. Бірақ қайта тұрды. Әңгіме барысында оның жолы туралы — нөлден бастап, қалай бренд құрғаны, қандай қателер жібергені, неге Қазақстаннан әлемдік бренд әлі шықпай тұрғаны туралы ашық айтты. Стиль деген не? Киім адамға қалай энергия береді? Кәсіпкер болу үшін қандай қасиет керек? Осы сұрақтардың бәріне жауап табасыз. https://youtu.be/LzXlUBIlPHg?si=QGNKG_AaVTeMRxwh
Open in TelegramConnections
Similar channels
Nomad | 𐱅𐰇𐰼𐰜@nomade_kzEdutainment4.52K
Qazaq DNA 🧩@qazaqdnaEdutainment2.19K
джучидский летописец@notehistkzEdutainment2.07K
Qazaqstan Genealogy Discovery Генеалогия Казахстана@qazaqstangenealogyEdutainment1.11K
رادیو سرگذشت (گوشه سابق)@radiosargozashttEdutainment14.6K
Наука.рф@npnaukaEdutainment14.5K
Лекторий Medio Modo@mediomodoEdutainment14.4K
حکایتهای بهلول و ملانصرالدین@bohlol_molanosradinEdutainment14.4K