#ONEbilim_QA
АЙЛТСка дайындалғандагы кундык апталык айлык жоспарынызды жыбере аласызба
По секрету айтайын, жақында бір күшті нәрсе дайындап жатырқ, тек телеграмдықтарға :) Stay tuned!
Қайырлы күн! Мен университетте 2 курс студентімін. Қазір сессияға дайындалып бастадық, ал менің жоспарымда 16 қаңтар күні айелтс тапсыру бар. Маған ол шетелге тапсыруға қажет. Қазір мен дейгейім қандай екенін айта алмаймын. Лисениг 7.5, ал ридинг 6.5 шығып жүр. Дайындық тоқтады себебі университеттегі экзамендерді сәтті тапсыру үшін фокусты дұрыстап қою қажет. Райтинг жазып көрмедім, жазу білмеймін. Спикингте ойымды жеткізу қиын, ағылшын тілінен бөлек меңгерген тілдерімде ойымды нақты, әрі әдемі жеткізе аламын. Ағылшын тілі деңгейім сөйлеу кезінде өз ана тілім сияқты еркін емес, ойымда жақсы идеялар тұрғанымен сөйлегенде ұзақ тұрып қаламын. Өзіме оверолл 7.0+ ала алатыныма сенімсіздікпен қараймын, ары қарай осы ұпайға 16 қаңтар қол жеткізу үшін қалай жұмыс істеу керектігін білмеймін
Жақсы жаңалықты айтатын болсам, Listening 7.5 мен Reading 6.5 вполне жақсы база. Сізде ой да бар, тіл де бар, ойды ағылшынша жеткізу жаттығуы жетіспейді.
Overall төрт секцияның орташасы. Сондықтан негізгі жұмыс Writing мен Speaking-те 🎯 Қазір 16 қаңтарға шамамен 7 апта қалды. Мен былай істер едім:
1️⃣ Алдымен Writing-тің форматын үйрен. Task 1 мен Task 2 қалай жазылатынын білмесең, балл жоқ. Бұл бір аптада үйренуге болады.
2️⃣ Аптасына 2-3 жазба жаз және оны біреуге тексерткіз. Тексерілмеген Writing жаттығу болмайды.
3️⃣ Speaking үшін күн сайын 10-15 минут дауыстап жауап бер. Тоқтап қалсаң, “Well, let me think...” деп жалғастыр.
4️⃣ Reading мен Listening-ті аптасына 1-2 рет қана ұста, олар қазір жақсы.
5️⃣ 2 аптада бір рет толық mock тест жасап, баллыңды қадағала 📈
Жоспарды өзің құрып жатпай, дайын жүйемен істегің келсе, бізге жаз 👉 https://twi.kz/R0Yq
Менде проблема спикингпен сентес структурамен кателесемин часто вроде ол граматикаларды былемин бырак косып сойлемеймын
1️⃣ Бір аптада бір ғана құрылым ал. Мысалы, because. Сол құрылыммен күніне 5 сөйлем айт, өз өміріңнен: “I’m tired because I woke up early.”
2️⃣ Қарапайым сөйлемнен баста. Бір ой, бір сөйлем. Содан кейін қосып ұзарт: “I like coffee. I like coffee because it helps me focus. I drink it every morning because I study late.”
3️⃣ Өзіңді жазып ал 🎙 Кейін тыңдап, қай жерде сөйлем үзіліп қалғанын тап.
4️⃣ Күрделі сөйлем құруға тырыспа. Қатесіз қарапайым сөйлем қатесі көп күрделіден жақсы 👌
5️⃣ Бір сөйлемде and, but, because, so қолданып үйрен. Бұл төрт сөз сенің сөйлемдеріңді байланыстырады.
Күн сайын 10 минут, 2-3 аптада өзгеріс көресің. Жоғарыда спикинг фраза тізімдері бар, сақтап алсаң болады
Ридингте үнемі сұрақты түсінсем деижауапты табуым қиын соңында дұрыс жауапты қараған кезде барлығы түсінікті болады мен неге бұл жауапты мәтіннен байқамағанмын деп отырам не істесем болады?
мәтінде жауап сол сөзбен жазылмайды. IELTS сөзді өзгертіп (paraphrase) береді. Сен сұрақтағы сөзді іздейсің, ал мәтінде оның синонимі тұрады
Мысалы: сұрақта “increase”, мәтінде “rise” немесе “go up” болуы мүмкін
Не істеу керек:
1️⃣ Сұрақты оқығанда негізгі сөздерді (keywords) астын сыз. Сосын мәтіннен сол сөздің синонимін іздеп көр, өзін емес.
2️⃣ Алдымен абзацты тап, кейін жауапты. Бүкіл мәтінді қайта-қайта оқыма.
3️⃣ Қате жібергеніңде, жауаптың мәтінде қай жерде тұрғанын тауып, қандай сөзді байқамағаныңды жазып қой ✍️ Бұл “қате дәптері”, ең жақсы жаттығу.
4️⃣ Уақытты қадағала: бір мәтінге 20 минуттан артық жұмсама ⏱
5️⃣ True / False / Not Given болса, әр сөзді емес, мағынаны тексер. Көбі “Not Given” мен “False”-ты шатастырады.